Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сыныптарда мәтшдерді оқыту мәселелері

Бастауыш мектепте суретке қарап әріп тану «Әліппені» оқытудан басталады. Сондықтан сурет бойынша оқыту суретке қарап әріп танудың дамуы және жалғасы деуге болады. Сурет бойынша оқыту мәтіндері нақты заттардың суреті және сол сурет мазмұны мен мағынасы туралы жазылған шағын мәтінен құралады.

Оқытудың міндеті мен талабына және мәтіндердің ерекшелігіне қарай сурет бойынша оқытылатын мәтіндерді оқытуға мынандай талаптар қоюға болады:

  • Сурет бойынша оқыту арқылы оқушылардың бақылау қабілеті мен түсіну қабілетін жетілдірумен бірге, олардың ойлау қабілетін дамыту, әсіресе, мәтін суреттеріндегі тартымды да қызықты көріністерді бақылау негізіндегі бейнелі ойлау қуатын дамыту қажет.
  • Сурет арқылы мазмұнды түсінуге жетелеу, оқушылардың пікір жүргізу қабілетін жетілдіру, көріністен өтіп, мәнді түсінуте жетелеу керек.
  • Оқушылардың оқиға, зат суреттелген әңгімелер жазуына біртіндеп негіз қалау, белгілі бір заттың тұлғасын өз ойында бейнелей алатын, олардың бейнесі көз алдына елестете алатын дорежете жеткізу талап етіледі.

Ана тілін оқыту мақсаты түрғысынан қарағанда, сурет бойынша оқытылатын мәтінді оқытуда тіл, жазуды үйретуді негізгі оқыту түйіні етумен бірге, суретті бақылау арқылы түсінікті тереңдетуге мән беру талап етіледі.

Сурет бойынша оқытудың үнемі қолданылатын әдісі-суреттен мәтінге өту, сурет пен мәтінді өзара үштастыра отырып оқыту болып табылады. Бұл оқыту әдісін нақтылап айтқанда:

1) Суретті байқау, бақылаудан бастап іске кірісіп, бірінші сурет мәтінін оқып шығу қажет. Оқушылар оқытушы қойған талап бойынша суреттерді өздері дербес мұкият көріп, зер сала, қадағалай бақылауы керек. Онан соң сурет мазмүнын ауызша баяндауға оқушыларды шабыттандыру керек. Алдымен, суретте нелер сызылғандығын, қандай көріністер бейнеленгендігін білу, екіншіден, суретте бейнеленген мазмүнға өтіп, ондаған заттар мен олардың көріністер арасындағы байланысты және даму өзгерістерін айтуға жетектеу керек.

Сурет бойынша оқылатын мәтіндерге берілген суреттерді бір тана сурет болып берілетіні де,тізбікті сурет болып берілетіні де бар. Бұлардың ішіндегі тізбекті суреттер білгілі оқиға желісі бойынша беріледі. Мысалы, «Күншіл үйрек», «Мақта қыз бен мысық» ертегілердің мәтіндері. «Күншіл үйрек», ертегісінде жеке-жеке екі бөліктен, ал «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде сегіз бөліктен сурет берілген. Бұл суреттердің әрқайсысы бір оқиғалық мазмүнды бейнелейді. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде берілген тізбектелген суреттердің барлығы өзара бір-біріне байланыстыра мүқият бақылайтын болсақ, оқиғаның басталу, даму, аяқталу тәртібін сурет тізбегінен анық коре аламыз. Тага да ілгерлей отырып, ондағы өзгерістерді де байқауға болады. Мысалы, бірінші суретте мысықтың Мақта қыздың қатығын төгіп қойғандығын бейнеленсе, онан кейінгі суреттер тізбегі арқылы мысықтың сиырмен қыздармен ,дүкеншімен, тауықпен, тышқанмен ауыз екі әңгімесі (диалогы) сияқты тұтас мазмүнды да игеруге, түсінуге болады.

«Күншіл үйрек», сүңгуір үйректің менмен, қызғаншақ мінезін, түлкінің қулығын көреміз.Мәтінді суретпен байланыстырып оқыту арқылы «Біреуге ор қазсаң,өзің түсесің» деген мақалдың мәнін ашып түсіндіру керек.

Сөйтіп , сурет арқылы мәтін мазмүнын әңгімелеуге негіз қаланады.

Сондықтан адамды негіз еткен сурет арқылы оқытылатын мәтіндерді оқытуда, адамдардың сыртқы портретін, қимылын, сезімдік белгілерін бақылауды негіз ету қажет. Заттар көрінісін негіз еткен суреттерді бақылау түйінін заттардың ерекшелігін байқауға қою керек. 2) Мәтін арқылы сурет мазмүнын тереңдей түсіну керек.Оқушылар, бір жағынан, мәтінді оқу, енді бір жағынан, мәтін және ондағы оқиға бөліктері мен суретті салыстыра отырып, мәтіндегі әдеби суреттеулер мен суреттегі бейнелі көріністі бірлестіре отырып, идеялық сезімді түсінуге қол жеткізуі керек.

Тізбекті суреттегі жеке-жеке суреттердің мәтіндегі кейбір бөлім немесе кейбір азат жолдары (абзацтармен) мазмүн бірлігі барлығын түсіну керек.

Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін кітаптардағы суреттердің тәрбиелік мәні зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі. Көп ретте балалар суреттерді қарағанымен,ондағы оқиғаларды көре билмейді. Сондықтан үлкендер оларға «Мына суретте нелер бейнеленген? Суреттегі адамдардың аттары қалай? Олар не істеп жатыр? Олардың әрекеттері дүрыс па?»деген секілді сүрақтар қойып, жауабына дүрыс баға беріп отырғаны жөн.

Өлең-қоғамдық тұрмысты ең шоғырлы түрде бейнелеп беретін, терең идеялық мазмүнға, күшті де нақты сезімге, аса бай бейнелеу қуатына, жанды да бейнелі тілге, белгілі үйқас пен ырғаққа ие ең ықшам әдеби форма.

Оның басты ерекшеліктері мыналар:

  • Өлеңде шындық өмір мен адамдардың көңіл-күй сезімі аса шоғырлы түрде жинақталып бейнеленеді.
  • Өлең аса күшті сезімге және мол көркемдеу амалына сүйеніп, өмірді жинақы да бейнелі бейнелейді, әсіресе, сезім өлеңнің жаны ретінде есептеледі. Сезімнен айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айырылады.
  • Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда тіпті де күшті болады.
  • Өлеңнің мазмұны шындық өмірдің өскелең дәрежедегі ықшам көрінісі болғандықтан, оның тілі ықшам, дәл, анық, бейнелеу қуаты күшті, өлеңдік бояуы қанық, алуан түрлі болуы талап етіледі.
  • Өлеңнің тілі ырғақты, лепті және әуенді болуы талап етіледі. Өлең талабының әуендігі дегенде, біріншіден, өлеңдегі ырғақ ескерілсе, екіншіден, ондағы ұйқас, буын сияқтылар ескерілуі тиіс.

Демек, қазақ өлеңінің құрылысын құрайтын негізгі фактор мыналар: шумақ, тармақ, буын, ырғақ, үйқас.

Бастауыш мектеп оқулығына кіріктірілген мәтіндердің ішінде өлең едәуір салмақты орын алады. Өлеңдерді оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне және қабылдау заңдылығына сай төменгі сыныптар (1-2 сыныптар) кем жоғарырақ сыныптардың (3-4 сыныптар) өлең оқытуына жеке-жеке тоқталуына тура келеді.

Төменгі сыныптарда (1- 2сыныптар):

  1. Мәнерлеп оқу.

Төменгі сыныптарға кіргізілген өлеңдердің көбі балаларға арналған өлең болып, бұл өлеңдер қарапайым және түсінікті, есте сақтауға қолайлы, жатгауға оңай болғандықтан, мәнерлеп оқуға өте лайық келеді. Сонымен бірге өлең мазмүны арқылы мүлтіксіз идеялық тәрбие беруге де болады.

  1. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.

Өлеңде бейнелеу амалдары көп болғандықтан, онда ауыспалы мағыналы және теңеулік көркем сөздер көп болады. Сондықтан оны мүқият түсіндіру, сол арқылы оқушылардың өлең мазмүнын түсінуіне негіз қалау керек.

  1. Өлең тармақтарының мағынасын түсіндіру негізінде шумақтардың мағынасын түсіндіру керек. Ең соңында, өлеңнің өзекті идеясын және онда бейнеленген идеялық сезімді оқушыларға қарапайым, түсінікті тілмен жанды түрде жинақтап беру керек. Мысалы, «Аққу, шортан, шаян» өлеңінде төрт шумақ болып, оның - шумағында аққу, шортан, шаян - үшеуінің бірлесіп жүк тартпақ болғандығы, бірақ үшеуінің үш жаққа немесе үш бағытқа тартқандығы айтылады, бүл шумақты түсіндіргенде, не үшін аққудың аспанға, шаянның жерге, шортанның суға қарай тартқандығын олардың тіршілік ерекшеліктерімен бірлесіп түсіндіру қажет. Екінші шумақта бұл үшеуінің қаншалық қиналса да жүкті орнынан қозғай алмағандығы айтылады. Бұл шумақты түсіндіргенде, оқушыларға «Жүк неліктен орнынан қозғалмады?» деген сүрауды қоя отырып, оны олардың қаншалықты машақат тартқандығы және бар күштерін салып аянбай қимылдағандығын, бірақ сонда да жүктің қозғалмағандығын бейнелейтін , тармақ мазмүндарымен бірлесе отырып, талдап түсіндіру керек.

Үшінші шумақта бір бағытта тартпаған соң, жүктің орнынан қозғалмағандығы айтылады. Бұл шумақта жүктің орнынан қозғалмауындағы басты себеп: ауыр болғандығында да, олардың күш шығармағандығында да емес, қайта бір бағытта тартпағандығы баса айтылады. Түсіндіру барысында міне осы түйінді көрнектелендіру керек.

Төртінші шумақта өлеңдегі автордың негізгі идеялық сезімі, яғни өзекті идеясы негізге алынады. Оқушыларды бүдан ғибрат алуға, бірлік-ынтымақ барлық істе жеңіске жетудің түп кепілі екендігін білуге шақырады. Соңында оқушыларға қарапайым да мызғымас қағиданы, яғни бірлік, ынтымақ - күш, бірлік, ынтымақ - жеңіс деген өзекті идеяны сіңіру керек. «Ырыс қайда барасың?» дегенде, Төле бидің «Ынтымағы мол жерге барамын» деп жауап қатқандығын келтіре кету де артық болмайды.

  1. Оқушылар өлеңнің мазмүны жөнінде бастапқы түсінікке ие болғаннан кейін, олардың түсінігін тереңдету негізінде өлеңді сезіммен оқуға ұйымдастыру керек. Оқушылар өлеңді қанша көп оқыса, өлең мазмүны жөніндегі түсінігі де сонша тереңдейді. Өлеңді сезіммен оқуда жеке және ұжымдық оқу, мазмұны қысқа сүрауларды қойып, жетектей отырып сөйлету, соңында оқытушы қорытындылап беру және қайталап оқыту сияқты әдістерді қолдануға болады. Көп оқу, сезімді оқу, мәнерлеп оқу - өлең оқытудағы оқудың басты түйіні, әрі оқыту нысанасы болып табылады.

Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар):

  1. ) Өлеңнің тақырыбы мен жазылу ерекшелігі жөнінде қысқаша ескерту сипатты түсінік беру керек. Өлеңдердің тақырыбы өте ықшам және бейнелі болатындық-тан, оқушыларға алдын-ала қысқаша түсінік берілсе, олар тақырып арқылы өлеңнің негізгі мазмұн беталысын аңғарып алуына болады.
  2. Оқушылардың өлеңді сезіммен дауыстап, ырғағына келтіре оқуына, мәнерлеп оқуына жетекшілік етуі керек. Алдымен оқытушы өзі өлеңді оқу қағидасы бойынша сезіммен оқып, үлгі көрсетіп, онан соң оқушыларды ашық әуенмен сезіммен, мәнерлеп оқуға машықтандыру керек. Erep тамаша жазылған бір өлеңнің оқылуы нашар болса, онда сол өлеңнің эсер күші элсіреп, тэрбиелік рөлі төмендейді. Өлеңдердің буын саны үқсас болмағандықтан, эрбір өлеңді өз ырғағы бойынша буын санына лайық эуенмен мэнерлеп оқуға тура келеді. Сол үшін оқытушы эр түрлі өлеңнің оқылу эуені жөнінде оқу қағидасын түрақтандырып жэне жаттығып, онан соң өзі үлгі корсете отырып, сезіммен дауыстап оқуға ұйымдастыру керек.
  3. Өлең оқығанда эуенге көңі болу керек. Әуен өлең оқығанда ондағы мазмүнға, бейнеленген идеялық сезімге қарай дауыстың толқындап, кейде күшті, кейде бэсең, кейде жоғары, кейде томен, кейде тез, кейде баяу оқылуына қаратылады. Өлеңді белгілі бір эуенмен оқығанда тыңдаушыларды эсерлендіріп, оқушылардың өлең оқуға қызығушылығын арттыруға болады. Өлеңді эуенмен оқу үшін тілдің (сөздің) қалай қолданылғандығы, ұйқастарының құрылым тэртібі, ырғағы, буын, бунағы, тыныс белгілерінің қойылуы сияқты шарттарды алдын-ала игеріп алу қажет.
  4. Алуан түрлі көрсетпелі үлгі арқылы оқушылардың мэнерлеп оқу өресін жоғарылату керек. Тамаша эуенмен эсерлі оқылған өлеңдерді дыбыс таспасына басып, оқушыларға қайта тыңдату арқылы да өлеңді эуенмен оқуға жаттықтыруға болады.
  5. Түрлі сайыстар арқылы өлең оқуға жаттығу қажет. Мысалы, сыныптар немесе мектеп бойынша мэнерлеп оқу жарыстарын жүргізуге болады.
  6. Өлеңдегі жаңа сөздерді сол шумақтағы беріп тұрған мағынасына негіздеп түсіндіру керек. Жаңа сөздерді түсіндіру талдаудың алдында жүргізіледі жэне жаңа сөздердің мағынасын арнаулы дэптерге жаздырып отыру керек.
  7. Өлең құрылысы, идеялық мазмүны, бейнелеу эдісі жөнінде талдау жасау керек. Талдау жасауда , біріншіден, оқушылардың қабылдау заңдылығы бойынша оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге өту арқылы, алдымен, тармақтар, онан соң шумақтар бойынша түсінуге жетектеу, кеңес беру, талқылау эдісі арқылы өлеңде қандай суреттеулер мен ауыспалы мағыналы сөздер мен жэне жаңа сөздер бар екендігін, оның қандай мағыналы сөздер жэне жаңа сөздер бар екендігін, оның қандай мағынаны бейнелеп тұрғандығын сүрауы керек. Соңында оқытушы дүрыстап, толықтап, тұтас өлеңнің идеялық мазмұнын қорытындылап беруі керек.

Екіншіден, оқытушы жан-жақты мүқият дайындық жасай отырып, басты сөздер мен тармақтарға талдау жасап, кейбір көлемді өлеңдерді бөліктерге бөліп талдауы керек. Төменде мысал ретінде Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңіне талдау жасап көрелік.

Бүл өлең лирикалық өлең болып, жастарды оқуға, өнер-білім іздеуге , жастық шақты ойын-күлкімен бекер өткізіп жібермеуге, ғылымды сүюге, жақсыдан үлгі алып, жаман істен аулақ болып, тэрбиелі, парасатты адам болуға шақырады. Өлең біршама көлемді болғандықтан, оны бейнелеген мазмүнына қарай 6 бөлімге бөліп оқытуға болады.

1 - бөлім ең басты торт тармақ болып, ондағы:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Қүмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.»

Бұл тармақтар арқылы ойнап-күліп, уақытты босқа өткізу адам мақтан ететін іс емес, ғылым үйреніп, қоғамнан басқалармен бірдей орын алуға ғана мақтанарлық, шаттанарлық, ұлағатты іс екендігі айтылады.

  1. - бөлім «бес нәрседен қашық бол» деген тармақтан «бес асыл іс көнсеңіз» деген жерге дейінгі он бір тармақ болып, онда тәрбиелі де, жарамды адам болудың жолыкөрсетіледі. Жастар аулақ болатың өсек, өтірік айту сияқты жаман әдет, мақтаншақтық сынды жаман мінез, еріншектік, еңбек етпей, ішіп-жеп жататын арамтамақтық атап көрсетіліп, бүл жаман әдеттердің жастарды жолдан аздыратын дұшпан екендігі, ал талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты бес асыл қасиетті қалыптастыру қажеттілігі дәріптеледі.
  2. - бөлім «Жамандық көрсең нәфрәтлі» деген тармақтан басталы, «Айтпа ғылым сүйсеңіз» деген тармаққа дейін болып, онда жамандыққа кектену, жақсылықтан ғибрат алу, балалықты тастап, ғылым сапарына аттану, өзін қор санамай, қайта ғалым болуға бел байлау, ғылымды сүйсең, оған берілсең сен де ғылым шыңына шыға аласың деген идеяны дәріптейді, бұл бөлімдегі:

«Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа, ғылым сүйсеңіз.

деген тармақтарға толыққанды тоқталы қажет.

Бұл тармақтар жеке тұрғанда төрт тармақтан құралған бір шумақ болып, кезекті үйқаспен жазылған.

7-8 буынды,екі бунақты өлең, идеялық мазмүн жағынан автордың лирикалық сезімінің ең жоғары кезеңі есептеледі.

  1. - бөлім, «Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Бұл шумақта ғылымды үйренуде жалықпай үйрену, азғантай үйренгендерін қанағат көріп, үздіксіз ізденіп үйренбейтін, үйренсе де, шала-шарпы үйреніп, жанбай жатып сөнетін, дәстүрлі мал шаруашылығына ғана сүйенетін, соны ғана байлық санайтын, нағыз байлық көзі өнер-білім екендігін түсінбейтін надандықты астарлай сын тізіне алады. Сөйтіп, ғылым арқылы бақытқа, байлыққа жетуді дәріптейді.

5-бөлімде білімді адамдардың сөзіне ғана сенуді, надандардың сөзіне сенбеуді, қандай да істі ақылмен ойлап көруді дәріптейді. Бұл «Білгендердің сөзіне» деген тармақтан «ондай түпсіз сөзге ерме» деген жерге дейін 8 тармақты қамтиды.

6-бөлімде соңғы алты тармақ қамтылып онда адам үйренген сайын санасы оянып, көзі ашылады, тез үйреніп, тез жоймай, үйренгенді істету, білімді, ғылымды өз мүлкіне, өз біліміне айналдыру дәріптеледі.

Бұдан сырт мынаны да ескерте кеткен жөн: өлеңдңр сезімнің қалай бейнеленгендігін, атап айтқанда ,жастарға, үрпақтарға қарата автордың қандай сезімде болып отырғандығын және бүл сезім өлеңде қалай бейнеленгендігін, сол өлеңнің тармақтарына бірлестіріп түсіндіру қажет.

Оқушылардың өлең жөнінде түсінігін тереңдету үшін шығармашылық жұмыстың мынандай түрлерін орындауға болады:

  1. Ұйқас үсыну арқылы өлең шығару.
  2. ) Белгілі бір тақарыпта байланысты өлең шығару.
  3. Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару.
  4. Белгілі ақын шығармасына еліктеп өлең жазу.

Бұл оқушылардың сөйлеу тілін, ой-қиялын дамытуға, сөз қадірін білуге, ана тілін ардақтайға тәрбиелейді.

 

Әдебиет:

  1. Қожахметова X. Мәнерлеп оқу. - Алматы: Мектеп. 1982.
  2. Нұрғанова 3. Ертегілер еліне саяхат./ТБастауыш мектеп. №10. 2002. 43-44 б.
  3. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. - Алматы: Қазақ университет!. 1992.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.