Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз

Аңдатпа

Қазақ халқының шешендік өнерінің өзіндік ерекшеліктері өте жоғары. Бұл мақалада шешендік өнердің өзіндік ерекшкліктері және сөйлеу мәдениетінің құндылықтары туралы сөз болады. Шешендік сөздердің қүдіреті және бізге өшпес мұра болған ауыз әдебиетінің озық үлгісінің тәрбиелік мәні зор екендігі маңызды болып табылады. Мақалада казак; шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталғандығы айтылып, олар бастапқы қалпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа үзын - ыртасы, үзік - жүрнағы тана жеткендігі қарастырылып, бірнеше шешендік өнердің үлгілері талданады.

Kipicne

Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөз - ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп, екшеліп бізге жеткен қүнды мүра, асыл қазына екендігін көптеген ғалымдар айтып, зерттеп, зерделеді. Шынымен шендік өнерге халқымыз ерте замандардан - ақ аса мән беріп, құймақүлақ жастар мен жасөспірімдерге сөз қадірін түсінуді, қадірлеуді үйретті.

Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқылса, біздің дала «академиктері» ұтымды ой айту мен тапқыр сөзге аса мән бергендіктен ғасырлар бойы өзінің өскелең қрпағын сөз өқдіретімен тәрбиеледі. Соның арқасында болар, жетім мен жесірін жылатпай, дана бабаларымыз үл - қызына қамқор болып, олардың азамат болып өсуіне ықпал жасай білді. ¥шса - қыранның қанаты, шапса - жүйріктің тұяғы талатын шетсіз де, шексіз даламызда бір де бір «жетімдер үйі» мен «қартар үйінің» болмауының өзі сөз құдіретінің айғағы іспеттес.

Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, елді аузына қаратқан ұлы ойшылдар болса, қазақтың шешен - билері Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII - XIII ғғ.)Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV - XV ғғ.) есімдемес, бүтіл түркілер арасына танымал болғандығы тарихтан белгілі [1, 9].

Тарих бізге ата - бабаларымыз, атақты тарихи түлғалар: қазақ халқының хандары мен сүлтандары, билері,мкөсемдері мен батырлар, билер, аңызшылар, өз заманының ғана емес, болашақтың да қамын ойлап, ғасырлар бойы бірлікке, тұтастыққа талпынды және осыған үйретуден жалықпады. Олардың қатарын Шалгез, Бұхар (XV - XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билерл жалғастырды [2, 20-55 б.]

Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - XV - XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді, сол кездері еленің көтерген жүгі де ерекше болатын. Халық даналығымен сусындай өскен сөз өнерін еркін меңгерген, аттары халыққа мәшхүр болған, тағылымы мол ата-бабаларымыз жетіп артылады. Жауды қылышымен тоқтатып, дауды бір ауыз сөзбен шеше білген халық арасынан шыққан «дала академиктері» өскелең ұрпақ үшін өшпес мұра, қайталанбас ерлік екендігі кімді де болса қайран қалдырады.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жүрттың атақты ғалымдары мен оқымыстылары жоғары бағалады. Мысалы, алғаш шешендік сөздердің нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинақтады. Ол аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбек жазды. Бұл көп томдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналған. [1, 12 - 14]. Оның 1 - кітабы (1886) - алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2 - кітабы (1868) - шұлым, түрік, хакас; 3 - кітабы (1870) - қазақ; 4 - кітабы (1872) - барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.

Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3 - томдағы ел аузынан дәлме - дәл жазып алынған шығармалар, ақын - жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл жэне стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері «халық өлеңдері» (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөз, өтірік өлең), «Ертегілер», «Батырлар жыры» («Ер Көкше», «Ер Тарғын», «Сайын батыр») болып жіктелген. Сонымен бірге айтылған шешендік сөздерді де жазып алып жүрді. Ол: «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер үйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше эсер еткенін жазған [3, 2.].

Қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тэрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі - М.Әуезов. «Қазақ эдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз эдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дэлелді ғылыми тұжырымдама береді [4]. Ауыз эдебиеті мүраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым - лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, эрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, эрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген [4].

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.

Қазақ халқының шешендік өнерінің өзіндік ерекшеліктері өте жоғары. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан олар бастапқы қалпында емес, бізге, кейінгі үрпаққа ұзын - ырғасы, үзік - жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан ауызға ауыса жүріп,өңдеу - жөндеуге көп ұшыраған, элденеше үрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп қысқарып, ұстарып, жалпы халық шығармасына айналған.

Қонақта, немесе бір мэселені талқылау үстінде көп жасаған, кэрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйелі ой, ма.ыналы сөз құйма құлақ таланты жастардың жүрегінен орын алып, оны өнер қуған қыз - бозбала жаттап алып, жүрген - тұрған жерлерінде, ойын - жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай жаңартып - жаңғыртып отырған. Заман тілегіне, халық мүддесіне жауап беретін баталы сөз, ақылды ойлар ғана халықпен бірге жасап, ұдайы жаңғырып, жасарып отырған.

Шешендік сөздер ертегі - аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сүрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай эдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер бол.андығы айдан анық. Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сөздік құрамы, мазмұны, тұлғасы да қазіргі эдеби аса алшақ емес. Шендік сөздер ауыз эдебиетінің басқа салаларымен қосылып, қазіргі қолданылып жүрген сөздігіміздің негізгі қоры, ұйытқысы екендігі өтірік емес. Демек, шешендік сөздерді зерттеп - талдау, оқып - үйрену ана тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дүрыс сөйлеу заңдылығын жетік білуімізге, сайып келгенде, эдеби тілімізді дамытып, ой - өрісімізді кеңейтуге себепші болды десек, артық айтпағандық.

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай, шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау бірнеше тарауға бөлеміз. Солардың ішіндегі шешендік арнау адамдар арасындағы қарым - қатынасты, сыластықты білдірсе, шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді, ал шешендік дау қазақ қауымының заттық жэне рухани даулы мэселелерді реттейтін ежелгі эдет заңын бейнелеп, ру арасындағы небір дау - жанжалдарды бейбіт жолмен шешіп, ел бірлігі мен татулықтың қамын ойлаған [2, 221 б.].

Зерттеу әдістемесі

Белгілі халық шешен - билермен қатар есімдері белгісіз дана қариялар, сөзге шебер әйелдер, ұтқыр ойлы тапқыр балалар, жарлы болса да елі үшін жан берген жұртгы шешендігімен тәнті еткен батыл да, батыр жігіттер атынан айтылатын небір шешендік сөздер халықтың мүңын мұңдап, сөзін жоқтайды.

«Кісі көркі - жүзінде, жүздің көркі - сөзінде»,- деп Ж. Баласағүн жырлағандай, қазақ халқының сөз өнерінде «қызыл тілін сайратып, шешен сөйлейтіндігі» анық. Ертеде тілді тұғыры санаған қазақ халқының басты артықшылығы шаршы топта найза орнына тілі қару болып, алысқанды да, шабысқанды да шебер тілмен шенеп, орынды жерде сөзбен түйреген.

Ton алдында сөз айту ең алдымен, сол елдің игі жақсыларына берілген. Мысалы атақты Доспол қарияға бір топ жас келіп:

  • Ата, сіз көп нәрсені басыңыздан өткердіңіз. Осы дүниедегі ең қиын не нәрсе? - деп сұрапты.

Сонда қария:

  • E - е, қарақтарым, шаршы топта ең алдымен көсемі сөйлейді,

Көсемі болмаса, шешені сөйлейді.

Көсемі де, шешені де болмаса, есері сөйлейді.

Көсем мен шешеннің сөзі тыңдаушыға шырын болады,

Есердің сөзі - уақытқа шығын болады.

Тауып сөйлесең халқың мереке қылады,

Таппай сөйлесең, келеке қылады.

Шырақтарым, дүниедегі қиынның қиыны - шаршы топта сөз айту, - деген екен [5, 75].

Шешендік өнерде - ақындық, жыраулық, жыршылық, айтыс секілді қазақ әдебтиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі тараулар күллі қазақ мәдениетінің өзегі болып отырғаны анық. Сондықтан біз сөйлеу шеберлігі туралы әңгіме қозғаған кезде, шешендік өнерден айналып өте алмасымыз анық. Өйткені, шебер сөйлеу, айтқан сөздің нысанаға дәл тиюімен, дүйім жүрт алдында елдік маңызды мәселелерді төрелік шешуде, ойын ұшқыр жеткізе алуда, көпшілікпен тез тіл табыса алуында үлкен жол ашатындығын анық білеміз. Ақын - жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғашқы баспалдақтары. Сондай - ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы әңгімелер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ [6, 69].

Мысалы, ел арасына жастайынан - ақ танымал болған абыздарымыз туралы мынадай әңгімелердің бір - екеуіне тоқталып көрейік:

Төле би Әлібекүлы он үш жасында - ақ билік етіп, кесім айтқан. Бұл жағдай былайша сипатталады: «Төле бидің шешесі қайтыс болып, жыл толған соң әкесі Әлібек бәйбішесіне ас береді, үш жүздің баласына үш жүз үй тігеді. Үй бас сайын күтуші тағайындап қояды. Әлібек баласын шақырып алып:

  • Төле қарағым, ортадағы үлкен ақбоз үйдегі кісілердің қолына су қүй, - деп тапсырады. Бала Мамай бидің алдына келгенде сүрініп кетеді. Сонда Мамай:
  • Е, балам, олжаңа ортақпыз, асса, әкең Әлібекке де қалдырып қой, - депті. Төле сәлден кейін үйге кіріп:
  • Дат, тақсыр! - депті. Мамай би:
  • Балам, құлағымыз сенде, - дейді.

Сонда бала Теле:

- Таңның таң екенін кім білер, Сарғайып барып атпаса.

Күннің күн екенін кім білер.

Қызарып барып батпаса.

Орданың орда екенін кім білер, Мен сияқты қызметші бала Сүрініп қүлап жатпаса.

Иттің ит екенін кім білер, Жыгылып жатқан баланы Тақымынан алып қаппаса.

Бұл сөзім сізге жеткен шығар, Сүйегіңізден өткен шығар.

Aca қадірлі болсаңыз да, Қадіріңіз кеткен шығар. Сүраған соң шекер ме, Би олжасыз кетер ме?! Осы сөзім сізге олжа, Түсінсеңіз жетер де, - деп сыртқа шығып кетеді. Осы оқиғадан кейін Мамай би:

  • Е, халайық, жаңағы бала кім еді? - деп сүрайды.

Жүрт:

  • Әлібектің баласы - Теле, - дейді.

Мамай би:

  • Бүгіннен бастап билікті сол балаға бердім, ендігі билеріңіз Теле болады, - депті Кейін Төленің шешендігі, тапқырлығы, ділмарлығы, білімдарлығы ¥лы жүздің биі дәрежесіне дейін көтерді. Жалпы тарихта сөз төресін тура айтқан Теле бидің ел дамуына қосқан үлесі сансыз. Ал шешендік жолда Теле би тағылымынан сабақ алу үлкен мектеп [6. 50-51].

Екі елдің басшылары шабындыққа таласып келе жатып, қой жайып жүрген он торт жасар Күдеріге кез болады да: «Кел, осы балата жүгінісейік» - дейді.

  • Біз шөпке таласып келе жатырмыз. Олар: «Біз орамыз» - дейді, біз: «Жоқ, біз орамыз» - дейміз. Осыған жас та болсаң төрелік айт, - дейді даугерлер.

Сонда Күдері баланың айтқан төрелігі: Өзімнің атым Күдері, Ep Көшектің баласы.

Талассаң бағаң кетеді,таласпасаңдар не етеді?

Бірлік қылсаң, ағалар, Анау тұрған шабындық, Баршаңызға да жетеді. Дүние деген жалған той, Бастарыңнан әлі - ақ өтеді.

Бала да болсаң, дана екенсің, рақмет, төрелігіңе қүлдық. Бала гүрлы ақылымыз жоқ екен» - деп, екеуі шөпті бөліп, даугерлер жай - жайына кетіпті. Осылайша «Талассаң багаң кетеді» деген сөз ел арасына тарап кеткен екен [5].

Қорытынды

Ойымызды қорыта келе айтпагымыз, «шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген», «Халық айтса, қалып айтпайтын» осынау даналықтың астары шешендік өнердің, әдемі сөйлеудің, сөз нақышымен ұтымды ой айтудың қазақ халқында бар қасиет екенін дәлелдей түседі.

Адмдар арасындағы түрлі даулар мен тартысты сөздер тек қана намысты жыртумен шектелмейді. Қашаннан бергі жер дауы, жесір дауы, мал дауынды , яғни дау-жанжалдардың бәріде де біріншіден, дүние - мүлік таласы болса, екіншіден атақ- абырой үшін болған дау - дамай, ел арасындағы тартыс. Яғни, шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған асыл мұра, халықтың сарқылмас қазынасы. Шешендік сөздердің құдіреті мен оның құндылықтары сөз сайысында, алқа топтың алдында айтылып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні жасалды. Сол айтылған сөз «атылған оқ» болып, дауға түскен әңгіме . ауыл - ауылға тарап, ақыр соңында ел аузында айтылған сөз аңызға айналып бізге жетіп отыр. Құймақүлақ дарынды жандар бізге сол өшпес мүрамыз ауыз әдебиетінің озық үлгісін біздерге жеткізді. Алайда, дәл қазір біз сол дәстүрді қайта жаңғыртып, сөз өнерінің киелісі шешендік өнерді бүгін қолға алуымыз керек. «Қайта жаңғыру» дегеніміздің өзі ата - бабадан қалған асыл мүрамызды қайта тірілту. Ендеше тіліміздің қастерлі де, қасиетті тұстарын жастарға елеп - екшеп беру біздің басты міндетіміз деп білсек, оны жалғастырып әкету болашақ жастардың еншісінде. Ендеше, көкірегі ояу, намысшыл, үлтжанды азамат тәрбиелеуде әлі де атқарылар іс шаш етектен екедігі айқын.

 

Әдебиет:

  1. Қайдар Ә.Оразов М. Түркітануға кіріспе. - Алматы, 2004. - 42 6.
  2. Тарихи түлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Қүрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. - Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009. 376 б.
  3. Радлов В.В. Краткий отчет о поездке в Семиреченскую область летом 1869 г. // Известия РГО. Т.б. №3, с. 99.
  4. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. 360 б. ISBN 9965 - 26 - 096 - 6.
  5. Ел аузынан. «Мектеп», - Алматы, 1989, 320 б.
  6. Адамбаев Б. Шешендік онер. - Алматы: Ғылым, 199. - 204 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.