Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Тіл - баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Ал сол тілді дамытуда ойынның орны ерекше. Мектепке дейінгі балаларды оқыту - тәрбиелеу жүмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыруда, сонымен қатар, айналасындағы заттарды таныстырып, атын атай білуде, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуде, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасауда - ойын технологиясының маңызы зор.

¥лы педагог А.С. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мумкін де емес. Ойын дүниеге ашылған жарық терезе сияқты. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - үшқын білімге деген қүмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Ойындар арқылы балалардың жан - жақты дамыта отыра, болашақ бейнесін қалаптастыруға болады. Ойын жаттығулары арқылы баланың ойлау қабілеті, сөздік қоры, тіл мәдениеті қалыптасады [1].

Ойын технологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, үлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дүрыс және үғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дүрыс. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Ойын- баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Балабақшаға оқыту - тәрбиелеужүмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізі бір міндеттері болып есептелінеді [2].

сөйлеу қабілеті ойлау қабілеті

фантазиясыақыл-ой қабілеті

Сурет 1. Ойын арқылы баланың төмендегідей қасиеттері дамиды

Әсіресе, ойынның тіл дамытуда орны ерекше.Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдаланудың өзіндік мәні бар. Ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым - қатынастарда сөйлеуі жақсы дами түседі. Топпен біріге жүмыс жасау қабілеттері арта түседі. Балалардың тілдерін дамытуда көптеген өлең - тақпақтар жаттату, ата - анасын қүрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, тілдерін ары қарай дамытып, оқу іс - әрекетіне сай бағдарлама бойынша жаңа технологиялармен жүмыс жүргізген абзал. Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойын технологиясының қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бала ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез - келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар қүрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігі мен тілдік қорының дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын - балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін үстайды. Ал еркіндік дегеніміз - барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен қүлшынысы. Баланың білуге деген қүштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жүмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жүмбақ шешу және қүрастыру, саяхат, ойын сабақтарын үйымдастыру арқылы балалардың сөздік қорларын дамытады. Сөйтіп балатоптағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын үйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады [3].

Ойын технологиясы балаларды оқу жүмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым - қатынас режимдерін, жүппен және топпен жүмысты үйымдастыруға көмектеседі. Ойынның шартты әлемінің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекіту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бір қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетінің эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады [4]. Ол білімді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардың меңгеретін материалдарын өзіндік тәжірибеден өткізуге, оқу процесінде әр түрлілікті және қызығушылықты тудыруға мүмкіндік беретін ойынның екінші жағымды жағы болып табылады. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізі мақсаты - ойын процесінде баланың жан - жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын арқылы тілін дамыту әдістері мазмұнына қарай төртке бөлінеді:

Кесте 2. Ойындардың балаларға әсері

Ойын түрі

Баланың тілін дамытуға әсері

Рөлдік ойындар

Рөлдік ойын арқылы балалар бір -бірімен қарым- қатынасқа түсіп сөйлеседі. Рөлде ойнап түрған бала өзін сол кейіпкерлерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыздың асыл, маржан сөздерін меңгереді. Ойынның осы түрі баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл-ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді.

Драматизациялық ойындар

Бүл ойын түрі балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дүрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп сөйлеуге үлкен эсер етеді.

Ұлтттық ойындар

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, сөз шеберлігін, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Ұшты-ұшты» сияқты ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тэжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз эсерін тигізеді.

Дидактикалық ойындар

Үлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту жүмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ - жауап, баламен сөйлесу, әңгімелесу, көрнекілік, суретпен жұмыс жасау.

Балабақшаларда ойынды тиімді пайдаланса, онда тәрбиеленушілердіңтілін дамытуға, білімге деген құштарлығын дамытуда және қазақ халқының мол мүрасын бойына кішкене кезден сіңіріп, үлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың біртуар ғалым - ағартушылары Абай Қүнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин үлттық ойындардың балаға білім беруде тәрбиелік мәнін, өткен үрпақтың дәстүрі мен тарихын қүрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастар қайнар көзі, тілдік тәрбиенің ажырамас бөлшегі ретінде түжырымдайды. Тіл дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүмыстарының негізі болуға тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді [5].

Көп балалар кейбір «р, л, с, ш» сияқты дыбыстарды айтуға тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш - ойындарды пайдаланудың мәні зор. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дүрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дүрыс айтуға үйренеді. Баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне мән беріп, оларды дүрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап, анық сөйлеуге үйретуді мақсат еткен. Балалардың көбінесе дұрыс айта алмайтын дыбысы «р»- ның орнына «и» немесе «л» дыбыстарын қолданады.

Тілдің жетілуімен бірге балалардың ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті дамиды, жеке заттар жайындағы нақты үғымдарының молаюына және тілдік қабілетінің дамуына қарай өмірінің бірінші жылының соңында-ақ бала алғашқы қорытандыларын жасайды. Алдымен олар заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілеріне негізделеді. Мысалы: «алма» деген сөзді үйренген соң балалар допты да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі кездеседі. өздерінің іс - әрекеттері барысында және үлкендердің үғымдарының ықпалымен қорытындылау қабілеті біртіндеп жетіле түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік белгілері бойынша біріктіріледі. Көптеген іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.

Үш жастан асқан, мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын одан әрі дамытуға:

  1. айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді - келер шақты, өткен шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;
  2. балалардың актив сөзін жетілдіру - сөздікті байыту, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;
  3. сөзді пайдалануды кеңейту — өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға сүрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым- қатынас жасау себептерін ұлғайту;
  4. айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;
  5. қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі жэне т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
  6. сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды - үлкендердің айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;

Жоғарыда айтылғандардың бәрін ойын түрінде жүзгізсе, баланың тілі тез дамып, қалыптасатын еді.

Қорыта келе,ойын баланың барлық жақтарын ашатын, яғни тілін де дамытатын бүкіл жақсы қасиеттерін ашуға көмектесетін, басқа балалармен қарым - қатынас жасаудың бірден - бір қүралы.«Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген қүлқы, қарым - қатынасы, мінез - қүлық көріністері арқылы олар өсіп, есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелер мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,солардың сөйлеу мәнерін қолданып, эмоцияға беріп, әрекет жасайды.Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Мектепке дейінгі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану бағытдағы атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығы белгілі. Мен болашақ тәрбиешімін. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологияларын маңызын айта келіп, менде болашақта балалардың тілін дамытуда осы әдіс бойынша жүргізетін боламын.

 

Әдебиет:

  1. Сагиев Г.Ч. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту // Мектепке дейінгі білім. - 2014. - №3. -Б. 10-11.
  2. Магрупбекова Б.Ш. Мекткепке дейінгі балаларды дамытуда ойын маңызы // Мектепке дейінгі білім. - 2013. - №5. - Б. 7-8.
  3. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана: Фолиант, 2008. - 332 б.
  4. Меңжанова Ә. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы. - 2002. - 205 б.
  5. Ядэшко В.И. Мектеп жасына дейінгі педпгогика. - Алматы: Мектеп, - 2002. - 158 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.