Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қостанай облысында кездесетін дәрілік өсімдіктер

Аңдатпа

Мақаламызда Қостанай облысында кездесетін дәрілік өсімдіктсрдің 22 тұқымдасы, 36 түрі анықталып жазылған. Сондай - ак жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктердің саны өсуде, олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге. қан тамыры ауруларына. туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдік түрлеріне көп көңіл аударылуда. Халық шаруашылығында дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қоддану фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі жағдайларда Қазақстанның фарма индустриясының ең перспективті бағыты салаларды дамыту болып табылады. ол бай шикізат базасында базирленеді. Барлық елдер мен халықтардың дәрілік заттарды қолдануының көп жыддық тәжірибесі халықтық медицинаның дәрілік заттарының негізінде жатқандығын айтып кеткеніміз жөн. Өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмперикалық болып қала берді. тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинақтау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік берді. Дүние жүзі.тік Денсаулықты қорғау ұйымының болжауынша жақын он жылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 6 % - тін құрайтынын атап өткен.

Kipicпe

Адам ағзасын қорғау, ауруларға медициналық көмек көрсету денсаулықты сақтаудың басты мәселесі болып табылады. Өз уақытысында және сапалы дәрілермен қамтамасыз ету ұйымы осы мәселенің басты құрамды бөлігі. Медикаментозды көмек жұмысында дәрілік өсімдіктерді зерттеудің үлкен маңызы бар, оларды нарықтық қатынас жағдайында біріншілік мәнді иеленетін эффективті дәрілік препараттарды алу үшін зерттейді. Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктердің саны өсуде. Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдік түрлеріне көп көңіл аударылады.

Халық шаруашылығында дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қолдану фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен байланысты. Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның фарма индустриясының ең перспективті бағыты салаларды дамыту болып табылады, ол бай шикізат базасында базирленеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мәнісі аз және олар қорғауды қажет етеді. Барлық елдер мен халықтардың дәрілік заттарды қолдануының көп жылдық тәжірибесі халықтық медицинаның дәрілік заттарының негізінде жатыр. Бірақ та өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмперикалық болып қала берді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік берді. Дүние жүзілік Денсаулықты қорғау ұйымының болжауынша жақын он жылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 6 % - тін құрайтын болады.

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап - ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән - жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру - сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бүрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін ір түрлі үнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн өзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі- дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, мендуана, жалбыз т.б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп- өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Түңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық түсуін жеңілдететін топтарға бөлген. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 -дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б. Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ - бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б.

Өсімдіктерді ауру - сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, эр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль атқарған. Греция дэрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми түрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дэрігері өзінің “Дэрілік заттар” деген еңбегінде дэрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дэрілік өсімдіктерге байланысты. Дэрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970 - 1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі - 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.

Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізетін әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батые Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру - сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі - дәрмек түрлері өте көп. Басқа елдерге қарағанда Қытайда бүл салада көзге көрінерлік жүмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бүрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши - Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жүмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген. Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бүрын араб фармакологы Бируни «Китаб - ас - сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр 1 кезінде Петербург қаласында дәрілік бау - бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жүмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенеден, адыраспан т.б) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.

Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы «О сборе и культуре лекарственных растений» деген арнайы декрет жарияланып, дәрігерлік мекемелерге дәрілік өсімдіктер өндіру жүмысын жақсарту міндеттелді. Бұл жүмысты әрі қарай күшейту жүмысында 1925 жылы CCPO Мемлекеттік жоспарлау комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтың кеңес өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру үшін Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер ғылыми - зерттеу институты ұйымдастырылған. Осындай маңызды шаралардың іске асыфрылуы арқасында дәрілік өсімдіктердің кең түрде денсаулық сақтау ісіне пайдаланылуы ғылыми тұрғыдан қаралып, дүрыс жолға қойыла бастады [1, 56 - 60 6].

Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін ескере отырып, шаруашылықтарда дәрілік өсімдіктер егілетін плантациялар қүрылды. Украинада, Қазақстан мен Молдовада, Грузияда, Белорусияда, Латвия республикасында осындай совхоздар ұйымдастырылды. Бұл шаруашлықтар елімізге керекті шикізаттың алпыс процентін ғана қамтамасыз етеді. Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жүмыс. Мысалы, фармацевтік өндірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна жас гүл шоғын 2 апта ішінде жинап үлгеру керек. Өйткені, жинау мерзімі өтіп кетсе, ол қурап, пайдасыз болып қалады. Міне, осыншама мөлшерде және тығыз уақыт ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспейді. Дегенмен, жұмыстың ауырлығына қарамастан, халыққа керекті препараттарды дайындау үшін 1950 жылы он алты мың тонна, 1960 жылы отыз мың тонна, 1970 жылы отыз мың тонна, 1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жиналады. Бұл өсімдіктерден стрихнин, атропин, платифилин, резерпин, хинидин, аймалин, тағы басқа көптеген препараттар алынады. Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 процентін осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.

Зерттеу әдістері мен зерттеу нәтижелері

Зерттеу жүмысының нәтижесінде Қостанай облысында кездесетін дәрілік өсімдіктерден 22 тұқымдас, 36 түр анықталды. Күрделігүлділер тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы, түйетабандар тұқымдасы, қалампырлар тұқымдасы, кәдімгі қайың тұқымдас, жолжелкен тұқымдастары, құлқайыр тұқымдасы, қырықбуын тұқымдасы, қарағайлар тұқымдасы, астық тұқымдастар, ерінгүлділер тұқымдасы, майшетендер тұқымдасы, кипаристер тұқымдасы, зығыр тұқымдастар, алабүталар тұқымдасы, бүталар тұқымдасы, қоғалар тұқымдасы, балдыршөптер тұқымдас, бүршақ тұқымдас, сабынкөктер түқымдасы, талдар тұқымдасы, бөрі қарақаттар тұқымдасы, шақшашөп тұқымдастары. Олардың ішінде кең таралған тұқымдастарға күрделігүлділер мен крестгүлділер тұқымдасы жатады. Анықталған 36 түрге жататын кейбір өсімдіктерге төменде сипаттама берілген [2, 15 6].

Күрделі гүлділер түқымдасына жататың ақбақай (Белокопытник лекарственный) - көп жылдық өсімдік. Сабағы гүлді, жапырақтары ірі, сопақша болады. Күрең түсті гүлдерінің өзіндік иісі бар. Жемісі кішкене үрық. Биіктігі 30 - 60 см - дей. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанда, Ресейдің батыс, оңтүстік, орталық аудандарына кең таралған. Негізінен ылғалды жерлерде, өзен жағалаулары мен жарқабақтарда өседі. Жапырақтарының иісі жағымсыз, дәмі ащы.

Егінек (Нивяник обыкновенный) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, көп жылдық өсімдік. Сабағы тік өседі. Жапырақтары қабықсыз сопақша келген, ұзындығы 2-4 см. Жиегі тісті болады. Ipi - қара ақ түсті гүл қауашақтары, түп жағына қарай жіңішкере беретін қоңырқай түсті ұзынша жемістері бар. Егінек хош иісті болғанымен, дәмі ащы. Биіктігі 65 см - ге жуық. Мамыр - тамыз аралығында гүлдейді. Қазақстанның көптеген аймақтарында кең таралған. Негізінен орман шетінде, сирек өскен қайыңды және қарағайлы ормандарда, ашық алаңқайларда, шабындықтарда, жол жиегінде өседі.

Итошаган (Череда трех раздельная) - қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырықтары қарама - қарсы орналасқан. Гүлдері үсақ сары түсті топталып өседі. Жемісі дефиз ұзынша дән. Тамыз - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында 3 түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі.

Қияқшөп (Хондрилла ситниковидная) - күрделі гүлділер тұқымдасн, екі жылдық немесе көп жылдық өсімдік. Сабағы бұтақты. Гүл қауашақтары сары, шоқталып өседі. Жемісі - дән. Биіктігі 50 - 125 синтиметр. Маусым - қыркүйек айлар аралығында гүлдейді.Қазақстанның барлық аймақтарында, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Құмды далаларда, қарағайлы ормандарында, өзен аңғарларында өседі. Өсімдіктің құрамында каучук бар. Әлі толық зерттелмеген.

Ошаган (Дурнишник обыкновенный) бір жылдық сүрғылт жасыл түсті өсімдік. Жапырақтары жүрек тәрізді. Үстіңгі беті жасыл. Жемісі - сопақ дән. Биіктігі 30 - 120 сантиметр.Шілде - тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Жеткілікті зерттелмеген. Жапырақтарында йод, алколойд және C витамині бар. Ал дәңдерінде май, шайыр, глюкозид пен йод бар. Ошаган - улы өсімдік.

Бақбак (Одуванчик) көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамырына жақын орналасқан, жапырақтары жылтыр, ұзын, әртүрлі формалы. Еліміздің барлық жерлерінде өседі. Бақбақтың тамыры мен жапырықтарында кристаллы татраксин қышқылы, шырын қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін инсулин болады.Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырақтары пайданылады.

Барцытшөп (Бархатцы мелкоцветные) - ерекше иісті, бұтақты сабағы бар бір жылдық өсмдік. Жіңішке сүйір жапырақтары бар, ал гүл қауашақтары сары, қоңыр - қызыл түсті. Жемісі - ұзынша келген дәннен тұрады. Биіктігі 20 - 40 сантиметр. Маусым мен қыркүйек айларының аралығына гүлдейді. Еліміздің Қиыр Солтүстігінен өзге барлық аймақтарында кездеседі. Негізінен бақтар мен бау - бақшаларда өсірілетін өсімдік. Гүл қауашақтарының құрамында эфир майы мен бояғыш заттары болады.

Ақжелкен (Хрен обыкновенный) - Крестгүлділер тұқымдасына жататың көп жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша, гүлдері үсақ, ақ түсті 4 жапырақшадан тұрады. Биіктігі 50 - 120 см - дей. Ақжелкен өте сирек гүлдеп, жеміс береді. Негізінен тамыры арқылы көбейеді. Қазақстанда өсіріледі, ал жабайы түрі Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарында, Кавказда және Батыс Сібірде кездеседі.

Ақбасқурайдың (Желтушник) халық медицинасында бірнеше түрі қолданылады. Солардың бірі сур ацбасрурай. Ол сүрғылт жасыл түсті, бұтақты сабағы бар, екі жылдық өсімдік. Жіңішке жапырақтары кезектесе бітеді. Гүлдері үсақ, ашық сары түсті, 4 бөліктен тұрады. Жемісі үзын, жіңішке әрі 4 қырлы болады. Биіктігі 30 - 80 см - дей. Ал левкой ацбасцурайы - бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары кезектесе бітеді. Гүлдері үсақ, ашық сары, шоқталып өседі. Үрығы сарғыш қоңыр түсті. Биіктігі 30 - 110 см - дей. Сүр ақбасқурай мамыр - маусым айларында, ал левкой ақбасқурай мамыр - шілде айларында гүлдейді. Сүр ақбасқурай Қазақстанда, Сібір мен Орта Азияда кездеседі, ал левкой ақбасқурай Ресейдің европалық бөлігінде, Қазақстанның Солтүстік Шығысында және Сарыарқада кең тараған.

Түйетабандар тұқымдасына жататың адыраспан (Гармала обыкновенная) - тарамдалған бүтағы мол көп жылдық шөптесін өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді. Бозғылт - сары гүлдері жеке - жеке өседі. Жемісі - қоңыр түсті ірі ұрығы бар, димаметрі 1 см - дей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30 - 60 см - дей, мамыр - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік белдеуінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен елді мекендерге таяу алқаптарда, сондай - ақ құрғақ, тасты беткейлерде өседі.

Аққацбақ (Качим метельчатый) Қалампырлар тұқымдасының өкілі - көп жылдық өсімдік. Тамыры ұзын, сабағы бүтақты келеді. Жапырақтары ұсақ сүйір. Өте майда ақ түсті гүлдері шоғырланып өседі. Биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, Батыс Сібір мен Орта Азияда кездеседі. Негізінен қүмды далаларда, қайыңды ормандарда өседі. Әсемдік өсімдік ретінде де өсіріледі. Аққаңбақ тамырының құрамында едәуір мөлшерде сапониндер болады. Ал жалпы қүрамы әлі толық зерттелмеген. Аққаңбақ - улы өсімдік.Емдік мақсатта сабағы, жапырақтары мен гүлдері қолданылады. Оларды маусым - шілде айларында жинайды.

Қала.мныр (Гвоздика) - қалампыр тұқымдас, бұтақты сабағы бар, көп жылдық өсімдік. Қазақстанның барлық жерлеріне кең таралған. Негізінен шалғынды далаларда, сирек ормандарда, алқаптар мен орман шеттерінде өседі. Нақты құрамы әлі анықталмаған [3, 17 - 20 6].

Кәдімгі қайын тұқымдасының өкілі аққайың (Белая береза), сыртқы қабығы ақ түсті, орман ағашы. Жапырақтары үш бүрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанның далалық және орманды аймақтарында өседі. Аққайынның бүйірінде шайыр, эфир майы, бетулоретин қышқылы, сапониндер, илік заттар, жүзім қанты, C витамині және фитонциттер, ал жапырағында бетулоретин қышқылы, илік заттар, сапониндер, гипотезид, тритерпен спирті,эфир майы,каротин, C витамині және фитонцидтер бар.

Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатың жолжелкен (Подорожник большой) - көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері үсақ, төрт тармақты масақтан түрады. Кішкене қауызында 8 - ден 13 - ке дейін тұқымы болады.

Маусымнан қыркүйек айларына дейін гүлдейді.Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда кездеседі. Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, K витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Ұрығында 44 процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі.

Бұталар тұқымдасының ішінде көкбүта (Bepec обыкнавенный) - мәңгі жасыл бүта. Жапырақтары қалың, сүйір болады. Гүлдері үсақ, алқызыл. Маусым айының аяғынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Көкбүта Қазақстанның солтүстік аймақтарында, Батыс Сібірдің оңтүстігінде және Шығыс Сібірдің оңтүстік батысында кездеседі. Қарағайлы орманда, құмды және сазды жерлерде кездеседі. Өсімдік құрамы улы алколойдтар мен сапониндер бар.Дәрілік мақсатқа көкбүтаның бүтақтары мен гүлдерін пайдаланады. Оларды гүлдеген кезінде маусым - шілде айларында жинайды.

Kosct (Рогоз широколистый) - қоғалар тұқымдас, батпақты жерде өсетін көп жылдық өсімдік. Сабағы жуан, жұмыр. Жапырықтары ұзын. Гүлдері қарасүр, жиналып, өседі. Жемісі -жаңғақтар. Биіктігі 2 метрге дейін жетеді. Маусым - шілде айларында гүлдейді.Қазақстанның барлық облыстарында өседі. Орманның батпақты жерлерінде, өзен - көлдер жағаларында өседі.Сабағында крахмал мол. Қүрамы толық анықталмаған.

Қыръщбуын (Хвощ полевой)- қырықбуын тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Сабақтары жасыл түсті, тік өседі, бұтақты. Биіктігі 15-30 сантиметр.Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе орманды белдеулерде көп кездеседі. Ылғалды жерлерде, батпақтарда өзендер мен көлдердің аңғарларында өседі. Қырықбуынның құрамында эквизетонин сапонині, алколойдтар, кремни қышқылы, қымыздық, алма және иілік қышқылдар, белоктар, май, менералды тұздар, шайыр, каротин және C витамині бар. Ол улы өсімдік. Емдік мақсатқа қырықбуынның маусым мен тамыз айларының аралықтарында жиналатын көк тармақтарын қолданады.

Қарағайлар тұқымдасына жататың балқарағай (Лиственница) - қыста қылқан жапырағы түсіп қалатын, биіктігі 30 - 35 метрге дейін жететін ағаш. Діні түзу, төменгі жағы әдетте конус тәрізді жуандау болып келеді. Қабығы қызғылт, тұрақты тұрқы жуан. Жапырағы қылқанды, жіңішке, ұзындығы 13-45 миллиметрдей. Бұл бір үйлі өсімдіктер қатарына жатады. Мамыр айында бүр жарып, гүлдей бастайды. Солүстік, Шығыс Қазақстанда, Сарыарқада еуропалық бөлігінің шығысы мен солтүстік шығысында, Оралда, Алтай және Саян тауларында, Батыс және Шығыс Сібірде кездеседі. Негізінен балқарағайдың шырыштарының химиялық құрамы зерттелген.

Оның құрамында пинен, дипинтен, сильверстен, сильвин қышқылдары кіреді. Қылқанында да эфир, майы болады, оның құрамында пинен, бернеол, борнилацент бар. Сонымен бірге, қылқанында аскорбин қышқылы кездеседі.

Балдыргиөп (Ряска маленькая) - балдыршөптер тұқымдас өсімдік. Cy бетінде қалқып жүреді. Жүмырлау, жалпақ сабағында суға батып тұратын жалғыз тамыры болады. Биіктігі жарты сантиметрдей. Мамыр - кыркүйек айларында өте сирек гүдейді. Еліміздің барлық аймақтарында кең таралған. Негізінен тұйық суларда өседі, кейде судың бетін түгелдей жауып жатады.

Бөдетиөп (Вероника лекарственная)- сабынкөктер тұқымдасы, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабақтары көтеріңкі бүтақты, жапырақтары қысқа сағақты, сопақша қатқылдау келеді. Гүлдері көкшіл, үсақ, әрі әдемі. Биіктігі 15-45 сантиметрдей. Маусым - тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық жерлерінде өседі. Негізінен қылқан жапырақты орман, бүталары арасында өседі.

Ерінгүлділер тұқымдасына жататың жалбыз (Шалфей лекарственный) шөптесін көп жылдық өсімдік. Құрамында эфир майы, сондай ақ алкалоидтары мол деп танылған жапырақтары пайдаланылады.

Гүлгиетен (Сирень обыкновенная) - майшетендер тұқымдасы, 8 метрге жуық бүта. Жүрекше тәрізді жапырақтары қарама - қарсы орналасқан. ¥сақ гүлдері әртүрлі болады. Мамырда гүлдейді, Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Көбіне сәндік мақсатта өсіріледі. Гүлшетенде эфир майы серингин гликозиді, фарнезол бар. Өзі улы өсімдік.

Кипаристер тұқымдасының дәріарша (Можжевельник обыкновенный) - мәңгі көгеріп тұратын, өткір тікенді, қылқанды бүта. Биіктігі 5 метрге дейін жетеді. Гүлдерінің аталық және аналықтары жапырақ қойнауында өседі. Аталығы ұзынша сырға тәрізді, ал аналығы шар пішінді болады. Мамыр айларында гүлдеп, екінші жылы жеміс береді. Еліміздің Шығысынан өзге аймақтарда кездеседі. Дәріарша қарағайлы, немесе аралас ормандар мен сирек бұталар арасында, алқаптар мен тау беткейлерінде өседі. Жемісінде аса көп мөлшерде қант, сонымен бірге май, шайыр, түрлі қышқылдар, юниперин пигменті және эфир майы бар.

Бұршақ тұқымдасына жататын есекмия (Софора японская) - жапырақтары сыңар, әрі түкті, биіктігі 10 метрге жуық ағаш. Бұтақтарының ұшына ірі шашақ болып бірігіп шыққан гүл шоқтары ұсақ, ақшыл - сарғыш түсті. Жемісі жүмыр, ашық көрінетін белдеулері бар, толық дәнді, түсі қара, қошқыл, қызғылттау түйе бүршақ тәрізді. Жемісінің ұзындығы 10 см - ге жуық. Тамыз - қыркүйек айларында гүлдейді, жемісі қыркүйек - қазан айларында піседі. Есекмия сәндік өсімдік ретінде Қазақстанның барлық жерлерінде кеңінен өсіріледі, көбінесе бақ ішіне, жол бойына егіледі.

Ацтаспашөп (Астрагал пушистоцветковый) - бұршақ тұқымдасының өқілі. Мамыр - маусым айларында гүлдейді. Қазақстанда, Волгоград, Саратов, Воронеж,Курск, Тамбов облыстарында, Украинада өседі. Ақтаспашөптің кейбір түрлерінің құрамында белок, май, клетчаткалар, сапониндер, алколоидтар, витаминдер болады. Ақтаспашөпте сондай - ақ темір, кремний, қалайы, фосфор, мыс, магний сияқты 21 микроэлемент кездеседі.

Ешкітал (Ива козья) - талдар тұқымдасы, жасыл сұр қабығы бар ағаш. Бұтақтары жуан. Жапырақтары сопақша, қою жасыл түсті, сүйір. Жемісі - қауашақ. Биіктігі - 60 - 10 метр. Сәуір - мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында кең таралған. Оның жүзден астам түрі бар. Өзен аңғарларында, көл жағаларында өседі. Сәндік өсімдік ретінде де өсіріледі [4, 67 6].

Көктерек (Осина) биіктігі 30 метрге дейін жетеді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында кең таралған.Көктеректің құрамында илік заттар, эфир майы, алма қышқылы және популин, май, салицин сияқты ащы глюкозидтер, саликоз ферменті бар.

Бөрі қарақаттар тұқымдасына жататың зирек (Барбарис) бұталы өсімдік. Қазақстанның таулы аймақтарында кездеседі. Мамыр, маусын айларында гүлдейді.

Қалақай (Крапива) шақшашөп тұқымдас көп жылдық өсімдік. Оның сабақтары төрт қырлы, түзу болып жаратылған. Ал, жапырақтары қияқты, шеті тісті келеді де, түп жағы жүрекше тәрізді болып келеді. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.

Қорытынды

Зерттеу жүмысын орындау барысында Қостанай облысында кездесетін дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың өсу ортасымен танысып, Қостанай облысыда дәрілік өсімдіктер кездесетін жерлерінің жағдайына, климатына сипаттама берілді, Қостанай облысында жиі кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасауға талпыныс жасалды, әр түрлі өсімдік бірлестігінде кездесетін пайдалы өсімдіктерді пайдалану жолына қарай жіктедік және түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге биоэкологиялық сипаттама берілді. Сонымен бірге:

  1. Дәрілік өсімдіктердің 22 тұқымдасы, 36 түрі анықталды. Оның ішінде кең таралған тұқымдастарға күрделігүлділер мен крестгүлділер жатады;
  2. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын 9 түр анықталды: барқытшөп, егінек, бақбақ, ақбақай, итошаған, кәріқыз, қияқшөп, ошаған, көккекіре. Ал крестгүлділерге жататын 3 түр анықталды: ақжелкек, жүмыршақ, ақбасқурай;
  3. Талдар тұқымдасына жататын 3 түр анықталды: ешкітал, көктерек, қаратерек. Қалампырлар тұқымдасына жататын 2 түр: қалампыр, аққаңбақ анықталды. Бұршақ тұқымдасынан 2 түр: есекмия, ақтаспашөп;
  4. Дәрілік өсімдіктерді өмір сүру ортасына байланысты жіктеу нәтижесі төмендегідей 20 түр шөптектестер, 11 түр жартылай бұталар, 5 түр ағаштектестер, 21 түр көп жылдықтар, 3 түр екі жылдық, 10 түр бір жылдық өімдіктер болып табылады.

Адамзат табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктерінің саны азаймау үшін өзі де оларды өсіре алады.

Қорыта айтқанда адам денсаулығын қорғау, ауруларға медециналық көмек корсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Өз уақытысында және сапалы дәрілермен қамтамасыз ету ұйымы осы мәселенің басты құрамды бөлігі. Медикаментозды көмек жұмысында дәрілік өсімдіктерді зерттеудің үлкен маңызы бар, оларды нарықтық қатынас жағдайында біріншілік мәнді иеленетін эффективті дәрілік препараттарды алу үшін зерттейді.

Барлық елдер мен халықтардың дәрілік заттарды қолдануының көп жылдық тәжірибесі халықтың медицинаның дәрілік заттарының негізінде жатыр. Бірақ та өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмперикалық болып қала берді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинақтау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік бергендігін айтуымызға болады.

 

Әдебиет:

  1. Отыншиев Б. Дәрілік өсімдіктер негіздері. Алматы «Қайнар» 1994 ж.
  2. Оганезов А. Дәрілік өсімдіктер. Алматы «Қайнар» 1982 ж.
  3. Оспанов Ө.О., Жамалбеков Е. Құнарлы жер - құтты мекен. «Ғылым» баспасы Алматы 1983 ж.
  4. Жаңабаев Қ.Саудабаев T., Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Алматы, «Қайнар» 1994 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.