Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының тұрақты дамуын кешендік бағалау және болжау

Аңдатпа

Мақсаты: Мақаланың мақсаты ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының ұйымдастырушылық-экономикалық әлеуетін арттыру бойынша теориялық-әдістемелік негіздерді зерттеу және ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Сонымен қатар Қарағанды облысының ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын болжай отыра, көптік регрессия моделін әзірлеу.

Әдісі: Зерттеудің әдіснамалық базасы абстрактілі-логикалық, статистикалық, сараптамалық, салыстырма- лы және құрылымдық әдістер болып табылады. Зерттеудің теориялық негізі ауылдық аумақтарды, агроөнеркәсіптік кешенді және жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрақты дамыту саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілері.

Қорытынды: Жүргізілген әдістер негізінде ауылдық аумақтардағы еңбек қатынастарын басқару қазіргі таңда стратегиялық бағыттардың басты бөлігі болып табылады, яғни шаруашылықаралық секторларды тиімді басқаруда, шаруашылық субъектілер арасындағы өндірістік және әлеуметтік-экономикалық байланыстардың тиімді жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылық қызметкерлер бүгінгі таңда жер және өндіріс құралдарына деген құқықтық қатынасқа толық иелік етуде, нәтижесінде экономикалық өнім сатуға мүмкіндік алған. Аталған мәселе шаруашылықаралық өндірістік экономикалық қатынастардың дамуына әсерін тигізеді.

Тұжырымдама: Даму деңгейі төмен ауылдық аумақтар, әдетте, инвестициялар тарту мүмкіндіктері аз, ал әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні экономикалық әлеуеттің жоғары деңгейін анықтайды. Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, ауылдық аумақтардың экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін (бюджет тұрақтылығының көрсеткіштері, өндірістік әлеуетінің көрсеткіштері және инвестициялық әлеуетінің көрсеткіштері) қалыптастыруға болады. Әзірленген көрсеткіштер жүйесі статистикалық және жедел ақпаратты талдау негізінде ауылдық аумақтардың өндірістік және инвестициялық әлеуетін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізудің тиімділігін бағалауға, аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған мақсатты бюджеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Кіріспе

Кез келген аумақты басқару міндеттерінің бірі халықтың өмір сүру сапасын арттыру болып та- былады. Жергілікті билік органдары ұсынатын қызметтердің сапасы мен саны аумақтың мүмкіндіктеріне және халықтың қажеттіліктеріне байланысты. Сонымен қатар, біздің елімізде қалалық және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі тепе-теңсіздік ауылдағы басқару шешімдерінің ерекше маңыздылығын алдын ала анықтайды.

Осыған орай, біз зерттеу мақсатында Қарағанды облысының барлық аумағын үш топқа бөлуді орынды деп санаймыз:

  • біртекті қалалық аумақтар;
  • қала халқы мен ауыл халқы бар біртекті емес аумақтар;
  • біртекті ауылдық аумақтар (кесте 1).

Кесте мәліметтері көрсеткендей Қарағанды облысында біртекті ауылдық аумақтарға жататын 7 аудан бар: Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров, Ұлытау және Шет. Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының тұрақты даму деңгейлерін анықтау үшін тек осы аудандар ғана қарастырылады.

Кесте 1. 2018 жылғы Қарағанды облысының қалалары мен аудандары бойынша халық саны

Елді мекендер

Барлығы, адам

Оның ішінде, адам

қала халқы

ауыл халқы

Қарағанды облысы

1 379 262

1 098 156

281 106

Біртекті қалалық аумақтар

Балқаш қаласы

79 092

79 092

-

Қаражал қаласы

18 477

18 477

-

Приозерк қаласы

13 308

13 308

-

Саран қаласы

52 001

52 001

-

Теміртау қаласы

186 250

186 250

-

Шахтинск қаласы

57 106

57 106

-

Қала халқы мен ауыл халқы бар бі

ртекті емес аумақтар

Қарағанды қаласы

499 101

498 907

194

Жезқазған қаласы

91 497

87 101

4 396

Сәтбаев қаласы

69 650

69 490

160

Абай ауданы

58 602

28 261

30 341

Қарқаралы ауданы

36 047

8 193

27 854

Біртекті ауылдық аумақтар

Ақтоғай ауданы

17 472

-

17 472

Бұқар жырау ауданы

57 102

-

57 102

Жаңаарқа ауданы

34 294

-

34 294

Нұра ауданы

22 639

-

22 639

Осакаров ауданы

31 279

-

31 279

Ұлытау ауданы

12 886

-

12 886

Шет ауданы

42 489

-

42 489

Ескерту — stat.gov.kz платформасы көрсеткіштерінің деректері бойынша автормен жасақталған

Бірінші кезекте ауылдың экономикалық әлеуетінен тұратын ауылдық аумақтардың тұрақты даму мүмкіндіктері мен келешектерін бағалау қажет. Қаржы ресурстарының болуы ауылдық аумақтарда айтарлықтай бюджеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді, ол арқылы ауданның әлеуметтік үдерістеріне тиімді әсер етеді. Осылайша, ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту келешегін бағалау үшін жергілікті бюджеттер кірістерінің жай-күйін талдау қажет.

Жергілікті бюджет түсімдері өзіндік кірістерден (салықтық түсімдерден, салықтық емес түсімдерден және негізгі капиталды сату түсімдерінен) және алынатын трансферттерден құралады (кесте 2).

Алынған нәтижелер ауылдық аудандар түсімдерінің құрылымындағы бюджет жүйесінің жоғары тұрған деңгейлерінің бюджеттерінен алынатын трансферттердің басты рөлінің куәсі болып табылады. Әсіресе Нұра және Осакаров аудандарының алынатын трансферттерден тәуелділігін (75 %–дан ас- там) атап өткен жөн. Осылайша, зерттелетін кезең бойы бюджеттің 50 %–дан астамын бюджетаралық трансферттер есебінен қалыптастырды. Ұлытау ауданы бұған 83 %–дан астам өз кірістеріне тиесілі болды.

Кесте 2. Қарағанды облысы ауылдық аудандарының бюджеттерінің түсімдерінің құрылымы

Аудандар

Жылдар

Өзіндік кі

рістер

Алынатын трансферттер

Барлық түсімдер

млн.теңге

үлесі (%)

млн.теңге

үлесі (%)

млн.теңге

1

2

3

4

5

6

7

Ақтоғай ауданы

2015

1165,0

43,83

1492,8

56,17

2657,8

2016

1336,9

40,52

1962,8

59,48

3299,7

2017

1466,9

32,11

3101,7

67,89

4568,6

Бұқар жырау ауданы

2015

1903,2

33,17

3834,6

66,83

5737,8

2016

1953,9

28,84

4821,1

71,16

6775,0

2017

1803,6

24,33

5609,5

75,67

7413,1

Жаңаарқа ауданы

2015

931,2

30,06

2166,4

69,94

3097,6

2016

1045,5

31,03

2323,5

68,97

3369,0

2017

1021,7

21,60

3707,8

78,40

4729,5

Нұра ауданы

2015

566,8

18,53

2491,9

81,47

3058,7

2016

924,3

23,95

2935,3

76,05

3859,6

2017

1018,3

22,87

3433,3

77,13

4451,6

1

2

3

4

5

6

7

Осакаров ауданы

2015

772,1

23,96

2450,6

76,04

3222,7

2016

881,4

25,25

2609,4

74,75

3490,8

2017

900,7

17,44

4262,7

82,56

5163,4

Ұлытау ауданы

2015

2873,6

91,27

274,9

8,73

3148,6

2016

3411,8

82,94

701,9

17,06

4113,8

2017

5265,5

93,40

372,3

6,60

5637,8

Шет ауданы

2015

1957,9

48,33

2092,9

51,67

4050,8

2016

2195,1

41,62

3078,6

58,38

5273,7

2017

2328,7

34,65

4391,4

65,35

6720,1

Ескерту — stat.gov.kz платформасы көрсеткіштерінің деректері бойынша автормен жасақталған

Қаржы ресурстарының жетіспеушілігі, әрине, аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктеріне әсер етеді. Сонымен бірге жеткілікті салық әлеуетінің болуы аумақ экономикасына тапшылықтың теріс әсерін нивелизациялауы мүмкін. Ағымдағы шығыстарды өз кірістерімен қамтамасыз ету қабілеті ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына алғышарттардың болуы және бюджеттік орнықтылықтың қалыпты болуын көрсетуі мүмкін.

Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының ұйымдастырушылық-экономикалық әлеуетін

қарастыру мынадай қорытындыларға әкелді:

– біздің елімізде қалалық және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде қалыптасқан сәйкессіздік ауылда басқару шешімдерінің ерекше маңыздылығын алдын ала анықтайды. Осыған орай, біз зерттеу мақсатында Қарағанды облысының барлық аумағын үш топқа бөлуді орынды деп санаймыз: біртекті қалалық аумақтар; қала халқы мен ауыл халқы бар біртекті емес аумақтар; біртекті ауылдық аумақтар. Қарағанды облысында біртекті ауылдық аумақтарға жата- тын 7 аудан бар: Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров, Ұлытау және Шет. Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының тұрақты даму деңгейлерін анықтау үшін тек осы аудандар ғана қарастырылды;

– облыста орналасқан біртекті ауылдық аумақтардың ауданы 37496,0 мың гектарды жерді алып жатыр, оның ішінде тек 31,77 % ғана ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады. Біртекті ауылдық аумақтарда 315 ауылдық елді мекендер бар және олар негізінен Бұқар жырау (67), Шет (61) пен Осакаров (52) аудандарында шоғырланған. Облыс орталығына Бұқар жырау ауданы (60 км) жақын орналасса, ал Ұлытау ауданы (700 км) ең алыстағы елді мекен. Қарағанды облысы ауылдық аумақтарында 2520 км республикалық деңгейдегі жолдардың және 6183,3 км жергілікті жолдардың барлығын көрсетіп тұр. Республикалық және жергілікті жолдардың ішінде әлі де тас жол мен жер жолдарының басымдылығы жоғары. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 75,5 % құрады. Энергетикалық жабдықтар мен инженерлік желілердің жай-күйі айтарлықтай тозуымен сипатталады (60 %–дан 70 %–ға дейін);

– ауылдық аумақтардың барлығында халық санының кемуі байқалады. Есептік кезеңде тек Жаңаарқа ауданында ғана халық саны (103,36 %) өскен және бұл өз кезегінде жұмыс күшінің (107,88 %) көбеюіне әкелді. 2017 жылы 2013 жылмен салыстырғанда қосымша жұмыс орындары Ақтоғай, Жаңаарқа және Осакаров аудандарында ашылған, ал басқа аудандарда олардың кемуі байқалады. Қарағанды облысының Нұра ауданынан басқа аудандарда жұмыскерлер мен қызметкерлердің жалақысы облыстық орташа айлық жалақы деңгейіне жетпейді. Ең төменгі жалақы Ұлытау ауданында (87214 теңге), ал ең жоғары жалақы Нұра ауданында (138633 теңге) белгіленген;

– негізгі капиталға салынған инвестициялардың Ұлытау және Нұра аудандарында біршама төмендегенін көрсетеді. Облысымыздың басқа аудандарында негізгі капиталға салынған инвестиция- лар 1,32–1,67 есе өскен. Инвестициялар құрылымында ең үлкен көлем өнеркәсіпке (61,2 %), жылжы- майтын мүлікпен операцияларға (13,7 %), ауыл шаруашылығына (2,7 %), көтерме және бөлшек саудаға (3 %), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге (2,4 %), білім беруге (1,5 %) бағытталған. Қарағанды облысының ауылдық аумақтарда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын көбейтуге мүмкіндік бар, себебі облыстың ауыл шаруашылығына бағытталған жерінің 84,93 % жайылымы жерлеріне жатады. Өсімдік шаруашылығының дамуы бойынша Осакаров (64,90 %) және Нұра (47,02 %) аудандары көш басында, ал қалған аудандарда бұл шаруашылық кенже дамыған. Мал шаруашылығы Жаңаарқа (70,98 %), Ұлытау (69,71 %) және Шет (67,98 %) аудандарында өте жақсы дамыған;

– ауылдық аумақтардың бюджетінің 50–80 % аралығындағы шығыстары әлеуметтік-мәдени шараларға арналған. Осы шығындар нарық шаруашылығына тән болатын әлеуметтік топтардың жіктелу зардаптарын жеңілдетуді, әл-ауқаты төмен топтардың лайықты білім алуын және мәдени қызметтермен қамтамасыз етілуін көздейді. Жергілікті бюджет түсімдері өзіндік кірістерден (салық түсімдерден, салықтық емес түсімдерден және негізгі капиталды сату түсімдерінен) және алынатын трансферттерден құралады. Алынған нәтижелер ауылдық аудандар түсімдерінің құрылымындағы бюджет жүйесінің жоғары тұрған деңгейлерінің бюджеттерінен алынатын трансферттердің басты рөлінің куәсі болып табылады. Әсіресе Нұра және Осакаров аудандарының алынатын трансферттер- ден тәуелділігін (75 %-дан астам) атап өткен жөн. Осылайша, зерттелетін кезең бойы бюджеттің 50 %-дан астамын бюджетаралық трансферттер есебінен қалыптастырды. Ұлытау ауданы бұған 83 %- дан астам өз кірістеріне тиесілі болды. Қаржы ресурстарының жетіспеушілігі, әрине, аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктеріне кері әсер етеді.

Әдебиеттерге шолу

Ауылдық аумақтарды дамыту үрдісін талдау және болжау үшін көптік регрессия моделін әзірлеу өзекті мәселенің бірі.

Көптік регрессияның негізгі мақсаты — зерттелетін көрсеткішке әсер ететін факторлар арқылы, осы көрсеткіш пен факторлардың математикалық байланысын, яғни моделін құру. Сонымен қатар, модельденетін көрсеткішке әрбір фактордың жеке және олардың барлығының біртұтас әсерін анықтау. Көпмүшелі регрессия әдісімен тәуелділікті зерттеген кезде есеп жұптық регрессия құру әдістемесі сияқты жүргізіледі (Tireuov, 2011). Сонымен, нәтижелік көрсеткішті Y-пен белгілеп, ал факторларды f деп белгілеп, олардың байланыстарының аналитикалық өрнегін анықтау керек, яғни мына функцияны табу қажет:

Y  f (x1x2,, xk)

(1)

Көптік регрессия моделін құру алгоритмінің негізгі кезеңдері мынадай:

  1. көп мүшелі корреляциялық-регрессиялық талдау;
  2. белгілер арасындағы байланыс тығыздығын өлшеу;
  3. модельге енетін факторлық белгілерді таңдау;
  4. байланыстардың белгісіз себептерін талқылау және анықтау;
  5. регрессия теңдеуінің түрін анықтау;
  6. регрессиялық модельдің параметрлерін бағалау;
  7. байланыс параметрлерінің мәнділігін тексеру;
  8. байланыс параметрлерін аралық бағалау (Rakhmetova, 2011).

Көптік регрессия теңдеуі әрбір фактордың нәтижелік көрсеткішке байланысының ерекшелігіне қарай құрылады. Осыған байланысты көптік регрессия теңдеуін құру барысында бірінші кезекте факторларды іріктейді, содан кейін регрессия теңдеуінің формасы таңдалады.

Көптік регрессиялық модельдерді тұрғызғанда факторларды таңдап алу маңызды мәселе болып табылады. Ол статистикалық және математикалық критерийлерді қолданып, әлеуметтік- экономикалық құбылыстарды сандық және сапалық талдау негізінде жүргізіледі.

Көпфакторлы регрессия теңдеуіне енгізілетін факторларға мынадай талаптар қойылады: (Emelina, 2017)

  1. міндетті түрде олардың сандық мәні болуға тиіс. Егер модельге сандық өлшемі жоқ, сапалық фактор енгізілсе, онда оған сандық анықтама беру қажет;
  2. әрбір фактор нәтижелік көрсеткішпен мейлінше тығыз байланыста болуы тиімді, яғни фактор мен нәтижелік көрсеткіштің арасындағы жекешеленген корреляция коэффициенті нөлден айтарлықтай өзгеше болуы қажет;
  3. факторлар бір-бірімен тығыз корреляциялық байланыста болмауы қажет.

Модельденетін көрсеткіштің басқа экономикалық құбылыстармен өзара байланыстылығы туралы нақтылы мағлұматтарды ескере отырып, біздің ойымызша мынадай факторларды таңдап алуға болады:

  1. Y — кезең соңына халық саны;
  2. X1 — өнеркәсіптік өнім (тауар, қызмет) өндірісінің көлемі;
  3. X2 — ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы;
  4. X3 — негізгі капиталға салынған инвестициялар;
  5. X4 — орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;
  6. X5 — бөлшек тауар айналымы.

Алынған модель арқылы біз ауыл халқы санының өсуіне немесе кемуіне қандай факторлар күшті және әлсіз әсер ететін анықтауға мүмкіндігіміз болады. Осы әдістерді пайдалану болашақта ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының оңтайлы құрылымын таңдауға көмектеседі.

Корреляциялық-регрессиялық модельдерді құру ауылдық аумақтар деңгейінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын білдіретін сандық көрсеткіштерді тиімді айқындауға көмектеседі. Статистикалық модельдеу әдістерін қолдану негізінде кешенді экономикалық- математикалық талдау өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту резервтерін анықтауға және ауылдық аумақтарды дамытудың келешек жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері

Біз бұл гипотезаны көптік регрессия моделін құру арқылы зерттеуді шештік. Оның көмегімен зерттеуші модельденетін көрсеткішке әрбір фактордың жеке және олардың барлығының біртұтас әсерін анықтауға мүмкіндік алады.

Ауылдық аумақтардың экономикалық дамуын анықтау бюджет тұрақтылығының көрсеткіштерін, өндірістік әлеуетінің көрсеткіштерін және инвестициялық әлеуетінің көрсеткіштерін қолданамыз. Жұмыста көрсетілген көрсеткіштер ауылдық аумақтардың дамуын кешенді бағалауға мүмкіндік береді.

IR = SUM Ri, (2)

мұнда IR — ауыл аумағының рейтингі;

Ri — жеке индекстер бойынша ауылдық аумақтың балы.

Ауылдық аумақтардың тұрақтылығы деңгейінің алынған интегралдық көрсеткіші 0-ден N-ге дейін өзгеруі мүмкін, мұнда N-әдістемеде пайдаланылатын көрсеткіштер саны. Барлық көрсеткіштерді бағалау кезінде алынған балдардың сомасы ауылдық аумақтың даму деңгейін сипаттайды. Жиынтық балл бойынша барлық ауылдық аумақтарды топтарға бөлуге болады (кесте 3).

Кесте 3. Ауылдық аумақтардың экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

Коэффициент белгісі

Көрсеткіш атауы

Есептеу тәртібі

Сипаттамасы

Бюджет тұрақтылығының көрсеткіштері

Кбқ

Халықтың бюджетпен қам- тылуының коэффициенті

Бюджет шығындарының халық санына қатынасы

Бір тұрғынға тиесілі бюджет шығындарының көлемін көрсе- теді

Кбн

Бюджет нәтижелігінің коэф- фициенті

Бюджеттің өзіндік кірісте- рінің халық санына қаты- насы

Бір тұрғынға тиесілі бюджеттің өзіндік кірістерінің маңыздылы- ғын анықтайды

Өндірістік әлеуетінің көрсеткіштері

Көн

Өнеркәсіптік өнім өндірісі- нің нәтижелігінің коэффи- циенті

Өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемінің халық санына қатынасы

Ауылдық аумақтың өнеркәсіп- тік өнім өндірісін дамыту мүм- кіндігін ашады

Каш

Ауыл шаруашылығы өнім- дерінің нәтижелігінің коэф- фициенті

Ауыл шаруашылығы өнім- дері көлемінің халық са- нына қатынасы

Ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің ауыл аумағының да- муына әсерін анықтайды

Инвестициялық әлеуетінің көрсеткіштері

   

Кин

Адам басына шаққандағы инвестиция деңгейінің коэф- фициенті

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың халық санына қатынасы

Ауылдық аумақтың инвести- циялық белсенділігін көрсетеді

Кқж

Құрылыс жұмыстарының нәтижелігінің коэффициенті

Құрылыс жұмыстары кө- лемінің халық санына қа- тынасы

Ауылдық аумақтағы құрылыс жұмыстарының тиімділігін көр- сетеді

Кбт

Бөлшек тауар айналымының нәтижелігінің коэффициенті

Бөлшек тауар айналымы- ның халық санына қатына- сы

Халықтың өз қажеттіліктерін қа- нағаттандыру үшін тауар сатып алу мүмкіндіктерін көрсетеді

Ескерту –Автормен әзірленген

Кешенді бағалауды жүргізу үшін Қарағанды облысы ауылдық аудандарының ағымдық көрсеткіштерін қолдануға болады. Сондықтан 2017 жылғы мәліметтерді қолдана отырып, экономикалық даму көрсеткіштерін анықтауға болады.

Қарағанды облысының біртекті ауылдық аумақтарын бағалауды мынадай бағыттар бойынша жүргізу ұсынылады:

  • бюджет шығындарының халық санына қатынасы;
  • бюджеттің өзіндік кірістерінің халық санына қатынасы;
  • өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемінің халық санына қатынасы;
  • ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің халық санына қатынасы;
  • негізгі капиталға салынған инвестициялардың халық санына қатынасы;
  • құрылыс жұмыстары көлемінің халық санына қатынасы;
  • бөлшек тауар айналымының халық санына қатынасы.

Бюджет тұрақтылығының көрсеткіштерін анықтау үшін халықтың бюджетпен қамтылуының коэффициенті және бюджет нәтижелігінің коэффициенті анықталады (кесте 4).

Кесте 4. Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының бюджет тұрақтылығының көрсеткіштерін анықтау есебі

Аудандар

Халықтың бюджетпен қамтылуы

Бюджет нәтижелігі

Ri1

Орын

Кбқ

Ri1.1

Кбн

Ri1.2

Ақтоғай

262,56

0,60

84,30

0,21

0,81

2

Бұқар жырау

129,60

0,30

31,53

0,08

0,38

7

Жаңаарқа

139,93

0,32

30,23

0,07

0,39

6

Нұра

195,25

0,45

44,66

0,11

0,56

3

Осакаров

163,40

0,37

28,50

0,07

0,44

5

Ұлытау

437,04

1,00

408,18

1,00

2

1

Шет

158,12

0,36

54,79

0,13

0,49

4

Ескерту –Автормен әзірленген

Халықтың бюджетпен қамтылуының халықтың жан басына шаққандағы индексі бойынша 2 ауылдық аумақ бойынша орташа деңгейден асып түсті. Бұл дегеніміз, Ұлытау және Ақтоғай аудандарының бюджеттері азаматтарды қаржымен қамтуда басты орындарды алады. Халықтың бюджетпен қамтылуының халықтың жан басына шаққандағы индекс бойынша ең аз мәндерді Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандары көрсетіп тұр. Бюджет нәтижелігінің индексі бойынша Ұлытау ау- даны көш бастап тұр, ал Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандары көштің соңында.

Өндірістік әлеуетінің көрсеткіштерін есептеу үшін өнеркәсіптік өнім өндірісінің нәтижелігінің коэффициенті және ауыл шаруашылығы өнімдерінің нәтижелігінің коэффициентін анықтау қажет (кесте 5).

Кесте 5. Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының өндірістік әлеуетінің көрсеткіштерін есептеу

Аудандар

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің нәтижелігі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нәтижелігі

Ri2

Орын

Көн

Ri2.1

Каш

Ri2.1

Ақтоғай

2457,17

0,67

848,06

0,77

1,44

2

Бұқар жырау

666,64

0,18

667,55

0,61

0,79

6

Жаңаарқа

124,65

0,03

608,73

0,55

0,58

7

Нұра

3654,97

1,00

1088,31

0,99

1,99

1

Осакаров

890,97

0,24

883,77

0,80

1,04

3

Ұлытау

88,29

0,02

1099,43

1,00

1,02

4

Шет

1121,64

0,31

703,07

0,64

0,95

5

Ескерту –Автормен әзірленген

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің нәтижелігінің индексі бойынша Нұра және Ақтоғай аудандары көш бастап тұр. Индекстің ең төменгі мәні Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында тіркелген. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нәтижелігінің жоғары индексі Ұлытау ауданына тиесілі. Дегенмен, басқа ауылдық аумақтардың (Нұра, Осакаров, Ақтоғай және Шет аудандары) көрсеткіштері Ұлытау ауданының көрсеткішіне өте жақын.

Инвестициялық әлеуетінің көрсеткіштерін есептеу үшін адам басына шаққандағы инвестиция деңгейінің коэффициентін, құрылыс жұмыстарының нәтижелігінің коэффициентін және бөлшек тау- ар айналымының нәтижелігінің коэффициентін анықтауымыз керек (кесте 6).

Кесте 6. Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының инвестициялық әлеуетінің көрсеткіштерін есептеу

Аудандар

Адам басына шаққандағы инвестиция деңгейі

Құрылыс жұмыстарының нәтижелігі

Бөлшек тауар айналымының нәтижелігі

Ri3

Орын

Кин

Ri3.1

Кқж

Ri3.2

Кбт

Ri3.3

Ақтоғай

376,43

0,45

381,01

1,00

58,55

0,42

1,87

2

Бұқар жырау

526,42

0,63

176,58

0,46

38,19

0,28

1,37

4

Жаңаарқа

342,18

0,41

232,78

0,61

47,71

0,34

1,36

5

Нұра

841,44

1,00

269,52

0,71

61,54

0,44

2,15

1

Осакаров

215,92

0,26

105,39

0,28

138,46

1,00

1,54

3

Ұлытау

224,36

0,27

208,68

0,55

23,99

0,17

0,99

7

Шет

491,94

0,58

123,84

0,33

44,04

0,32

1,23

6

Ескерту –Автормен әзірленген

Адам басына шаққандағы инвестиция деңгейі Нұра, Бұқар жырау және Шет аудандарында тіркелген. Құрылыс жұмыстарының нәтижелігінің ең жоғарғы индексі Осакаров ауданына тиесілі. Қалған аудандарда бұл индекс орташа мәнге ие. Бір адамға шаққандағы бөлшек сауда айналымының индексі бойынша (ең жоғары деңгей — 1, Осакаров ауданында алынған; ал ең төменгі деңгей — 0,17, Ұлытау ауданында) арақашықтық бес есе шамасында болып отыр. Қалған барлық ауылдық аумақтардағы индекс деңгейі орташа деңгейінен аспаған.

Осылайша, экономикалық көрсеткіштердің үш бөлігінің деректерін пайдалана отырып, Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының жиынтық балын есептеуге болады (кесте 7).

Жалпы жиынтық индекс арқылы ауылдық аумақтардың алатын орны мен даму деңгейін былайша анықтауды ұсынамыз:

  • жоғары деңгей — 6–7 балл;
  • орташа деңгей — 3–5 балл;
  • төменгі деңгей — 3 балға дейін.

Кесте 7. Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының жинақталған индексінің есебі

Аудандар

Ri1

Ri2

Ri2

IR

Орын

Даму деңгейі

Ақтоғай

0,81

1,44

1,87

4,12

2

Орташа

Бұқар жырау

0,38

0,79

1,37

2,54

6

Төмен

Жаңаарқа

0,39

0,58

1,36

2,33

7

Төмен

Нұра

0,56

1,99

2,15

4,7

1

Орташа

Осакаров

0,44

1,04

1,54

3,02

4

Орташа

Ұлытау

2

1,02

0,99

4,01

3

Орташа

Шет

0,49

0,95

1,23

2,67

5

Төмен

Ескерту –Автормен әзірленген

Кесте мәліметтері көрсеткендей ауылдық аумақтардың дамуының ешқайсысы жоғары деңгейге жетпеген. Орташа деңгейдегі мәнді 4 ауылдық аумақтар (Нұра, Ақтоғай, Ұлытау және Осакаров аудандары), ал төменгі деңгейдегі мәнді 3 ауылдық аумақтар (Шет, Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандары) алған.

Корреляциялық-регрессиялық талдау әдісіне 7 ауылдық аймақтардың негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері алынған. Оған Ақтоғай ауданы, Бұқар жырау ауданы, Жаңаарқа ауданы, Нұра ауданы, Осакаров ауданы, Ұлытау ауданы және Шет ауданы кіреді. Статистикалық деректер соңғы 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін дейінгі аралықты қамтиды.

Модельденетін көрсеткіштің басқа экономикалық құбылыстармен өзара байланыстылығы туралы нақтылы мағлұматтарды ескере отырып, мынадай факторларды таңдап алынды:

  • Y — кезең соңына халық саны;
  • X1 — өнеркәсіптік өнім (тауар, қызмет) өндірісінің көлемі;

ECONOMY Series. № 2(106)/2022

245

246

Вестник Карагандинского университета

ECONOMY Series. № 2(106)/2022 247

Қарағанды облысы ауылдық...

Кесте 9. Қарағанды облысы ауылдық аумақтары бойынша халық санының болжам мәні

Жылдар

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

мың адам

У фактілі мәндер

229,9

228,4

227,4

224,0

222,2

218,2

         

Y теориялық мәндер

229,7198

228,363

227,3773

223,9809

222,1817

219,2293

217,4809

215,6672

213,7156

212,0047

210,3085

   

Болжам мәндері

Ескерту — Автормен әзірленген

Талқылау

Стандартталынған теңдеудің коэффициенттерін ty, tx арқылы тексеру мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

  • Ақтоғай ауданы бойынша халық санының өзгерісіне X1 және X2 факторларының, яғни өнеркәсіптік өнім мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің әсері көбірек;
  • Бұқар жырау ауданы бойынша халық санының өзгерісіне Х5, X1 және X2 факторларының, яғни бөлшек тауар айналымы, өнеркәсіптік өнім мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің әсері көбірек;
  • Жаңаарқа ауданы бойынша халық санының өзгерісіне X1, X5, X2 және Х3 факторларының, яғни өнеркәсіптік өнім, бөлшек тауар айналымы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің және негізгі капиталға салынған инвестициялар әсері көбірек;
  • Нұра ауданы бойынша халық санының өзгерісіне X2, X1 және X3 факторларының, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өнеркәсіптік өнім, негізгі капиталға салынған инвестициялар әсері көбірек;
  • Осакаров ауданы бойынша халық санының өзгерісіне X3 және X4 факторларының, яғни негізгі капиталға салынған инвестициялар және орындалған құрылыс жұмыстарының әсері көбірек;
  • Ұлытау ауданы бойынша халық санының өзгерісіне X5, X3 және X1 факторларының, яғни бөлшек тауар айналымы, негізгі капиталға салынған инвестициялар және өнеркәсіптік өнімінің әсері көбірек;
  • Шет ауданы бойынша халық санының өзгерісіне X5, X2 және X1 факторларының, яғни бөлшек тауар айналымы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің және өнеркәсіптік өнімінің әсері көбірек;
  • Жалпы Қарағанды облысының ауылдық аудандары бойынша халық санының өзгерісіне X2 және X4 факторларының, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерінің және орындалған құрылыс жұмыстарының әсері көбірек.

Сонымен қатар, корреляциялық-регрессиялық талдау әдісіне сүйене отырып, Қарағанды облысы ауылдық аумақтары бойынша халық санының 2019–2023 жылдар аралығындағы болжамы жасалды. Ауыл халқының жыл сайынғы кемуі байқалады. Сондықтан ауылдық аумақтарды тиімді дамыту үшін оның экономикасын әртараптандырудың басым бағыттары мен құралдарын барынша ұтымды қолдану қажет.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын кешендік бағалау және болжау барысында мынадай нәтижелер алынды:

  • Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының жиынтық балын анықтау үшін бюджет тұрақтылығының көрсеткіштері, өндірістік әлеуетінің көрсеткіштері және инвестициялық әлеуетінің көрсеткіштері есептелді. Кешенді бағалау мәліметтері көрсеткендей, Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының ешқайсысы жоғары деңгейде дамымаған. Орташа деңгейдегі мәнге 4 ауылдық аумақтар (Нұра, Ақтоғай, Ұлытау және Осакаров аудандары), ал төменгі деңгейдегі мәнге 3 ауылдық аумақтар (Шет, Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандары) ие. Бұл ауылдық аумақтарда мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан өндірістік және инвестициялық саясаттың тиімсіздігін көрсетті, сондықтан мемлекет аумақтарды тұрақты дамытуға арнайы бағытталған ынталандыру шараларын атқаруы қажет;

– 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін дейінгі аралықты қамтыған статистикалық деректерді қолдана отырып, Қарағанды облысының 7 ауылдық аймақтарына корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде әрбір ауылдық аумақтардың жекелеген модельдері және облыстың жалпы моделі әзірленді. Жалпы Қарағанды облысының ауылдық аудандары бойынша халық санының өзгерісіне X2 және X4 факторларының, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерінің және орындалған құрылыс жұмыстарының әсері көбірек. Корреляциялық-регрессиялық талдау әдісіне сүйене отырып, Қарағанды облысы ауылдық аумақтары бойынша халық санының 2019–2023 жылдар аралығындағы болжамы жасалды. Ауыл халқының жыл сайынғы кемуі байқалады. Сондықтан ауылдық аумақтарды тиімді дамыту үшін, оның экономикасын әртараптандырудың басым бағыттары мен құралдарын барынша ұтымды қолдану керек.

Қорытынды

Ауылдық аумақтарды дамыту үрдісін талдау және болжау үшін көптік регрессия моделін әзірлеу өзекті мәселенің бірі. Модельденетін көрсеткіштің басқа экономикалық құбылыстармен өзара байланыстылығы туралы нақтылы мағлұматтарды ескере отырып, біздің ойымызша, мынадай факторларды таңдап алуға болады: Y — кезең соңына халық саны; X1 — өнеркәсіптік өнім (тауар, қызмет) өндірісінің көлемі; X2 — ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы; X3 — негізгі капиталға салынған инвестициялар; X4 — орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі; X5 — бөлшек тауар айналымы. Алынған модель арқылы ауыл халқы санының өсуіне немесе кемуіне қандай факторлар күшті және әлсіз әсер ететінін анықтауға, сонымен қатар болашақта ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының оңтайлы құрылымын таңдауға болады. 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін дейінгі аралықты қамтыған статистикалық деректерді қолдана отырып, Қарағанды облысының 7 ауылдық аймақтарына корреляциялық- регрессиялық талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде әрбір ауылдық аумақтардың жекелеген модельдері және облыстың жалпы моделі әзірленді. Жалпы Қарағанды облысының ауылдық аудандары бойынша халық санының өзгерісіне X2 және X4 факторларының, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерінің және орындалған құрылыс жұмыстарының әсері көбірек. Корреляциялық- регрессиялық талдау әдісіне сүйене отырып, Қарағанды облысы ауылдық аумақтары бойынша халық санының 2019–2023 жылдар аралығындағы болжамы жасалды. Ауыл халқының жыл сайынғы кемуі байқалады. Сондықтан ауылдық аумақтарды тиімді дамыту үшін, оның экономикасын әртараптандырудың басым бағыттары мен құралдарын барынша ұтымды қолдану керек.

References

Fangzheng Li. 1Research on the Sustainable Development of Green-Space in Beijing Using the Dynamic Systems Model. / Li Fangzheng, Sun Yinan, Li Xiong, Hao Xinhua, Li Wanyi, Qian Yun, Liu Haimeng, Sun Haiyan // Sustainability. –– 2016. –– 8(10). –– 965. DOI: 10.3390/su8100965

Eder L.V. Sustainable development of the world energy taking into account dynamic of energy intensity: current trends and long-term forecast / L.V. Eder, I.V. Provornaya, I.V. Filimonova // Energy Procedia.Volume 153, October 2018, Pages 174–179. https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1876610218308476? via%3Dihub

Lisin E. Sustainable Development of Regional Power Systems and the Consumption of Electric Energy / E. Lisin, D. Shuvalova, I. Volkova, W. Strielkowski // Sustainability. –– 2018. –– 10(4). –– 1111. DOI: 10.3390/su10041111 Molina-Gómez, N.I., Díaz-Arévalo, J.L. & López-Jiménez, P.A. Air quality and urban sustainable development: the application of machine learning tools / N.I. Molina-Gomez, J.L. Diaz-Arevalo, P.A. Lopez-Jimenez // Int. J. Environ. Sci. Technol. –– 2021. –– 18. –– 1029–1046. DOI: 10.1007/s13762–020–02896–6

Pascual Garrido-Miralles, Ana Zorio-Grima, María A. García-Benau. Sustainable Development, Stakeholder Engagement and Analyst Forecasts’ Accuracy: Positive Evidence from the Spanish Setting. –– 2016. DOI: 10.1002/sd.1607 Glavič P. Evolution and Current Challenges of Sustainable Consumption and Production / P. Glavič // Sustainability. –– 2021. –– 13(16). –– 9379. DOI: 10.3390/su13169379

Ciolac R. Agritourism-A Sustainable Development Factor for Improving the ‘Health’ of Rural Settlements. Case Study Apuseni Mountains Area / R. Ciolac, T. Adamov, T. Iancu, G. Popescu, R. Lile, C. Rujescu, D. Marin // Sustainability. –– 2019. –– 11(5). –– 1467. DOI: 10.3390/su11051467

Erokhin V. Management Accounting Change as a Sustainable Economic Development Strategy during Pre-Recession and Recession Periods: Evidence from Russia / V. Erokhin, D. Endovitsky, A. Bobryshev, N. Kulagina, A. Ivolga // Sustainability. –– 2019. –– 11(11). –– 3139. DOI: 10.3390/su11113139

Yin Su. Dynamic assessment and forecast of urban water ecological footprint based on exponential smoothing analysis / Su Yin, Gao Dongjie, Su Weici // Journal of Cleaner Production, 2018. –– P. 354–364. Retrieved from https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0959652618315300? via%3Dihub

Дильдебаева Ж.Т. Эконометрика: оқу құр. / Ж.Т. Дильдебаева. — Алматы: Экономика, 2011. — 152 б.

Емелина Н.К. Эконометрика: учеб. пос. / Н.К. Емелина, Н.Г. Козлова. — Алматы: CyberSmith, 2017. — 208 с. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік тәртібі: //www.adilet.zan.kz.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығы [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік тәртібі: www.adilet.zan.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14 желтоқсан 2012. [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік тәртібі: www.akorda.kz.

Мұхамедиев Б.М. Эконометрика: оқу құралы / Б.М. Мұхамедиев, Т.И. Какижанова. — Алматы: Қазақ университеті, 2012. — 279 б.

Рахметова Р.У. Эконометрика: учеб. / Р.У. Рахметова. — Алматы: Экономика, 2015. — 219 с.

Рахметова Р.У. Прикладные модели эконометрики: моногр. / Р.У. Рахметова, Т.А. Дуброва. — Алматы: Экономика, 2011. — 323 с.

Регионы Казахстана. Комитет статистики Министерства национальной экономики Республики Казахстан. — Астана: Комитет по статистике, 2018. — 33 с. [Электронный ресурс]. Режим доступа: www.stat.gov.kz.

Сырлыбаева Б. Устойчивое развитие: проблемы определения и реализации [Электронный ресурс]. /

Б. Сырлыбаева. Режим доступа: www.kisi.kz.

Тіреуов Қ.М. Эконометрика: оқулық // Қ.М. Тіреуов, Қ.А. Ахметов, Р.А. Асаев. — Алматы: Дәуір, 2011. — 303 б.

Уткин В.Б. Эконометрика: учеб. / В.Б. Уткин. — М.: Дашков и К°, 2015. — 560 с.

Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам. Қазақстан Рес- публикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік тәртібі: www.adilet.zan.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.