Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Синонимдік және антонимдік перифраздардың көркем шығармаларда қолданылуы

Аңдатпа

Мақалада синонимдік және антонимдік перифраздардың көркем шығармаларда қолданылуы қарастырылады (С.Мұқановтың «Ботагөз» романынан мысалдар келтірген). Мақаланың мақсаты - көркем образ жасаудағы метафора, метонимия, эпитет, антонимдер мен синонимдердің экспрессивті-эстетикалық рөлін көрсету. Зсрттеудің нәтижелері С.Мұқановтың шығармашылық мұрасын зертгеу барысында студенттермен пайдаланылуы мүмкін.

Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмүны жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады. Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифраздарды да жатқызуға болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату қиын.

¥лт айнасы тіл десек, тіл - халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің, ой-сезімінің, елдігі мен ерлігінің, болмысының, дүниетанымы мен парасатының куәсі. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы. Ал осы тілдің сөз байлығын танытатын - көркем әдебиет.

Көркем әдебиетте тіл ерекше экспересивтік - эстетеикалық қызмет атқарады. Көркем әдебиет тілі сол халықтың сөйлеу тілінің қалыптасуына үлкен эсер етеді. Оның тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Адамның сезіміне эсер ету үшін көркем шығармада көбінесе сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыспалы мағанада қолданылады. Сондықтан көркем эдебиет тілі - бейнелі, мэнерлі тіл, түрлі бояулы, сезімге эсер ететін көркем тіл болып табылады. Тілдегі көркемдеуіш құралдар - метафора, метонимия, синикдоха, теңеу, эпитет, эвфемизм - бэрі де көркем суреттің, образды жасаудың, жазушының, ақынның шеберлігінің көрсеткіші.

Көркем эдебиет тілінің көріктеуші құралдарының бірі - перифраздар. Қандай тарихи дэуірде болмасын халықтар тілдерінің қоғамдық даму барысындағы атқаратын қызметі өте зор, өйткені ұлттық мэдени дүниенің даму деңгейі тілдің даму шеңберімен тығыз байланысты. Ал осы әдеби тілдің байлығын, мәдениетін, оның көркемдігін, бейнелілігін артыратын лексикалық категория — бұл көріктеу құралдары.

Мақалада осы көркемдеуіш құралдарының бірі - перифраздарға, оның ішінде синонимдік және антонимдік перифраздау ұғымдарына тоқталып, әр түріне мысалдар келтірмекпін.

Жалпы перифраз дегеніміз не? Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп корсету, түспалдап айту дегенді білдіреді [1.36.]. Тіл білімінде Потебня А.А: «перифраза дегеніміз - суреттеу атау» («перифраза - описание») [2.2176.] деп анықтама береді. Швейцариялық ғалым Ш.Балли перифразаға берген анықтамасында «қайта айтып беру, қайтып айтып берудің кеңейтілген түрі» [3.1256.]. Қазақ тіл білімінде осы ойды айтқан З.Қабдолов «қайта айтып беру» [4. 2426.] дейді; Ә.Болғанбаев өзінің «Синонимдер сөздігі» атты оқулығының кіріспесінде перифразға былайша сипаттама береді: «Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі - парафраза. Мұны кейде перифраза деп те атайды. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру [5. 5 б.] дейді. «Қазақ тілі. Энциклопедиясында» перифразаға: «Перифраза (ағылшын paraphrase) - сөздің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраза затты, процесті, қүбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынадақолдана отырыр, соны образды түрде сипаттау, анықтау» [6. 259 б.] деп анықтама берілген.

Перифраза (грек periphrasis - айналым) - құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстап емес, соның айналасындағы айрықша белгі қасиеттерді негізге алатын ауыстыру тәсілінің бір түрі. Перифраза мәтіннің идеялық - эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық эксспресивтігін, әсерлілігін күшейтеді. Мысалы: Түз патшасы (арыстан деудің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден бақиға кетті, аққу ұшып көлге кетті (өлді дегеннің орнына) деп 3.Ахметов әдебиеттану термендер сөздігінде перифразға осындай анықтама береді [7.2686.].

Қазақ тіл білімінде перифраз мәселесіне кеңірек тоқталған Р. Сыздықова көріктеу құралдарының ішінде айтылмай жүрген перифраза деп, оның себебі біртектес тронтық категорияларды бір - бірінен дәл ажыратпаудың жоқтығынан деп көрсетті. Өзінің «Абай шығармаларының тілі» деген еңбегінде Абай тіліндегі перифраздарға анализ жасап, Абай халық тіліндегі перифраздарды қолданумен қатар өмірді «бұлдыр заман»деуі: «қайта айналмас, жаңғырмас бүлдыр заман»; «сүм жалған», «қайран дәурен» деуі: «Бір қызық ісім екен сүм жалғанда, Қалжыңбасшып өткізген қайран дәурен» перифразалық тіркестердің небір ойға келмейтін түрлерін жасады дейді, мысалы «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» деп, Абай өзі өскен ортаны, өзін қоршаған сол кездегі әлеуметтік, қоғамдық ой- пікірді айтып отырса, әбден қажыған кезін, өзінің бір жабырқау күйін ақынның «сүрғылт тартқан бейуақ» деп беруі тіпті әсерлі деп таниды [8. 102 б.].

Осы терминнің қолданылу аясы кең. Мысалы, «перифраз» әдебиеттануда айтылады; лингвистикада - грамматика саласында (грамматикалық перифраз); аударма теориясында, шет тілдерді оқыту практикасында, лексикографияда, тіл философиясында қолданылады; сондай-ақ, бүл термин музыка саласында көп жүмсалады. Осы айтылған «перифраздың» бәрі бір мағыналы емес, бүл терминнің әр салада айтылуының өз ерекшеліктері бар, өз мақсаты, қызметі т.б. бар болады.

Грамматика саласында перифраз терминін қолданудың ертеден келе жатқан дәстүрі бар. Мұның себебін тілдің синтетикалық тұлғаларымен қатар суреттемелі аналитикалық тұлғалардың болуына байланысты деп түсіндіріп, Н.Оралбаева [9,11 б.] қазақ тілі грамматикасындағы етістіктің аналитикалық түрлерін «етістіктің перифрастикалық формалары» деп талдап көрсетеді. Айталық ойлану дегенді ойга шому деу, үйъщтау дегенді үйқыга кету деп өзгертуді, сондай-ақ қосымша мен көмекші етістіктің мағыналас болуын жатқызады: жәрдемдес деудің орнына жэрдем ет, жымыцдады деудің орнына жымың етті, кездесті дегенді кез болды деген сияқты етістіктің тұлғалары болады. Түрік тілдеріндегі етістіктің перифрастикалық түрлері жайында еңбектер де өте көп [10,13 б.]. Бұл жайында Ш.Баллидің еңбегінен де [3,283 б.] оқи аламыз.

Мына мысалда: Ол е.мтиханды мезгілінен бүрын тапсырды —^Емтиханды ол мезгілінен бүрын —► тапсырды—► Ол мезгілінен бүрын емтихан тапсырды десек, бүл жерде сөйлемдегі сөздер емес, синтаксистік байланыс қана өзгерген. Мұны зерттеушілер криптотип деп классификациялайды, дегенмен осындай синтаксистік өзгертулер арқылы сөйлемді түрліше беруді де перифраз деп атау жиі кездеседі. Ал енді: Мен кітапты әкемнен алдым Кітапты маган әкем берді дегендегі алу, беру деген етістіктердің антонимдік мағынасы айтылмақ идеяны сақтай отырып, сөйлемді трансформациялауға көмектеседі.

«Синонимдік перифраздау» үғымы құрылымдық лингвистиканың жалпы семасиология деп аталатын саласында соңғы жылдары басты орындардың бірін алып келеді. Оған мағынасын сақтай отырып, бір сөзді оның конверсивімен (жылы - суық емес), болымды, болымсыз тұлғадағы антонимімен ауыстыру (есте сақтау - ұмытпау) немесе лексикалық синонимімен (бағасы өсті - қымбаттады) тәрізді трансформациялар мысал бола алады дейді Ю.Д.Апресян [10,75-76 бб.].

Тілдің көркем шығарманы әрлендіріп-нәрлендіретін көркемдегіш тәсілдері түрлі-түрлі. Солардың қатарына синонимдер мен антонимдер сияқты лексикалық қүралдар да жатады.

Синонимия - ұлттық тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін тілдік қүбылыс. Тілдегі синонимдерді пайдаланып, керегіне жаратпайтын жазушы жоқ. Ал, белгілі бір жазушының тіліндегі синонимдерге талдау жасау оның сөздерді талғап пайдалану принциптері мен өзіндік стиліне тән сөз қолдану ерекшеліктерінен біраз мағлұмат береді.

Синонимдер көркем шығарма тілінде орынсыз қайталаулар мен мезі шұбалаңқылықтардан аулақ болу үшін ғана емес, ол біріншіден және ең бастысы стильдік қызмет атқарады, мағыналық жүк көтереді. Шығарма тіліндегі экспрессивтік пен баяндау дәлдігі синонимдер арқылы жүзеге асады. Өмірлік көріністерді толыққанды етіп суреттеу, кейіпкерлердің ой-сезімдерін жеріне жеткізе дәл беру синонимдердің нәзік мағыналық айырмашылықтарын тап басып, сөз теңізінен керектісін ғана таңдап ала білетін жазушының қолынан келеді [[12,256 6.].

Синонимдік перифраздардың тарихи көркем шығарма тілінде атқарар қызметтері сан алуан.

Қай ақын, жазушы болмасын өз шығармасының әдемі, образды болғанын қалайды. Сондықтан да олар әсерлілік пен бейнелілікке мүмкіндік жасайтын тәсілдерге көбірек барады. Жазушылардың қаламын әрлей түсетін тәсілдердің ішінде басқа тәсілдер мен қатар перифразаның алатын орны айрықша.

Тілімізде заттардың, процестердің, қубылыстардың атаулары өте көп, солардың қайсысы болмасын перифраздануға мүмкіндіктері мол. Сол мүмкіндікті молынан қолданған ақын-жазушыларымыз дакөп, мәселен, Сәкен Сейфуллин, Мүқағали Мақатаев, Мағжан Жүмабаев, Абай Құнанбаев, Сәбит Мүқанов, Тахауи Ахтанов, т.б. Осы ақындардың поэтикалық туындыларының, шығармаларының қай - қайсысы болса да - өзіндік тарихымен, тағдырымен даралануының үстінде бүкіл қазақ әдебиетінің қалыптасуына ықпал жасаған дүниелер. Осындай көркемдік күш - қуатқа ие болған шығармалардың жаңашылдық сипатына арнайы назар аударған жөн. Сонда ғана біз ақындарымыздың поэзиясының, шығармаларының мәніне терең бойлап, көркемдік иірімдерін, ажар компоненнттерін көреміз де, соның бәрі заманына обрзын сомдауға мүмкіндік бергенін анық аңғарамыз.

Мақалада пайдаланылған мысалдар қазақ әдебиетінің әйгілі шығармасы, яғни С.Мұқановтың «Ботагөз» романынан алынған.

«... Кесел болғанда қандай! Бар бақсы-балгер, сонау Бағдат, Иран, Румнан алдырған дәрігер-дәруіштер еш ем істей алмады. Бұны кешегі балуан денелі, арыс кеуделі әлемніц тец жартысын жаулап алган Бату хан деп кім айтар?»[ 12,269 б.].

«...Ал адам баласын ардақтап өскен Хорват қызы бүкіл Алтын Opda ңожасы Бату ханды ұнатпады, сүймеді» [12,10 б.].

«... Балдырған жас баласының денесін қара бүркіт тырбиған, имиген болат тырнақтарымен парша-паршасын шығарып, қаны сорғалаған жас етін сары ауыз балапандарына асатып жатқанын көз алдына елестете, тас жүрек Бату қабыргасы қаііысып, бір орнында отыра алмай кетеді» [12,11 б.].

Қай тілде болмасын шет тілі ретінде оқыту практикасында бір сөзді немесе конструкцияны түсіндіру мақсатында оны сол тілде суреттеп айтып беруді, мысалы, жер тецгедей, аспан тебінгідей деген фразеологиялық тіркесті «кіп- кішкентай, болар-болмас қана деген мәнде» деп түсіндіруді де перифраз деп атайды [10,7 б.].

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Тіл- тілде көбінесе сапалық ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық белгісі бар сөздер өзара бір-бірімен антонимдес боп келеді.

Антонимдік перифраздау құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл-тілде синонимия, полисимия құбылысына қарағанда өрісі тар болады. Анығырақ айтқанда, синонимдес сөздер мен полисемантизмді сөздер сөздердің көптеген тобына тән құбылыс болуына байланысты тілде жиі үшырасатын болса, антонимдер көбінесе сөздердің белгілі бір тобына тән құбылыс болуына байланысты синонимдер мен полисемантизмді сөздерге қарағанда, әлдеқайда сирек үшырасады.

Антонимия - ең алдымен, лексикалық құбылыс; сөйлемдердің және грамматикалық нысандардың қарама-қарсы мағынада алынуы олардың құрамындағы компонент тұлғалардың қарама-қарсылығымен байланысты.

Антонимияны білдіретін лексикалық бірліктерге жалпы (инвариантты) сапа, яғни антонимдердің мағыналарында ең ақырғы шекке дейін бір-бірін жоққа шығаратын қасиеттің болуы тән: өтірік -шын, (мұнда: өтірік - шын емес; ақиқатты, шындықты ең ақырғы шекке дейін жоққа шығарады, дәл осы сияқты шын - өтірік емес; ең ақырғы шекке дейін шындықты жоққа шығарады).

Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады.

Антонимия бірліктері абстрактілі сипаты бар жалпы семалар арқылы ортақтасады, мысалы: ауыр/жеңіл - салмақ (сема); өткен шақ / болашақ - уақыт (сема). Арнаулы семалардың көмегі арқылы антонимдер бір-біріне қарама-қарсы қойылады, мысалы: ауыр / жеңіл қатарында көлемді, үлкен және аз, шағын масса; өткен шақ / болашақ қатарында - алдыңғы және кейінгі шақ, мерзім.

Антонимдерді бір-біріне қарама-қарсы қою, баламалы таңдау, кезектестіру, біріктестіру және олардың басқа да қызметтері антонимия үшін нақты контекстерде жүзеге асырылады: “Ішім өлген, сыртым сау...” (Абай), “Кім жас, кім қарт, Уақыт өзі іріктер...” (М.Шаханов), “Үлкенге де, кішіге де ілтипат қыл...” (М.Дулатұлы).

Антонимияның қарапайым бірлік тұлғасы ретінде сөздің лексикалық- семантикалық варианты көрінеді. Сондықтан да нақты бір көп мағыналы сөз антонимдердің әр түрлі жұптарының қатарына ене алады, мысалы: ақ-қара, ақ- арам, ұзақ-аз, ұзақ - қысқа.

Тиімді болса қазақтан қыз алып, қыз беріп кетуден де тайынбайды.

Алтын Орда хандарын өз қолы.меи отырзызып, өз қолымен алып тастай алатын әмірші болады [12,27 б.]. «Бұлардың көздерінің қарашықтарында кенет сүп-суық боп жана қалған кек ұшқындары жарқ етіп айқасып, тайсалып кеткен алмас қанжарлардай, сол сәтте лап етіп тұтанған да қайтадан кенет сөніп үлгерген» [12,48 б.].

«Жоқ, бұл жолы да ол гиын досы жоқ, шын шсы көн Алтын Орданың ханы, көкте Құдай жалғыз болса, жерде мен жалғызбын деп, жұбайынан айырылып айдын көлде жалғыз қалған аққумен сырласуға, шер тарқатуға барған жоқ, су жағасында жалғыз отырып шешім алуға келді» [12,99 б.].

«Әзия мен Жағроптың тең жартысын тітіркенткен Айбарлы хан ертеңіне дүние салды. Дос жылады, дуішіан куаноы. Тек, хансың ба, қарасыц ба, - бәрінің бірдей ақырғы төсегі меңіреу қара жер тас құшағын аша берді» [12,33 б.].

Осындай себептермен Жошы Қоңырат, Керей руларын іштей ңанап жатса да, сырттай жақын ұстаган болып көрінеді [12, 27 б.]. Қорытындылай келе, антонимдік перифраздау жазушы шығармасында ерекше көріктеу амалдарына айналып тұр.

Жалпы қай қаламгердің шығармасы болмасын оның бейнелеу құралдарын, қолтаңба ерекшеліктерін жіті ажыратпай, жете танымай, ақын поэзиясына, жазушы шығармасына баға бере алмаймыз. Ал шығармаларының бойында зерттеліп, қарастырылған бейнелеуіш құралдары, тудырған тың тіркес, соны образдар ақын-жазушылардың тілдік жағынан ғана емес, стильдік жағынан да дара тұлға екендігін айқындап тұр.

 

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясыны хабарлары. Тіл, Әдебиет сериясы, 1993 №1 - 35 бет.
  2. А. А Потебня Из записи по теории словесности. Харьков. 1905 - 217 бет.
  3. Балли Ш. Французская стилистика. M..1961.
  4. Қабдолов 3. Соз өнері. Алматы. 1976 - 345 бет.
  5. Болғанбаев Ә. Синонимдер сөздігі. Алматы. 1975 - 284 бет.
  6. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы. Қазакстан республикасы Білім. Мэдениет жэне денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан даму институты. 1998 - 420 бет.
  7. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы «Ана тілі». 1998 - 210 бет.
  8. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы «Санат» - 1994 - 125 бет.
  9. Оралбаева Я. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының полисемиялық мағынасы. - Алматы: Ғылым, 1979. - 155 б.
  10. Апресян Ю.Д. Апресян Т.А. Об изучении смысловых связей слов //Иностранный язык в школе, 1970, №4.
  11. Амандықова Г.Я. Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар. Алматы, 1999.
  12. С. Мұқанов. «Ботагөз» романы.Алматы, 1967.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.