Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан тарихы пəнінде Əлихан Бөкейханның рухани мұрасын оқытудағы кейбір инновациялық əдістер

Мақалада орта мектептің жаңартылған бағдарламасына сəйкес ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы тақырыбын оқыту барысында Алаш қозғалысының көсемі — Əлихан Бөкейханның еңбектерін талдау арқылы терең білім беруде инновациялық-ақпараттық технологияларды пайдаланудың əдіс- тəсілдері баяндалды. Себебі ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш зиялыларының көсемі Əлихан Бөкейханның еңбектерінде отандық тарихтың дамуының болашағы туралы тұжырымдамалық методологиялық ой-пікірлері айтылған. Бүгінгі таңда еліміздің саяси-əлеуметтік, экономикалық дамуында оның пікірлерінің практикалық маңыздылығы зор. Қазақ халқының тарихында азаттық пен тəуелсіздік жолындағы күрес ешқашан толастамағандығын жас ұрпаққа түсіндіру өзекті мəселе болып табылады. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялылары Қазақ елінің сан ғасырлық даму тəжірибесін, салт-дəстүрін төңкерістік əдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тəжірибесін ескере отырып, одан əрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақcат етті. Сонымен қатар, Əлихан Бөкейханның еңбектерінде көтерілген негізгі мəселелерді қазіргі кезде де маңыздылығын талдап, тарихи сабақтастығын көрсету барысында жаңа технологиялық əдістемелер арқылы оқытудың маңыздылығы осы мақаланың басты мақсаты.

Кіріспе

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқының рухани ояна бастауының кезеңі болды. Ресейдің өзінде саяси дағдарыс күшейді. Метрополиядағы саяси-экономикалық дағдарыс отарлық жүйедегі Қазақстан даласына əсерін тигізді. 1905–1907 жылдардағы Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революциялық жағдай қазақ даласынан да көрініс тапты.

Отандық тарихта ХХ ғасырдың орны ерекше. Өйткені азаттық жолындағы күрестің жаңа кезеңі басталды. Бұл жолда Алаш зиялылары Тəуелсіздік үшін күрестің ұлттық демократиялық бейбіт жолын таңдаған еді. Сондықтан орта мектептің тарих оқулығындағы ХХ ғасырға байланысты тақырыптарды оқытқанда, осы кезеңнің ерекшелігіне арнайы тоқталып, жан-жақты талдау жасалу керек.

Ол жұмыс қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, ХХ ғасырдың басындағы шынайы ұлт көсемі, публицист, энциклопедист-ғалым Əлихан Бөкейханның рухани мұрасының бүгінгі күнмен сабақтастығын көрсетуден басталғаны дұрыс.

XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Алаштың Əлиханы атанған Əлихан Бөкейханұлының рухани мұрасын отандық тарихтың дереккөздері ретінде қарап оқытудың өзектілігі даусыз.

Мақаланың басты мақсаты — ұлы тарихи тұлға Əлихан Бөкейханның 155 жылдық мерекесі аталып өтетін осы жылда ғана емес, жалпы оқу үрдісінде отандық тарихтың өзекті мəселелерін оқытуда оның еңбектерін пайдаланудың əдістемелік негіздерін көрсету.

Зерттеу əдістері

Тарихты оқытуда, зерттеуде əртүрлі əдістер қолданылады. Соның бірі тарихи тұлғаны зерттеудегі жүйелеу, талдау, салыстыру, инновациялық əдістері. Бүгінде Қазақстан тарихын оқытуда қойылатын негізгі талап пен əдіс: тарихи мазмұн мен педагогикалық ойдың толықтығы; оның алға қойған мақсатқа сəйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім көздерін қолдану. Оның ішінде отандық тұлғатанудың қазіргі заманғы методологиялық əдіс- тəсілдерін қолдана отырып, тарихи тұлғалардың қызметі мен тарихтағы алар орнын бағалаудың өлшемдерінің қалыптасуы тарих мазмұнын жаңалауда объективті тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Осындай инновациялық ақпараттық əдіс-тəсілдердің бірі — «Prezi», «MindMeister», «LearningApps» бағдарламалары. «Prezi» бағдарламасы түрлі ЗD презентациялар жасау үшін өте ыңғайлы. Бұл бағдарламаны тарих сабағындағы түрлі оқиғаларды баяндау, жобалық зерттеу жұмысын қорғау кезінде қолдануға болады. «MindMeister» ол интеллект картасы, ой картасы, яғни диаграмма түріндегі графикалық жазбаны қолдана отырып, тұжырымдамаларды құру əдісі. «LearningApps» — бұл əртүрлі пəндер бойынша интерактивті оқу-əдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис. Осылайша тарихи тұлғалардың шығармаларын оқытудағы əртүрлі тəсілдерді пайдалану арқылы мақаланың мақсатына жетуге мүмкіндік болды.

Нəтижелері мен оларды талқылау

Мақаланың мақсатына жету жолында тарихты оқытудағы жаңашылдыққа ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде жаңартылған білім мазмұнына сəйкес əдістемелік жүйенің спиральды, сараланған, тұлғалық қасиетті қалыптастыруға бағытталған, сын тұрғысынан ойлау технологиялары арқылы «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» атты бір тарау талданды.

Орта мектептің 8–сыныптарында оқытылатын Қазақстан тарихы пəніндегі негізгі тақырыптарды оқыту барысында Əлихан Бөкейхан еңбектеріне сүйеніп, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға болады. Мектептегі тарих сабағының басында оның «Қазақстан тарихы» деген мақаласынан мына үзіндіні келтірсек: «... Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, қайда тұрғандығын, не істеп, не қоятындығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өзге жұрттар қатарында келе, қор болмайтын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дəрежесінде ұғып білуге тиіс...» [1, 20]. Осы пікірдің ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Мектептерде пайдаланылатын тарих оқулықтарында бұрмаланған мəтіндер көп. Мен өзім кейбір оқулықтарды оқып, сапасының төмендігіне таңғалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі тиіс. Сол себепті «Қазақстан тарихы» жəне «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулығын əзірлеуді жəне енгізуді тапсырамын», — деген ұстанымымен сабақтасып жатқанын анық көрсетуге болады.

Орта мектептегі тарих оқулығындағы күрделі тақырыптардың бірі XX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси-əлеуметтік дамуы. Осы мəселелердің мəнін ашу кезінде Əлихан Бөкейханның Қазақстандағы саяси-идеялық ахуал туралы пікірі, ұсыныстары баяндалған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» [2, 261] еңбегін пайдалану қажет. Бұл еңбектің мазмұнында мына оқиғалар түсіндіріледі: Ол 1906 жылы кадеттер партиясының орталық комитетіне мүше болып сайланған еді. Кадет партиясының бағдарламасының негізгі идеясы Ресейде парламенттік басқару жүйесін енгізуге бағытталған. Қазақ зиялылары парламенттік басқаруға көп үміт артты, оның болашағымен қазақ қоғамының саяси прогреске көтерілуін тікелей байланыстырды. Осыған орай 1905 жылы желтоқсанда Əлихан Бөкейханның басшылығымен Орал қаласында кадет партиясының қазақ қоғамындағы филиалы құрылды. 1906–1917 жылдар аралығындағы кадет партиясының талаптары Алаш зиялыларының пікірінше, басқа саяси партияларға қарағанда демократиялық, либералдық, реформалық сипаттарымен қазақ халқының мүддесіне, даму эволюциясына біршама жақын келді. Қазақ зиялылары да партияны құру арқылы парламенттік, конституциялық жолмен болашақта республика мəртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуге болады деген пікірде болды.

Алайда, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін, кадеттер партиясының басшылары, тек Польша мен Финляндияның ғана өзінің мемлекеттік құрылымын өзі шешу құқығын мойындап, Ресейдің құрамындағы басқа халықтардың жеке мемлекеттік, өзін-өзі билеу дəрежесіне өзі ие болуына үзілді- кесілді қарсы болды. Осыған байланысты Əлихан Бөкейхан былай деп жазды: «кадеттер партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, Ұлт автономиясын тікпек болдық... біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Орысша оны «отделения церкви от государство» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарады. Осы үш жол айырылғаны биыл жазда анық шықты. Мен содан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім...». Осы мақаланың жазылу тарихына байланысты тарихи-саяси оқиғалар тізбегін түсіндіру оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмек беретін сөзсіз.

Сонымен қатар, «XX ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақстан» деп аталатын тараудағы негізгі сұрақтардың бірі мерзімді басылымдардың шығуы жəне оның тарихи маңызы. Осы мəселелерді оқыту барысында білім мен тəрбиені қатар беру үрдісі жүреді. Сондықтан да 1911–1915 жж. шығып тұрған «Айқап» жəне 1913–1918 жылдардағы «Қазақ» газеті сияқты басылымдарындағы Əлихан Бөкейханның рөлін көрсету өте орынды болады. Ол үшін «Қазақ» газетінің беттеріндегі ұлт болашағын ойлаған, жазған пікірлерін талдау арқылы тақырыпты ашуға болады. Осы арқылы сабақта ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру арқылы ХХІ ғасырдағы ақпараттық құралдардың тарихи маңыздылығымен байланыстыра түсіндіру керек.

8-сыныпта «XX ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру мақсатын түсіндірген кезде Əлихан Бөкейханның «Сайлау», «Саясат күйі», «Петроград хаты» [1, 177] деген танымдық, тəрбиелік мəні бар мақалаларын талдаған жөн. Мақаланың негізгі мазмұны Қазақ даласында үш жылда бір өтетін сайлаудың барысы жайлы Əлихан Бөкейхан оны былай түсіндіреді: «... сайлау сайын жұрт өрт шыққандай, жау шапқандай жанталасып əбігер болады... өстіп жұрт бүлінгендегісі не? Болыстық, билік, ауылнайлық, елбасылық... ары қарай қазақ сайлауын Европа сайлауымен салыстырып, болашақта білімді, оқыған, білетін адамдардың сайлауға қатысып, ел басқару ісіне араласқаны дұрыс», — деген пікір айтып, сайлаудың мағынасын түсіндіріп: «Болыс, би, ауылнай һəм елу басы болмақ...» жұрт үшін қылатын қызметі (яғни халыққа қызмет жасау — Авт.), ақыл да, ұсталық та (өз ісінің шебері, кəсібилік мағынасында — Авт.) оқумен, істеумен (тəжірибемен — Авт.) жүре ұлғаяды. «Дүниядағы жер билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады... Жұртқа ғаділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тыңдаған, билігін орнына салатын, арам жемейтін (парақор емес — Авт.), іс білетін (профессионал — Авт.), халық үшін жаумен айтысатын болыс пайдалы... Бұған ең құрметті ақсақал, ғаділ, жұрт қамшыл, сатылмайтын жөн білетін жақсыны сайлау керек» [3, 31]. Осы мақаланың бүгінгі тəуелсіз Қазақстан үшін зор мəні бар екенін түсіндіргенде тақырып ашылады, оқушының білімінің өсуіне зор ықпал жасайды.

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы экономикалық мəселелерге байланысты күрделі сұрақтарының бірі — қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстануы жəне қазаққа 15 десятинадан жер бөліп беру мəселесіне арналған. Тақырыптың негізгі мақсатына жету үшін оқулықтағы берілген материалдарды толықтыра түсу үшін Əлихан Бөкейханның «Көшпелі Һəм отырықшы норма» деп аталатын еңбегіндегі патша үкіметінің қоныстандыру саясатының мəнін түсіндіретін ой-пікірін талдау керек. Сонымен қатар, оның «егер қазақ 15 десятинадан берілетін жерді алуға келіссе, қазақ жеріне келетін, қара шекпенділер (шаруалар — Авт.) саны өсе түседі, ал ол өз кезегінде қазақтың өз жерінде азшылыққа айналып, барлық құнарлы жерінен айырылатындығын» түсіндіріп жазғанын айту керек. Осы сұрақты толықтыра түсу үшін Əлихан Бөкейханның «Жауап хат» деген еңбегінен үзінді келтірсе болады. Мысалы, ол былай дейді: «сол 15 десятинадан жер алам десеңдер...». 1. Қазақтың бас адамдары! Əуелі сіздер адаспаңдар, ынтымақпен іс істеңдер. 2.Қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбайлы нашарларды жермен теңгеріңіздер (жер беріңдер — Авт.) ... 3. Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңізден адаспай, түзу істеңдер! Сіздер адассаңыздар, аттарыңнан адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар...». Оның осы ой-пікірінде ел ішіндегі жақсы, беделді, ауқатты адамдарды ұлтының қамын ойласын, үлгі берсін деген үндеу бар екенін түсіндіргенде, Əлихан Бөкейханның еш уақытта тек байлардың қамын ойлаған деген пікір қате, оның жаулары оған байшыл деп жала жапқаны көрінеді. Əлихан Бөкейханның осы жазған еңбектерін дұрыс түсіндіріп талдаса, тақырыптың мəнін ашуға мүмкіндік туады.

8-сыныпта оқытылатын Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбын оқытқанда, оқулықтағы Алаш зиялыларының көтеріліс туралы пікірлері, жазалаушы отряд, соғыс жайлы үстіртін берілген мəтіндерді толықтыру қажет. Ол үшін Əлихан Бөкейханның «Тағы да соғыс», «Қазақтан солдат алына ма?», «Күнбатыс майданынан», «Мəскеу хаты», «Бұратаналар тақырыбы», «Қазақ жұртына», «Алаштың азаматына» [4] деген мақалаларында берілген соғыстың шығу себебі, екі əскери одақтың құрылу тарихын сипаттай келе ол былай дейді: «...бұл соғысқа (1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыс — Авт.) Россия кіретін болды. Россия кіріскен соң Германия амалсыз кіріскелі тұр. Австриямен əуелде жасасқан шарттары солай... Кім жықса да (жеңседе — Авт.) Еуропа, Азия жері қайта бөліске... салынар. Осындай зор саясат ісінен хабарсыз жату біздің оқушыларға жарайма?». Сөйтіп ол қазақ халқына газет арқылы бұл соғыстың əскери зардабын түсіндірді. Сонымен қатар ол өзінің ойын тағы да жалғастырып, орыс казактарының əскерге алынуы жайлы баяндай келе, «қазақтар əскерге алынса, казактарға берілген жеңілдіктер болса... Бізге мұны бермес, берсе ұтылмаспыз... Саясат сөзімен қарасақ, үкімет бізді тым-тырыс отырсақта жаяу солдат қылатын көрінеді...», — деген. Сол кездегі нақты саяси жағдайды түсіне білгендіктен ол қазақ халқының босқа қырылудан сақтандыруды жөн санаған. Оның «Қазақ» газеті бетінде жарық көрген басқа да мақалаларында жəне 1916 ж. 11 тамыздағы қазақ халқына жолдаған үндеуінде соғыстың мəнін ашып көрсеткен. Солардың мазмұнын талдау негізінде қазақ зиялыларының басты пікірін, халық үшін атқарған еңбегін көрсетуге болады.

1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жəне оның Қазақстанға əсері тақырыбын талдау барысында Əлихан Бөкейханның «Жер комитеті», «Торғай облысының мұжық қазағының съезі», «Алаш азаматтарына үндеу», «Мемлекет халі» [4, 379–381] деген «Қазақ» газетіне жарияланған мақалаларын талдау арқылы түсіндіруге болады. Сонымен бірге «Алаш ұлына» (ашық хат) атты мақаланы талдау арқылы қазақ халқының өзінің тəуелсіз ел болу жолын көрсеткендігін түсіндіруге болады: «Азаттықтың таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бəрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкіршілік!» [4, 366–368].

8-сынып оқулығындағы «Алаш қозғалысы» жəне «Алаш партиясының құрылуы» деген тақырып бар. Осы тақырыпты түсіндіру барысында Əлихан Бөкейханның тарихи тұлғасын көрсетуде «Алаш партиясы», «Екінші жалпы қазақ съезі» атты мақалаларындағы партия бағдарламасын талдау қажет. 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама 10 бөлімнен тұрады:

  1. Мемлекет қалпы.
  2. Жергілікті бостандық.
  3. Негізгі құқық.
  4. Дін ісі.
  5. Билік һəм сот.
  6. Ел қорғау.
  7. Салық.
  8. Жұмысшылар.
  9. Ғылым-білім үйрету.
  10. Жер мəселесі [5, 37].

Сонымен қатар, оның азаттық жолындағы күресте, қазақтың қамын ойлаған, болашағына сенген, өзге ұлт өкілдері мен достастығына тоқталып, олар туралы Əлихан Бөкейханның жазған еңбектерін талдаса дұрыс болады. Мысалы, оның «Г.Н. Потанин» деген еңбегі бар [6, 180]. Бұл еңбекте Алаш зиялыларының арманын, Алаш қозғалысының түпкі мақсаты қандай екенін, Потанин сөзімен берген: «... Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Олай болса көп ұлттан құралған Ресейді бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Ресей өзге тілі, тұрмысы, қаны басқа жұртқа автономия беруі керек. Қазақты автономия қылсақ. Қараөткел (қазіргі Астананың тұрған жері — Авт.) Алаштың ортасы, сонда университет салып қазақтың ұлын, қызық оқытсақ, Қозы-Көрпеш–Баянды шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Европа сонда білер еді-ау», — деген Потаниннің ой-пікірін береді.

XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тарауы бойынша оқушыларға тарихи тұлға туралы теориялық түсініктер беру керек. Ол үшін «Н. Нұрмақов — тарихи тұлға: деректік жəне тарихнамалық талдау» атты монографияның «Тарихи тұлға: теория жəне методология» атты бірінші тарауы оқытып, одан кейбір тұжырымдарды алған дұрыс. Бұл тарихи фактіні методологиялық тұрғыдан арнайы зерттегенде тұлғалардың тарихи рөлін ашуға мүмкіндік береді.

Осындай тұжырымды ХХ ғасырдың басында ақын С.Торайғыров айтқан:

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді,

Бірі күн, бірі шолпан, бірі айым.

Солардан басқа кеше кім бар еді,

Қазақ үшін шам қылған жүрек май [7, 26].

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның саяси-экономикалық даму тақырыбын оқыту барысында оқытудың əртүрлі технологияларына сүйеніп, оқушыларға сапалы білім беру бүгінде басты мақсат, себебі бұл білімнің нəтижесін бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан Əлихан Бөкейханның еңбектері арқылы Қазақстан тарихын оқыту мен тəрбиелеу кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың танымдық жəне зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыруына, шығармашылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Сабақ барысында қолдануға болатын ақпараттық технологиялардың бірі — «Prezi» [8] бағдарламасы. «Prezi» бағдарламасында ЗD эскиздерді қолдану арқылы Ə.Бөкейханның ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының дамуы туралы ой-пікірлерін түсіндіруге болады. Соның бірі Қарқаралы петициясы — Азаттық алу жолындағы алғашқы манифест (сурет 1).

44

Вестник Карагандинского университета

45

Осы тақырыпты тереңдетіп оқыту үшін «MindMeister» [9] атты ақпараттық технологияны қолданған дұрыс. Оқушыларға «MindMeister» бағдарламасы жөнінде түсіндіргеннен кейін, «Əлихан Бөкейхан — Ұлы дала елінің жаңғырту жолын көрсетуші» тақырыбы бойынша тапсырма беріледі (сурет 4). Бұл тапсырма мынандай дескриторлар бойынша орындалуы тиіс:

– ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның жағдайына шолу жасайды;

– Ə.Бөкейханның Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы саяси-экономикалық дамуы туралы пікірінен үзінді келтіреді;

– Ə.Бөкейханның жер мəселелесі жөнінде көзқарасын талдайды;

– Ə.Бөкейхан пікірі бойынша ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның дамуының жол картасын дайындайды.

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тақырыбы бойынша «LearningApps» [10] интерактивті оқу- əдістемелік қосымшасының бағдарламасын қолданып, үй тапсырмасын сұрауға болады. «LearningApps» құралдары əртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік беретіндігін түсіндіріп, соның негізінде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның дамуы туралы Алаш зиялыларының көзқарастарын викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мəтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа жəне т.б. əдіс-тəсілдері арқылы үй тапсырмасын орындалуын тексеру қажет. Мысалы «Айқап» журналының жер туралы ұстанымы мен «Қазақ» газетіндегі Алаш зиялыларының көзқарастарын салыстыру қажет» (сурет 5), «Алаш зиялыларының оқу мен білім туралы пікірлерін сəйкестендір» деген (сурет 6) тапсырмаларын құрып, орындатуға болады.

Серия «История. Философия». № 2(102)/2021

Қорытынды

Қорыта айтқанда «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» деп аталатын тақырыптың маңыздылығы — азаттық идеясының жаңаша сипат алғандығын жас ұрпаққа түсіндіру болды. Бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның қалыптасып, дамуы ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының еңбектеріндегі көрсетілген басты ұстаным негіз болды. Соның нақты дəлелі Əлихан Бөкейханның мақалада талданған рухани мұрасы жəне өсиеттері бүгінгі күнмен сабақтастырылып берілді. Мысалы: «Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден», «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын».

Мақалада Ə. Бөкейханның ұлт қамын, ел болашағына алаңдаған ой-пікірлері талқыланып, оның əр еңбегі ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымағандығы дəлелденді.

Алаш қозғалысы көсемінің ғибраты, жүріп өткен жолы, азаттық жолындағы күресі — тəуелсіз мемлекет құрған, егемен ел болған бүгінгі қазақ баласының үлкеніне де, кішісіне де тағылым болғандығы жаңа əдіс-тəсілдермен оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік береді.

Əдебиеттер тізімі

  1. «Қазақ» газеті: Алаш азаматтарының рухына бағышталады / Құраст. Ү. Субханбердина, С. Дəуітов. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. — 568 б.
  2. Бөкейхан Ə. Шығармалары / Ə. Бөкейхан. — Алматы: Қазақстан, 1994. — 384 б.
  3. Бейсенбекова Н.А. Сарыарқаның ұлы азаматтары (ХХ ғасырдың басы) / Н.А Бейсенбекова, З.Ғ. Сақтағанова, Л.Қ. Шотбақова. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 438 б.
  4. Бөкейхан Əлихан Нұрмұхамедұлы (1866–1937). Шығармаларының 9 томдық толық жинағы. Т. 6 / Құраст.: Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы. — Астана: «Сарыарқа», 2013. — 520 б.
  5. Бейсенбекова Н.А. Əлихан Бөкейхан — ұлт мақтанышы / Н.А. Бейсенбекова, Г.М. Смағұлова, Л.К. Шотбакова. — Қарағанды: Гласир, 2016. — 198 б.
  6. Бейсенбекова Н.А. Қазақстан тарихының тарихнамасы / Н.А. Бейсенбекова. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2009. — 250 б.
  7. Бейсенбекова Н.А. Н. Нұрмақов — тарихи тұлға: деректік жəне тарихнамалық талдау / Н.А. Бейсенбекова, Г.М. Смағұлова, Л.К. Шотбакова. — Қарағанды: «Таис» баспаханасы, 2020. — 213 б.
  8. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://prezi.com/dashboard/next/#/presentations.
  9. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.mindmeister.com/ru/mm/signup/basic.
  10. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://learningapps.org/.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.