Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Artemisia absinthium ащы жусанының физикалық - химиялық құрамын зерттеу

Ацдатпа

Аталған мақалада құндылығы өте жоғары, ең қасиетті өсімдіктің бірі - ащы жусанының (латынша атауы Artemisia Absinthium) суды және суды - спиртті сығындысы негізінде физикалық - химиялық құрамы қарастырылып, сонымен бірге, қазіргі танда тиімді әдістердің бірі болып келетін ЯМР - спектрометрия әдісі арқылы Artemisia Absintluum ащы жусанының суды сығындысының 1H ЯМР спектрлері зерттелініп, құрамындағы флавоноидтар негізін артемизин құрайтыны және фунционалды топтары туралы қорытынды жасалды.

Kipicne

Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бүл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.Жусанның дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның тұңбасы көбінесе ас қорыту жүмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады. Тұқымдас өсімдіктердің ішінде емдік қасиеті бар өсімдік шикізаттарын іздеу перспективті. Бұл мақсатта өзінің алуан түрлігі, таралуы мен үлкен шикізаттық қоры бар. Ащы жусан дәрілік өсімдік, медицинада келесі ауыруларды емдеуге пайдаланылады:

Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі, тек қана құмды шөлейт аймағында өспейді. Жусанның Қазақстанда 81 түрі өседі [1, 450 б.]. Шөптің емдік қасиеттерін оның табиғи, биологиялық белсенді компоненттерімен байытылғаны түсіндіреді. Жерүсті бөлігінде гүлдену кезеңінде биологиялық белсенді компоненттері ең жоғарғы концентрациясын көрсетеді.

Осыған орай, Artemisia Absinthium ащы жусаны бойынша зерттеу жұмысы келесі бағытта жүргізілді:

  • Artemisia Absinthium ащы жусанының органолептикалық көрсеткіштері анықталды;
  • Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы сығындысы алынып, олардың физикалық химиялық құрамын анықталды;
  • Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы - спиртті сығындысы алынып, олардың физикалық - химиялық құрамын анықталды;
  • Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы жэне сулы - спиртті сығындыларының химиялық құрамы ЯМР - спектрометрия эдісі арқылы зерттелді.

Ащы жусанның құрамын зерттеуге негізделген көптеген жұмыстарда оның қүрамын кіретін заттар туралы мэліметтер берілген. Соның ішінде, сесквитерпеноидтар туындылары (абсинтин, анабсинтин жэне т.б.) , құрамында кадинен, туйон, хамазулен, туйил спирті, нерол, туйилацетаты бар эфир майлары (0,12 - 0,8 %) да болады. Жусан қүрамында полисахаридтер, сапониндер, флавоноидтар (артемитин, кверцетин, кемпферол, изорамнетин, апигенин), фитонцидтер, аскорбин қышқылы, шайырлы жэне иленетін заттар, артемизетин, каротин жэне органикалық заттар (янтарь қышқылы) да кездеседі. Ащы жусан тамыры көмірсуларға өте бай, соның ішінде инулин коп мөлшерде кездеседі. Кумариндерден скополетин, умбеллиферон де бар.

Зерттеу әдістері

Шикізаттың дайындалу кезеңдері. Жусанды гүлдей бастаған уақытта жинайды. Оны жоғарғы жағынан ұзындығы 25 см - дей етіп, жуан бүтақшаларын алмай, пышақпен немесе орақпен кеседі. Сирек жағдайда жусан жапырақшаларын маусым айында тамыр тұсындағы жэне ірі бұтақтарындағы жапырақшаларын гүлдегенге дейін алып тастап дайындайды. Жусан жинауды уақытынан кешіктірмеу қажет, себебі кеш қалса, гүлдер сары түсін жоғалтып, қоңырланады, ал жапырақшаларында қоңыр түсті дақтар пайда болады, сонымен қатар жусанды кептіргенде ол өз табиғи түсін жоғалтады.

Шикізатты қараңғы, көлеңкелі жерде немесе температурасы 22 - 30 oC болатын кептіргіште кептіреді, өсімдікті оның бүтақтары мен жапырақшалары сынғыш күйге айналғанға дейін жиі аударып отырады. Зерттеуге алынған ащы жусан Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы далалық аймағынан маусым айында жоғарыда берілген эдістеме бойынша жиналды. Шикізат университеттің зертханалық жағдайында 20 - 25°С температурада, жабық, қараңғы сөрелерде бүтақтары мен жапырақшалары сынғыш күйге айналғанға дейін аударылып, кептірілді жэне кейінгі зерттеулер үшін сақталынды. Зерттеу жүмыстарына өсімдіктің жоғары, жүмсақ бөлігі, яғни бүтақшалары мен жемістері пайдаланылды.

Artemisia absinthium ащы жусанныц сапалық қурам ын аиыктау үшін табиги қосылыстароы бөліп алу және фракциялау әдісі. Ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін табиғи қосылыстарды бөліп алу жэне фракциялауға арналған құрылғысы жиналды.

Ащы жусанның сапалық құрамын анықтау үшін, алдымен сулы сығындысы дайындалды. а) Сулы сығынды дайындау келесі эдістеме арқылы жүргізілді: 5,0 г шикізатты дөңгелек түпті колбаға салып, үстіне 50 мл тазартылған су қүйып, экстрагент қайнай бастағаннан бастап 1 сағат бойы қайнап жатқан су моншасында кері тоңазытқыш арқылы қыздырылды. Сығынды суытылып, сүзіліп, шикізатқа қайтадан су құйылып, қыздырылып; операция үш рет жүргізілді. Үш сығынды бір - біріне қосылып, араластырылды. Бөліп алынған сулы сығынды кейін жан - жакты зерттелді.

Ащы жусанының құрамындағы кумариндерді, фенолкарбондық қышқылдарды, флавоноидтарды сулы - спиртті сығындыны қолдану арқылы анықталды. б) Сулы - спиртті сығындыны алу келесі эдістеме арқылы жүргізілді: 5,0 г шикізатты дөңгелек түпті колбаға салып, үстіне 60 мл 70 % - дық этил спиртін құйып, экстрагент қайнай бастағаннан бастап 1 сағат бойы қайнап жатқан су моншасында кері тоңазытқыш арқылы қыздырылды. Сығынды суытылып, сүзіліп, шикізатқа қайтадан 40 мл этил спирт құйылып, экстрагент қайнаған уақытын белгілеп алып, кейін тағы 15 минут қайнатылды. Екі сығынды бір-біріне қосылып, араластырылды [2, с.15 - 36].

ЯМР - спектрометрия әдісі бойынша 1H жэне 13C ЯМР спектрлері негізінде салыстырмалы түрде ащы жусанныц сулы жэне сулы - спиртті сығындысының қүрамындағы функционалды топтары анықталды.

Зерттеу нәтижелері

Artemisia Absinthium ащы жусанныц органолептикалыц жэне физикалыц - химиялыц көрсеткіштері. Зерттеуге алынатын жусанныц жан - жақты қарастырылуы бүл шикізаттың түпнұсқалығы мен өнімсапалығын жэне қауіпсіздік көрсеткіштерін қарастыруды талап етеді. Аталған эдістері негізіндегі зерттеулер нэтижесі бойынша сэйкестендіру көрсеткіштері,соның ішінде органолептикалық көрсеткіштері қарастырылды (1 Кесте).

Кесте 1 Artemisia Absinthium ащы жусанныц органолептикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Нормативті құжат бойынша

Ic жүзінде

Сыртқы түрі

Гүлді себетшс, тілімді сабақты жэне жапырақ пішіні 1-ден 7-мм

Гүлді себетше, тілімді сабақты жэне жапырақ пішіні 5-6 мм

 

Түсі

Сүр - жасыл, күмістей - сүр

Сүр - жасыл, күмістей - сүр

Иісі

Ароматты, ерекше, күшті иісті

Ароматты, ерекше, күшті иісті

Дәмі

Татымды ащы

Татымды ащы

Алынған мәліметтер негізінде зерттелетін шикізатгың нормативті құжаттың талаптарына сыртқы түрі, иісі, дәмі, түсі және түпнұсқалығы сай екендігі дәлеледенді [3,49 - 54 б.]. Жусанның өнімсапалығын анықтау келесі физикалық - химиялық көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі - үгіту дәрежесі, ылғалдығы, органикалық қоспалар мөлшері, минералды қоспалар мөлшері (2 Кесте).

Кесте 2 Artemisia Absinthium ащы жусанның физпкалық - химиялық көрсеткіштері

Физикалық - химиялық көрсеткіштері

Үгіту дәрежесі, мм

7 мм

Ылғалдығы, %

13 %

Қоспалар мөлшері (органикалық және минералдық қоспалары)

Бөгде иістері жоқ, көгеру, шірудің байқалмайды

Шикізаттың үгіту дәрежесі 7 мм - ден аспайды, себебі диаметрі 0,5 мм елеуіш арқылы өтетін зат мөлшері стандартқа сай болуы қажет. Зерттелетін жусанның ылғылдығы стандартқа сай 13 пайыздан аспайды.

Бөгде иістер, көгеру, шірудің болмауы шикізаттың дайындау, кептіру және транспортталу ережесіне сай екендігін көрсетеді. Зерттелінетін шикізаттың алдын - ала нормативті құжаттар талаптарына сай тексерілуі зерттеу нәтижесінің мәліметтерін ғылыми зерттеу жүмыстарына қолдануға мүмкіндік береді.

Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы сыгындысыныц сапалыц цурамын зерттеу. Көмірсуларды сапалъщ анъщтау: көмірсуларды сапалық анықтау үшін полифенолды қосылыстардан тазартылған Artemisia absinthium ащы жусанның сулы сығындысы қолданылады. Бос қанттарды анықтау жолы (3 Кесте).

Кесте 3 Ащы жусанның Artemisia absinthium құрамындағы көмірсуларды анықтау

Реакция шарттары

Зерттеу нәтижесі

Ескертпе

1

Бертран реакциясы: 1 мл тазартылған сулы сығынды мен 1 мл Фелинг сүйықтығын су

моншасында қыздырылды.

Қызыл түсті түнба түзілуі.

 

Оң нәтиже

 

Artemisia absinthium ащы жусанның сулы сығындысын зерттеу нәтижесі бойынша түзілген өзгерістер оның құрамында көмірсулардың бар екендігін дәлелдейді.

Органикалыц цыищылдарды сапалъщ сінъщтау. Аскорбин қышқылын анықтау: Калий пермаганаты ертіндісімен әрекеттесуі: Ерітіндінің жартылай түссізденуі байқалды (MnO4 ионының Mn2+ ионына тотығуына дейін) (4 Кесте ).

Artemisia absinthium ащы жусанының физикалық - химиялық қүрамын зерттеу

Жүргізілген сапалық реакциялардың негізінде Artemisia absinthium ащы жусанның құрамында конденсацияға қабілетті таниндердің бар екенін көрсетті.

Кумариндерді сапалық анъщтау: Artemisia Absinthium ащы жусан қүрамындағы кумариндерді келесідей тәжірибе арқылы анықталды. 5 мл сулы спиртті сығындыға 10 тамшы 10 % - тік метил спиртіндегі калий гидроксиді қосылып 5 минут су моншасында қыздырылды. Сарғыш түс пайда болды. Кейіннен ерітіндіні екі бөлікке бөлініп зерттелді (6 Кесте). Бұл нәтижелер Artemisia absinthium ащы жусан құрамында кумариндердің бар екенін көрсетеді (4, с. 235).

Кесте 6 Екінші пробиркада ерітіндінің қызыл - қоңыр түске боялды

Artemisia Absinthium ащы жусанның сулы-спиртті сыгындысыныц сапалық цурамын зерттеу. Ащы жусанының құрамындағы флавоноидтарды сапалық анықтау келесі тәжірибелер арқылы жүргізілді (7 Кесте).

Кесте 7 Artemisia absinthim ащы жусанының құрамындағы флавоноидтарды
сапалық анықтау

Бұл тәжірибелер қортындысы бойынша зерттелініп отырған ащы жусанының құрамында флавоноидтар бар екендігі дәлелденіп отыр.

Artemisia Absinthium ащы жусаныныц сулы жэне сулы - спиртті сыгындысын ЯМР - спектроскопия әдісімен зерттеу. Спектрлер Ш.Уэлиханов атындагы Кокшетау мемлекеттік университетінің зертханасында «Jeol» (Жапония) компониясының JNN- ECA 400 ЯМР - спектрометрінде тіркелген. Спектрометрдің жүмыс жиілігі 1H ядросында, сэйкесінше 400 жэне 100 МГц - ке тең жағдайда өтті. Талдау қалыпты температурада D2O ертіндісін қолдану арқылы жүргізілді. Химиялық ығысулар миллиондық үлеспен (ppm) көрсетілген. 1 Суретте 3,84 - 12,67 аралығында химиялық

ығысулар байқалады, спектрлер идентификациялау нәтижесінде бүл қосылыс құрамында артемизин флавоноидының бар екендігі айқын көрсетті (5, с. 76)

Берілген спектрлерге (2 Сурет) сәйкес ащы жусанның сулы сығындысының құрамында:

1) 0,59 - 2,63 миллионды үлес сигналдары аралығында метилді және метиленді топтары байқалды;

2) 3,88 - 4,08 миллионды үлес сигналдары аралығында метокси тобы мен флавоноидтар байқалды; 3) 6,00 - 8,50 миллионды үлес сигналдары аралыгында ароматты көмірсутектер мен басқа да флавоноидтар болатынын көрсетеді.

Кестеде берілген мәндер зерттелетін заттың белгілі бір бөлігінің немесе тобының сигналдарын байқау үшін қолданылады (8 Кесте).

Сигнал

Функционалъды топ

Мулътиплеттігі

б, ppm

1

CH3-, CHr-

S

0,59-2,63

2

CH3O-

s, d, t

3,88-4,08

3

Ароматты көмірсутектер жэне баска флавоноидтар

s, dd

6,00-8,50

Кесте 8 Ащы жусан функциональды топ компоненттері мен мультиплеттігі

Artemisia absinthium ащы жусаны супы - спиртті сыгындысыныц ЯМР спектрлерінің талдауы. Ащы жусаны сулы - спиртті сығындысының ЯМР спектрлерінің талдауы жоғарыдағыдай жүргізілді (3 Сурет).

Берілген спектрлерге сэйкес ащы жусан құрамында: 1) 0,49 - 2,50 миллионды үлес сигналдары аралыгында метилді жэне метиленді топтар сигналдары түрінде байқалды; 2) 2,70 - 5,50 миллионды үлес сигналдары аралыгында метокси топ пен флавоноидтар сигналдары түрінде байқалды; 3) 5,60 - 8,50 миллионды үлес сигналдары аралыгында ароматты көмірсутектер мен баска да флавоноидтар болатынын көрсетеді (9 Кесте).

Кесте 9 Ащы жусанның 1H ЯМР - спектрі және функциональды топ компененттері

Сигнал

Функциональды топ

Мультиплеттігі

<■), ppm

1

CH3-, CH2

S

0,49-2,50

2

CH3O

s, d, t

2,70-5,50

3

Ароматты көмірсутектер жэне баска флавоноидтар

s, dd

5,60-8,50

Берілген мәндер ащы жусанның сулы - спиртті сығындысының белгілі бір бөлігінің немесе тобының сигналдарын байқау үшін қолданылады.

Қорытынды

Зерттеу нәтижелерін талқылау:

  • Artemisia Absinthium ащы жусанының органолептикалық көрсеткіштері нормативті құжаттың талаптарына сәйкес;
  • Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы сығындысының сапалық құрамына сәйкес көмірсулар, органикалық қышқылдар, танин және кумарин бар екендігі анықталды;
  • Artemisia Absinthium ащы жусанының сулы - спиртті сығындысының сапалық құрамына сәйкес флавоноид артемизин анықталды;
  • 1H ЯМР спектрлері негізінде салыстырмалы түрде ащы жусанның сулы және сулы - спиртті сығындысының құрамындағы функционалды топтары - метил, метилен, метокси топтары, ароматты көмірсутектер және флавоноидтар анықталды.

Ягни, Artemisia Absinthium ащы жусанының химиялық құрамын ЯМР - спектрометрия әдісі арқылы зерттеу оның маңыздылығын ашып көрсете алады.

 

Әдебиет:

  1. Қазақстанның флорасы. Т.8. [ Solanaceae - Compositae]. Алматы. 1998. 450 б.
  2. Северин А.П. Изучение химического состава и фармакологической активности комплексов биологически активных веществ, выделенных из шрота полыни горькой. Курск 2013.-15с.. - 36с.
  3. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А «Основы химии природных соединений» - Алматы: Қазақ Университеті, 2010. 49 - 546.
  4. Рахимова, Б.Б. Сесквитерпеновые лактоны растений рода Centaurea /Б.Б.Рахимова. - Алматы :Атамүра, 2005. - 235 б.
  5. Комаров И.В., Туров А.В. Практикум по спектроскопии ЯМР. - Киев: изд - во Киевского университета им. Т.Шевченко, 2009, С. 76.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.