Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сыныпта математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпаратгандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.Жаңа педагогикалық технология - мүғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мүғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге , пікір таластыруға, бір-бірінің ойың тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселенішешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім - әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту - әлемнің түкпір- түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмүнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қогам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

"Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысына ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысына ойлау жобасының әдіс-тәсілдері өқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жүмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіңдегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

Сын тұрғысынан ойлау- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, қүрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек:
  2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рүқсат беру:
  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау:
  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау:
  5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау:
  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету:
  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау:

Ал оқушылардан осыған байланысты:

  • сенімділікпен жүмыс жасау:
  • бар ынтасымен оқуға берілу:
  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу:
  • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет:

Тек сонда ғана олар:

  • мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
  • Осы мазмүннан алған ақпарат менің бүрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
  • Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
  • Маған бүл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты эсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен эдістері бар. Сын тұрғысынан ойлау тэжірибесі болуы үшін мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі оқушылардың ойлауына рүқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерін дүрыс қалыптасуға көмектеу, сын тұрғысынан қарастырылған мэселелердің қүндылығын білдіреді. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дүрыс айтуға, мэселені нақтылы шешуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық оқыту барысында қолданылатын үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.

"Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясын қолдану арқылы оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дэрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы эрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу- үстаз тарапынан, ойлану-шэкірт тарапынан, ойланту- (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап ойлантуға, ізденіс жолына алый келу) ұстаз тарапынан бір шешімге келу- оқушы тарапынан жүзеге асады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Математиканы оқытудың мазмүнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабагында оқушылар өз бетінше жүмыс жасай дағдыларын дамыту, бага жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Математика сабагында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жүмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.

Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден - бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр үстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мүғалім арасындағы қарым - қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 - нен асады.

Қазақстан Республикасының «Білім турлы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық жэне адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жэне кэсіби шыңдауға бағытталған білім жэне тэрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқыту жэне тэрбие берудегі жаңа технологиялар енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымынан мүғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тэжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да эр мүғалім өз іс-эрекетінде қажетті эдіс-тэсілдер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің дамуына үлес қосатын элеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматтар тэрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Бастауыш сыныптарда компьютермен жүмыс істеу тиімді. Технологиялық құралдардың бірі екендігін, оның көмегімен сабақты қызықты, тартымды етіп түрлендіруге болады. Компьютермен өткен сабақ баланың көңіл-күйін көтеріп нашар деген оқушының компьютермен жүмыс істеуде қызығушылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді жэне шеше алмаған жауапты мұғалімнің көмегімен шешуге тырысады. Мүндай сабақтар оқушылардың білімін, мүмкіндігін толығырақ бағалауына жэне оны түсінуге, жаңаша шығармашылық тэсілдермен жұмыс істеуге, ізденуіне сан алуан эдіс тэсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз.

Оқушыларды білім деңгейін арттыру дегеніміз білім сапасының арттыруы. Демек білім сапасы дегеніміз не? В. Панасюк мектептегі білім сапасы - оқу, тәрбиелік, элеуметтік, психикалық жэне дене қабілеттерінің аспектілерінде тұлғаның элеуметтік қажеттіліктерін қанағаттындыратын қасиеттер жиынтығы деген анықтама береді.

Математика сабагында оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім сапасының көтеру мақсатында қазіргі заман талабы шығармашылық мүмкіндіктерді іске асыратын жаңа технологиялардың бірін қолданады. Ол «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы. Дэвид Клустер сыни тұрғыдан ойлау былай деп анықтайды:

  • CTO - бүл өзіндік, жеке ойлау;
  • CTO - сүрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
  • СТО - адам өзіндік шешім табатын және негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;

Сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге тырысу керек:

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту;
  • Ой - толғанысқа белсенді араласу;
  • Білімді игеруге жауапкершілікті арттыру;

Математика сабағында СТО-ның бірнеше стратегияларын қолдануға болады:

«Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «жүпта, топпен, жеке жүмыс», «Кең ауқымды дәріс».

Мысалы, «7 саны мен цифры» тақырыбыен өткенде «Кең ауқымды дәріс» стратегия бойынша элементтерін қолдансақ:

  1. Кезең «Ой қозғау»
  2. қызығушылықты ояту: сұрақтар қойылады.
  3. Сан дегеніміз не? Цифр дегеніміз не?

Тапсырма: - білетін мәліметтер айту;

-жұппен талдау, содан кейін кіші топта;

-топбасшының сөз алуы;

2-кезең Жаңа материалды меңгеру

  1. мағынаны ашу: дәріс бойынша.

Тапсырмалар орындату.

3-кезең. Ой-толғаныс. Осы сабақтан алған ойлары туралы «он минуттық эссе» жазады, немесе сабақтың қорыту кезеңі өтеді.

Математика пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологисының тиімділігі

-белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

  • мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
  • бір-біріне құрметпен қарауға;
  • бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
  • өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
  • өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
  • өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
  • достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге дағдыланады;
  • -өзіне деген сенім артаы, оқу просесіне белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы артады.

Қорытындылай келе, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары оқушылардың танымдық-шығармашылық ойларын дамытуда тиімді әдісінің бірі.

 

Әдебиет:

  1. 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
  2. 2. Ибраева С. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту // Информатика. Физика. Математика. -2001. -№4. -12 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.