Қр «жасыл экономиканы» icke асыру - тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесі

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Рсспубликасының «Жасыл экономиканы» іске асыру бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөнінде берілген. ТҚҚ басқару тиімділігін арттыруға тұтастай Қазақстан Республикасы мен Солтустік Қазақстан облысы үшін өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытга Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтардың қалыптасу «көзінен» бөлек жинау жүйслі деңгейде жолға қойылмаған, сондықтан қалдықтарды қалыптасу көзінде бөлу, қалдықтарды бөлек - бөлек шығару, қалпына келтірілген материалдарды қайта өңдеу және сату жүйелеріне бүкіл ел бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізудс.

Kipicne

Қазақстан Республикасы тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) қайта өңдеу барысында, дамыған елдерден қалдықтарды дұрыс басқару технологияларын меңгеруде. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу еліміз үшін тиімді болып саналады. Себебі қалдықтарды қайта өңдеу үшін қажетті ресурстар жеткілікті, өңдейтін шикізат, ТҚҚ басқару бойынша жаңа кәсіпорындардың ашылу мүмкіншіліктер, қалдықтарды басқару үшін жаңа технологиялар бар. Сонымен қатар, ТҚҚ дүрыс басқару арқылы еліміздің экологиялық деңгейі жақсара түседі.

Қазақстанда қалдықтарды басқару жағдайы белгілі жағдайлармен түсіндіруге болады.

Тұрмыстық қалдықтар көлемдерінің ұлғаюы. Қалалық аудандарында түрмыстық қалдықтардың көлемі негізінен (бір жыл ішіндегі бір түрғынға шамамен 330 кг келеді) елдердің ЖІӨ сандарына қарай белгіленеді. Ауқаттылықтың өсуіне байланысты 2025 жылға қарай тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 50% өсуі мүмкіндігі бар (1 Сурет). Қазақстанда жинақталған ТҚҚ - ның жалпы көлемі 100 млн. тоннаға жуық, бүл ретте, жыл сайын тағы да 5 - 6 млн. тоннаға жуық ТҚҚ жинақталады. 2025 жылға қарай бүл цифрлар 8 млн. тоннаға дейін өсуі мүмкін, бүл ретте, пайда болатын қалдықтар полигондарға алдын ала сүрыпталмай және залалсыздандырылмай орналастырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтардың қалыптасу «көзінен» бөлек жинау жүйелі деңгейде жолға қойылмаған, сондықтан қалдықтарды қалыптасу көзінде белу, қалдықтарды белек - белек шығару, қалпына келтірілген материалдарды қайта өңдеу және сату жүйелеріне бүкіл ел бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта елімізде қалдықтарды сүрыптаумен, жинаумен және кәдеге жаратумен айналысатын 139 кәсіпорын мен ұйым бар болған, әрине, республика үшін бүл сан өте жеткіліксіз саналады.

Коммуналдық қалдықтар тұрмыстық қатты қалдықтардың негізгі санаты болып табылады, салмағы бойынша пайыздық қатынаста тұрмыстық қатты қалдықтардың 90 - 95 % жуығын алады.

Коммуналдық қалдықтардың жағдайы қалалық және ауылдық мекендерде ерекшеленетінін атап өту керек. Қалалық жерлерде үй қожалықтары ғана емес, кәсіпорындар мен ұйымдар да коммуналдық қалдықтарды негізгі шоғырландырушылар болып табылады. Айталық, 2012 жылы қалалық жерлерде 3,7 млн. тооннаға жуық ТҚҚ қалыптасқан, оның ішінде 75 - 80 % - ға жуығын үй қожалықтары қалыптастырған және тиісінше қалдықтардың шамамен 20 - 25 % - ын заңды тұлғалар (кәсіпорындар мен ұйымдар) қалыптастырған.

Коммуналдъщ қалоықтар - ауылдъщ жерлер. Қазақстанда ТҚҚ қалыптасуының жалпы көлеміндегі ауылдық жерлерде ТҚҚ түзілуінің үлесі шамамен 30 % - ға жуық, мүның өзі 2012 жылы 1,5 млн. тоннағатең болды.

Ауылдық аудандардағы қалдықтардың морфологиялық құрамы оның қалалық жерлердегі құрамынан өзгеше. Онда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қаптама материалдарының, қағаз бен картонның үлесі аз. Ауылдық аудандарда қалдықтардың органикалық бөлігі, әдетте, полигондарға немесе үйінділерге орналастырылмайды. Органикалық қалдықтардың қомақты бөлігі малға беріледі немесе үй жағдайларында қордаланады. Бұдан басқа, ағаш пен басқа материалдар жылыту мақсатында жағылуы мүмкін. Қызметтің осы екі түрі де қалыптасатын қалдықтардың құрамы мен көлеміне әсерін тигізеді.

Ауылдық жерлерде қалдықтарды жинақтаудың нормалары туралы деректер жоқ. Халықаралық тәжірибеге сәйкес бір адамға шаққанда жылына 150 - ден 300 кг дейінгі мән шындыққа жанасады.

Коммуналдъщ қалдъщтарды сурыптау және өцдеу. Қазіргі уақытта республикадағы ТҚҚ - ның мардымсыз бөлігі ғана (әртүрлі бағалау бойынша 3 % - дан 5 % - ға дейін) кәдеге жаратылатынын талдау көрсетіп отыр. Тиісінше, қалған қалдықтар полигондарға орналыстырылады, бүл ретте олардың құрамындағы қайталама материалдық ресурстар жоғалып кетеді.

Республикада қазіргі уақытта қалдықтарды өртеу немесе биологиялық өңдеу жөніндегі орталықтандырылған кәсіпорындар жоқ, осылайша, ТҚҚ - дан «жасыл» энергия өндіру жолға қойылмаған. Қалдықтарды механикалық - биологиялық өңдеу зауытын салу жөніндегі алғашқы пилоттық жобаны Ақтау қаласында іске асыру межелеген. Бұл қоқыс өңдеу кешенін салуды 2014 жылы бастау жоспарланған әрі бүл зауыт қалдықтардың органикалық фракциясын анаэробты ыдырату технологиясын пайдалану арқылы ТҚҚ - дан «жасыл» энергия өндіретін алғашқы кәсіпорынға айналмақ.

Коммуналдъщ қалоыктароы көму. Бүгінгі күні қалдықтарды полигондарға кому Қазақстанда қалдықтарды үнемі орналастырудың негізгі әдісі болып табылады. Тұрмыстық қатты қалдықтардың көпшілігі қайтадан пайдалану/өңдеу үшін сүрыпталмайды және қалдықтар көмілетін жерде үйіледі. Қалдықтар орналыстырылатын объектілері, көбінесе, ТҚҚ полигондары деп атаудың өзі қиын, өйткені олар, негізнен қоқыстың санкцияланбаған үйіндісі болып табылады. Олардың көпшілігі «ТҚҚ полигондары» санатына жатқызуға болатындай инженерлік құрылыстар болып табылмайды [ 1 ].

Қазақстан Республикасында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласын реттейтін негізгі құжат Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі болып табылады. Қалдықтармен жүмыс істеуге қойылатын Экологиялық кодекс талаптарын шартты түрде үшке белуге болады:

  1. қызметінің процесінде қалдықтар қалыптасатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын, қалдықтар қалыптасқанға дейін орындалуға тиіс экологиялық талаптар;
  2. қызметінің процесінде қалдықтар қалыптасатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын, қалдықтар қалыптасқаннан кейін орындауға тиіс және қалдықтарды жинақтауға, сондай - ақ қалдықтарды жинау, өңдеу, кәдеге жарату, залалсынздандыру, тасымалдау және сақтауға қойылатын талаптарды қамтитын экологиялық талаптар;
  3. қызметінің процесінде қалдықтар қалыптасатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын, қалдықтарды кому кезінде орындалуға тиіс және қалдықтарды орналастыру полигондарына, оның ішінде қауіпті қалдықтарды орналастыру полигондарына, сондай - ақ радиоактивті қалдықтарды кому пункттеріне қойылатын талаптарды қамтитын экологиялық талаптар.

Экологиялық кодексте қалдықтарды орналастыру полигондарының жіктемесі бар:

  1. - класс - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
  2. - класс - қауіпсіз қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
  3. - класс - тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон [2].

Петропавл қаласының полигоны 2,3 - класс санаттарына жатқызуға болады. Біздің полигонға қауіпсіз қалдықтарды және тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру үшін барлық жағдайлар бар.

Облыс аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау практикалық жүзінде нашар дамыған. Қалдықтардың іріктеу бойынша арнайы технологияның болмауы, кейбір қалдықтар бойынша қайта өңдеу технологиясының аз болуы, осыған орай құнды компоненттердің жоғалуына әкеп соқтырады (әйнек, пластик, металдар және т.б.). Бүл орайда ТҚҚ полигондар мен қоқыс үйінділердің өсуіне әкеледі.

ТҚҚ басқару тиімділігін арттыруға тұтастай Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Қазақстан облысы үшін өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта облыста ауылдық елді - мекендерде өндірістік және коммуналдық қалдықтардың полигондары апатты қоқыс үйінділерге айналуын айтуға болады. ТҚҚ полигондардың қандай да бір қүқық белгілейтін құжаттардың болмауы болып табылады. Сол себепті есепте «шартты түрде ұйымдастырылған үйінділер» термині, бүл жерде тарихи қалыптасқан үйінділерді айтады (ондаған жылдар бойы белгілі бір аумақта орналасқандар) санкцияланбаған үйілген қоқыстың арасында ажырату үшін пайданылады. Солтүстік Қазақстан облысында 620 шартты түрде ұйымдастырылған үйінділер және жерлік және экологиялық барлық нормативтік құжаттары бар 10 ұйымдастырылған үйінділер бар. Жалпы қоқыс тастайтын жер алаңдарының ауданы шамамен 1368 га. Облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары полигондарды заңдастыру (кент үйінділерін) мәселесін шешудегі толық өкілеттілігін іске асырмайды [3]. Жалпы 2016 жылғы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының деректері бойынша облысымызда 490 қоқыс үйіндісі тіркелінді (Петропавл қаласында 1 полигон және Бескөл а. полигон қайта құрылуда).

ТҚҚ жалғыз полигоны Петропавл қаласында орналасқан. Полигон ауданы 27,9 га, жобаланған көлемі - 2,2 млн. м3 шамасында, санитарлық - қорғау зонасының өлшемі - 500 м. Полигон 1996 жылдан бастап пайдаланымға тапсырылды. ТҚҚ полигоны Петропавл қаласының «Коммунхоз» MKK басшылығында орналасқан. Жалпы полигонның пайдалымы 15 жылға арналған деп жобаланған (2011 жылға дейін), бірақ пайдаланымы 2018 жылға дейін ұзартылған еді.

Полигонның арнайы техникамен жабдықталған, олар: T - 130 тракторы, Газ - 52, MKД - 43362 арнайы щеткасы бар, қүм шашатын автомашина, SHANTUI SD 16 бульдозеры бар. Полигонның территориясына қауіптілігі IV және V класстары қабылданады. Уытты және сынабы бар қалдықтарды полигон қабылдамайды.

Қалдықтардың қоймалау әдісі жеңілдетілген сызба арқылы жүзеге асырылады: қоқыс тасушы машинасы қоқысты түсіреді де оны нығыздайды, 0,8 т/м3 тығыздығына жеткізеді. Тұрмыстық қатты қалдықтар қабаттап үюленеді, әрбір қабаттың қалыңдығы 0,5 метрге жетеді [4].

Халықтың қоқыс жинау және шығару қызметтеріне қол жеткізуі ірі қалаларда ғана қолайлы болып табылады. Шағын қалаларға, сондай - ақ ауылдық жерлерге мүндай қызметтерді көрсетудің болмауы не жеткіліксіз дәрежеде көрсетуі және қызметтер сапасының томен болуы тән.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрғындарды жұмылдыра отырып сүрыптау жүйесінің болмауы, сондай - ақ арнайы алаңдардың болмауы мен полигондардың шалғайлығы санкцияланбаған үйінділердің өсуіне алып келеді. Қоршалған контейнер алаңдары санының жеткіліксіз болуы, сондай - ақ контейнерлердің тозуы көпқабатты үйлердің айналасында антисанитариялық ахуалдың орын алуына әкеп соқтырады.

Тұрғындармен өзара іс - қимыл жасау және коммуникация шаралары. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруда кең жұртшылықты хабардар ету үлкен рөл атқарады. Хабардар ету ТҚҚ басқару жүйесін жоспарлауға ең ерте кезеңде енгізілетін болады.

Қорытынды

Қысқа мерзімді перспективада негізгі көңіл тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесі болуының маңыздылығы жөніндегі міндеттерге шоғырланатын болады:

  • қалдықтармен қате жүмыс істеудің теріс әсерін талқылау;
  • қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы сәтті практикалық тәжірибені таныл ету;
  • ауданда қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің танылуы;
  • бөлек жинау мен қайталама материалдық ресурстарды пайдалану артықшылығын көрсету;
  • қалдықтармен жүмыс істеу жүйесіндегі өзгерістер және осындай өзгерістердің мақсаттары туралы халықты уақытылы хабардар ету;
  • қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді жүмыс істеп тұрған жүйесіне қажетті инвестициялар жөнінде хабардар болуды арттыру [5].

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және кому жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылату, ТҚҚ өңдеу үлесін ұлғайту, сондай - ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету болып табылады. ТҚҚ басқарудың дұрыс болмауы, яғни экологиялық және ресурстарды тиімді пайдаланудың талаптарына сәйкес келмеуіне орай, елімізде барлық облыстарда кәсіпкерліктер ашылуда. Қазақстан Республикасының азаматтарын экологиялық мәдениетке үйрету қажет.

 

Әдебиет:

  1. «Түрмыстық қатгы қалдықтарды басқару жүйссі жаңғыртудың 2014 - 2050 жылдарға арналған бағдарламасы»: ҚР Үкіметінің қаулысы.
  2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. Алматы: Юрист, 2007. - 164 б.
  3. http://stat.gov.kz/ - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитет!.
  4. http://dpr.sko.gov.kz/ - «Солтүстік Қазакстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» KMK.
  5. Гринин A. C., Новиков В. Н. «Промышленные и бытовые отходы: Хранение, утилизация, переработка»: Учебное пособие. - Москва.: ФАИР - ПРЕСС, 2002. - 336 с.
Жыл: 2018
Категория: Биология