Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл біліміндегі қысқарған сөздердің ерекшелігі

Қазак тілінің лексикалық-грамматикалық жүйесінде қысқарған сөздер қомақты орын алады. Соңғы кезде кыскарған сөздер жасалуы мен оған жалғанатын қосымшалар төңірегінде дау-дамай туындауда. Макалада осы олқылықтарды жоюға септігін тигізетін көптеген мәселелер қарастырылған. Атап айтсақ, қысқарған сөздердің қазіргі жай-күйі. зерттеуі мен жасалу жолдары.

Қазақ тіл білімінде көп зерттеле қоймаған, тіл мамандары тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жүрген мәселенің бірі - қысқарған сөздердің жай-күйі. Жалпы қысқарған сөздердің тілімізде пайда болып, қолданысқа ене бастауы кейінгі ғасырдың төңірегінде көрініс бере бастаған құбылыс. Өмірдегі болып жатқан экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени жаңалықтар т.б. өзгерістерге байланысты тіліміз жаңа сөздермен, жаңа күрделі атаулармен әрдайым толығып, дамиды. А. Ысқақов пен К. Аханов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз және сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырады. Тек А.Ысқақовтың үсынған классификациясында күрделі сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады [1, 120 б.]. Осындай атауларды айтуда, жазуда сөздерді ықшамдап, қысқарту қажеттілігінен аналитикалық тәсілдің бір жолы - қысқарту амалы пайда болды. Қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір тобы есебінде танылып жүр.

Қазақ тілінде күрделі сөздердің бүл түрінің шығуы орыс тілінің Қазан революциясынан кейінгі дәуірде тигізген ықпалымен, оның нәтижесімен тікелей байланысты. Кеңес дәуірі тұсында туған жаңа саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірдің тәжірибесінде түрі де, мазмүны да жаңа эр алуан қоғамдық үйымдар мен мекемелер ашылды. Сол мекемелер мен үйымдар коп созбен суреттеп аталатын болды. Осы күрделі атаулар эдеби тілдің жазбаша түрінде қысқартылып жазылып, ауызша түрінде қысқартылып айтылатын дэстүр туды. Осының нэтижесінде қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір түрі ретінде қалыптасты.

Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - сөзжасамның бір тэсіліне жататын, өзіндік грамматикалық қурылымы жэне семантикалық ерекшеліктері бар тілдік қүбылыс. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер екі немесе одан да көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған түлғалары, екіншілік аталымы (номинациясы). Яғни тіркесіп келген ұғымның атаулары қысқарымдарға негіз болады да, тілдік қүрылымы өзгеріске ушырап, қалпын сақтай алмайды. Бұл - басқа күрделі зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың ерекшелігі. Сөзжасамның бір амалы ретінде қалыптасқан қысқарған сөздер лексикалық бірлік боп танылатындығы. Бұлар да белгілі бір үғымның жинақталған, ықшамдалған атаулары.

1920-30 жылдардан бері қарайғы кезенде қазақ тілінде қысқарған сөздер пайда болды. Алғашқы он жылдықтарда өзге тілге тэн тулға, термин ыңғайында қалыптасқан бул қабат қазақ эдеби тілінің соңғы мерзіміндегі даму барысында жаңаша сипат алды. Дегенмен, сөз қысқарту тэсілі тілімізде ертеректен келе жатқан қүбылыс. Ол қазақ халқының дүниетанымымен, сөйлеу мэдениетімен, эдет-ғұрпымен де байланысты. Қазақ халқына тэн сыпайыгершілік, ізеттілік, қасиетті кісі аттарын қысқарта отырып, оған сый-қүрмет, үлкейту, кішірейту, еркелету мэнін қосады. Бүл дэстүр қазіргі тілімізде де жиі кездеседі. Мысалы, Axcu і. Каке, Жаке, Баке, Күлтай, Сакетай, Жакеш, т.б. Мұндағы қысқартулардың бір ерекшелігі кісі аты тек қана қысқартылып қоймайды, оған - ке, - еке, -аң, - а, - е, -ш,- тай белгілі морфемалар қосылады. Сөйтіп мүнда да сөздердің белгілі тобы қысқаратыны, қысқаратын сөздің алғашқы буыны сақталатыны жэне оларға белгілі мофемалардың қосылатыны сияқты заңдылық бар. Ертеректе мекемелердің қазіргідей көп болмағанын, ғылым мен техниканың түрлі салалары дэл қазіргідей дамымағанын ескерсек, онда өте күрделі атаулардың, терминдердің тілден онша орын алмағанын түсіну де қиын емес. Ал ол кезде күнделікті өмірде өте жиі қолданылатын атаулар - кісі аттары. Міне сондықтан қысқарту да сол кездегі эдет-ғүрыппен байланыстырыла отырып, кісі аттарында қолданылған. Ал кісі аттары қалай болса, солай қысқартыла салмай, белгілі жолмен қысқарған.

Тіл деректеріне көз жіберсек, қазақ қысқарған сөздерінің жасалу, қалыптасу жайы сонау арғы жақтың, қазақтың ауыз-екі сөйлеу тілінен, оның орфографиялық, кейде нақыштық, бейнелеу, сөз шеберлігі дэстүрімен де байланысып жатқанын көреміз. Деректерге жүгінсек, қазіргі қазақ тіліндегі стар, акел, апер, бүйтіп, сүйтіп, өйтіп, каіітып. биыл, бүгін, бүрсігүні, қыстыгүні, қолқап. аяққап. қарлыгаш. т.б. - осылардың бэрі дерлік біріккен немесе кіріккен сөздер деп аталып жүрсе де, шынына келгенде, қысқарған сөздер алып+бар, алып+бер, бүлай +етіп, бүл+күн, колоьиікабьі. кара а.іа кус. т.б .

Қазақ тілінде қысқарған сөз кейбір грамматикалық формалардан да көрінеді, баргым, келгім, айтқам (бар+ған+мын, кел+ген+мін,айт+қан+мын), баргасын, келгенсін, бергесін (бар+ған+сын (соң), кел+ген+ сің (соң), сондай-ақ диалектілік сипат алған алың, барың, келің жүрің (алыңыз, барыңыз, келіңіз, жүріңіз) т.б. Тілімізде қысқарту бүрыннан болғанымен, кейін пайда болған күрделі атауларға бүл тэсілді қолдану мүмкін емес еді. Осындай жағдайлар тілге орыс тілінің қысқарту тэсілінің кіруіне себеп болады.

Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер - аталуы бастапқыда атрибутивті сөз тіркестерінің көмегімен түсіндірмелі түрде толық берілген, екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары, екінші номинация. Ықшамдау, қысқарту процесіне, сондай-ақ жеке сөздерде үшырайды. Қысқарған сөздер курам ы жағынан әр түрлі болып келеді де, қурамындағы компоненттерінің әрі қысқарып, әрі бірігуі арқылы жасалады. Қазақ тіліндегі қысқарған зат есім өз құрамына енген компоненттерінің қай сөз табына жататынына қарамастан бір уғымның атауы ретінде қолданылады.

Д.Турсынбаева қысқарған сөздердің пайда болу және орнығу, бейімделу үдерісінде келесі кезеңдерді ерекшеледі:

Бірінші кезең (алғашқы кезең) - қысқарған сөздер кең түрдегі сөзтіркесі базасында қүрылады және белгі ретінде мәтінсіз ол түсініксіз, сол сөз тіркесінің фонында ғана қабылданады. Бүл кезеңде оның қүрылымының қалыптасуы ғана жүзеге асады, ол әлі лексикалық түрақты бола қоймайды.

Екінші кезеңде қысқарған сөздер алғашқы аталымымен ассоциацияланады, яғни екінші орында және оған әлі мәтінде кездесуін қажет етеді. Қысқарған күйінде қолданыла бастауында таныс бола бастайды, ал бүл сөйлеуде әрі қарай орын алуына мүмкіндік береді. Дегенмен, әлі де болса қысқарған сөздердің кең түрдегі түрі басым келеді. Бүл кезеңде қысқарған сөздер фонетикалық және графикалық өзгеріске үшырауда берілген қысқарған сөздердің жаңа нүсқалары пайда болады, яғни жаңа лексикалық бірліктің оңтайлы формасы ізденіске түседі.

Үшінші кезеңде қысқарған сөздер лексикалық тұрақты, толық атауына қатысты синонимді бола алады, кең қолданыла бастайды, онда толық сөздегідей грамматикалық және синтаксикалық белгілері пайда болады.

Төртінші (соңгы) кезеңде қысқарған сөздер айтушының санасында бастапқы сөзтіркесімен байланысын жоғалтып, түтас және бөлінбей қабылданады, жалпыға белгілі негізгі нүсқа бола бастайды, ал көпкомпонентті сөз тіркесі синониміне айнала бастайды» [2, 216 б.].

Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар эсер етеді. Олар:

  • қазақ тіліне қоғамдық-саяси, элеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам жэне ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, үлттық дүниетанымдағы жаңғырулар;
  • тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады;
  • қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар.

Қысқарған сөздерді туғызушы басты себептің бірі - қоғамдағы ірі-ірі элеуметтік өзгерістер. Қоғам жаңалықтары тілде бірден көрінеді. Өйткені тіл - қоғам өмірінің айнасы. Соған орай, тіл қоғам қажетін өтеу үшін сол қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтарды көрсете аларлықтай жаңа үғымдар мен түсініктер іздестіре бастайды. Ондай жаңалықтар, эсіресе, тілдің лексикасында, сөздігінде бірден көзге түседі. Орыс тілінің халықаралық қарым-қатынас қүралы ретіндегі рөлі элемдік көлемде де, бүрынғы KCPO шеберінде де өлшеусіз өсуіне орай, орыс тілінің қолданбалы мэселелерін шешу өзекті мэселелерге айналды. Сол себепті терминология, эдеби тіл нормасы, тіл мэдениеті салаларына қатысты кең ауқымдағы, маңызды теориялық жэне практикалық көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. Аталған мэселелердің қатарына қысқарған сөздерге де жіті назар аударылды. Қысқарған сөздердің табиғаты, жасалу жолдары көптеген ғылыми-зерттеу еңбектерде дербес қарастырылды. Бірнеше лексикографиялық еңбектер жарияланды. Орыс тіл білімінде екі мэселе көзге түседі, оның бірі - қысқарған сөздердің эдеби тілдің сөздік қүрамындағы орнын жэне екіншісі - қысқарған сөздердің грамматика саласына, сөз тудыру жүйесіне қарым-қатынасын, анығырақ айтқанда, қысқарған сөздердің дербес, жеке сөз екендігін ажырату жағдаяты [3,7 6.].

Зерттеушілер аббревиация - сөзжасамның жаңа тәсілдерінің бірі, қысқарған сөз жаңа мәтіндегі сөз, яғни оның өзіндік грамматикалық құрылысы және семантикалық ерекшелігі бар деп тұжырымдайды. Орыс тіл білімін зерттеушілердің бірқатары орыс әдеби тіліндегі сөздерді қысқарту - тілдің даму тенденциясына тән сипат, әсіресе бас әріптік қысқартулар өнімді тәсілдің бірі, бүл - тілде үздіксіз жүре беретін қүбылыс деп есептейді, бүған қоғам өзгерісіне орай мемлекеттердің, мекемелер мен ұйымдардың күрделі атауларын үнемді тәсілмен беруге ұмтылу себепкер болғандығын айтады.

Әдеби тілдің лексикасы мен грамматикасына қатысы бар бүл құбылыс түркі тіл білімінде де бірқыдыру зерттелген. Ғалымдар қысқарған сөздерді түркі тілдеріндегі күрделі сөздер категориясына орайластыра қарастырады. Күрделі сөз үғымы Н.Ф. Катанов, Н.И. Алим арин еңбектерінде, сондай-ақ, А.Н. Кононов, Н.К. Дмитриев, Н.А. Баскаков, В. Лейчик, Н. Клименко, Д.Алексеевтің, И. Арнольд, Д. Уилтон, А.М. Селишев зерттеулерінде терең тұжырымдалған. Белгілі ғалым Н.А. Баскаков сөзжасамның негізігі үш түрлі тәсілі бар екендігін сөз ету үстінде XX ғасырдың бастапқы тұстарынан бастап түркі тілдерінде қысқарған сөздердің алғашқы нышандары бой көрсете бастағанына назар аудартады да, төл тілдің өз мүмкіндіктері арқылы жаңа сөз жасаудың жолдарын санамалап, олардың қатарына сөз қысқарту амалын да жатқызады [3,8 6.].

Адам қызметінің тілдік шығармашылығы ретінде, сөзжасамның бүл түрі - сөз өндірудің мезгілді актісі нәтижесінде, атауының буындануының негізінде жаңа дыбыстық және графикалық қабатты тілдік бірлік қүрылады, ал ол шындықты белсенді бейнелі қабылдаумен тығыз байланысты. Бірақ қүралған барлық тілдік бірліктер жалпы қолданыстағы дербес қысқарған сөздер бола бермейді. Олардың кейбіреуі естен шығып, қолданысқа енбей қалады, ал басқалары образды және вербалды жүйелерінің бір-біріне өнімді өзара әсерінен белгілі бейімделу кезеңін басынан өткереді. Қысқарған сөздердің көпшілігі рационалды лексикалық бірлік ретінде қарастырылады. Оның құрылымында үтымдылық жатыр, олар - ықшамдылық, үнемділік, семантикалық сыйымдылық және ақпараттылық.

Қазақ тілінің лексикалық-грамматикалық жүйесіндегі қысқарған сөздер - 1920 жылдардан бері қарай зерттелген, сондықтан бүл турасындағы алғашқы пікірлер А.Байтұрсыновтың, Қ.Басымовтың, Қ.Жұбановтың еңбектерінде айтылған.

Қ.Жұбанов қысқарған сөздерге «қиюлы сөздер» деген атау береді. Ол бүл қүбылыстың сөз жасаудың басқа түрлеріндей тегіс жасалып болмаған жаңа нәрсе екендігін, бірақ бүл өзі өте ыңғайлы болғандықтан күннен-күнге көбейіп, қазақ тілінде өзінің лайықты орнын тауып келе жатқандығы жайлы пікірін білдіреді. Жазу дағдысында жиі қолданылатын суреттеме атауларды қысқартып айту және қысқартып жазу дәстүрге айналғандығы, осының нәтижесіндегі қысқарған сөздер жаңа сөз болып қалыптасқандығы туралы пікірлерді өзге де еңбектерден кездестіреміз.

Зерттеу жүмыстарында қазақ тіліндегі қысқартулардың жасалу жолдары орыс тіліндегімен бірдей, дәл соған үқсас екендігі айтылады. Айталық, ғалым А.Ысқақов «күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіліп жұмсалу жолы орыс тілінің әсерінен туғандығын, қысқарған сөздер әдеби тілдің жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі бір түрі болып қалыптасқандығын» [1, 108 б.] баяндап, осы термин үғымына тек қана орыс тіліндегі үлгі бойынша жасалған қысқарған сөздердің төрт түрлі жолмен қысқаруын жатқызады.

Қысқарған сөздер - сөзжасамның аналитикалық тәсілімен жасалып, тілде орныққан, аталым қызметін атқаратын, жазылу емлесі қалыптасқан, мән-мағынасы бар атаулар. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер сөз ретінде тілге енді. Тілдегі ықшамдау заңдылығына сай жүретін лексикалық үнемдеу. Бүл - тілде үздіксіз жасалатын қүбылыс. Олар - қоғамның дамуы мен өзгерісіне орай үнемі үздіксіз жүре беретін және ықшамды қалыптасып отыратын үтымды қолданыстар. Қысқарған күрделі зат есімдер ғылым тілінің жүйелі, ықшамды жетілген тіл болуына өз үлесін тигізеді.

Тілдегі үнемдеу, ықшамдау заңдылығы әлем тілдерінің барлығына да тән қүбылыс. Бүл зандылық әр тілде түрліше көрініс тауып, тілдің түрлі салаларына қатысты болып жатады. Қысқарған сөздердің пайда болуы да осы ықшамдау заңдылығымен тікелей байланысты. Яғни, қысқарған сөздер тілдегі үнемділікті қамтамасыз етудің бір тәсілі.

Сөз табына қатысы тұрғысынан қысқарған сөздер негізінен заттық немесе абстракті үғымдарды білдіретін зат есімдер. Қысқарған сөздер екі, үш немесе одан да көп сыңарлардан түратын күрделі атаулардың ықшамдалған түлғалары. Бірнеше сөзден қүралып, сөздердің тіркесуі арқылы жасалған түрлі үғымдардың атаулары қысқарымдарға негіз болады да, олардың қүрылымы ықшамдалып, өзгеріске үшырайды. Күрделі үғым атаулары фразеологиялық тіркестер сынды бастапқы қалпын сақтай алмай, ықшам нүсқада жүмсалуға көшеді. Мұны зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың өзіне тән сипаты, ерекшелігі деуге болады.

Жалпы қысқарымдардың жасалуына негіз - сөз тіркестері. Оның табиғаты екі жақты: бір жағынан, грамматикалық көрсеткіштері бар, басқа туындылардың жасалуына негіз болатын жаңа лексема, екіншіден, шығу төркіні сөз тіркесіне сәйкес, байланысты, сол толық реалийлердің қысқарған түрі. Сондықтан толық реалийлердің аты қысқарғанда, мағыналық жағынан өзгеріске түспей, толық ұғымның атауы сақталады. Оны тіл деректері де дәлелдейді. Мысалы, Мемлекетаралық көші-қон бойынша Қазақстан ТМД (Тәуелсіз елдер достастығы) елдерімен тығыз байланыста ("Жас Алаш"). Астанада этнопарк пайдалануға беріледі ("Жас Алаш"). Қысқарымдар басқа туындылардың жасалуына да негіз болады дедік.

Қысқарған сөздер кейбір тілдердегідей туынды сөздердің жасалуына негіз сөз ретінде көп пайдалана бермейміз. Мысалы, орыс тілінде қысқарған сөздер негізінде сөз туындату дәстүрі бар. Мысалы, вузовец, КВНовец, спецовка, чекист, эсеровский т.б. сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал бізде негізінен сөйлеу тілінде ҚазМУлыцтар, АлМУлыцтар, ТЖМдіктер деген сияқты жекелеген қолданыстар кездескенімен, олар жаппай тілдік қолданысымызға ене қоймаған [4, 8 б.]. Яғни қысқарған сөздердің жаңа сөздердің туындауына негіз сөз ретінде жиі пайдаланылмауы, ең алдымен, олардың өздерінің кең тарап, тіл түтынушылардың бәріне таныс, бірдей үғынылып, дайын сөз қалпында қолданыла бермейтіндігімен байланысты деп пайымдауға болады. Сондай-ақ олардың баспасөзде, ғылым тілінде жиі жазылып, қолданылып жүрген көпшілікке біршама танымалдарының елеулі бөлігінің қүрамы қатар түрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан келуі де олардың тілде жаппай қолданылуына жол ашып, сөз туғызуға да икемділігін арттырмайды. Мысалы, БКТ (Бірыңғай кеден тарифі), АШҚҚҚ (Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры), ЖҚКҚ (Жедел іс-қимыл күштік қүрылымы), МЖЗҚ (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры), РЖҚБ (Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі) тәрізді бірнеше дауыссыз дыбыс қатар келген немесе АЭА (арнайы экономикалық аймақ), ЕАӘК (Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі), ОАӨАҮО (Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы), YEY (Үкіметтік емес үйымдар), ОАӨЭЫ (Орталық-Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық) бірыңғай дауыстылардан тұратын сөздердің негізінде жаңа сөз туғызу қиын. Бүл қысқарымдар дайын сөз ретінде қолдану қиындық туғызып жатса, олардың негізінде өрбітіп сөз туғызу мүмкіндігі туралы айтудың өзі артық. Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы бар. Кез келген дыбыс қатар келіп сөз қүрай алмайды. Бүл дауысты дыбыстарға да, дауыссыздарға да бірдей қатысты. Бір сөздің қүрамында қ мен ө-нің, к мен ұ-ның, о мен ә-нің немесе ү мен қ-ның қатар түруы қазақ тілі үшін қалыпты қүбылыс емес. Бүл дыбыстар бір-бірімен тіркесе алмайды. Тіліміздің үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі бүзылып, дыбыстар тіркесімі зандылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз болудан қалады. Сондықтан не бірыңғай дауыссыздан, не бірыңғай дауыстылардан қүралғандарын ғана емес, АӨҚО (Алматы өңірлік қаржы орталығы), АІІБ (Аудандық ішкі істер бөлімі), ӘЫК (Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім), ЖҮЕҚ (жалпы үйлік есепке алу қүралдары), ¥ӨК (¥лттық өтпелі кеңес) сынды дауысты- дауыссызы араласып келген, алайда дыбыстар тіркесімі бүзылып, үйлесім таппай тұрған қысқарымдарды да сәтті жасалған дей алмаймыз. Бүл көрсетілген қысқарымдарды немесе осылар іспеттес бірқатар қысқарған сөздерді сөз негізі ретінде алып, олардан жаңа сөз туғызу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Түбірі, негізі сәтсіз жасалған мүндай сөздер арқылы тіліміздің лексикалық қорын байытатын жаңа сөз жасай алмаймыз.

Негіз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасымен сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған туынды сөздің лексикалық мағынасы тең болуы да кездеседі. Бүл сөзжасамның дәл осы қысқарту тәсілі арқылы жасалатын сөз түрлеріне тән сипат. Мысалы, Бүқаралық ақпарат қүралдары - БАҚ, Дүниежүзілік сауда үйымы - ДС¥, Еуразия экономикалық қоғамдастығы - ЕурАзЭқ, ¥лттық бірыңғай тестілеу - ¥БТ, Қазақстан Республикасының ¥лттық ғылым академиясы - ҚР ¥ҒА, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы - ТүркПА т.б [4, 8 6.].

Тілімізде қысқарған сөздердің жасалуы мен қолданысын бір ізге түсіру - бүгінгі танда тіл мамандарына қойылып отырған басты талаптардың бірі. Өйткені қазіргі танда бір қысқарған сөздің бірнеше нүсқада қолданылуы немесе түрлі мағынаны білдіретін күрделі атаулардың бірдей қысқартылып алынуы, күрделі атаулар бірде орысша, бірде ағылшынша таңбалануы бойынша, кейде қазақша қысқартылуына сәйкес қолданылуы, сонымен қатар қазақша нүсқасы мен орысша нүсқасы да жарыса жұмсалып жүргендігі жиі кездесіп жүр. Сондықтан да күрделі атауларды қысқарту кезінде кемшіліктерге жол бермеу үшін арнаулы салаларда және жалпы қолданыста жүрген қысқарған сөздерді жинақтап, үнемі лингвистикалық сараптан өткізіп отыру қажет. ¥тымды жасалған күрделі атауларды сүрыптап, оларды ресми бекітіп, жалпыхалықтық қолданыста орын табуы үшін сөздіктер шығарып, басылым беттеріне жақшаның ішіне толық нүсқасын беріп отырған жөн. Сонымен қатар қысқарған сөздердің электронды сөздігін немесе қазақ тіліндегі кез келген қысқарған атаулардың толық нүсқасын көрсете алатын компьтерлік бағдарлама жасаудың тілімізге қосар үлесі мол болар еді деген тұжырым жасаймыз.

 

Әдебиет:

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. 3-басылым. - Алматы, 1991. - 384 б.
  2. Тұрсынбаева Д. Аббревиатура лар - адамның менталды қызметінің нәтижесі // Әл - Фараби атындағы Қ¥У хабаршысы. Филология сериясы. № 4. 2011. - 213-217 бб.
  3. Алдашев Н.М. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. Фил.ғыл.дисс. авторефераты. - Алматы. 1996. - 26 б.
  4. Қүрманбайүлы Ш. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. - Алматы: Баспалар үйі. 2013. - 296 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.