Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фактчекинг – медиасауаттылықты арттыратын маңызды құрал

Аңдатпа

Еліміздегі БАҚ - даты фактчекинг термині бүгінгі ақпарат заманында көпшілікке жарияланған мәлімдеменің шынайылығын тексеріп, сол арқылы заманға сай элемдік медиа кеңістіктегі фейкпен күресудің басты құралы ретінде қарастырылады. Оның басты қағидаларына мыналар жатады: қаржыландыру көздерінің және пайдаланатын әдіс - тәсілдерінің ашықтығы, тәуелсіздік әрі жарияланымдарды ашық көздерден алу. Жалған жаңалықтарға қарсы жалғыз қару «фактчекингті» үйрсніп.оны қажет жағдайда қолдана білу жаһандану заманының талабына айналып отыр. Журналистика саласындағы жаңа тренд медиасауаттылықты арттыруда да маңызды рөл атқарады. себебі фактчекинг арқылы қазіргі қоғам, соның ішінде қазақи қоғам оқыған дүниесін сараптап, күдік, фейк, манипуляция, популизмді ажыратуға мүмкіндік алады. Көптеген қазак тілді ақпараттар өзге тілден аударылғанда мағынасы өзгеріп, тіпті дәлме - дәл тәржімаланбай автор тарапынан өз ойын қосу арқылы көп жалған ақпарлар еніп жатады, себеп қазақ тілді контенттің ақсауына эсер етпей қоймайтыны да анық. Демек медиасауаттылық пен фактчекинг тым ауқымды эрі егіз ұғым ретінде қарастырылады. Макалада Қазақстандық factchecking.kz ресурсының жұмысы мен фактілердің анық - қанығын зерттеудегі мэлімдемелеріне талдау жасалынып, автор тарапынан баға беріледі. Жэне болашак фактчекерлерге арналған мемлекеттік ашық ақпарат көздерінің тізімі ұсынылады.

Kipicne

Кейбір бүқаралық коммуникация қүралдарында дерегі анық емес немесе бұрмаланған ақпарат арқылы адамдарды қоғамнан түңілдіруге, елдің деңгейін түсіруге үрындыратын жағдайлар көп кездеседі. Осы орайда «ақпараттық шексіз еркіндіктен қалай сақтануға болады?» - деген сүрақ кімді болмасын алаңдатпай қоймайды. Еркіндік дегенді журналистер қалағанын жазу, білгенін істеу деп түсінсе, үғым осылай қалыптасса - ондай бостандық жүзеге асырыла бастаған сәтте-ақ тұйыққа тіреледі. Мұндай тығырықтан құтқаратын басты жол - медиа және ақпараттық кеңістіктегі Қазақстан сөздігіне 2017 жылы ғана енген «фактчекинг» атты жаңа термин. Журналистер құқықтық және этикалық сан алуан шектеулер мен заңдық нормаларға, редакцияның шығармашылық ережелеріне, ішкі тәртібіне сөзсіз бағынуы қажет, дегенмен жалған ақпаратты тарататындардың ішінде қоғамдық ақпарат қызметкерлерінен бөлек сол қоғамдағы қарапайым адамдар да бар. Сондықтан жаһандық ақпараттану көшінде фактчекингті зерттеу аса маңызды. Жалпы бұл терминге мынадай анықтамалар сай келеді. Біріншіден, фактчекинг - саяси айла- шарғыны, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, өз мақсатында пайдалануды көздегендерді әшкерелеуге арналған тиімді құрал; Екіншіден, ол - азаматтардың ақпараттану деңгейін көтеруге арналған алаң.

Фактчекинг (ағылшын тілінен аударғанда «фактілерді тексеру») аттыүғымды көбінесе украиналық медиа-кеңістікте жиі еститініміз рас. Бүгінгі күні фактчекинг ақпараттық соғысқа қарсы насихат «қорғанысының» форпостына (қазақша айтсақ, қақпасына) айналып отыр. Қазіргідей рухани жаңғыру кезеңінде фактчекингті дамыту аса маңызды. Ол - қисынды әрі заңды. Белгілі бір жағдайға байланысты әр адамда әр түрлі пікір қалыптасатыны рас, алайда нақты фактілер қоғамда дау тудырмайды. Сол себепті де факті тек қана бекітілмеуі керек, ол тексерілгеннен кейін қайта тексеріліп ұсынылуы қажет. Деректерді бүрмалау бүл шындық пен дәлдікке қарсы қылмыс болып саналады. Мұндай саналы қылмыс әділдік пен тәуелсіздікке қарсы болса, ол - нағыз тоқырау. Жалпы ақпарат иеленушілердің әрбірінде «фактіні не үшін талдау керек?» деген ой болады. Оның басты себебі: жалған деректер оқырманның санасында әлемнің жалған картинасын қалыптастырады. Фейктер, ең алдымен, басылымның беделіне нұқсан келтіреді. Осы орайда «сенімді жоғалту - оңай, қайтару - қиын» деген қағиданы естен шығармау керек.

Нанымды хабар түрінде сыбысты таратуға болмайтындығы заңнамада да жазылған. Ақпараттық шу, ақпараттық соғыс, фейктің көптігі бүгінгі журналистің жүмысын төзгісіз жағдайға әкеліп жатады. Бұл жерде «қазіргі цифрландыру дәуірінде деректі қалай тексеруге болады?» деген сүрақ туындайды. Дәл осы ақпараттың нақтылығын тексерудің бес сенімді тәсілі бар.

Зерттеу әдістері

Бірінші, түпнұсқаны немесе бірнеше тәуелсіз дереккөздерден алынған ақпараттың расталуын іздеу. Бұл тәсілмен барлық сапалы басылымдар баяғыда-ақ қаруланып алған. Алғашқы дереккөз (түпнұсқаға) қол жеткізу - байсалды әрі жауапты журналист үшін кәсіби талап. Ал дереккөз дегеніміз - алғашқы пікір мен әрекетті бастайтын адамның өзі. Мәліметті әртүрлі дереккөздерден тексеру, сарапшылардан түсініктеме алу ешқашан артық етпейді. Алайда оқырмандардың контексті жақсы түсінуі үшін дереккөзді түсіндірмеден ажырата білу керек.

Екінші тәсіл - қарсы жақты тыңдау, олардан жауап алу. Бірінші ережеге байланысты журналист қанша дереккөзден жауап алса да, егер олардың барлығы бір ұстанымда болса, онда тексеріліп жатқан мәлімдеме өз шындығын жоғалтатындығы даусыз. Кез келген жағдайда қоғамдық пікірдің кереғар екі жағы болады. Болған жайтқа байланысты барлық қатысушылар мен қызығушылық танытқандармен байланысуға тырысып кору керек.

Үшінші, фейкті шындықтан айырып тануға үйрену. Келесі аса қажет дағды - фейкті ажырату. Бұл бір қарағанда оңай көрінуі мүмкін. Саналы жасандылық пен алдамшы мәліметті бірден көруге машық керек. Бұған немқұрайлылық, жаңылыс әрі техникалық қателіктер жатады. Олар көптің санасын жаулап жалған шындыққа айналады. Сол себепті де фактчекингте есімдерді, мамандықтарды, аталған адамдардың лауазымын тексеру, күндерді, атауларды, мекен-жай және т.с.с салыстыру өте маңызды. Фейк бүқараның көңілін көтеру үшін бағытталған белсенді ой болуы да ықтимал.

Төртінші, фактінің дәлдігі сенсациядан да маңызды екенін есте сақтау. Эмоция - фактчекердің қауіпті жауы (бүл ретте айта кету керек, көп жағдайда эмоция - журналистің жақсы досы). Фактчекердің жұмысында «сенсацияның» жетегінде жүріп өзіқалаған жайтті шындыққа балау қызығушылығы жиі ұшырасады. Кейбір медиа өкілдері аудитория арасында танымал фактоидтерді ерекше ықыласпен шығарады. Ал фактоид дегеніміз - фейк мағынасына жақын ұғым. Аталмыш терминді 1973 жылы қолданысқа енгізген америкалық жазушы Норман Мейлер. Ол оны Мэрилин Монроның өмірбаянын жазуда қолданған. Ағылшынша factoid (fact - факт, oid coaieidos формасынан алынған, түр дегенді білдіреді. Ресми түрде мәлім болған ақпарат тек жария болғаны үшін «ақиқат» болып саналады. Ал негізінде фактоид - шындыққа жанаспайтын, алайда белгілі бір жағдайларға байланысты шынайы болып табылатын және шынайы ақпарат деп мәлімделген хабарлама. Мұндай хабарлама, яғни фактоид бір қарағанда фейкке өте ұқсас, өйткені құрылымдарында «шынайылық қабы» бар. Өзге жағдайда бұл логикаға сай келмейтін «факт», сондықтан да оның жалған екендігін бірден білуге болады. Дәл осы фактоидтың 2 түрі кездеседі. Олар: шындыққа жанасатын және ақпараттық шу.

Бесінші тәсіл - әлеуметтік желілерді абайлап қолдану. Әлеуметтік желілер журналист пен редакцияның жұмысын не қиындатады немесе жеңілдетеді. Әрбір кездескен фактінің кем дегенде 2-3 дэлелді нұсқасын табу қажет. Сондай-ақ фактчекингте ақпарат пен дереккөзді ажырата білу өте маңызды. Бүгінде Интернет пен әлеуметтік желілердің арқасында әрбір адамның жасаған жұмыстарын туыстары мен жолдастарына хабарласу, әріптестері мен таныстарынан сұрастыру арқылы табу жеңілдей түсті. Сол себепті әр жарияланатын ақпаратқа абай болу керек. Фактчекинг - тұрақты ережелердің жинағы емес. Ол, ең алдымен, жауапкершілік, тексерушінің (фактчекердің) қызығушылығы мен алаңдаушылығы, медиаландшафтіні түсінуе білу.

Зерттеу нәтижелері

Қазіргі XXI ғасыр - ақпараттар ғасыры. Қаптаған ақпараттар тасқынында жалған мәліметтер де аз кездеспейді. Қоғамның назарын аударту үшін немесе арзан танымалдылыққа не болу үшін кей адамдар «фейк» ақпарат таратып жатады. Олар бүдан не үтады? Заманауи тілмен айтқанда «подписчик» жинауды көздейді. Өткенде ғана белгісіз адамдар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтынбек Қоразбаев, кейін әнші Төреғали Төреәлі дүние салды деген жалған ақпар таратып, халықты бір дүрліктірген еді. Күні кеше көршілес Ресей БАҚ - да да «Композитор, музыкант Бари Алибасов өмірден озды» деген «fake» жаңалық танымал музыканттың тыңдармандарын біраз дүрбелеңге салды. Тіпті бүл хабар бірнеше ресейлік телеарналардан да көрсетілді. Бірақ елді шулатқан жаңалықтыпродюсердің менеджер! жоққа шығарып, көпшілікті сабырға шақырды. Жіпке тізгендей тізе берсек, мұндай жалған ақпарлар (fake) бүгінгі БАҚ - ның қай түрін алсақ та жетіп артылады.

Осы орайда түртіп кетер бір жәйт, егер мәліметтің шындыққа сай келетіндігін анықтау қажет болса, яғни сілтеме немесе мәлімет алынған сайт атауы көрсетілмесе, онда сол мәліметті ағылшын тіліне аударып, «YouTube» немесе «Google» іздеу жүйелерінен қарап көру қажет. Бір ғана жаңалық топтамасынан ғана емес, мемлекеттік арналар не болмады газет - журналдар сайтынан да қараған дұрыс. Бұл тәсіл жалпы шетелдік ақпараттар күмән тудырып, екі ойлы болған адамдарға қолайлы.

Әр көріп, естіп, оқыған дүниені шындық деп қабылдауға болмайды. Кез келген мәлімдемеге сыни көзбен қарауға дағды қалыптасу керек, әрбір адам танысқан жаңа мәліметтің рас - өтірігін анықтап алуы қажет. Көгілдір экрандағы жаңалықтар айдан анық ақиқат, интернетте өршіп жүзген жазбалар әрдайым сөзсіз шындық бола бермейді. Олардың ара - арасында фейк ақпараттар да бой көрсетіп жатады. Сондықтан осы орайда тағы да «фактчекингтің» көмегіне жүгінуге тура келеді. Фактчекингтің мүмкіндігі де мол, себебі фактчекингпен айналысатын басылымдардың беделі әрқашан жоғары, қоғамдық ықпалы зор, олардың зерттеулеріне сенім артылады әрі мәліметтерінен дәйексөз алуға болады. Жэне де фактчекинг - саясаткерлерді өз бақылауына ала алатын басты құрал. Сол себепті де бүл жүйе барлық ақпарат қолданушыларына аса қажет. Бүгінде бір ғана Қазақстанда емес, барлық шет мемлекеттерде өршіп тұрған мәселе - көптеген белгілі саяси тұлғалардың сайлау алды үгіт - насихат жұмыстарын жүргізгенде өтірік пен популизмді қалыпты жағдайға айналдыруы. Олардың өзекті әлеуметтік жәйттар төңірегіндегі ұрандары мен уәделері популизм мен манипуляция негізінде құрылады.Оған көпшіліктің еті үйренген, әйтсе де «аңқау елге арамза молданың» күйін кешіп жатқандар да аз емес. Мәселен, жалған фактілерді анықтау мақсатында украиналық медиа - кеңістікте пайда болған бірнеше фактчекинг ресурсының мамандары мол көлемдегі өтірікті көріп, саяси қызметкерлердің ауызша айла-шарғыларына кез болған. Бір жыл ішінде украиналық фактчекерлер билік басындағылардың 1000 - ға жуық мәлімдемесін сараптап үлгерген. Мәлімдемелердің шамамен 55% - ында ақиқатқа сай емес дерек көрсетілген және «өтірік» деген үкіммен таңбаланған, 25% - ы - «жартылай шындық», тек 20% - ы ғана «шындық» болып шыққан [1, 24-25 бб.].

Әйгілі ақын Tapac Шевченкодан қалған «Күресіңдер, күресіп жығыңдар» деген афоризмін бүгінгі фактчекингпен байланыстырсақ, мынадай тұжырымға келуге болады: фактчек анықтамасын және әсерлі әрекетін қолдана отырып, «әшкерелеңдер және әшкере етіңдер». Яғни фактчекерлердің алдында тұрған міндет өте жауапты әрі күрделі. Сондықтан фактчекингтің мүмкіндіктерін жете білу қажет. Ал фактчек дегеніміз - БАҚ - дағы популизм мен манипуляцияны, түрлі деңгейдегі спикерлердің көпірме сөздеріндегі күмән тудырған фактілерді әшкере етуді көздеп, техникалық ерекшелікті иеленген заманауи зерттеу қүралы.

Сандық технологияның арқасында бүгінгі таңда ақпарат - күніне мың мәрте көбейіп отыратын өнім. Жаңалықтың аз уақыт ішінде жылдам таратылуы - бүгінгі күннің тағы бір ерекшелігі. Және де дәл осы ақпараттардың сан түрлілігінен қазір PR технологиялардақатар белең алуда. Олар медиа ағымды эсер ету құралдарымен, популизм мен манипуляция элементтерімен толықтырады. Бұл аталған «формаларды» өз деңгейінде емес, эр деңгейде қолдану «ақпараттық соғыс» салдарына экеп соғуы мүмкін. Демек фактчекерлерге мүқият болған жөн.

Жалпы фактчек форматында жүмыс істейтін эуелгі ресурстар шамамен отыз жылдай бүрын пайда болған, қазірде элем бойынша олардың саны 150. Латын Америкасы, Африка қүрлығы, Батыс Eypona елдерінде өз фактчекинг платформалары бар. Ең үлкен көлемдегі фактчек - ресурстар желісі Америкада, олардың саны отыздан асып жығылады. Ал елімізде өткен жылы Думан Смақов деген азамат MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Сорос - Қазақстан» қорының қолдауымен Орталық Азия мен Қазақстандағы фактчекинг жэне ақпараттың рас -өтірігін тексеруге арналған «Factcheck.kz» атты тұңғыш жобаны іске қосты. Аталмыш жобаның басты мақсаты - БАҚ - да таратылатын біршама ақпараттардың анық -қанығын тексеріп, шындық элде жалған екендігін анықтау. Олар қоғамда айтылған көптеген мэлімдемелердің рас - өтірігін жан - жақты талдап, зерттеу жүргізеді. Мэселен, «factcheck.kz» сайтының тілшісі Катерина Клеменкованың «Қазақстанда элеуметтік желілерді блоктаудың бір сағаты 2,6 млрд теңге - миф элде шындық?» деген мақаласы жарық көрді. Мақала: «12 маусым күні Esquire журналының сайты Қазақстандағы элеуметтік желілерді блоктауға қатысты «күн санын» жариялады. Материалды еш тексерместен басқа да БАҚ - тар өз беттерінде жариялады, сонымен қатар бұл ақпарат элеуметтік желілерде танымал болып кетті (facebook - дағы ресми парақшаның өзінен 800 - ден аса қолданушы бөліскен)», - деп басталады. Жэне де мақалада фактчекерлер тексеріс жасап, көпті мазалаған мынадай сұрақтарға жауап іздеген:

  • Интернетті қадағалау қанша тұрады?
  • Қателік қайдан туындады?
  • Блоктаудың кері эсері
  • Шығын жэне оны қалай есептеуге болады?

Фактчекерлер бірінші сұраққа байланысты пікірді былай көрсеткен: «Esquire былай дейді: COST есебі бойынша барлық элеуметтік желілердің (Facebook, Instagram, Twitter, YouTube, WhatsApp) бір сағатта толық блокталуы 2 млрд 669 млн 558 мың 498 теңгені құрайды». Енді бүл пікірге қатысты олар өздерінің үкімін шығарған, яғни «Esquire» редакциясының қателігін көрсеткен: «Күн санын жариялаған Esquire тілшісі ұқыпсыздығының әсерінен үлкен аудиторияға дезинформация таратты. Сайтта жарияланған сан әлеуметтік желілерді блоктаудан емес, елдегі интернетті толығымен бір сағатқа өшіргенде болатын шығын», - деген.

Фактчекерлер екінші сүрақтың жауабын былай тұжырымдады: «Егер әлеуметтік желілерді көрсетпесе, бағдарлама жаһандық интернетті толық өшіргенде болуы мүмкін шығындарды көрсетеді».

Үшінші сүрақтың жауабын отандық фактчекерлер ҚҚҚ инновациялық және қаржылық технологияларды дамыту орталығының директоры Константин Пактің пікірімен байланыстырған. Ол: «Әлеуметтік желілерді блоктаудың электронды коммерцияның қызметіне жэне жалпы экономикаға әсері болатыны белгілі, бірақ санмен қандай да бір нақты баға бере алмаймын. Өйткені онлайн сегменттегі мүндай негативті эсер басқа сегменттерге элдебір артықшылық беруі мүмкін, сол себепті экономикаға жалпы зардабын есептеу қиын», - деген.

Ал төртінші сүраққа: «Әлеуметтік желілерді бір сағатқа өшіргеннен болатын шығынды есептеу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалға, gazeta.ru сайты былай деп жазады: «2017 жылы желтоқсан айында үкіметке қарсы қозғалыстар кезінде Иран билігі Telegram мессенджерін екі аптаға блоктап тастады. Мұндай шектеу экономикаға негативті эсер етті - эсіресе Telegram қызметін қолданатын шағын бизнеске залалы көп болды. Кейбір көрсеткіштерге сүйенсек, екі апта блоктау эсерінен банк транзакцияларының саны 40% - ға азайып кетті... Ресми емес ақпараттар бүл кезеңде 100 мыңға жуық адам уақытша жүмысынан айырылды дейді», - деп жауап берді. Демек осы бір талданған материалға қарап қазақстандық фактчекерлер дүрыс жүмыс жасап жатырдеген тұжырымға тоқталуға болады. Олар қоғамды дүрбелеңге салатын ақпараттарды жан - жақты зерттеп, оның анық - қанығын тексеріп барып қана жариялап отыр. Бұл - Factcheck.kz жобасының жемісі.Жэне де айта кетсек, бүл сайт заңға қайшы ақпараттарды тарату, насихаттау немесе жарнама түріндегі мақалаларды жариялауға үзілді - кесілді қарсы. Жас дэріскерлер Factcheck.kz редакторы Думай Смақов өз сөзінде: ««Шындыққа эркімнің де бар таласы» демекші, эрбір азамат ақпараттағы нақты фактілерге назар аударып, қаншалықты дұрыстығын, қандай дереккөздерге сүйенгендігін, мэліметтің элеуметтік маңыздылығын анықтауды білулері керек. Айтылған пікірді ресми, ашық ресурстар арқылы тексеруге болады», - деген еді.

Қорытынды

Фактчекинг - журналистика жанры емес, ол бүл саланың шекарасынан асып, қоғамның медиасауаттылығын арттыратын маңызды эдістемелік құрал. Онда зерттелетін негізгі объект - жүрт алдында жасалған мэлімдеме. Фактчекинг пен медиасауаттылық - ағайынды ұғымдар. Олар ешқандай блоксыз дезинформациямен күреседі, қоғамға құрметпен қарайды, себебі оларда таңдау мүмкіндігі бар. Жэне де фактчекинг фейкпен күрескенде сөз бостандығы үстанымын бүзбайтын жалғыз құрал. Ал аталған фейк (fake) - онлайн кеңістікте тарайтын жалған ақпарат немесе хабарлама деген ұғым. Фейк - ньюс терминін ауызға алғанда бірден есімізге АҚШ - тың Президент! Дональд Трамп түседі.Ол сыншылардың барлығын солай айтады.

Жалпы фактчек өз ішінде бірнеше үлкен блоктан құралады: деректі тексеру (fact - checking), мифтерді, жалған ақпараттарды және стереотиптерді бүзу, эшкерелеу (debunking), шенеуніктердің мэлімдемелері мен уэделерін TeKcepylpromise tracking), үгіт - насихаттарды деконструкциялау. Фактчекингпен айналысқанда фактчекерлер мына форматтағы зерттеу құрылымын баса назарда үстау керек:

  • Зерттеу нысаны: қоғам алдындағы мәлімдеме (өте сирек жағдайда қоғам назарына ілінген), зерттеуге болатын жайт.
  • Сүрақтың мәні: қосымша түсінік беруді талап ететін және дәлелдік элементтердің алдын алатын ақпараттық преамбула.
  • Дәлел және уәж: фактілер, статистикалық деректер, қүжаттар мен құжат негізіндегі ашық ресми дереккөздерінен алынған; сарапшылардың құжатпен дәлелденген ақпараты немесе ашық дереккөздерінің сілтемесі.
  • Үкім: қорытынды - үкім (мәселен, жалған, шындық немесе манипуляция) қысқаша жазылған уәждерімен.

Қазақстандық factcheck.kz ресурсы еліміздегі ашық ақпарат көздерінің тізімін көрсеткен. Олардың қатарында ҚР Парламент сайты, ҚР Парламент Сенатының сайты, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Whoiz.kz, ҚР Үлттық банкі, Қазақстан қор биржасы, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық есептілік Депозитарий!, Ашық деректер (жүйеге кіру үшін электронды цифрлы қолтаңба керек - ЭЦҚ), Ашық бюджеттер (бүл сервиспен жүмыс жасау үшін ЭЦҚ керек), Ашық диалог (бұл сервиспен жүмыс жасау үшін ЭЦҚ керек), ҚР Жоғарғы соты сайттары бар.Бұл ресурс жуырда ҚР Жер Кодексі, ШҚО әкімдігінің ресми сайты, ШҚО әкімі Д.Ахметовтың жеке блогы ашық дереккөздерін пайдаланып әлеуметтік желілер мен сайт парақшаларын шулатқан «ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды» деген мәлімдемеге нүкте қойды. Яғни оның фейк екенін дәлелдеді. Олар мынадай үкім шығарды: «ҚР бірінші Президент! Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 6 мамырдағы 248 жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жерді шетелдік азаматтар мен шетелдік компанияларға сатуға мараторий жарияланған. Сондықтан да бұл - жалған ақпарат». Ал осы шығарылған үкім - мәліметтің жалғандығын растайтын құжат. Әрбір фактч маңызды бөлім.

Елімізде енді қанат жайып келе жатқан фактчекинг жобасы жақсы қарқынмен дамып келеді. Ол тек қана деректер ді әшкерелеуге ғана емес, қоғамның медиасауаттылығын арттыруға да жәрдемдесуде. Оның болашағы зор болмақ.

 

Әдебиет:

  1. Гороховский А. Фактчекинг - журналистика зерттсуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы. Алматы қаласы. - 2017. - 24 - 25 бб.
  2. Александр Гороховский. Практическое пособие «Фактчекинг как тренд журналистских расследований: возможности и перспективы» 2017 - Ill стр. Алматы, https://alifbo.com/wp- content/uploads/2018/IOZFactchecking book ru.pdf.
  3. Экология медиасреды: проблемы безопасности и рационального использования коммуникативных ресурсов. Материалы второй Международной научно-практической конференции. - M.: Ф-т журн. МГУ. 2016. -170 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.