Қр және қхр заңнамасы бойынша қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

Андатпа

Осы мақалада Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы Қылмыстық кодекстеріндегі қылмыстық жауапкершілікті талдау қарастырылады. Зерттеуде негізгі орынды қылмыстарға қарсы туру саласындағы Қазақстанның қылмыстық жауапкершілігін жетілдіру бойынша шаралар және олармен күрсстс ҚХР ның тәжірибесін пайдалану алады.

Kipicne

XX ғасырдың соңында КСРОның ыдырауымен оның кең - байтақ территориясында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Осындай мемлекеттердің бірі - Қазақстан Республикасы. Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін алдыңғылардың бірі болып таныды және тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатты. Екі мемлекеттегі құқықтық реформалар жағдайында қалыптасқан құқық жүйесінің өзара байланысы, олардың түрлері мен бағыттарының қызметі қызығушылық туғызады. Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық ынтымақтастықты объективті бағалау достық елдерінің тұрғындары мен құқық қорғау органдары мамандарының құқықтық санасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы жоғары деңгейдегі қатынастардың қарқынды дамуымен және сенімді шарттық-құқықтық базасымен сипатталады.

Зерттеу әдіснамасы

Екіжақты қарым - қатынастың заңдық негізі түрлі салалардағы 230 шарттар мен келісімдерден тұрады. Олардың негізгілерінің қатарында 2002 ж. желтоқсанда Бейжіңде қол қойылған Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарты және ҚР мен ҚХР мемлекет басшыларының жан - жақты стратегиялық әріптестік қатынасының жаңа деңгейі туралы бірлескен декларациясы (2015 ж. тамыз, Бейжің).

ҚР Президент! Н.Назарбаевтың 2015 ж. 31 тамыз - 3 қыркүйектегі ҚХР - ға мемлекеттік сапарының барысында жалпы құны 23 млрд. АҚШ долларынан астам бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Үкіметаралық деңгейде ҚР - ҚХР ұдайы кездесулерінің тетігі жүмыс істейді.

2015 ж. 26 - 28 наурызда ҚР Премьер - Министр! К. Мәсімовтің Қытайға жүмыс сапары және Боаолық азиялық форумның кезекті сессиясына қатысуы өтті. Canap барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу және ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьер! Ли Кэцянмен келіссөздер жүргізілді. Сапардың нәтижесі бойынша инвестициялық, өнеркәсіптік, сондай - ақ сауда жэне энергетика салаларындағы ауқымды бірқатар құжаттарға қол қойылды.

2015 ж. 12 - 16 желтоқсанда ҚР Премьер - Министр! К. Мәсімовтің Қытайға ресми сапары және ШЫҰ - ға мүше - мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысуы өтті. Canap барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу және ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьер! Ли Кэцянмен келіссөздер жүргізілді. Сапардың нэтижесі бойынша бірқатар құжаттарға, соның ішінде Үкіметтер басшыларының бірлескен мэлімдемесіне, 2015 - 2020 жылдарға арналған ҚР - ҚХР шекаралық ынтымақтастық бағдарламасына, ҚР мен ҚХР үкіметтері арасындағы индустрияландыру жэне инвестиция саласындағы ынтымақтастық шеңберіндегі іскерлік мақсатта виза рэсімдеу тэртібі туралы келісімге, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитет! мен ҚХР Мемлекеттік кедендік басқармасының арасындағы қазақстандық - қытайлық шекарада «Сенім» жобасын іске асыру туралы хаттамаға жэне басқаларға қол қойылды.

Қылмыстық құқық бүзушылықтар жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгілері бар іс - эрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады. Дэл сол бір қылмыстық құқық бүзушылық үшін ешкімді де қылмыстық жауаптылыққа қайталап тартуға болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.

Қылмыстық эрекеттердің бірқатары бойынша ҚХР ҚК - нде ҚР ҚК - мен салыстырғанда қылмыстық жауаптылық жэбірленушінің жасына байланысты бөліп қарастырылмаған. Осылайша, ҚХР ҚК 295 бабына сэйкес, «қылмыстық эрекет жолдарына үйрету» ауырлататын мэн - жайлардың бар - жоқтығына жэне сипатына байланысты үйретуші тұлғалардың жасына тэуелсіз 5 жылдан бастап бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. ҚХР ҚК қатаң жаза түрімен және қысқа мерзімді қамаудан өлім жазасына дейінгі кең ауқымымен ерекшеленеді [1].

ҚР және ҚХР қылмыстық кодекстеріне салыстырмалы талдау біздің еліміздің қылмыстық кодексі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды толық қамтамасыз ете алатынын көрсетті. Кейбір қылмыс түрлері толық бөліп қарастырылмаса да, мүндай қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіптілігі жоққа шығарылмайды. ҚР ҚК - не ҚХР ҚК - нің 260 бабына ұқсас отбасы мүшелеріне қатыгездік жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғаны жөн болар. Себебі қазіргі таңда отбасындағы зорлық - зомбылық мәселесі кең ауқым алуда.

Осылайша, ҚР және ҚХР қылмыстың заңнамасы бойынша қылмыстық жауаптылық мәселесін талдауадам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда ортақ ұстанымдармен қатар, әлеуметтік - экономикалық, мәдени - рухани, саяси - құқықтық және басқа да бірқатар факторларға тәуелді заң шығару процесі мен құқыққолдану тәжірибесінің ұлттық ерекшеліктері де бар екенін көрсетті. Алайда бұл нәтиже ҚР ҚК халықаралық стандарттардың талабына сәйкес келеді және қазіргі заманғы құқықтықтенденциялардың жалпы бағытын көрсетеді деген тұжырым жасауға кедергі етпейді.

Қазіргі әлемдегі көптеген елдерде қылмыстық әрекеттердің ішінде ең қауіптілерінің бірі болып контрабанда саналады. Бұл кездейсоқ тағдау емес, себебі контрабанда кез келген мемлекеттің экономикалық мүддесіне үлкен нұқсан келтіреді. Қылмыстың бүл түрі мемлекеттік және кедендік шекаралар пайда болуымен туындауы әбден мүмкін. Қазіргі таңда контрабанда әлемнің барлық мемлекеттерінде бар деген түсінік қалыптасқан. Әр мемлекетте шекарадан алып кетуге тыйым салынған немесе шектелген заттардың тізімі жасалған. Әрине бір мемлекеттің мүндай қылмыспен күресуі мүмкін емес, алайда мүндай қылмыстың санын азайту мақсатында құқықтық және экономикалық сипаттағы шаралар қабылдау қажет.

ҚХР Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыс түрі үшін жауапкершілік 3 тарауда «Социалистік нарықтық экономикалық тәртіпке қарсы қылмыстар» қарастырылған. Аталмыш тарау жеті баптан 151 - 157 баптардан тұрады [2].

Осы баптарға талдау жасау барысында қытайлық заңнамада қылмыс құрамының нақты анықталғанын байқадық.

ҚР ҚК 15 бабының 1 тармағына сәйкес қылмыстық қүқық бүзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есі дүрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады. Ал ҚХР ҚК 30 бабына сәйкес қоғамға қауіпті әрекетті жүзеге асырушы компаниялар, кәсіпорындар, үйымдар, мекемелер, үжымдар үйымдар немес мекемелер жасаған қылмыстар үшін осы Кодексте бекітілген ережелерге сәйкес қылмыстық жауаптылыққа жатады. Демек, қытай заңнамасы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын мойындайды. Ал Қазақстанда бүл мәселе енді енді талқыланып жүр. Бұл орайда Қытайдың тәжірибесін зерттеу үлкен нәтижелерге алып келері сөзсіз.

Қытайда контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстанмен салыстырғанда, қаталдау. Мысалы, 2012 жылы Сямэнь қаласының Халық соты Лай Чансинді тауар контрабандасы мен мемлекеттік қызметшіні параға сатып алғаны үшін өмір бойы саяси құқықтарынан айыру, барлық мүлкін тәркілеуді қоса алғанда, өмір бойы түрме қамауына алынды. Сот айыпталушы Лай Чансин бастаған қылмыстық топ 1995 жылдан 1999 жылдан бері темекі, автокөлік, мұнай өнімдері, өсімдік майы, химия және текстиль өндірісінің шикізатын үлкен көлемде заңсыз саудалаумен айналысқан [2].

Қорытынды

Қытайдағы антиконтрабандалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетгер экономикалық дамуды тәртіпке келтіруге және әлеуметтік тұрақтылықты қалпына келтіруге жәрдемдесті. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының қылмыстық жауаптылық мәселелері қосымша талқылауды талап етеді.

 

Әдебиет:

  1. ҚХР қылмыстық кодексі // http://asia-business.ni/law/lawl/criminalcode/criminal/#5.
  2. Ахметшин Х.М.. Ахметшин H.X., Петухов А. А. Современное уголовное законодательство КНР. M.: ИД «Муравей». 2003. - 432 с.
  3. Lyutov V. A. Comparative-law analysis of criminal responsibility for contraband under the criminal legislation of the Russian Federation and the People's Republic of China // ("Международное уголовное право и международная юстиция", 2013, N 3.
Жыл: 2018
Категория: Құқық