Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешудегі мал шаруашылығының ролі

Аңдатпа

Мақалада еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мал шаруашылығының маңызы менотандық ішкі нарықтың сүранысын қанағаттандыру жолдары сипатталады. Әсіресе. ғылым саласында бірігіп қызмет атқарудың атқаратын ролінің зор екені атап өтіледі. Біртүтас базалық дайындығы бар ғалымдар тек қана ашқан жаңалықтары және жасалған жұмыстарымен алмасып қоймай. сонымен бірге елдерінің аграрлық саласындағы инновациялық дамуына қажет біріккен жобаларды орындау мүмкіншіліктеріне ие болатыны айтылады.

Азық - түлік қауіпсіздігі дегеніміз мемлекеттегі азық - түлік қорының жеткілікті болып, оны сатып алуға халықтың мүмкіншілігі болатын елдегі экономикалық жағдай.

Халыққа азық - түлікке жеңіл қолжетімділік пен оған салауатты түрде азықтануға жеткілікті жоғары сапалы түрлерін сатып алуға экономикалық мүмкіншілік жасау - азық-түлік қауіпсіздігіне жетудің ең маңызды шарттары болып табылады.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде азық—түлік өндіру аса маңызды мәселелердің бірі екені белгілі. Осы мәселелердің шешімін табуда мал шаруашылығы басты роль атқарады деп есептелінеді. Бұл күндері көптеген елдерде мал шаруашылығы ширақ түрде дамуда, мал басының өнімділігі өсумен қатар өнімдерді өндіру де ұлғайып, қарқынды технологияларды игеру жүріп жатыр.

Осымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерінің басты тұтынушысы болып есептелетін жер жүзі халқының саны да жедел өсуде. 2015 жылы біздің ғаламшарымызда халық саны 7-миллиардтық мәреден асып жығылды.

Ғаламшарымыздағы көптеген елдерде азық-түлік қатшылығы бар екені бесенеден белгілі. Біріккен Үлттар Үйымындағы Дүние жүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының ақпараты бойынша жақын арадағы жылдарда әлемде азық-түлік тұтынудың төмендегідей үлгісі қалыптасады деп күтілуде: дамыған елдерде жылына адам басына шаққанда 800 кг дәндер (100-150 кг нан, жарма т.б. және 650-700 кг-нан астамы етке, сүтке, жұмыртқа және басқаларына шаққанда); ең кейін қалғандарында - адам басына жылына 200 кг (нан түрінде) есебінше келеді. Мал ақуызын тұтыну адамдардың ас мәзірінің сапасының басты көрсеткіші болып табылады. Соңғы онжылдықтар шамасында әлемде зор сұраныстағы азық-түлік өнімдерінің құрамында 71 млн т мал ақуызы өндіріледі, былайша айтқанда ол жылына әр адамға шаққанда 10 кг-нан, немесе тәулігіне 28,2 г-нан келеді деген сөз.

Осы заманғы экономикалық жағдайда, ғалымдардың пікірінше, әлемде азық-түлік қауіпсіздігінің жеті деңгейі қалыптасқан. Олар жаһандық, өңірлік, мемлекетаралық, мемлекеттік, жергілікті, халық ішіндегі әр түрлі топаралық (түсетін түсіміне қарай үй шаруашылығына байланысты) және отбасылық болып саналады.

Әрине, әрбір деңгейдің мәселелерін шешіп, нақты қызметтерін атқаратын өзінің субъектілері бар болса да, азық-түлік қауіпсіздігіне тек қана мемлекеттік деңгей кепілдік бере алады. Солай бола тұрса да азық-түлік қауіпсіздігінің көрсетілген деңгейлері бірімен бірі тығыз байланыста және бір біріне тәуелді жағдайда.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары әлемдік азық- түлік жүйесінің дамуын өндірістік және нарықтық деп аталатын екі кезеңге бөледі. Бірінші кезеңнің (1980 жылға дейінгі) мақсаты азық-түліктің абсолюттік өсіуі болса, екінші кезеңге (1980 жылдан осы уақытқа дейін) аграрлық саланың тиімділігін нарықтық құрылымдар арқылы көтеру тән.

Осылайша айтқанда, тұрақты даму, ресурс үнемдеу, экологиялық қауіпсіздік, аймақаралық ықпалдастық, азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі XXI ғасырдың азық-түлік саласының негізгі үлгісі болып қабылданады.

Азық-түлік өндірісінің көлемін ұлғайтудағы кездесетін көкейтесті мәселелердің баршылығына қарамастан, оны энергетикалық бағалаудағы тұтыну халықтың жан басына шаққанда түрақты түрде өсуде. Бұл жағдайдың, халықтың жан басына шаққанда өндіріс пен тұтыну үрдісі оң Кеден одағы елдеріне де қатысы бар.

Соңғы жылдары сиыр, шошқа және қүс еттері, сүт пен тауарлы жүмыртқа сынды мал шаруашылығының кейбір өнімдерін өндіру ұлғайып отыр. Бүгінгі күнде Ресейде жылына әр адамға 230 кг сүт, 43 кг ет, 15 кг тауық жүмыртқасы массасы өндірілсе, Беларусь пен Қазақстан респуликаларында бүл көрсеткіштер тиісінше 655 кг, 88,5 кг, 19,5 кг және 320 кг, 52 кг, 11,5 кг болып отыр. Алайда мал шаруашылығы өнімдерін өндіру осы уақытқа дейін 1990 жылдың деңгейіне жетпей отыр.

Әлемдік нарықтағы беталысты ескере отырып, азық-түлік мәселерін шешудің алуан түрлі жолдары мен әдістерінің барына қарамастан, осы күнде ауыл аумағын инновациялық және қалыпты даму негізінде ұлттық өндірістің тұрақтандырылуына қол жеткізу басты бағыт болып табылады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдардың пікірінше, азық-түлік жүйесінің тұрақтылығы нарықтың тиімді жұмыс істеуіне себебін тигізетін аумақаралық және мемлекетаралық құрылымдар болғанда ғана, солар арқылы кепілдікке ие бола алады. Бүл айтылғандар Біртұтас кеден одағына да толық қатысы бар.

Азық-түлік жетімсіздігі, нарықтың жаһандануы, конъюктураның төмендеуі мен азық-түлік бағасының тұрақты өсуі, импорттың нашарлауы, әлеуеттіліктің қысқаруы, материалдық өндірісте жаңалықтар мен ұсыныстар енгізу деңгейінің жеткіліксіздігі, құрылымдардың сапасының нашарлауы мен тұрақсыздығы, мал басының қысқаруы, нарық инфрақұрылымдарының дамымауы және т.б. азық- түлік қауіпсіздігіне келетін басты қатерлердің негізгі себеп-шарттары.

Осы заманғы өзекті оқиғалардың бірі, әлемдік, оның ішінде Қазақстандық, ауыл шаруашылығы саласының дамуына сөзсіз түрде ықпал ететін үрдіс - ол жаһандану үрдісі.

Тікелей және кері қатынастары бар күрделі жүйелі заманауи әлемдік экономика жеке елдердің ұлтгық шаруашылықтарын біріктіріп, өзінің жекеленген бөліктерінің экономикалық дамуына біртұтас құрылым ретінде белсенді түрде ықпал етеді.

Жаһандану дегеіміз әлемдік экономиканың өсіп отырған өзара байланысы мен тәуелділігі. Ол дүниежүзілік сауда қатынастарының өсуімен қатар, өкіметтердің нарықтық қатынасқа бағытталған экономикалық саясатына оң көзқарасын тудырып, зор ықпал етеді.

Жаһандану үрдісі әлемдік экономикалардың өзара ықпалдастығының ұлғаюы жағдайында өтіп, бұған Дүнижүзілік Сауда ¥йымы (ДС¥) ұйытқы болып ерекше роль атқаруы тиіс.

Қазақстанның көптеген дамушы елдердің қатарында 2015 жылы ДС¥ - на мүше болып кіруі еліміздің осы заманғы әлемдік шаруашылық қатынастарына белсене араласуына мүмкіндік береді деп есептеуге болады.

Дәстүр бойынша, ДС¥-ның құрамына мүше боларда ауыл шаруашылығы саласындағы келіссөздер өте күрделі болады.

Өйткені, ауыл шаруашылығы экономикалық салалардың халықаралық бәсекелестігіндегі өзгеріс-ауытқуларды ең тез сезінетін сала болып саналады. Сонымен қатар, бүл сала азық-түлік қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау мен аумақтардың дамуын қамтамасыз ету көзқарасы бойынша маңызды сала. Қазіргі уақытта аграрлық секторды реформалау Қазақстан үшін ерекше өзекті мәселе болып отыр [1].

Еліміздің Дүниежүзі Сауда ұйымына мүше болып кіруіне байланысты өзімізде өндірілетін тауарладың сапасы осы күннің басты мәселесіне айналып отыр. Отандық өнімдер әлемдік азық-түлік нарығында өзінің лайықты орынын дүнижүзілік стандарттарға сай болғанда ғана ала алады.

Елбасы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде экономикамыздың аграрлық секторының іс-әрекетіне зор көңіл бөліп, оның келешектегі дамуы жөнінде нақтылы тапсырмалар қояды.

Ең алдыменен, ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің қажеттілігіне басты көңіл аударады. Осы себептен алдымызда өнімдері экспортқа бағытталған мал шаруашылығын қарқынды дамыту, өңдеу саласын кеңейте дамыту, азықтану қауіпсіздігі мен ветеринариялық-санитариялық қадағалауды халықаралық нормаларға сәйкестендіру сияқты жедел жұмыстар мен қатар ірі өнеркәсіп орталықтары мен қалаларымыздың айналасында азық-түлік белдеулерін жасау тапсырыстары тұр.

Бүгіндері еліміздің алдында мал шаруашылығы саласының дамуы мен оның өнімдерінің әлемдік нарыққа шығу перспективасы тұр. Сарапшылардың болжамдары бойынша алдағы онжылдықтар ішінде әлемде халық саны 8 миллиардтық белгіге жетуі мүмкін.

Алайда, жылдан жылға ауыл шаруашылығына қарасты жер алқаптары қалалық аймақтардың кеңеюінің, жол құрылыстары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының пайдасына қысқаруда.

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сүраныстың әлемдік деңгейде өсуі азық-түлік сұранысының одан әрі үлғаюына әкелетінін байқау қиын еместігін біліп отырмыз.

Мал шаруашылығының дамуында азық-жем базасының басты роль атқаратынын ескере отырып, Қазақстанда 2008 жылдан бастап жүгері дәніне субсидия көлемі 3,8 есеге (660- тан 2500 тенгеге дейін) өсті, ал азықтық дақылдар құрамының тізіміне бір жылдықтар мен қатар көп жылдық шөптер енгізілді.

Қазіргі уақытта, Қазақстанның ДС¥-на кіруіне байланысты мал өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға көзделген осы саланы одан әрі дамыту жұмыстары жедел қолға алынып отыр.

Бұл мәселеде мемлекеттік ынталандыру мен демеу азық-жем базасы мен бәсекелестікке төтеп бере алатын отандық мал тұқымдарының жедел түрде дамуына бағытталып отыр.

Бұл мал тұқымдарының тізімі Министрлікте бекітіліп, олар даму барысында басымды жағдайда болады. Бүгінгі күндері «Казагро» ұлттық холдингі ірі қара мал мен қойды бордақылауды өнеркәсіптік жолға қойып, жоғары сапалы етті сыртқа шығаруға көзделген бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда.

Жақындағы жылдары еліміздің бес аймағында дүниежүзілік стандартқа сай өңдеу орындары бар ірі бордақылау кешендерінің құрылысы аяқталып, отандық мал өнімдерін экспорттық деңгейге шығаруға жағдай туады деп санаймыз.

Бүгіндері осыған қоса, бізде шетелден әкелінетін жоғары өнімді малға үлкен үміт артылып отыр. Бұл мәселе бойынша алғашқы кадамдар 2007 жылы жасалған болатын. Ол кезде «Казагрофинанс» AY арқылы елімізге Канададан 1,5 мың бас жоғары өнімді тайыншалар әкелініп, лизингімен Ақмола облысының «Родина» ЖШС - гі мен Солтүстік Қазақстан облысының «Зенченко және К» коммандиттік жолдастығына берілді.

Бұл жүмыстар кейінгі жылдарда да жалғасын тауып, еліміздің әртүрлі аймақтарында шеттен 30 мың бас жоғары өнімді малдар әкелініп 20 тауарлы сүт кешендері іске қосылып отыр.

Сонымен қатар, 2008 жылдан бастап кой етін, сүт пен жүмыртқа өндіруге жүмсалатын құрама жемдер мен жемазықтарға жәрдем ақшалай көмек көрсетіле бастады, сиыр, шошқа және қүс еттеріне көрсетілетін жәрдем ақша мөлшері ұлғайтылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу басты назарда болғанды қажет етеді. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан бүл салаға екінші деңгейдегі банктерден алынған несиелердің және халықаралық сапа стандартын енгізуге жүмсалатын шығындардың орнын жабуға арналған жәрдем ақша бөлінуде. Өңдеу саласындағы қайта жабдықтануда техникалық және технологиялық үрдістерді ынталандыру мақсатында 2008 жылы өңдеуші кәсіпорындарға лизингілік жабдықтардың пайыздық ставкасына жәрдем ретінде жаңадан бюджеттік бағдарлама жасалынып, бүған 1,1 млрд қаржы бөлінді. Осы аткарылып отырған шараларға сүйене отырып, жақындағы жылдарда өңдеу саласының бәсекелестік дәрежесі жаңа жоғары деңгейге көтеріледі деп санауға болады.

Мал шаруашылығында малдың генетикалық әлеуетін одан әрі арттыруға және өнеркәсіптік негізде орта, ірі тауарлы фермаларды ашу арқылы өндірісті кеңінен ұлғайтуға үміт артқан жөн. Қазіргі уақытта республикада асыл тұқымды малдардың өзіндік үлесі жылқыда тек кана 2,7%, шошқада - 7,2%, кұста 18,4% және қойда - 7,8%. Қолдан үрықтандыруда республика бойынша орта көрсеткіш 33,4% - ды құрайды.

Бұл көрсеткіштерді одан әрі жоғарылату мақсатында мемлекет тарапынан болатын қолдауды толықтай пайдалану керектігін айту қажет. Бұл жерде, мал тұқымын асылдандыруға берілетін жәрдем ақша тек қана ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарына берілетінін айта кеткен жөн. Яғни, мемлекет малдың генетикалық әлеуеттілігін көтеру мәселесінде үсақ жекеменшік шаруашылықтарға емес, ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарына ден қояды.

Ал жекеменшік ұсақ шаруашылықтарға келетін болсақ, оларға жергілікті атқарушы органдар мемлекет атынан өсірілген өнімдерін өткізуге, оларды өңдеу кооперативтерін ашуға қолғабыс жасап, өңделген өнімдердің сапасының жоғары болуына ат салысулары керек.

Ауыл шаруашылығы Министрлігінде осындай кооперативтерді қолдауға арналған жеңілдетілген несиелеуге бағытталған арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Елбасы еліміздегі жүзеге асырылып отырған институттық реформалардың, оның ішінде ауыл шаруашылығына да қатысы бар, маңызына баса көңіл белу керек екенін атап көрсетті.

Бұл жағдайда, президент республикада кооперативтердің әлемдік тәжірибелеріне сүйене отырып қарқынды дамуы қажеттілігіне және осыдан туындайтын ұлттық заңнамаларға өзгерістер енгізуге көңіл аударды.

«Біздің басты мақсатымыз - ауыл шаруашылығын жоғары тиімді салаға айналдырып, оның өнімдерін өңдеу секторы арқылы экспортқа шығару. Ол үшін ауыл шарушылығы құрылысын өзгерте отырып, оның ұйытқысы ретінде дамыған күшті кооперативтер болуы тиіс. Бұл өз кезегінде, кәсіпкерліктің дамуы үшін алда болатын зор мүмкіншіліктердің пайда болуына әкелетіні сөзсіз, » деп Елбасымыз атап өтті. Бұған қоса президент зоотехникалық, ветеринариялық, тасымалдау және сақтау сияқты көмекші қызмет көрсететін құрылымдардың дамуының маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Осылайша айтқанда, облыстарда өңдеу саласы жергілікті атқару органдарының басты назарында болып, өңдеу қуаттарының дамуына жеке капиталды тарту және өздері жеке өңдеу кәсіпорындарын ашуға қызығушылық танытатын шаруашылық субъектілерін ынталандыру жұмыстары бірінші кезекте тұруы тиіс.

Кедендік одақ елдерінің ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары өткізілген жан-жақты және мұқият сараптама жүмыстарынан кейін азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу стратегиясын біртіндеп жүзеге асыруды ортақ бағытта жүргізетін болады.

Eipimui кезецде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндіру деңгейіне жету көзделген.

Екінші кезецде агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тұрақтандыруды қамтамасыз ету.

Үшінші кезец ауыл шаруашылығы өнімдерін азық-түлікпен қамтамасыз етуге жеткілікті, сыртқы экономикалық байланыстағы қайраткерліктің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізіп, оларды өндіруде жаңа да тиімді технологияларды қолдана отырып агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуына бағытталған.

Осы кезеңдерде жоспарланған жүмыстарды жүзеге асыру азық-түлік стратегиясының толықтай орындалғанын корсете отырып, алдымызға жоғары өмір сүру деңгейіне бағытталған «Азық-түлік қауіпсіздігінен - қауіпсіз қоректенуге» атты жаңа стратегия жүмыстарының кезегі келеді.

Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін Кедендік Одақ қүру тұрғысынан алып қарасақ, әр мүше елдің өзінің азық-түлік нарығының тұрақты жүмыс істеуін қамтамасыз ете алатын мүмкіншіліктерінің салалық мамандандыруды одан әрі тереңдету арқылы пайда болғанын байқаймыз (мысалы, Қазақстан үшін арзан энергия көздерін пайдалана отырып, үлкен жайылымдық территорияларда жоғары сапалы сиыр, жылқы, қой еттерін және емдік қасиеті мол қымыз бен шұбат өндіруді қолға алу болып отыр). Бұл өнімдері экспортқа бағытталу жолында жүмыс жүргізіп отырған Қазақстан үшін де, бір кеден аймағындағы Белоруссия мен Россия үшін де өте маңызды.

Әсіресе, ғылым саласында бірігіп қызмет атқарудың атқаратын ролі зор. Біртұтас базалық дайындығы бар ғалымдар тек қана ашқан жаңалықтары және жасалған жүмыстарымен алмасып қоймай, сонымен бірге елдерінің аграрлық саласындағы инновациялық дамуына қажет біріккен жобаларды орындау мүмкіншіліктеріне не болады. Бұл елдердің ғалымдары мен практиктерінің шешуін күтіп отырған көптеген ортақ мәселелері бар және оларды шешу жолдарының бірдейлігі алдағы атқарылатын жұмыстардың оң шешімін тауып жемісті болатынына кепілдік беруге болады.

Үш елдің ғылми мекемелерінің бірігіп творчестволық қызмет істеуінің жаңа кезеңінің басы деп, 2010 жылы біздің еліміздің ауыл шаруашылығы Министрлігінің бастамасы мен ұйымдастыруы арқылы Астанада өткен конференция мен ұлттық ғылым академиялары және экономикалық профилдегі ғылми мекемелер арасындағы қол қойылған келісімдер саналады.

Ayыл шаруашылығы ғылымы агроөнеркәсіп кешенінің дамуын ғылми түрде қамтамасыз ете отырып, жүргізілген зерттеу нәтижелерімен алмасу, не болмаса біріккен жобаларды жүзеге асыру арқылы Кеден одағы елдерінің жекелей және жалпы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор септігін тигізеді.

Осылайша айтқанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің алдында үлкен де жауапкершілігі мол міндеттер тұр. Осы міндеттердің оң шешімін тауып орындалуына ішкі азық-түлік нарығының қанығу деңгейі мен осы нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ауыл тұрғындарының әл-ауқаты өте тәуелді екенін есте ұстағанымыз жөн.

 

Әдебиет:

  1. 1. Мал шаруашылығы салаларының Қазақстандағы даму концепциясы / Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің мал шаруашылығы және ветеринария ғылми-өндірістік орталығы / - Алматы: «Нұр-Принт» баспасы. 2014.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.