Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Н.Ə. Назарбаев еңбектерінің тəуелсіз Қазақстан тарихының дереккөзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының тəуелсіздік тарихын зерттеп, зерделегенде зерттеушілердің көптеген деректерге сүйенетіні белгілі. Соның ішінде, əсіресе, тəуелсіздік тарихының басы-қасында болып, өз қолымен тарихымызды жасап, жаңғыртқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың еңбектерін түпнұсқалық дереккөзінде пайдалану өте маңызды. Н.Ə. Назарбаев еңбектерінің басым бөлігі ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы объективті қоғамдық құбылыс — КСРО-ның ыдырап, тəуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінен мол мағлұмат береді. Елбасы еңбектерінің тəуелсіздік тарихының дереккөзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, тəуелсіз Қазақстан тарихының дереккөздерін жасаушы субъект — Н.Ə. Назарбаевтың қоғамдағы орны мен тұлғалық қасиеттеріне тығыз байланысты.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі өте зор. Тəуелсіз Қазақстан тарихын зерттеп, зерделегенде міндетті түрде Елбасы еңбектеріне тоқталмай кете алмаймыз. Н.Ə. Назарбаев еңбектері деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, жазба дереккөздерінің жеке адамдық тобына жатады. Мұндай деректерді зерттегенде, міндетті түрде субъективті фактордың көп кездесуін айрықша назарда ұстаған жөн. Бұл деректерді зерттегенде осы субъект туралы, жан-жақты объективті тұрғыдан ақпарат беріп кеткен жөн.

Əрине, Елбасы туралы аз жазылып, аз айтылған жоқ. Оның өмірбаяны мен атқарған қызметінің негізгі кезеңдері көпшілікке мəлім. Елбасы еңбектері ең алдымен, тəуелсіздік қарсаңындағы жəне тəуелсіздік жылдарындағы атқарған лауазымды қызметтерімен тығыз байланысты. Н.Ə. Назарбаевтың өткен ғасырдың аяғында орын алған КСРО-ның күйреуі мен жаңа тəуелсіз мемлекеттің қалыптасуы сияқты аласапыран оқиғалардың бел ортасында жүріп, осынау тарихи сəттерді өз көзімен көріп, келелі шешім қабылдауды мойнына жүктеген бірден бір тарихи тұлға екеніне күмəн жоқ.

Ол туралы Елбасының өзі «Əділеттің ақ жолы» атты кітабында былай деп жазған: «Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, əрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға жəне салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын» [1].

Олай болса, Н.Ə. Назарбаев еңбектерінің тəуелсіз Қазақстан тарихының дереккөзі ретіндегі басты құндылығы, басқа да дереккөздерден негізгі ерекшелігі, сол жылдардағы қоғамдық құбылыстар мен түбегейлі өзгерістердің, «қалың ортасында жүріп», ел тағдырын, ұлт тағдырын шешкен «шешімдер қабылдаған» тұлғаның жазғандығында болып табылады. Əрине, Елбасынан басқа да талай қоғам қайраткерлері, сол оқиғалардың тірі куəгерлері өз естеліктерін жазды, тарихи деректерді дүниеге əкелді. Мұның барлығы да тəуелсіз Қазақстанның дереккөзін құрайды, тəуелсіздік тарихын зерттеп, зерделегенде басшылыққа алынады. Дегенмен де, осы деректердің ішінде Елбасы еңбектерінің тарихымыздың түбегейлі өзгерістер кезеңінен ақпарат беретін орны бөлек дереккөздер екені айдан анық.

Мəселенің қысқаша тарихы

Еліміз тəуелсіздікке ие болған алмағайып заманда, республика басшылығында Н.Ə. Назарбаев сынды тұлғаның тұруы, бір жағынан тағдырдың жазуы болғанмен, екінші жағынан белгілі бір заңдылықтың бар екендігін байқауға болады. Елбасының бойындағы туа біткен табиғи таланты, ұйымдастырушылық қабілеті, белсенділік қасиеті оны жастайынан топ алдында жүруге итермеледі. Бұл туралы Н.Ə. Назарбаев: «Егер өзім туралы айтар болсам, мен ешқашан қандай да бір басшылық қызметтерге айрықша құмартқан жан емеспін. Бірақ, бала кезімнен «орташа» болып қалуды ұнатпайтынмын, өз қадірімді өзім сезерліктей əлдебір ішкі сезімнің əсерінде болдым. Мəселен, мектепте əрқашан оқуда бірінші болуға талпындым. Мұндай сезім өзін құрметтейтін кез келген адамға тəн деп ойлаймын. Ал, егер адам өзін сыйлаудан қалса, онда одан өмірде айтарлықтай дəйекті ешнəрсе шықпайды. Маған ұдайы басшылық ету бұйырғандай-ақ, əрдайым əйтеуір бір органдарға сайланумен болдым: жоғары кластарда мектеп оқушылар комитетінің мүшесі болдым, əрдайым мектеп, аудан комсомол активінің қатарында жүрдім» [2, 69].

Елбасы еңбектерінің тəуелсіз Қазақстан тарихының дереккөзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігін айқындайтын басты факторларының бірі — оның қандай қызмет атқармасын, қандай жоғары лауазымға ие болмасын, барлық уақытта қалыптасқан жағдайды объективті түрде анықтап алып барып, шешім қабылдауында. Қай уақытта болмасын тек шындықты айтуы оған талай жауапты сəттерде, талай күрделі кезеңде дұрыс жол таба білуге көмектесті.

Н.Ə. Назарбаевтың ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында КСРО сияқты алып держава басшыларының арасында үлкен беделге ие болуы оның өз сөзі мен ісіне асқан жауапкершілікпен қарауында жатыр. Бұл туралы Н.Ə. Назарбаев: «Иə, бір кезде мен болашақтағы өз тағдырымды қара металлургиясыз елестете алмаушы едім. Бірақ, өмір өзінше өктемдік жүргізді. Қазір мен үлкен саяси жолдан өтіп үлгердім. Сөйтіп, саяси жұмыс маған өзімді өзімнің көрсетуіме, өзімнің бойымдағы əлдебір жаңа мүмкіндіктерді ашуыма септігін тигізді. Бірақ, нағыз қанағаттанғандық сезімі тіпті де қазір республика мен бүкіл елімізде болып жатқан құбылыстарға ықпал етуге мүмкіндігімнің бар екендігінен келмейді. Саяси жəне мемлекеттік қайраткердің еншісі ең алдымен оның иығына түскен орасан зор ауыр еңбек жəне бұған сеніңіз, жайбарақат өмір сүруге мұрша бермейтін ғаламат күшті жауапкершілік сезімі. Бұл жерде моральдық қанағаттанғандық сезіміне бөленетін бір-ақ нəрсе бар, ол өз халқыңның мұң-мұқтажы мен талап–тілегін түсінетініңді, оны айта алатыныңды, адамдар тарапынан қолдау таба алатыныңды сезіну ғана. Əлбетте, бұл ретте ешқашан да масаттанып, мəз болудың қажеті жоқ, өзіңді өзің асыра бағалаудың неге апарып соқтыратынын біздің бəріміз де жақсы білеміз. Ал, еңбегіңнің еш кетпегенін сезінгенде, өткен жолдардың қиындығына өкінбеу керек» деген [2, 100].

Талқылау

Елбасы еңбектерінің деректік маңызын айқындайтын тағы бір факторлар тобын оның жеке адами жəне тұлғалық қасиеттері құрайды. М. Жолдасбеков, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбектер «Елбасы қандай болу керек?» деген сұраққа:

– Ұлты қазақ, ұлттық дəстүрдің уызына жарыған, халқының бар қадыр-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мəдениетін, əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тəнімен сүйетін, оның мəртебесін өсіретін, ұлтжанды, дені таза, ары аппақ, жұртшылықты алақанына салып аялайтын, сенімін, үмітін ақтай алатын, ел тағдырына жауап бере алатын Азаматы, кек сақтамайтын, өштеспейтін, бар қазақты бауыр тұтып, басынан сипай алатын мейірімді Жанашыры, қар жауса күрек, жел тұрса тірек бола алатын халықтың қамқоршы Қызметшісі, ағаны ағадай, ініні інідей сыйлайтын, əдептен аттамайтын, ешкімді бөліп жармайтын халқының мұңдасы, Тағдырласы, қорыққанда қорған, тарыққанда пана, зарыққанда сана бола білетін, ел таныған, көпшілік мойындаған, мінезге бай, антқа адал, сертке берік, пейілі кең, байлыққа құнықпайтын қазақ халқының шын Перзенті болу керек;

– Ел басына күн туса ауыздықпен су ішетін, етікпен су кешетін, туған жерін, Отанын қызғыштай қорғайтын, көзінің қарашығындай сақтайтын, іске алымды, көзге шалымды, бүгінгісін оза ойлайтын, ертеңін дұрыс болжайтын көреген Көсем болуы керек;

– Адамзат тарихын, дін тарихын, қоғамның, мемлекеттің даму заңдылықтарын, əлемдік үдерісті жетік білетін, оны жүзеге асыра алатын Іскер, Қазақстанның байлығын төгіп-шашпай, халықтың игілігіне айналдыра алатын, Қазақстанды озық елдердің қатарына қоса алатын, Нардың жүгін көтере алатын Қайраткер болуы керек;

– Халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егескенде еңсесі басатын, кездескенде мейірімін шашатын, аузы уəлі, сөзі дуалы Саясаткер болуы керек;

Мұндай Ердің айтқаны ем, ісі берекелі, елі ынтымақты болады, жұртшылық заманына сай туған осындай ерге ғана сеніп, соңынан ереді», – деп жауап берген [3, 14].

Бұл өлшемдердің барлығы Елбасының бойынан табылды жəне оның жазған еңбектерінің шынайылық, толықтық деңгейлерінің жоғары болуына əсер етті. Ең алдымен, Н.Ə. Назарбаев халықтың қалың ортасынан шыққан қарапайым көпшіліктің өкілі болғандықтан, өз халқының тұрмыс-тіршілігін, болмысын, тілі мен дінін, салт-дəстүрін ана сүтімен бойына сіңірген, еңбекке ерте араласып, соғыстан кейінгі ауыл тауқыметін көзімен көріп өскен жан. Өзінің жастық шақтағы қалыптасу кезеңі туралы «Əділеттің ақ жолы» кітабы мен 1997 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Халықтан жасыратын ештеңе жоқ» деген сұхбатында жан-жақты айтқан. Бұл еңбектер Елбасының жастық шағынан мəлімет беретін түпнұсқалық дереккөздері болып табылады.

«Иə, біреулер айтатын шығар, мен аспаннан салбырап жерге түсіп қалды деп. Президент болғаныммен бүйрегім жерге бұрып тұратыны рас. Мен көрген тіршілік əлі өзгере қойған жоқ. Сондықтан да өмірді көріп өскенімді жасыра алмаймын. Сиырды да бұзаулаттық, биені құлындауды да көрдік. Менімен бірге өскендердің балалығы мен жастығы екі қолдың күшімен өткен жоқ па? Мысалы, сиыр бағамыз, оған он жасымнан шөп шаптым. Сиыр қораны тазалау керек, суару керек, жылқы бағу тағы бар» деп жазылған «Əділеттің ақ жолы» кітабында [2, 10]. «Ол кезде менің бір ғана нəрсеге ықыласым қатты ауды, тезірек еңбекке араласып, табыс тауып, үй ішіне түскен ауыртпалықты аз да болса жеңілдетсем дейтінмін. Өйткені, балалардың үлкені мен едім» деп еске алып, өзінің жастайынан қандай жұмыстар атқарғандығын айта келе, сабақты қалай оқығандығы туралы да əңгімелейді: «Үйге беретін тапсырманы орындайтын уақыт тек түн мезгілі ғана. Өйткені атқаратын шаруа шаш етектен: малға шөп салу, қорадағы малдың астын тазалау, су əкелу, огородтың арамшөбін отау жұмыстары тіпті таусылмайды. Оның есесіне алтындай қымбат уақытты бағалауға үйрендім, сабаққа дайындалуға, өзім қатты құмартып алған кітап оқуға да уақыт табатын болдым» [2, 21]. Осы естелік жолдарынан байқағанымыздай, Елбасы ұлттық, халықтық негізден нəр алып, сусындап өскен.

Елбасы саясатының тағы бір маңызды бөлігі Қазақстан сынды көпұлтты мемлекетте өмір сүретін əртүрлі ұлттардың арасындағы достық қарым-қатынас пен ауызбіршілікті сақтауға бағытталды. Н.Ə. Назарбаев жастайынан өзге ұлт өкілдерімен қоян-қолтық араласып, бірге жұмыс істегендіктен, өз саясатында ұлттар достығына ерекше көңіл бөледі.

Н.Ə. Назарбаев еңбектерінің тəуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дереккөзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, оның тəуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Елбасы еңбектеріндегі деректер тəуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптастыру тарихының аса бір күрделі кезеңі туралы құнды мəліметтер жеткізетіні айдан анық.

Осы мақаланы жазу барысында Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Тəуелсіздік белестері», «Бейбітшілік кіндігі», «Жылдар мен ойлар» атты еңбектерін қарастырдық. «Тарих толқыны» кітабында Елбасы ұлттық келбет жайлы, Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екені туралы, мəдениет келешегі, Алаш мұрасы жəне қазіргі заман, тоталитарлық тəртіп пен ұлттық ұғымдар, Орталық Азияның тəуелсіз мемлекеттері, тарих тағылымы, тарих шеңберлері, ұлттық зерде туралы мəселелерге тоқталған. Əсіресе, қазақ халқының ұлттық санасы туралы сөз қозғай келе «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі — оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды.

Тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи-мəдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сезіміне сіңіп отырған. Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сахна болған, себебі бұл даладағы əрбір жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке əбден жаттығып, көзі қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп- білу əрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған» — деп саралаған [4, 31].

«Сындарлы он жыл» еңбегінде Елбасы діни экстремизм, терроризм, қауіпсіздік жолдары туралы өз пайымдауларын жеткізген.

«Тəуелсіздік белестері» кітабында Елбасының əр жылдарда жиындарда сөйлеген маңызды баяндамалары берілген. Атап айтсақ, «Қазақстан-2030»: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы. 1997 жылғы 10 қазан; Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы. 1994 жылғы 14 желтоқсан; Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде. 1993 жылғы 12 мамыр; Береке басы бірлік. XVIII ғасырдың аса ірі мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді жəне Əйтеке биді еске алуға арналған Ордабасыда өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзі. 1993 жылғы 28 мамыр; Еуразия мемлекеттері одағын құру туралы. Жоба. 1994 жылғы маусым; Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын. Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірінші сессиясындағы баяндама. 1995 жылғы 24 наурыз; Қазақстан тəуелсіздігі: тарих тағылымдары жəне қазіргі заман. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндама. 1996 жылғы 16 желтоқсан; Ұлттық келісім — Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізінде. Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірінші сессиясындағы баяндама. 1999 жылғы 21 қаңтар; Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық саммитіндегі сөзі. Нью-Йорк, 2000 жылғы 6 қыркүйек; ХХІ ғасыр: ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды. Халықаралық конференцияны ашардағы сөз. 2001 жылғы 29 тамыз; Жүз жылға татитын он жыл. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің онжылдығына арналған салтанатты жиналыстағы сөзі. 2001 жылғы 16 желтоқсан; Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының Екінші құрылтайындағы сөзі. 2002 жылғы 23 қазан; ЕҚЫҰ-ның Трансазиялық өлшемі: қауіпсіздіктің үзілмес буыны. ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының бірінші форумындағы сөзі. 2003 жылғы 7 маусым; Дінаралық үнқатысу жаһандық өзара түсіністікке бастайды. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. 23–24 қыркүйек 2003 жыл» [5, 204].

Тəуелсіздіктің алғашқы бесжылдығында Қазақстан елінің жеткен жетістіктері туралы Елбасы «Он сегізінші ғасырдың жасыны жарқылдаған қазақ сахарасында Абылай армандап өткен, мұң-шерге толы он тоғызыншы ғасырда Кенесарыны мерт еткен, жаппай қырып-жоюдың қарсаңында Ə. Бөкейханов межелеп кеткен асыл мұраттар өлген жоқ. Ол арман-аңсардың барлығы да «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде — 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында жүзеге асты.

Осы бес жылда біз толыққанды тəуелсіз мемлекеттің барлық нышандарына ие болып үлгердік. Азаматтық институтының маңызын ескере отырып, тəуелсіздігімізді жариялағаннан кейін төрт күн өткен соң, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң қабылдадық. Бір ғана 1992 жылдың өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары — əскери күштер, республикалық Ұлан, ішкі жəне шекара əскерлері құрылды. 1993 жылдың сəуір айынан бастап біз ұлттық тарихымызда тұңғыш рет төл Əскери теңіз күштерімізді құруға кірістік. Сөйтіп, жас мемлекеттің қорғаныс жəне қауіпсіздік жүйесін құру ісі аяқталды. Елдің жаңа мемлекеттік рəміздері қабылданып, төл наградаларымыз тағайындалды.

Бұл істің соңғы нүктесі 1993 жылғы қарашаның 11-де Қазақстанның өзінің ұлттық валютасы — теңге енгізілген күні қойылды» [6, 15].

Тəуелсіздігіміздің басты символы ел астанасын жер жаннаты Жетісудағы Алматы қаласынан, Сарыарқаның сайын даласындағы Ақмолаға көшіру де Елбасының ерен еңбегінің арқасы.

Н.Ə. Назарбаев 2005 жылы 28–29 қыркүйекте Астанада өткен дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрылтайында сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттің мемлекеттілігі оның өз тағдырына қатысты ең маңызды мəселелерді өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс. Еуразия жеріне, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен Астана — Қазақ елінің өз қалауымен жасаған дербес таңдауы. Біз оны осы байтақ даланың шын иесі кім екендігін алыстың да, жақынның да есіне салу үшін жасадық. Бұл арқылы біз қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі ұлттық дəстүрді, тілді, өнерді, əдетті, əдепті шайылудан, жойылудан сақтап қалу үшін жасадық. Біз оны болашақ ұрпақ үшін, еркін еліміз үшін жасадық» — деді.

Бүгінгі күні əсем астанамыз Нұр-Сұлтан — бар қазақтың Бас қаласы, ерлік пен елдіктің символына айналды. Ел астанасы Нұр-Сұлтанның тарихы — тəуелсіз Қазақстан тарихының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Елбасы еңбектері тəуелсіз Қазақстан тарихының маңызды дереккөзі болып табылса, тура солай жас астанамыздың тарихын зерттеп, зерделеуде де маңызды дереккөзі болатыны сөзсіз. Тəуелсіздік тарихының алғашқы жылдарын мына бір ажырамас үш ұғыммен түсіндіруге болады: «Тəуелсіздік — Н.Ə. Назарбаев — Астана».

Астана тарихының негізгі дереккөзі Н.Ə. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» деген еңбегі екені айдан анық. Бұл еңбектің қалай жарық көргендігі туралы Н.Ə. Назарбаев кітаптың тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде: «Қай кітап болмасын, адамның көңіл күнделігі мен рухани толғаныстарының тоғысуы арқылы өмірге келеді. Менің бұл кітабым да соңғы он-он екі жыл ішінде қағазға түскен түрлі жазбаларым мен жекелеген күнделіктерімнің жемісі. Уақыттың сан алуан кезеңінде, түрлі сапарларымда, тіпті шет мемлекеттерде жүргенімде елімізді қалай көркейтемін деген ойдың нəтижесінде жазылған бұл жазбаларым мен естеліктерім əрдайым жас та жасампаз Астанамызға арналып отырады. Осы жазбаларымды топтастыра келе мен тəуелсіз еліміз бен жаңа астанамыз жайлы, оның толайым тарихы туралы бір кітаптық дүниенің жинақталғанын бағамдадым. Көшу тарихы өздеріңізге белгілі. Шешім қабылдау оңай болған жоқ. Тіпті күмəнданушылар да аз болмады. Сөйтіп, бұл кітапқа Астананың жаңа өміріндегі талай тарихи сəттер енгізілді», — деп кітаптың пайда болуына қатысты маңызды ақпараттарды айтып өткен.

Елбасы «Еуразия жүрегінде»: «Қазақстандық астананы көшірудің үлгісі өзінің жылнамалық бастауын 1985 жылғы оқиғалардан алады десем, сірə да, жаңылыса қоймаспын. Нақ сол жылы Михаил Горбачев мəңгі мызғымастай көрінген Кеңес Одағының тағдырына шешуші ықпал еткен бағдарламаны өзі бастап қолға алғаны белгілі... Мен ол кезде Қазақ КСР Үкіметінің төрағасы едім жəне Горбачевтің маған айрықша іш тарта қарайтынын, əрі менің ішкі толғаныстарымды түсінетінін сезуші едім» деп, астананы ауыстыру идеясының қоғамда бастау алған түбегейлі өзгерістермен туындағанын айтқан [6, 25].

Əрине, ел астанасын жер жаннаты Жетісуда орналасқан əсем қала Алматыдан Сарыарқаның баурайына көшіру үлкен тəуекелді қажет етеді, кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Осыған байланысты жазушы Қуандық Түменбай «Тəуекел — ердің жолдасы» деп атап, ел тəуелсіздігінің 10-жылдығына арнап жазған мақаласында: «Президенттің айрықша бір қасиеті бар. Ол — тəуекелшілдігі. Тəуекел — ердің ісі. Тəуекел жасауға ердің ері ғана бара алады. Алматыдан ресми орталықты Астанаға көшіру — нағыз тəуекелшіл ердің ісі дер едім», — деп жазды.

Ел тəуелсіздігін алып, қоғам түбегейлі бетбұрыстарға бағыт алғанда, жаңадан тың шешімдер қабылдауды қажет етті. Бұл орайда, Н.Ə. Назарбаев былай дейді: «Барлық салада бəрін де түгелімен, түбегейлі өзгерістер қажет деген айқын сезім мені барған сайын билеп алды. Қалыптасқан жағдайдан, тірелген тұйықтан шығудың амалын іздеп шарқ ұрдым. Бəрін еңсере отырып қана, елді алға жылжытуға, сөйтіп өткеннің кесел жарасын жазуға болатынын ұқтым... Адамдарды серпілтіп, турасын айтқанда, бастың миын «желдетіп алуларына» əдеттен тыс төтенше шешім керек болды. Сөйтіп, астананы көшіру қажеттігі туралы ойға бірте-бірте бекіне бердім. Осындай алмағайып уақытта астананың өмірлік маңызы бар рөлі ешкімнің басына кіріп-шықпағанын білемін» [6, 28].

Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді жəне жаңа астананы салуды тікелей басқарған адам ретінде Н.Ə. Назарбаев өз еңбегінде осы мəселеге қатысты көптеген түпнұсқалық деректер келтірген. Астана тарихын зерттеушілер үшін Елбасы еңбектері таптырмас қазыналық дереккөзі екені сөзсіз.

Тəуелсіз Қазақстанның аумақтық қауіпсіздігі жəне ынтымақтастық идеялары туралы іс-əрекетін Елбасы асқан ыждаһаттылықпен жүргізіп, өз еңбектерінде баяндайды. Н.Ə. Назарбаев еңбектері Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі тарихымен қатар, мемлекеттік тəуелсіздігінің сыртқы атрибуттары тарихының да маңызды дереккөзі болып табылады. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы маңызды қадамдар Елбасының «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан–Ресей қатынастары», «Сындарлы он жыл» еңбектерінде талқыланған.

Қорытынды

Қорыта айтсақ, Н.Ə. Назарбаев еңбектері тəуелсіздік тарихының маңызды дереккөзі болып табылады. Себебі: ел тəуелсіздігінің туын өз қолымен көтеріп, əрқашан жаңашылдыққа ұмтылған игі бастамаларымен ел мəртебесін көтеріп, үлкен үлес қосқан Тұңғыш Президентіміздің еңбектері сол оқиғаларды көзбен көргендіктен, бірден-бір түпнұсқалық дерек болып табылады.

Тəуелсіздік тарихын зерттеп жүрген кез келген ізденуші үшін Н.Ə. Назарбаев еңбектері басты дереккөз болары даусыз. Сондықтан да, біз зерттеу қорытындысында мынадай ұсыныс беруді жөн көрдік:

Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың еңбектерін тəуелсіз Қазақстан тарихына зерттеу жүргізгенде əрбір салаға байланысты жеке топтастырылған библиографиялық тізімдемесін жасау.

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві. Қ. 170. Т. 1. І. 69.
  2. Назарбаев Н.Ə. Əділеттің ақ жолы / Н.Ə. Назарбаев. — Алматы: Қазақстан, 1991. — 288 б.
  3. Салғараұлы Қ. Елдік негіздері / Қ. Салғараұлы. — Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007. — 77 б.
  4. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында / Н.Ə. Назарбаев. — Алматы, Атамұра, 1999. — 296 б.
  5. Назарбаев Н.Ə. Тəуелсіздік белестері / Н.Ə. Назарбаев. — Алматы: Атамұра, 2003. — 335 б.
  6. Назарбаев Н.Ə. Еуразия жүрегінде / Н.Ə. Назарбаев. — Алматы: Атамұра, 2005. — 192 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.