Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем шығарма тіліндегі эвфемистік перифраздардың қолданысы

Ацдатпа

Перифраздардың қазақ тіл білімінде зерттелуі қарастырылады.Перифраздардың түрлері, ерекшеліктері көрсетіледі. Қ. Жұмаділов, I. Есенберлин, М. Баққожа шығармалары бойынша перифраздардың қолданысы талданады.

Kipicne

Перифраздар қазақ тіл білімінде тоқсаныншы жылдардан кейін ғана қарастырыла бастады. Перифраз деп бір нәрсені немесе қүбылысты, іс - әрекетті олардың бір белгісін, бір қасиетін көрсетіп, суреттеп атауды танимыз. Мысалы, адам өмірін ұзақ көш деп атаса, мұнда адам өмірінің көш сияқты жылжу, ілгері басу, күннен күн, жылдан жыл өткізу тәрізді белгісін көш сөзімен көрсетіп, суреттеп, өзге сөздермен атап тұр. Немесе өлді дегенді дәм - тұзы таусылды деп суреттеп білдіретін болсақ, мұнда адам баласының қоректенудің арқасында өмір сүретіні, сол қорегі (дәм - тұзы) таусылса, тіршіліктен де айрылатын белгісі аталып, бүл ұғым суреттеме тәсілмен білдіріліп түр. Г. Үсенбаева «Перифраздардың тілдік табиғаты» (1996) атты диссертациясында перифраздың тілдік табиғатын ашуға ұмтылып; метофаралық, метонимиялық, синекдохалық, эвфемистік, синонимдік, есімді және етістікті деп бөліп, оларды жіктеп, перифраздың жасалу жолдары мен тәсілдеріне тоқталады. Зерттеуге Караганда перифраз негізінен нәрсенің сипаттамалы түрдегі нұсқасы, мүның ерекшелігі сипаттаманы бейнелі, образды, басқаша қолданысынан тугаи троп және фигуралар түрлері. Айталық, қаламгер Қ. Қайсенов Үлы Отан соғысына арналған шығармаларынан атауыш сөздердің орнына бейнелі түрде мына секілді қолданыстары кездеседі: Үшқыштар - болат сұңқарлар, теңізшілер - теңіз тарландары, самолет - «әуе кемесі», катюша - «сотые тәңірісі» т.б. Сөздерді бейнелі түрде бүл қолданыстар эвфемизмдерге жатады да, олар ауыс мағыналар негізінен жасалатындықтан поэтикалық, метонимиялық т.б. түрлерге іштей жіктей беруге болады. Жоғарыда келтірілген перифраз үлгілері поэтика эвфемистік перифраздар. Ал автордың басқыншы фашистерді «қара кесімділер», «қаныпезер қорқаулар» т.б. атау, керісінше, дисфемистік перифраздар болып табылады.

Сөздердің келтірінді мағыналарының тек перифраз арқылы емес, басқа да тәсілдер арқылы іске асатыны белгілі. Ол бірде метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы жасалса, енді бірде эвфемизм мен табу тәсілдері арқылы беріледі. Көп жағдайда бүлар перифразбен тұтасып, органикалық бірлікке айналады.

«Көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрлері - перифраза мен эвфемизмдер. Затты не құбылысты бүл жолдармен бейнелеудің соны үлгісі Абай шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы, надандық - қараңғылық пердесі, саналылық - жүректің көзі, сүю - жүрегіне от салу, жігерлік - көкірек оты т.б. болып бейнеленген» [1, 112 -114 бб.].

Болмыстағы денотатқа не сигнификатқа қатысты алғанда екіншілік мағыналы атау ретінде танылатын, нысанды ерекше номинативтік белгісі арқылы таңбалайтын сөздер не сөз тіркесі - перифраздар деп танылады. Перифраздар шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың ерекше бір белгісі арқылы суреттей атауда, ауыспалы мәнінде көрсетуде лебізде жиі қолданылатын стилистикалық құрал. Перифраз тұлғалық жағынан тұрақты қолданады, мағыналық жағынан бір бүтін, тұтас тұлға ретінде жүмсалып, атауыштық, бейнелілік қызмет атқарады. Перифразда бірінші орынға денотаттың не сигнификаттың сапалы жағы шығады да, лебізде айтылатын ойға не пікірге қатысты сипаттау, суреттеу, бейнелеу басым түседі. Көркем әдебиет тілінде, көсемсөзде (публицистикада), ғылыми әдебиеттерде жиі қолданылатын бүл сөздердің мағыналық құрылымының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктерді айқындауға арналған Р. Сыздықтың (Қазақ әдеби тілінің тарихы), Т. Қоңыровтың (Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы сөз бейнелеу тәсілдері), Ә. Болғанбаевтың (Қазақ тіліндегі синонимдер), Г. Үсенбаеваның (Перифраздың тілдік табиғаты), Г. Амандықованың (Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар) т.б. жазған ғылыми зерттеулері бар.

Перифраздың ерекше белгісінің бірі - белгілі бір контексте денотатқа қатысты эквивалент болуы.

Қолданыс аясының тұрақтылығына қарай перифраздардың екі түрін көрсетуге болады: тілдік перифраздар - жалпы халық арасында танылып, қабылданған, көпке түсінікті тұлғалар. Мысалы: көгілдір отын, аспан денесі, жыр алыбы, халық қалаулысы, ел ағалары, қара көздер, т.б.

Контекстік перифраздар - белгілі бір жағдайда, көңіл - күйге байланысты мәтінде қолданылатын, жеке автордың өзіндік қолтаңбасы ретінде танылатын тұлғалар. Мысалы: Бұлбүлымды ұшырғам жоқ бағымнан. Дүлдүліме әлі, қамшы басқам жоқ. (М. Мақатаев), мұндағы бүлбүл, дүлдүл сөздері авторлық қолданыста «шабыт», «ақындық қасиет» мағынасында жұмсалып, сигнификаттық белгілерді референттің белгісі арқылы таңбалау ретімен перифраздық мәнде жүмсалған.

Перифраз (ағыл. paraphrase) - сөздердің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраз - затты, процесті, құбылысты өз атымен атамай, басқаша атау, әрі соның негізінде сол заттың, процесстің, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образцы түрде сипаттау, анықтау [2, 318 б.] деп көрсетіледі, ендеше тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш қүралдардың бірі - эвфемизм мен перифраз сөздер.

Эвфемизм - көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрі. «Эвфемизм, сыпайы сөз (грек, eu - жақсы, phemi - айтамын) - мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылап жеткізу. Эвфемизм сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған. Мысалы, біреу өлді деудің орнына жүріп кетті, қайтпас сапарға кетті, демі бітті дейді.Сондай - ақ адамның дене мүшелеріндегі кем - кетікті (саңырау - құлағының мүкісі бар), ауруды қылтамақ - аты жаман ауру) жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады. Тіліміздегі фразеологиздердің көпшілігі эвфемизм негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп көк ит шықты, сөзге келді, тіл тигізді, жүз шайысты сияқты тұрақты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айттыдеген мағынаны білдіреді [3, 469 б.].

Сөйлеу тілінің фразеологизмдері тек бір стильде ғана қолданғандықтан, оның экспрессивті бояуы басым болып келеді. (Қоздыру - жел беру, шаршау - ит сілесі қату, ақымақ - көк ми)» [4, 90 б.]. Осы берілген мысалдар сөздің тура мағынасын бейнелі түрде жеткізудегі перефраздар болып табылады. Денотат сөздердің эквиваленттері, варианттары.

К.Аханов эвфемизмге: «Бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес, басқа бір сөзбен атаудың себебі мүлдем басқаша болуы мүмкін. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен аустырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады», - деген анықтама бере отырып, эвфемизмдердің шығу тегі табудан өзгеше екендігін былай деп түсіндіреді: «Бірақ эвфемизмдер табу сияқты қате түсінік, діни ұғымның негізінде емес, айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан», - деп: «өтірік айту дегеннің орнына қосын аііту, үрланыпты деудің орнына қолды болыпты, ұрлық - қарлық жасамау деудің орнына ала жібін аттамаудеген сөз тіркестері» қолданылатындығына мысал келтіреді [5, 180 б.].

Затты не құбылысты бүл жолдармен бейнелеудің соны үлгісін Абай шығармаларынан жиі кездестіруге болады. Мәселен, надандық - қарацгылық пердесі ,саналылық - жүректің көзі, сүю - жүрегіне өрт түсу, жігерлілік - кекірек оты т.б. болып бейнеленген.

Сондай - ақ М. Әуезов те «Абай жолы» романында эвфемизм мен перифразды қолданудың сан алуан түрін көрсетеді:

- Осылайша айналасы аііықпагап сүр түман, суық заман ігиінде үлы жан дүниеден көшті. Магаштыц қырқып беріп болган күнніц ертецінде Абай қаза тапты. ¥лы кеуденіц ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып аққап дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалгыз шыққап зәулім өскен алып шынар қүлады. Өмірден Абай кетті.

Келтірілген үзіндіде М. Әуезов Абсш деудіц орнына үлы жан, үлы кеуде, игілік емір, альт шынар тәрізді тың метафора қолданып, перифраза тәсілін пайдаланған.

«Өлді» деген жағымсыз сөздің орнына суреткер «дүниеден кешті, цаза тапты, демі нюқталОы, өмір үзілді, цүлады, емірден кетті» деген эффемизмдерді қолданған. «Перифраздардың ерекше түрлерінің бірі - эвфемистік перифраздар. Мұндай перифраздарда эвфемистік семантика басым болып түседі.

Жоғарыда келтірілген «өлді» сөзіне эвфемизм болып тұрған тіркестердің барлығы бір синонимдік қатарға кіретін бейнелі синонимдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Сондай - ақ эвфемистік перифраздар жүрген жерде синонимдік перифраздар жүретіндігін заңдылық ретінде қарастырылады.

Мұндай қолданыстар көркем шығармаларда да жиі кездеседі. Мәселен, Баягы агиаргиылъщ жел аударган қацбақтаіі қацгын келе жатып, осы арага келгенде, дәм - түзы таусылган болар. H Жұмаділов Қ. Бір ғана ғұмыр. - 9 б.). Аштъщтан бүрлыгът, боранда қалып, талай бозоақ жан тапсырды гой. H Жұмаділов Қ. Бір ғана ғұмыр. - 10 б.) Өзі жоқта жалғыз жұбанышы - Төлеутайы аштыңца төзбей қыршынынан циылыпты. H (Жұмаділов Қ. Бір ғана ғұмыр. - 13 б.). Есіл ер ерте кеткен екен- Менің ажалым Қоцырцүлжадан келеді деуші еді. Сол иттің өгипенділігінен мерт болды ма екен?..(Есенберлин I. Көшпенділер. 91 б. Менің ңатшым кеше Акрюлада окка үшты. Есенберлин I. Көшпенділер. 164 б. ) Егер Кенесары жау колынан каза табар болса, оныц ажалы басқа үлттан келеді. (Есенберлин I. Көшпенділер. 219 б.). Сол немересінен царт қапыоа айрылды. (Жүмаділов Қ. Бір ғана ғұмыр. - 13 б.). Мүндағы дәм - түзы таусылган, жан тапсырды, қыршынынан ңиылыпты, мерт болды, ерте кеткен, оққа үшты, қаіітыс болган, қаза табар, ажалы келеді, крпыда айрылды тіркестері де «өлді» сөзіне эвфемизм қызметіндегі перифраздар деп қарастыруға болады.

Бұл орайдаперифраздың эвфемистік қызметі жайлы айтылған ойларға да мән береміз. Г. Амандықова «Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар» атты еңбегінде стильдік перифраздың құрылысын, мағынасы мен мазмұнын, қызметін, қолдану ерекшеліктерін - бейнелілігін, стильдік бояуын саралай келе, бірнеше топқа бөліп қарастырады. Соның ішінде қызметі жағынан номинативті, эвфемистік, стильдік, информативті деп топтастырады. Перифраздың көп қырлы стильдік құбылыс ретінде тілдің мән - маңызын кешенді түрде талдай отыра көркем мәтінде оның әрбір нақты қолданысы түрлі коммуникативтік, информативтік, эстетикалық, эвфемистік т.б. қажеттіліктен туған заңды құбылыс екендігіне тоқталады.

Сондай - ақ перифраз сөздердің мағыналық құрылымының өзіндік ерекшелігіне қарай айқындалатыны да зерттеу еңбектерінде қарастырылады. «Болмыстағы денотатқа не сигнификатқа қатысты алғанда екіншілік мағыналы атау ретінде танылатын, нысанды ерекше номинативтік белгісі арқылы таңбалайтын сөздер не сөз тіркесі - перифраздар деп танылады. Перифраздар шындық болмыстағы заттар мен қүбылыстардың ерекше бір белгісі арқылы суреттей атауда, ауыспалы мәнінде көрсетуде лебізде жиі қолданылатын стилистикалық құрал. Перифраз тұлғалық жағынан тұрақты қолданады, мағыналық жағынан бір бүтін, тұтас тұлға ретінде жүмсалып, атауыштық, бейнелілік қызмет атқарады. Перифразда бірінші орынға денотаттың не сигнификаттың сапалық жағы шығады да, лебізде айтылатын ойға не пікірге қатысты сипаттау, суреттеу, бейнелеу басым түседі. Көркем әдебиет тілінде, көркемсөзде (публицистикада), ғылыми әдебиеттерде жиі қолданылатын бұл сөздердің мағыналық құрылымының өзіндік ерекшелігі бар» [1, 112 б.]. Сөздің келтірінді мағыналары перифраз, метафора, метонимия, синекдоха сондай - ақ эвфемизм мен табу тәсілдері арқылы да беріледі. Көп жағдайда бұлар перифразбен тұтасып, органикалық бірлікке айналатындығы зерттеу еңбектерінде анықталды. Соның ішінде эвфемистік перифраздар перифраздардың ерекше түрі бои табылады. Эвфемистік перифраз мағынасы суық немесе айтуға өрескел саналатын дөрекі сөздерді майдалап, тігісін барынша жатық етіп, келтірінді мағынада қолдану арқылы көрініс табады.

Мысалы, Біраз ет қаіып еді, «цызылсырап отырмыз» деген соц жартысын қыз бен келінге бөліп бердім.

Енді кекірелеуді қойып, жүрт цатарлы күнелту керек.

Эвфемизмдерді перифразбен тығыз байланыста қарастыру оның қызметін нақтылай түсуге мүмкіндік береді. Перифраздардың тілтаным тұрғысынан зерттелуінде эвфемистік қолданыстардың орны ерекше екеніне назар аударуға болады.

Көркем әдебиетте тіл ерекше экспрессивтік - эстетикалық қызмет атқарады. Оқушының сезіміне эсер ету үшін, ойды образды түрде жеткізу үшін көркем шығармада көбінесе сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыс мағынада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көркем эдебиет тілі - бейнелі, мэнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге эсер ететін көркем тіл. Тілдегі көркемдеуші құралдар - теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, эвфемизм - бэрі де - көркем суреттің, образды жасаудың, жазушының, ақынның шеберлігінің көрсеткіштері.

Эвфемизмдер осылайша эр түрлі себептермен астарланып айтылады. Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап, жұмсартып айтуды көздейді. Erep діни ұғымға байланысты эвфемизмдерді айтпасақ, жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы, тұрпайы сөйлеуден сақтандырып, сыпайы болуға баулитыны байқалады. Бұдан халықтың тілді жоғары эстетикалық талғаммен пайдалануын көреміз [3, 86 б.].

Тіл ғасырлар жемісі болғандықтан өте күрделі, қыр - сыры мол құбылыс екені белгілі. Адамдар тілді қолданғанда эрбір тұлға уақыт өте келе басқа қырларынан танылып күрделене эрі қүбыла түседі. Осындай құбылыс нэтижесінің бірі біз сөз етіп отырған перифраз түрлері. Өмірдің өзі қайшылыққа толы десек, сол қайшылық, жағымсыз эмоцияларды халықтық эстетикалық талғамына түсіп, қайта өңделіп мүмкіндігі болғанша сыпайы, бейнелі жеткізуде тіліміздегі эрбір сөз, сөз тіркестері замана талабына сай танымдық сипаттың жаңа қырларында сүрыпталып, қайта жаңғырып жататын ұзақ та үзіліссіз құбылыстың нэтижелері. Мұның дэлелінің бірі - перифраздар. Перифраз негізінен жай ғана сөз бейнесі емес, мүның астарында сатиралық, сарказмдік немесе комедиялық пен трагедиялық секілді жүктеме стильдік қызмет бар. Бүл мэселе эвфемизмге де, дисфемизмдерге де қатысты болып отырады. Мысалы, Төлеутай - Базарбектің «құлағы болса», оның эр ауылда «өз құлағы бар» (Жүмаділов Қ. Бір ғана ғұмыр. - 235 б.) деген мэтінде ешқандай ерекшелік, көзге түсіп тұрған айрықша көңіл аудара қоятындай тапқырлық, шеберлік көріне қоймайды. Сөйлемдегі сөздер - күнделікті өмірде ауызекі тілде қолданылып жүрген құлаққа танымал, жатық тұлғалар. Ал шын мэнінде, қайсыбір қолдануға ыңғайсыз - эрі көпшілік көзінше айтыла бермейтін «тыңшы», «жеткізуші», «өсекші» дегеннің орнына бүл айрықша мэнді басқашалай «құлағы бар» деп сыпайы эрі бейнелі түрде эвфемистік перифразбен жеткізіп отыр. Бұл тіл мәдениеті, эстетикалық талғам мэселесі. Сондықтан жоғарыда тілші ғалымдардың эвфемизм деген кез келген сөзді адамның тіл мэдениеті дэрежесінде қайта өңделіп, жұмсартып немесе сыпайы түрде жеткізудің амалы деген пікірлерге қосыламыз. Бұл жолда тура мағыналы сөз де тек эвфемизм емес перифразды - эвфемизм бола алатынына көзіміз жетіп отыр. «Құлақ» адамның дене мүшесі болса, ауыс мағынада «өз қүлағы бар» деген - «сөз тасушы» т.б. мағыналарда тұрақталған перифраз. Бұл бір жағынан мысқылдай, эжуа ету мақсатын көрсетіп отыр.

Қорытынды

Біздің пікірімізше, негізінен перифраздар сөз ауыстырғаннан гөрі таза стильдік мақсаттан туындағанға үқсайды. Айталық: - Ол оңай сазга отыргызып кетуі мүмкін (Кекілбай Ә. Елең - алаң, 18 б.) мысалындағы кейіпкерлердің күдігі «сазға отырғызу» (алдау) мағынасындағы перифразда тек күдік емес, қауып - қатерді ирониялық түрде жеткізіп отыр. Немесе: - Апыр - ау, бақытсыздық дегеннің өзі жеңілтектің нзгтіжесіекеп ғой (Баққожа Мүқай, Таң. шығармалары, 1 т. 85 б.). Көркем мэтіндегі «жезөкшелік» тұрпайы сөзін күйінгенінен эрі мысқылдай «жеңілтек нэтижесі» деп эвфемистік перифразбен ауыстырып отырса: Ол: «Мэділхан өзі өгей шешесі Ханпатшайыммен көңілдес екен, осыдан бір бэле тумаса нетсін», - деген (Есенберлин I. Көшпенділер, 125 б.) мысалындағы «көңілдес екен» деген перифраз магынасында тек жолдасының көзіне шөп салу мағынасы ғана емес, мұның арты неге сығар деген жанашырлық, қауіптену әрі ащы мысқылмен (сарказммен) түйрей сөйлеп күйіну мәні бары анық көрініп тұр. Қ. Қайсенов «Партизан соқпақтары» шығармасының бір тұсында жау бекінген жерді талқандаған партизандардың: «Зауыттан орманға кетерде, «Біздің адресіміз сендердің өлетін жерлеріңде, қорықпасаңдар іздеңдер» деп жазып кетті (ИЗ б.) деген перифразды өте орынды қолданған. «Құпия мекендерін» - «адресіміз сендердің өлетін жерлеріңде» деген перифразда жауға деген өшпенділік, жүрекке қатқан қан кегі, ашу - ыза сарказм тәсілімен жаудың ашу - ызасын тудыратындай бейнелі берілген. Сондықтан академик 3. Қабдолов: «Кей сөздерді кері мағынаға көшіріп, орнымен ойната білу де әсем тәсіл. Мұндай жағдайда бүрма мағынада айтылған сөзге айрықша астар, ойға юморлық сипат беріледі де, суреттеліп отырған шындықтың мазмұны тереңдей түседі» деген өте орынды пікір айтады. (3. Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. - 260 б.). Автордың бұл айтып отырған мәселесі - перифраздар. Мына мысалдарға назар аударайық. Бірі арсыз нәпсі қызығын ойласа, екіншісі бөтен ойдан мүлдем аулақ (Есенберлин I. Көшпенділер, 160 - б.). Тоқалдың ұпайы түгелденіп болғаннан кейін, әлден уақыттан барып, есік ашылып, үйге Шыңғыс пен Жәнәділ кірді (Есенберлин I. Көшпенділер, 113 - б.). Барлық ойы, тілегі мейлі соқыр болсын, мейлі ақсақ болсын тек құмарлық айызын қандырар еркекте ғана... (Есенберлин I. Көшпенділер, 156 - б.). Күнімжанның осы түнде Кенесары батырмен көңіл қосып шыққанын ең алдымен жеңгелері, одан шешесі естіп... (Есенберлин I. Көшпенділер, 90 - б.). Сөйтіп аз ғана бір уақыт дағдарып қалғанымда, о кісі саудамды бітіріп, дегеніне жетіп те үлгерді (Нүржекеүлы Б. Бейтаныс әйелдің құпиясы. - 247 б.) деген көркем мәтіндерде адамдар арасындағы интимдік қатынастарды тура мағыналы сөзбен емес, перифраздар арқылы суреттеліп отыр. Мұнан перифраз сөз синонимдерін жасауда таптыртпас стильдік амал деген қорытынды жасауға болады. Айталық, автор бір сөзді қайталай бергеннің орнына интимдік жағдайды «бөтен ой», «ұпайын түгелдеу», «қүмарлық айызын қандыру», «көңіл қосу» немесе ирония аралас «саудасын бітіру» т.б. бейнелі перифразды эвфемистік синонимдер арқылы жеткізіп отыр. Сондықтан академик 3. Қабдоловтың сөздерді орнымен ойната білуде шындықтың мазмұны тереңдей түсетіні әрі ол әсем тәсіл деген пікірі де өте орынды деген ойдамыз.

 

Әдебиет:

  1. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. Оқулық. - Алматы:Эверо. 2008. - 464 б.
  2. Смағүлова К.Н. Мағыналас фразеологизмдердің үлттық - мәдени аспектілері. Канд. дисс. авторефераты. - Алматы: 1998. - Б. 30.
  3. Балакасв M.Томанов M., Жанпейісов E., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы: Мектеп, 1974. - 201 б.
  4. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. - Алматы: Ана тілі. 1993. - 96 б
  5. Баймүрынов Ж.М. Қазақ тілі синтаксистік құрылысындағы үнемдеу қүбылыстары (психолингвистикалық аспект). Автореферат. 10.02.02 - Астана: 2009. - 24 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.