Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Географияны оқытуда оқушыларға геохронолгиялық кестені тҥсіндірудің санамақ тәсілі

Ацдатпа

Берілген мақалада физикалық географияны оқу барысында оқушылардың геохронологиялық кестені зерттеу мәселелері қарастырылады. Авторлар геохронологиялық кестені, оқушылардың геохронологиялық дәуірлер мен кезендерді оңай игерулері үшін ұсынып отыр.

Kipicne

Ақпараттық жүйелер мен жаңа технологиялардың күрт даму кезеңі барысында жастарда бос уақытын өткізуге көптеген мүмкіншіліктер бар. Оқушылардың назарын сабаққа аудару қиынға түсуде. Осыған байланысты мүғалімнің шығармашылық рөлі артады. Алдынғы қатарға мүғалімнің шығармашылық қабілеті шығады. Оқушыларды қызықтыра ала білу, сабақты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу қабілеті ерекше бағаланады. Жақсы мұғалім оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу - тәрбие ісіне шынайы жаңашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі болуға тырысады [1].

География әр қашан мектеп пәндерінің арасында ең қызықты ғылымдардың бірі болып келеді, себебі география бізді қоршаған әлемді зерттеуде, оқушыларға түсініксіз сүрақтарға жауап береді және оқушылардың материалистік көзқарасын дамытуға ықпал етеді. Бірақ барлық басқа мектеп пәндері секілді, географияда да оқушыларға қиын берілетін көптеген тараулар мен бөлімдер бар. Солардың ішінде ең күрделі тақырыптардың бірі біздің планетамыздың геологиялық тарихын зерттеу. Геохронологиялық шкаланы есте сақтау оқушылар үшін ерекше қиындықты тудырады.

Геохронологиялық шкала (грекше «гео» - жер, «логос» - ілім) - жердің жасы мен үзақтығын жіктеудің негізгі құралы [2]. Геохроногиялық кестенің маңызды міндеті - жердің тарихы мен дамуын көрсету. Геохронологиялық кестені қарастырғанда, оқушылар планетаның өткені туралы, көне жануарлар мен өсімдік түрлерінің пайда болуы мен жоғалуы туралы, қай кезде және қандай жағдайда ата - бабаларымыз өмір сүрді, сондай - ақ жаңартаулар мен жер сілкіністерінің пайда болу себептерімен танысады. Бір сөзбен айтқанда, геохроногиялық кестені оқу - мектеп оқушыларының дүниетанымдық көзқарасын және білімдерін елеулі түрде дамытады. Дегенменде, жоғарыда айтылып өткендей, бүл тақырып есте сақтау үшін күрделі тақырыптардың бірі. Бұның себебі - біздің ғаламшарымыздың өте күрделі даму тарихы. Геохроногиялық шкала бес негізгі дәуірден, әрқайсысы үштен кем емес болып келетін кезеңдерден тұрады. Жердің геологиялық тарихында барлығы он екі кезең белгіленеді (Сурет 1).

Зерттеу әдістері

«Әдіс» деген сөз гректің «methodos» деген сөзінен шыққан. Ал бүл сөз орысша аудармасында, зерттеу жолы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Ғылымда және күнделікті тұрмыста әдіс деген сөз зерттеу жолы, әдісі, тәсілі деген мағынасында қолданылады [4]. Жүмысты орындау барысында авторлар теориялық әдістердің негізі болып келетін талдау және жіктеу әдістерін қолдана отырды.

Орта білім беру мектеп оқушылары геохроногиялық кестемен 6 - шы сыныптан бастап танысады. Бұл курста жердің геологиялық тарихы туралы жалпы ақпарат беріледі. Оқушылар тек дәуір мен кезеңдермен танысады. Тәжірибеге сүйенсек, осы деңгейдің өзінде көптеген оқушылар геохронологиялық кестедегі кезеңдердің атауын жаттауда бірнеше қиындықтармен кездеседі. Бұл таңқаларлықтай жағдай емес, өйткені, кезеңдер үшін нақты атаулар әр түрлі себептер бойынша берілген. Көбінесе географиялық терминдер қолданылған. Осылайша, Кембрий дәуірінің атауы Cambria - латын тілінен Уэльстің атауы (Рим империясының құрамында болғанда), Девон - Англияның Девоншир елдімекені, Пермь - Ресейдегі Пермь қаласынан, Юралық - Еуропадағы Юра тауынан. Ежелгі Венд тайпасының құрметіне ордовик жэне силур дәуірлері аталған. Халықтың тұр - сипатына байланысты осы атаулар жиі айтылып отырған. Tac көмір дәуірі, көмірдің көптігіне байланысты, ал бор дәуірі, жазуға қолданылатын бордың көп таралуынан аттарын алған [3].

Зерртеу нәтижелері

Осыған байланысты, оқушыларға геохронологиялық шкала кезеңдерін есте сақтауды жеңілдету үшін, Семей қаласының Шәкәрім атындагы Мемлекеттік университетінің «Химия жэне география» кафедрасыныц студенттері қиын емес санамақты (Керемет Оқитын Студенттер Демалыс Күндерін Пайдаланып, Топпен Юкатанға Барып, Пайдалы Нәрселермен Танысты) география сабақтарында қолдануды үсынады. Тиісті әдебиеттер мен ғаламтор көздерін талдай отырып, мүндай санамақ орыс тілінде қол жетімді, бірақ қазақ тілінде жоқ екендігі туралы айтуға болады.

Ұсынылған нұсқа бос орынды толтыруға бағытталған. Санамақ кезеңдерді есте сақтау үшін түйінді сөздерден құралған сөйлемдерден тұрады (1 Кесте).

Кесте 1 Геохронологиялық санамақ

САНАМАҚ

ЭРА

ДӘУІР

Керемет

ПАЛЕОЗОЙ

Кембрий

Оқитын

Ордовик

Студенттер

Силур

Демалыс

Девон

Күндерін

Көмір (Карбон)

Пайдаланып,

Пермь

Топпен

МЕЗОЗОЙ

Триас

Юкатанға

Юра

Барып,

Бор

Пайдалы

КАЙНОЗОЙ

Палеоген

Нәрселермен

Неоген

Танысты

Төртгік

Сөйлемдегі сөздердің бір - бірімен логикалық түрде тығыз байланысы және мәтіндік мағынасы бар. Әрбір дәуір үтірмен аяқталады {Палеозой - Керемет Оқитын Студенттер Демалыс Күндерін Пайдаланып,). Мезозой дәуірінде планетамызды ғаламат динозаврлар мекендеген. Ғылыми мәліметтер бойынша динозаврлар дәуірі Юкатан (Мексика) (санамқта көрсетілген) түбегіндегі алып метеориттің қүлдырауы салдарынан жойылды. Осылайша оқушылар кезеңдер тізбесін естерінде сақтап қана қоймай, қызықты мәліметтер ойдарына келеді.

Қорытынды

Дидактиканың оқыту әдісінде мұғалім оқушыларда білім, іскерлік, дағды сияқты қасиеттерін пайда болуын көздейді. Мектеп географиясының басқа пәндер секілді де өзіндік оқыту ерекшеліктері бар [4]. Ұсынылып отырылған геохронологиялық санамақты 6-7 сыныптарда ғана емес, орта және жоғарғы буын сыныптарында да қолдануға болады. Себебі, осы тақырыыпқа байланысты сүрақтар барлық маңызды географиялық емтихандарда кездесуі мүмкін.

География студенттерінің ұсынып отырған геологиялық санамақ, география мүғалімдеріне осындай қиын әрі ауқымды тақырыпты жеңіл түсіндіруге, және оқушыларға мәліметті оңай қабылдауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

 

Әдебиет:

  1. Кадимов Р.Г. Роль учителя в современном обществе // Международный журнал экспериментального образования. - 2012. - № 12 - 1. - С. 86 - 88.
  2. Ю.П. Пармузин, Г.В. Карпов «Словарь по физической географии».M.: Просвещение, 1994, 20-21 б.
  3. Википедия - свободная энциклопедия [Электронный ресурс], -http://wikipedia.org. - (қаралған күні: 24.12.2017).
  4. Ақашева Ә.С., Дүйсебаева К.Ж. Географияны оқыту әдістемесі: оқу - әдістемелік қүралы. - Алматы: Қазақ университет!, 2013. - 175 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.