Құлаққаптың есту қабілетіне әсері

Ацдатпа

Құлаккаптың түрлері және әсері зерттелді. Есту қабілетін сақтау үшін арналған ұсыныстар жасалынды.

Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып: адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруы, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын қүру саясаты, жастар арасында салауатты өмір салтына насихаттауды ұйымдастыру болып табылады. Олай болса болашақ ұрпақ толыққанды, қызық әрі белсенді өмір сүруі үшін денсаулық жайлы маңызды талаптарды білуі тиіс. Заман талабына сай көптеген адамдар салауатты өмір салтын қолдап, дүрыс тамақтану нормаларын, есірткі, арақ, шылым, АҚТҚ/ЖҚТБ -ның алдын алу үшін қажетті дағдыларды білуге ұмтылуда және бүгінгі заманның өзекті мәселелерімен күресуде. Солардың бірі жасөспірімнің есту қабілеттерінің төмендеуі екенін ескермейміз.

Бүгінгі жастар кішкентай дыбыс құралын көшеде, көлікте, жұмыста, үйде, ұйықтар алдында, тіпті 24 сағат бойы құлағынан тастамайтын ауруға ұшырады. Бір қарағанда, залалсыз көрінгенімен, құлаққапта жасырын қауіп бар. Себебі ол адамның есту қабілетін төмендетіп, ауруға шалдықтырады. Қатты дыбыс құлақтың жүйке жасушасының қабатын зақымдап, тас кереңдікке әкеледі [1].

Қазіргі жастар сәнді құлаққаптар сатып алудан бүрын, өз денсаулығымыздың қайтымсыз бүзылуларына құлаққаптың әсері барын терең білуге тиіс. Отоларингологтардың айтуынша, сау құлақ еститін ең томен дыбыс 10-15 дБ.

Сыбыр 20 дБ, әңгіме 30-35 дБ, ал айқай 60 дБ. Құлаққа ең қауіпті күшті дыбыс 90 дБ-дан басталады. Ол пойыз бен метроның дыбысына тең. Бүгінгі заманғы музыка аспаптарының жоғары дыбысы 105 дБ-ны құрайды. Қатты дыбыс құлақтың жүйке жасушасының қабатын зақымдап, тас кереңдікке әкеледі. Бір қарағанда, залалсыз көрінгенімен, кұлаққапта жасырын қауіп бар. Себебі ол адамның есту қабілетін төмендетіп, ауруға шалдықтырады.

Құлақтың жарғағы зор дыбыстың ішкі құлаққа енуіне кедергі келтіреді. Erep қатты шыққан дыбыстар тым ұзақ уақыт ішкі құлаққа естіле берсе, онда оның бұлшықеттері әлсіреп, қорғаныш қасиетінен айырыла бастайды. Ал, бұл жағдай өз кезегінде мига импульс жіберетін жасушаның зақымдануына әкеп соғады. Қатты шыққан дыбыстар қүлаққа аса қауіпті. Қауіптілігі жағынан екінші орын алатын дыбыстар қатарына бәсең дыбыстарды да жатқызуға болады. Табиғат-ана адам құлағын тек қысқа мерзімдік дыбыстардан ғана қорғауды қамтамасыз етеді. Ал, дыбыстар тоқтаусыз естіліп тұратын болса, ол есту қабілетін нашарлатады.

Өркениетті батыс елдерінде қоғамдық орындарда құлаққап тағып жүру мәдениетсіздік болып табылады. Eypona медицина мамандары музыкалық плеер өндірушілерге шағым жасаған еді. Құлаққаппен қатты дыбыстарды тыңдау денсаулыққа зиян екенін ескертетін ережелерді көпшілік назарына ұсынуды талап еткен. Әр сатылатын өнімнің сыртына осындай ескерту сөздері бар жабыстырғыштарды желімдеу қажеттілігі айтылған [2].

Кей адамдар мамандығына сай өмір бойы құлаққап тағып өтеді. Олардың есту қабілеті де жай құлаққап таққан адамдікінен әлдеқайда баяу әлсірейтіні де белгілі. Мұның құпиясы портативті құлаққаптар жетілдіріліп, жапсырма құлаққаптарға ауысты. Ал, құлақтың ішіне еніп тұратын құлаққаптар құлак қалқанына тым жақын орналасады. Соның салдарынан дабыл жарғағының жүйке талшықтарының жойылуына септеседі. Есту қабілеті үшін бұл өте зиянды. Бұл үдеріс үдей берсе, құлақ естуден қалуы ықтимал. Ал, кереңдік өмір сүру сапасына кері эсер ететіні бесенеден белгілі.

Құлаққапты көп тыңдау жэне оның эуені қатты шығатын болса, адам денсаулығына зиянды екендігін білу керек. Есту қабілетін сақтау үшін арналған ұсыныстар мен пайдалы кеңестерді ескертіп пайдалану керек [3].

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университетінде үзіліс уақытында студенттердің көбі құлаққаппен жүретіндігін байқалды. Ал басқа жастар құлаққаптарды шешіп, бір-бірімен қатты, кейде айғайлап әңгімелеседі. Осыдан біз студенттердің есту қабілетіне құлаққаптың эсері бар ма, қанша уақыт құлаққа салуға жэне дауыс қаттылығы қандай болу керек деген сүрақтар толғандырды. Осы мэселені шешу үшін зерттеу жүмысты бастадық.

Университет студенттердің арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу жүмысы мен сауалнама жүргізу барысында мынадай нэтижелерді байқалды.

Сауалнама нэтижелері: сауалнамаға IOO студент қатысты. Университет студенттерінің 98% құлаққап пайдаланады. Құлаққаптың зиян екенін біледі 87%. Құлаққаптан кейін мазасызданады 64%. Ең зиян түрін қолданады 68%. Ең жоғарғы қаттылықпен 35% тыңдайды. Күніне 3 сағаттан көп тыңдайды 47%. Есту қабілеті төмен студенттер 23%.

Студенттердің 42% құлаққаптың қауіпті түрін білмейді. 92% олардың есту қабілеті жақсы деп ойлайды. Студенттердің құлаққаптың қолданылатын түрлері: Isolator 68%, Supra-aural 16%, Earbud 16%. Олардың тыңдайтын қаттылық деңгейлері: қатты 34%, орташа 60%, ақырын 6% (1-ші сурет). Зерттеу барысында есту қабілетін сақтағанда, құлаққап қайткенде де зиянды жэне оның денсаулығына қандай эсерін тигізетін міндетті түрде білу керек. Осыған байланысты арнайы ұсыныстарды жэне пайдалы кеңестерді қүрастырдық.

Есту қабілетін сақтау үшін арналған ұсыныстар және пайдалы кеңестер:

  • Кез келген музыкалық құлаққаптар уақыт өте келе есту қабілетіне зиянын тигізеді. Әсіресе, қазіргі таңда сәнге айналып үлгерген құлақтың ішіне тығып қоятын құлаққаптар аса қауіпті. Өйткені, дыбыс құлақ қалқанының жарғақшасын айналып өтеді.
  • Қүлаққап таққан адам өз сөзін өзі естімейді. Ал, айналасындағылар оның тыңдағанын естімейді. Осы екі жайт құлаққаптың зияндылығының дәлелі. Бұдан байқайтынымыз, дауыстың тым жоғары жиілікте тыңдалуы құлаққа орасан зор залал әкеледі. Дыбысты орташа жиілікте тыңдау керек.
  • Отоларинголог мамандардың айтуынша, күніне бір сағат музыка тыңдау жеткілікті; мүмкіндік болса, музыканы құлаққапсыз тыңдаған ләзім. Құлаққапты мөлшерден тыс көп тагу саңыраулыққа апарар бірден бір жол.
  • Денсаулықтар үшін кәдімгі құлақшындардың қолдануында зиянсыз күнге жарты дауыс қаттылығы бар музыканы сәл жоғары максималдан сағаттың ішінде тыңдауға болады. Қауіпсіз тыңдауды уақыттың қүлақшындары үшін көбінесе екі есе тегіс төмендейді.
  • Шулы ортада берушаларды пайдалану керек.
  • Құлаққаппен жүргенде музыканы қатты қоймау.
  • Құлаққаптың ең қауіпсіз түрін қолдану.
  • Құлаққапсыз жүріп, құлақтарыңызды демалдырыңыз.
  • Табиғи дыбыстарды есту. Мысалы: қүстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, т.б.

Заман талабына сай көптеген адамдар салауатты өмір салтын қолдап, денсаулығына зиян келтіретін қажетті дағдыларды білуге тиіс. Қатты дауысты ести берсе, адамның есту қабілеті төмендеу ықтималдығы бар, дауысын ақырындап тыңдаған дүрыс. Қүлаққап тыңдау талаптарын дүрыс орындамаған жастардың есту қабілеті төмендейді. Студенттердің құлаққаптың зияны мен пайдасын, ұғына алмаса, құлаққапты дұрыс таңдап, дыбыс деңгейін шегіне, қолдану уақытына қойылған талаптарын орындамаса есту қабілетіне зақым келетіні сөзсіз.

Жүргізілген зерттеулер заманауи жасөспірімнің өміріндегі құлаққаптың мәні, салауатты өмір сүру салтының ажырамас бөлігі екені айқындалды. Erep құлаққаптарды сатып алуға бел байласаңыз, акустикалық гигиенаның ережелерімен міндетті түрде танысыңыз. Денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы - адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы.

Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас үрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.

 

Әдебиет:

  1. Орысша-қазақша түсіндерме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын- Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ 2006.
  2. Экология: Жұмамбаев, Сейсембай Кәрімүлы Өндірістік шу: Оқулық. - Алматы, 20IL
  3. Бимагамбетов, Г.А., Қүрмекеш, Ә.Д. «Адам және оның денсаулығы» пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың маңызы : Сезім мүшелері тарауы бойынша мектеп оқушыларына арналған оқу-әдістемелік нүскау. - Орал: РБО БҚМУ, 2016. - 506.
Тег: Музыка
Жыл: 2017
Категория: Биология