Солтүстік өңір антропонимдерінің тілдік және танымдық ерекшеліктері

Андатпа

Мақалада Қазақстанның солтүстік өңіріндегі антропонимдердің ерекшеліктері қарастырылады, кісі аттары гендерлік ерекшеліктері мен шығу арналарына байланысты топталады.

Зертгеудің мақсаты Солтүстік Қазақстан облысындағы антропонимдердің ерекшеліктерін тілдік және танымдық түрғыдан қарастыру болып табылады.

Зертгеу әдістері: лексика-семантикалық, салыстыру және тілдік бірліктерге компонентгік талдау жасау.

Зертгеудің нәтижесін тіл білімі бойынша арнайы курстарда, қазақ тілі сабақтарында пайдалануға болады.

Антропонимдер ономастиканың антропонимдерді, яғни, кісі аттарын, фамилияларын лақап аттарын және бүркеншік есімдерді зерттейтін саласы. Kici есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады[1, 25 б.].

Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан көп те мол болумен қатар, құрамы мен қүрылысы жағынан да әр алуан өзінше бөлек, дәстүрлі қазақ есімдері де, дәстүрлі емес қазақ есімдері де көп кездеседі. Ол жөнінде жазылған еңбектер біздің қазақ тіл білімінде де аз емес. Әйткенмен, кісі есімдері жөнінде жазылған еңбектердің ішіндегі халыққа ең қажеттісі де, керегі де кісі аттары жайлы анықтама құрал. 1968 жылы белгілі ономаст талым Т. Жанұзақовтың қазақ есімдерінің қысқаша анықтама құралы «Қандай есімді ұнатасыз?» деген атпен шығып еді. Бұл анықтама жаңа туған нәрестеге ат таңдауда жақсы және әдемі есімдерді ұсынумен қатар, қазақ есімдерінің жазылуына да біраз түзетулер енгізген. Алайда қазақ антропонимдері құрылысы мен құрамы жағынан, лексика-семантика, этнолингвистикалық тұрғыда жеке-жеке, жан-жақты қаралып бітпей жатқан мәселенің бірі болып саналады. Қазақ антропонимдері мейлінше бай әрі әр алуан, бірақ, тіліміздегі есімдердің басым көпшілігінің кірме сөздерден екендігін бүгінгі күнде тіпті ажырата да алмай жатамыз. Өзге тілдерден еніп, қазіргі тілдік қолданысымызда жүрген антропонимдердің тілімізге келіп, кірігіп, сіңісіп кетуі соншалық, бұл күнде оларды өзге тілдерден енген есімдер деп айту өте қиын. Қазақ антропонимдерін жүйелей келе тіліміздегі антропонимдердің басым көпшілігінің араб, иран тілдерінен келгендігіне көзіміз жетті.

Тілші-ғалым Ә.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай - Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары - Шикіл, Бейсембі - Күн жүма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Tyap т.б. [2, 66 б.].

Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Күшікбай, Жаманбала, Салбъгр, Қасым, Сагал, Кенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан тугаи болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артъщбай, Несібелі, Бекенбай Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Түрлыбек, Сагындъщ, Есенгелді лингвокультуремалары ұл күту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер.

Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сүлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа үшырап отырады.

Бұл - өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты.

Kici есімдерінің қойылу уәжділігі мен танымдығын зерттеуде С.Аманжолов адамдардың бұл есімді қоюының себебіне баса назар аудара келе, антропонимдерінің қойылу себебінің 8 түрін көрсеткен болатын[3, 26 б.].

Солтүстік Қазақстан облысындағы кісі есімдерінің уәжділігі мен танымдығын зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазіргі кезде есімдерді қоюдың негізгі себептері бірнешеу болып келеді. Олар: 1) есім әуезділігінің ұнауы; 2) есім арқылы берілетін мағынасының ата-анасының арман-мүраттарымен, тілегімен сәйкес келуі; 3) балалардың есіміндегі ұйқасын сақтау мақсаты; 4) белгілі тұлғалардың есімін қою үрдісі байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы кісі есімдерінің семантикалық топтастыруын жасауға болады:

  1. Өсімдіктермен байланысты қойылған есімдер: Гүлжан, Гүлнұр, Гүлбахыт, Раушан, Райхан, Зәмзәгүл.
  2. Тілек, үміт салдарынан қойылған есімдер: Сезім, Назым, Айсүлу, Арман, Мақсат, Ұлбике, Ырыскелді, Ұлжан, Сымбат, Мүрат, Бақыт.
  3. Жануарлармен байланысты есімдер: Ботагөз, Қүндыз, Ақмарал, Елігай, Руслан, Еркебүлан, Арыстан.
  4. Белгілі бір заттың атауымен байланысты есімдер: Динара (ақша атауы), Мәдина (астананың атауы), Айна (зат атауы), Айгүл (әнннің атауы), Әсемай (Сауда үйінің атауы), Адай (ру атауы).
  5. Жеміс-жидекпен байланысты есімдер: Алмагүл, Жүзім, Алма, Мейіз.
  6. Астрологиялық нәрселермен байланысты есімдер: Жұлдыз, Шолпан, Айбол, Айсана, Айым, Толғанай, Алтынай.
  7. Мейраммен байланысты есімдер: Айтжан, Мейрам, Мереке, Наурызбай Жеңіс.
  8. Танымал адамдармен байланысты қойылған есімдер (меморативтер): Әйгерім, Нүрсүлтан, Нұртас, Абай, Мағжан, Дінмүхамед, Томирис.
  9. Белгілі бір жағдайға байланысты қойылған есімдер: Саясат, Сайлау, Сәрсенкүл, Жалғас, Сағындық, Іңкәр.
  10. Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына байланысты есімдер: Алтын, Болат, Маржан, Гауһар.
  11. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою: Меңдіқыз, Меңдігүл, Сүндет.
  12. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою: Құдірет, Ғалиқайдар, Жамал, Зылиха, Иса, Мухаммед, Нурислам.

2016 жылы ұлдарға жиі қойылған есімдер мыналар: Ерасыл, Нұрислам, Нурасыл, Айсүлтан, Санжар, Рамазан, Мирас жэне Артем.

Қыздар арасындағы ең танымал есімдер Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан, Аяулым мен София болды.

Жоғарыдағы диаграммада көрсетілгендей, кісі есімдерінің көпшілігі біздің төл тілімізден емес, басқа ұлттың есімдері.

Демек, бүл топтастыру арқылы біз әр түрлі есімдердің белгілікті бір нәрсемен не жағдаймен немесе танымал адамдардың құрметіне қойылғандығын байқаймыз. Сондай-ақ, кейбір есімдер тіпті басқа тілден екені аңғарылып тур. Бул республикамыздың белгілі бір есімдердің реестрдің болмауының салдарынан да болуы мүмкін. Дегенмен, оның бір қыры еуропалық есімдерді сәнді деп тануынан да болар.

Ол - белең алып келе жатқан қазіргі заманның үрдісі. Есімдердің ішінде кейбір есімдер, мәселен, иран және қазақ, қазақ және араб, парсы және араб, түркі және иран, т.б. тілдердің қосындысынан жасалған, яғни аралас тілдерден жасалған, есімдер көп. Әсіресе, ежелгі түркі, араб, Иран есімдері. Олардың кейбірі мынандай:

Ежелгі түркі есімдері Едіге («жақсы»), Манас («Сүмдық алып»).

Араб есімдері Абылай («ата, әке»), Аида («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Еазиза («сүйікті, қымбатты»), Данияр («жақын, таныс»), Динара («күміс ақша»), Қайрат («күшті, қуатты»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рэзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»),

Иран есімдері Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Дана («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), Раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»), Өз есімдерінің қай тілден екенін және қандай мағынаны білдіретінін әрі неліктен қойылғанын өздері білмейтін адамдар да бар. Яғни, бүрынғы кезде адамның есімі қандай да бір рөл атқарса, қазіргі кезде көбінесе сәнге айналып, тек қана белгілікті бір адамның атауы іспеттес екенін байқауға болады. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы негізіндегі жиі кездесетін есімдердің қысқаша анықтағышқа да талдау жүргізілді. Бұны ерлер есімдері және әйел есімдері деп бөлек қарастыруды жөн көрдік. Анықтағышта ерлер есімдерінің жалпы саны-320, ал әйелдер есімдерінің саны-220 [4, 6 б.]. Соның негізінде біз келесі блокты диаграммалық көрсеткішті жасадық.

Бұдан көріп отырғанымыздай, Солтүстік Қазақстан облысында араб, Иран, түркі тілдерінен енген есімдер қазақ тілінің төл есімдеріне қарағанда әлдеқайда көп. Соның ішінде аралас тілдерден жасалған есімдер де мол. Бұл барлық есімдердің 80 пайызын құраса, ал қалған есімдер монгол, грек, орыс, француз, еврей, испан, тәжік, т.б. тілдерден енген есімдер болып табылады. Оны төменде келтірілген 4, 5-диаграммалардан көре аласыздар.

4-диаграммадағы көрсеткішке назар аударатын болсақ, ер азаматтардың есімдеріне араб тілінің ықпалы басым екенін байқаймыз. Иран, Түркі тілдерінің

басымдылығы мен ана тілімізде қойылатын есім көрсеткіштері арасында

айтарлықтай айырмашылық барына көз жеткіземіз.

Ерлер мен әйелдер есімінің өзге тілге қатыстылығын салыстыру үшін 5- диаграммаға назар аударуға болады.

Демек, бөлшектік көрсеткіш арқылы әйел мен ер есімдерінде араб тілінен енген антропонимдердің басым екенін аңғаруға болады. Erep бұл анықтағышқа енген ерлер мен әйелдер есімдерінің салыстырсақ (6-диаграмма), онда келесі қорытынды жасауға болады: Солтүстік Қазақстан облысында төл есімдермен қатар араб, иран, түркі тілінен енген есімдер көбірек. Есімдердің қалған бөлігін басқа тілдерден енген есімдер құрайды. Бұны бір жағынан, облыстағы демографиялық жағдаймен, екінші жағынан, бүгінгі кездегі еуропалыққа еліктеушілік немесе сәнқой есімдерді қою үрдісімен түсіндіруге болады.

Демек, антропонимдер әртүрлі тілдерден енген есімдерді қүрайды Оның шпнде ер мен әиел есімдерінде кейбір тілдердің доминант болып түрғаны Солтүстік Қазақстан облысына тән ерекшелікті танытады. Ал әр түрлі тілдердің қосындысынан жасалған есімдердің көп болуы - бұл антропонимдердің тарихи дамуымен тығыз байланыста екенін көрсетеді.

 

Әдебпет:

  1. Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. - Алматы: Ғылым, 2009.-140 б.
  2. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мэселелері. - Алматы, Мектеп. 2010.-66 б.
  3. Аманжолов С. Қазақ тіл білімі. Алматы. 2009 - 3216.
  4. Менің есімім... - Петропавл, 2009. - 107 б.
Жыл: 2017
Категория: Филология