Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ прозасындағы ашаршылық тақырыбы

Мақалада ХХ ғасырдың 1920–30-шы жылдарында елімізде болған ашаршылықтың қазақ жазушыларының шығармаларында көрініс табуы туралы баяндалған. Бұл орайда Ж. Аймауытов, Б. Майлин, Н. Ахметбеков, Н. Баймұратов, Ж. Сыздықов сияқты ақын-жазушылар бірден еске түседі. Сол тұста ашаршылық жөнінде ашып айтуға қатаң тыйым салынғандықтан, осы тақырыпты шығармаларына арқау еткен қаламгерлерге «халық жауы» деген айдар тағылып, репрессияға ұшырағаны белгілі. Тек КСРО ыдырауының соңына қарай қазақ жазушыларының еңбектері шыға бастады. Бірте-бірте зұлмат жылдар шындығы қазақ халқына да жетті. Бұл мəселеге Ғ. Мүсірепов, М. Мағауин, С. Жүнісов, Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза, Қ. Қазыбаев, С. Елубай, З. Жəкенов, Ж. Башар, Х. Сейткемелов, Б. Жандосай, М. Қозыбаев, С. Лəмбекұлы қалам тартқан. Осы мақалада кейбір шығармалар арқылы жазушыларымыздың қоғам өмірін, заман тынысын қалай шынайы суреттеп, сол дəуір адамдарының сан қырлы портретін жасаудағы шеберлік қырлары сипатталған. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы ашаршылық мəселесін талдау, олардың жалпы гуманистік мағынасын түсіну — мақаланың жаңашылдығы. Өйткені ашаршылық тақырыбына қалам тербеген жазушылардың еңбектеріне əдеби-лингвистикалық тұрғыда талдау жасаған еңбектер көп емес, яғни тіл білімінде, əдебиеттану ғылымында əлі зерттеуді күтіп тұрған мəселе. Сондықтан бұл келешек ұрпақтың тілге тиек ететін тақырыбы болмақ дей отыра, автор уақыт өте келе бұл мəселе қайта ойлау мен түсіндіру əдісіне айналады деген қорытынды жасайды.

Кіріспе

Мамыр айының 31-нде Қазақстанда саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 1997 жылы осы ұмытылмас күнді белгілеу туралы Жарлық шығып жəне 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне айналды. Осы ұмытылмас күннің атауындағы «ашаршылық» деген сөз кейіннен пайда болды, бірақ қазақ даласында осы ашаршылықты сол кездегі саяси акциялардың біріне жатқызуға болатынын бəріміз жақсы түсінеміз. Осы ашаршылық «голощекиндік» деп аталып жүр, қазақ тілінде ол ашаршылық деп айтылады [1]. Бұл күн — тарихты еске түсіру, сталиндік жүйенің қорқынышты кезеңдерінде құрбан болған адамдарға тағзым ету мүмкіндігі. 1930-шы жылдардағы халық трагедиясы: тəркілеу, ұжымдастыру туралы БАҚ құралдары өз алдына, тіпті көркем шығармаларда да ұзақ уақыт көрініс таба алмай жүрді. Бұған, əрине, объективті себептер болды: ұзақ уақыт бойы аштық туралы сөз қозғауға тыйым салынып келді.

Жазушы В. Михайлов материалдар жинау барысында бұл тақырыпқа қатысты, қазақтардың ең қорқынышты қасіреті туралы, халықтың 40 пайызға жуығы ашаршылықтан қаза болғаны туралы ешқандай көлемді, қомақты ақпарат таба алмағанын, тек шағын, шашыраңқы деректер мен естеліктер тапқанын айтады. Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» кітабынан басқа неге басқа шығармалар жоқ? Осы тақырыпта Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» романының деңгейіндегі шығарма неге жоқ деп сұрақ

Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: flowervictory85@gmail.com қойып, оған өзі былай жауап береді: «Менің ойымша, бұл қазақ жазушыларына айта-айта жауыр болған тақырып болды ма, жазуға рухани күштері қалмады ма? Мүмкін, олардың жеке қайғы-қасіреті соншалықты зор болғандықтан, ол туралы жазу да ауыр тиді ме? Қазақтың басынан өткен бұл трагедия соншалықты ауыр, ол туралы тек үлкен суретші ғана айта алатын шығар», — дейді [2].

В. Михайловтың сұрағына жауапты Мұрат Əуезов бергендей: «Смағұлдың ашаршылық туралы айтуға жаппай тыйым салу дəуірінде бар шындықты жазуға батылы жетті, өйткені бұл тақырып оның ар-ұжданын, жүрегін күйдірді. «Ақ боз үй» əдеби дерек қана емес, бұл азаматтық ерлік актісі» [3].

Негізі əдебиетті құжат деп айтуға əбден болады. Əдебиет нақты немесе ойдан шығарылған оқиғалардың көркемдік сипаттамасын ғана емес, одан да көп нəрсені қамтиды. Тарихи оқиғалар туралы деректер аз болған жағдайда, мəселен, ашаршылық тақырыбына əдебиеттің өзі куə бола алады. Көркем шығармалардың ресми құжаттардан айырмашылығы, олар жеке адамның эмоциясын, өмірлік тəжірибесін нақты жеткізе алады.

Біздің қазақ үшін XX ғасырдағы сұрапыл оқиғалардың арасында 1921 жəне 1931–1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылықтың алатын орны айрықша зор болды. Өмір бойы қазақтың жанына батып, адамзаттың жаһандық тарихи-əлеуметтік мəселесі болып келетін ашаршылық көркем сөз əдебиет шеберлерінің де назарларын аудармай қоймады, өзекті əдеби мəселелерінің біріне айналды.

Қазір қазақ қоғамы қолдан жасалған ашаршылықтың мақсатын жаппай кісі өлтіру деп ашық, қорықпай айтып жүр, өкінішке орай, 1931–1933 жылдардағы ашаршылықты кейбір мемлекеттер мойындауға асықпайды.

Біздің ата-бабаларымыздың неден өткенін түсіну, Қазақстанның тоқсан жыл бұрын бастан қандай күрделі оқиғаны өткергенін сезіну үшін біз ашаршылық тақырыбын сөз еткен көркем шығармаларға шолу жасап, оқырмандарға қоғам өмірін, заман тынысын шынайы суреттеу арқылы сол дəуір адамдарының сан қырлы портретін жасаудағы шеберлік қырларына көз жүгірткіміз келеді. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы ашаршылық мəселесін талдау арқылы, олардың жалпы гуманистік көзқарасын түсінуге талпыныс жасадық. Яғни, елімізде 1921–1922, 1931–1933 жылдары болған ашаршылық көркем шығармаларда əлеуметтік-тарихи проблема ретінде ғана емес, сонымен қатар рухани-адамгершілік, моральдық-этикалық мəселе ретінде қарастырылатынын жеткізгіміз келеді.

Зерттеудің деректері мен əдістері

«... егемендігіміз еңсесін көтергенше, бізде бұл тақырыпта туынды тудырып, оны баспа жүзінен шығара қою аса қиынға түсті. Бұл ретте біздің ойымызға алдымен Бейімбет Майлиннің 1921 жылғы ашаршылық туралы жазылған «Берен», «Қырманда» атты повестері, «Күлпəш», «Ашаршылық құрбаны», «Айт күндері» деген əңгімелері, Нұрхан Ахметбеков пен Нұрлыбек Баймұратовтың поэмалары оралады. Сол сияқты Жүсіпбек Аймауытовтың «Елес» деп аталатын əңгімесі болды. Ал Жақан Сыздықовтың 1927 жылы жазылған «Əлі қарттың əңгімелері» дейтін поэмасы 1940 жылы кітап болып шыққан бойында өртелді. Содан бастап бұл тақырыпта жазуға тыйым салынды. Сондықтан сол бір зобалаң жылдар туралы сөз бола қалғанда, оны «асыра сілтеу кезеңі» деуден арыға бара алмадық. Дегенмен қаламгерлеріміз бұл тақырыпты «жаңбыр-жаңбырдың арасымен» қозғап тұруды да ұмыта қойған жоқ. Ал бұл тақырыпты жазба жүзінде аянбай ашық көрсете алатын нағыз ақжарылқап кезең республика тəуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекет атанған мезгілден бастап қана туды», — дейді Е. Сағындықұлы [4]. Ашаршылық тақырыбына жазушыларымыз қалам тербеп, көптеген құнды шығармаларды ұрпаққа аманат етті. Атап айтсақ, Б. Қыдырбекұлы «Алатау», А. Мекебаев «Құпия қойма», Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» («Тамұқ», «Қыл көпір» бөлімдері), Қ. Қазыбаев «Сұрапыл», С. Елубай «Ақ боз үй», З. Жəкенов «Зұлмат», С. Жүнісов «Заманай мен Аманай», Қ. Жұмаділов «Аранға түскен аққулар», М. Мағауин «Сары қазақ», «Бір уыс бидай», Н. Ақыш «Рақымсыз көктем», Т. Сəукетаев «Құзғын тойған қыс», Н. Қапалбекұлы «Жерошақтың түтіні», Х. Сейткемелов «Шұбырынды қанды босқын», Б. Жандосай «Шошқаның құмы», М. Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты», С. Лəмбекұлы «Арыстар», Ж. Башар «Қабір үстіндегі зұлмат», Қ. Еспенбетов «Күреңбел қасірет», А. Есілбай «Асылдың сынығы». Тіпті осы қарапайым көркем проза тізімі ашаршылық кезіндегі жалпы гуманистік-рухани өзгерістерге құжаттық дəлел бола алады.

Публицистикалық тұрғыда Е. Сағындықұлының «Жұртымыздың жартысын жалмаған» [4], М. Қалдыбай «Голощекин қалай орнынан алынды?» атты мақалары жəне тағы басқа ізденушілердің мақалалары да баршылық [5; 66–69].

Мақаламызда Б. Майлин, М. Мағауин, С. Елубай, Ж. Башар, Б. Қыдырбекұлы, Б. Жандосай сияқты қазақ жазушыларының ашаршылыққа байланысты жазған шығармалары пайдаланылды. Мақаланы жазу барысында негізінен филология ғылымында басшылыққа алынатын мəтінді іріктеп- бағытталған талдау, əртүрлі жазушылардың шығармаларын жинақтау, салыстыру, қорытындылау əдістері алынды.

Нəтижелер мен олардың талқылануы

Мақалада алдымен көркем шығармада бейнеленген ашаршылық жылдарындағы əйел образына көз жүгіртпекпіз. Көркем əдебиет əрқашан кейіпкерлердің идеялары мен бейнелерінің тереңдігімен ерекшеленеді. Ғасырдан ғасырға ұрпақтың көзқарасы мен тəрбиесіне, сондай-ақ автордың ниетіне, оның идеясына байланысты əйел бейнесін сомдау да өзгеріп отырған. Авторлар əрдайым кейіпкерлер мен оқырмандарға маңызды сұрақтар қойып, оларды шешу жолдарын іздеуге, оларға жауап беруге жəне қоршаған шындықты нақты сипаттауға тырысты. Жазушылар зұлмат жылдарындағы əйелдің қасиетін, мінезін, дүниетанымын мүмкіндігінше шынайы бейнелеуге тырысқан. Негізінен жиырмасыншы ғасыр əдебиетінде əйел бейнесі үйлесімді жəне шыншыл кейіпте көрсетілген.

Кеңестік кезеңдегі қазақ əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, реалист жазушы Бейімбет Майлин өзінің «Күлпəш» (1922 ж.) деген əңгімесінде ашаршылық кезінде санасы өзгерген, аштықтан психикалық жəне дене азабы, мінез-құлқы мен іс-əрекеттері өзгерген əйелдердің қайғылы өмірін суреттейді. «Үстінде, өрім-өрім болған соң əр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, оның сыртында тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген көне бөкебайдың жұрнағы. Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпəш отыр.

...Аштықтан басқа Күлпəштың мазасын алатын тағы бір ой бар еді... Күлпəштың бірге туған сіңлісі Раушан келіп Күлпəшты азғырған: — Осы жаманмен біраз күн өмір өткіздің ғой. Ендігі қалған өміріңді қорлыққа салма... жыл болса ауыр, осы бастан азбас, тозбас қамыңды ойла... — деген.

...Арадан екі-үш ай өткен соң аштық шеңгелін қаттырақ салды. Тұрмыс түрі қиындыққа айналған соң, əсіресе, баласының тамақ сұрап жылағанына жаны төзбеген соң, кейбір кейістік тартқан уақыттарда Күлпəштың ойына Раушанның сөзі түсетін болды. Бірақ, ол сөздің өзіне пайдалы, я зиянды екенін бұл уақытқа шейін айырып білген емес. Əйткенмен соны ойлайды, неге ойлайтынын өзі де білмейді...

...Жүрегінде таласып тұрған екі ой бар: «Жұмағазыға тисем, тамағым тоқ, көйлегім көк болар еді... Қалижанды да ашықтырмауға болар еді...» деп ойлайды; «Жастан қосылған қосағым еді. Оны жылатып тастағанда не оңам!..» деп те ойлайды. Екі ойдың бірі жеңіп шыға алмай, өзі қатып отырған Күлпəштың басын одан жаман қатырады...

... Жұмағазыға тигеніне жиырма күндей болған. Аштықтың қанды тырнағы Күлпəшты бұған да көндірген. Бірақ аштықтан құтылған екем деп қабағы ашылған Күлпəш жоқ... Дүниедегі ең жақсы көретіні байы мен баласын ренжітіп, өзінің бас сауға қылып кеткенін Күлпəш енді ар көре бастады. «Өлсем солармен бірге өлсем болмайтын ба еді?!» деген ой кірді. Бір жағынан Мақтым жайын ойлайды. Ала дорбаны мойнына іліп алып таңмен тамақ іздеп кетсе, тапсын-таппасын кешке бір оралып соқпай қоймайды. Сондағы азаптанып жүргені қатын-баланың қамы, соларды аштан өлтірмеудің жабдығы, сөйтіп жүрген адамның кадірін білмей тастап кететін не жөні бар еді?!.» [6; 79].

Осы үзіндіден аштықтың қамытын мойнына ілген Күлпəштің ойынан біз қазақ халқына, қазақ əйеліне қандай ауыртпалық түскенін айдан анық көріп тұрмыз. Тіпті кейіпкердің үстіндегі жұпыны киімінен, басындағы баспанасынан кедейліктің лебі есіп, Күлпəш пен оның отбасы жағдайының адам төзгісіз ауыр жағдайы көрініс береді. Автордың осылай суреттеуі шарасыз, қолынан келер дəрмені жоқ Күлпəштың аштықтың қанды тырнағынан құтылып, бауыр еті баласы Қалижанды аштықтан алып қалудың қамын ойлап, Жұмағазы шалға тоқал болуға келісім бергенін түсінікті етеді.

Осы тақырыптағы жазушы Мұхтар Мағауиннің «Бір уыс бидай» əңгімесі — 1931–1933 ашаршылық жылдарындағы бір отбасының трагедиясы арқылы тұтас ұлттың қасіретін көрсетуді мақсат етеді. Мұнда да басты кейіпкер — əйел. «Бұл өзі қаусаған кəрі кемпір еді. Еріндері қарайып тобарсыған. Бүкіл өмірін азаппен өткізгендігінің куəсіндей айқыш-ұйқыш əжім басқан беті шаң топырақ пен қауыздың үгінділерінен көрінбейді. Бірақ арып еті қашқан шығыңқы бет сүйектері мен шүңірейіп ішіне кіріп кеткен жанарсыз көздері оның өмір бойы көрген бейнетінің бəрін де осы соңғы бірнеше күннің азабы басып кеткенін аңғартқандай... Бетін сипады. Қайта сипады. Кепкен тері. Қу сүйек. Үңірейген көз. «Көлденең біреу түрімді көрсе, мені қырықта деп қалай айтар…» [7; 6] деп берілген портреттік сипаттауда Алмажанның отыздан енді асқан жан екендігінен ешқандай белгі де жоқ. Бүтін қазақ халқының басына түскен қалың қасіреттің салдарын автор осы бір өмірден рақат көрмеген шынашақтай əйелдің портретіне сыйғыза білген.

«...Алмажан оқыс қармалап, кимешегінің етегіндегі түйіншекті дірілдеген саусақтарымен шешіп, қолына алып еді, бидайы бір-ақ уыс болды... Алмажан қолындағы бір уыс бидайын кимешегінің етегіне қайтадан түйіп алмақ болып ыңғайлана бергені сол еді, Бақанастың басынан бір топ кісі көрінді. Өңшең сəйгүлік мінген, жүрістері суық... Кепеу нəшəндігі Шупин екен. Қасында белсенді Қағазтай, мілисə Арқатбай жəне мылтығы шошайған тағы үш-төрт орысы бар. «Мынау халық жауының қатыны қырманнан астық ұрлап жүр!» — деді атынан секіріп түскен Қағазтай. — Қабың қайда? Көрсет!» ... Бірақ бір уыс бидай жұмылған алақан ашылмады. Тарамыс саусақтар тас болып қатып қалыпты. Қалай жұлқыласа да болмады...» [7; 7]. Алмажан өлемін деп қорықпай, ақтық демі қалғанша алақанындағы бір уыс бидайын бермей, өлімді қарсы алады. Новелладағы бірнеше шолақ белсенділерге қайсарлықпен көнбеген əйелдің бейнесі оқырманға ерекше əсер етеді. Алмажанның тағдыры сол зұлмат жылдарында баласын қалай да тірі қалдырамын деп, бір уыс бидай жолында жан ұшырған бүкіл қазақ əйелдерінің басында болса керек.

Кеңестің қолдан жасаған аштық жылдарында қазақ халқына жасаған зұлымдығы соншалық тіпті 1932 жылы 7 тамызда «Социалистік мүлікті ұрлаған, талан-тараж еткендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту» туралы заң шығарады. Нұрбек Бекбаудың «Ғаламда болмаған геноцид» деген мақаласында «Осы баппен одақ көлемінде 125 мың адам масақ тергені үшін, жүк көліктерінен кішігірім төгіліп қалған бидайды жинағаны үшін түрмеге қамалып, оның 5400-і атылды. Осы бидай масағын терем деп, түрмеге түсіп, атылып кеткендердің дені — қазақ əйелдері еді... «Қалаға кіргізбеңдер!» Қорадағы бүкіл малын Совет үкіметі тартып алған соң, ауылдағы ағайын қалаларға ағылды» деп көрсетілген [8].

Тура осы көрініс біз талдап отырған М. Мағауиннің «Бір уыс бидай» əңгімесінде айдан анық берілген: «Түйелерің жайылып жүрген далаларыңа кетіңдер!» Дүние-ай! Кетер еді-ау, сол далаға, тіпті, бұрын құбыжықтай көретін жат халық жайлаған қаланың маңынан жүрмес еді ғой, кешегі күні болса! Қазан-қазан асылған семіз бағлан қайда, сапырулы сары қымыз қайда? Дала! Саған өң аяғы, үсті-басы күл-топырақ, арық қарақайыс түйенің өзі де көрік береді екен ғой! Сол далада бүгін жайылып жүрген түйе түгілі, ін аузында кешкілікте шақылдап отыратын саршұнақты да көрмейсің. Ініне су құйып, тұзақ құрып ұстап алып, оларды да жеп тауысқан» [7; 10]. Қарап отырсақ, қазақ өмірін суреттеген сұмдық шығарма. Бір уыс бидай, бір үзім нанға зар болған сол нəубет жылдар туралы оқығанда, естігенде, бүгінгі күнге, бүгінгі баршылыққа, тоқшылыққа сансыз шүкір дейсің.

Осы жерде айта кететін жайт: Мұхтар Мағауиннің «Бір уыс бидай» əңгімесінің желісімен қысқаметражды фильмі түсіріліп, көрерменге жол тартты. Фильм авторлары Серік Əбікенұлы, Данияр Мұстафаев. Əрине режиссерлер əңгіменің фабуласын негізге алғанымен, өзіндік көркем жаңаша шешіммен, өзгеріспен сомдаған.

Жазушы Жанболат Башардың «Қабір үстіндегі зұлмат» атты повесі де жоғарыда талданған шығармаларды толықтыра түседі. Мұнда аштықтан бұралған қазақ халқы ауылдарынан нəр таба алмаған соң қалаға қарай шұбырғаны, алайда жергілікті кеңес жандайшаптары оларды қалаға кіргізбек, ашықтан ашық өлімге итермелегені былай суреттеледі. «Аштықтан жан сауғалаған ауыл қазақтары «көлге жетсек, балық жесек те өлмеспіз» деп шұбырып, жол-жөнекей ашық аспан астында аштан, кебінсіз, көмусіз қалды. «Көлден балық аулап жейміз» деген қыр қазағы су жағасында жайрап жатты... Болашақ өндіріске іргелес жатқан ауылдардан жан-сақтауға ағылған қисапсыз қазақ үшін Балқаш құрылысы: ақтық үміт, соңғы таяныш еді. Мұқым ел Балқаш құрылысынан пана іздеп, көкше көлді бетке алып, жүздеген шақырымдық шөлді кесіп өте алмай, сүйе гі шашылып жолда қалды... Аштыққа ұрынған қазақтарды мұнда күтіп отырған ешкім жоқ... Бұлар Өтайдың қамқорлығы арқасында ажалдан сəл де болса алыстағанымен, əлі де тұрақ таба алмай тентіреп жүрді. Асханаларды төңіректеді, «солар күресінге бірдеме төге ме, төге қалса содан нəпақа табыла ма?» деген құнсыз үміт. Келесі күні Елхан анасы екеуі көл жағалап «толқын шығарып тастайды-ау» деген балықты аңдыды... Ертеңінде Елхан кешегі нан таратқан жерге келді. Күн ілгерідегі құжынаған адам жоқ. Сап тыйылған. Не деген жауыздар?! Аштарға көмектескен болып оларды улап өлтіргендері бала санасына сыяр емес. Жүрегі қан жылады. Əлгі тірсегі-тірсегіне соғылып, аш-жалаңаш жүрген балалардың бірі де қалмаған, түгел тегін таратқан ақ нанды жеп көз жұмғанын білді. Бұдан өткен зұлымдық болар ма?! Бала Елхан мұның сырын түсіне алмады. Кейін де ол осы жағдайды жиі есіне алып, ойына түскен сайын еңсесін жаншыған ауыр мұңға батып, жүрегі жылап тұратын. Қаршадайынан осындай аяусыз қиянатты көрген ол, қалай да мына зұлматтан тірі қалсам деген жалғыз тілекті ойынан шығарған емес. Əзірге қасында анасы бар» [9; 55–73]. Шығармадағы оқиға нені меңзеп тұр?!

Бала Елхан образы зобалаң жылдардағы бүкіл қазақ балаларының прототипі сияқты.

Қазақтың классик жазушысы 1932 жылы Ғабит Мүсірепов төрт жолдасымен бірге крайкомға ұжымдастырудағы асыра сілтеулер туралы хат жазғаны бəрімізге белгілі. Əрине олардың бəріне ұлтшылдар деп айып таққан екен. «Егер сен өз халқың үшін уайым жеп жүрсең, Торғайға барып, онда аштық жоқ екеніне көзіңді жеткіз», — деп оған Голощекин күліпті.

Осы жайында В. Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресінде» қазақтың классигі Ғабит Мүсіреповтің өз басынан өткізген оқиғаны баяндайтын естелігі берілген. Ғабит Мүсірепов — қар астында адамдардың өліктерін, қатар-қатар жатқан мəйіт үйінділерін өз көзімен көрген адам. Жан- жағы өлі адамдар, ол осы күнге дейін бұдан асқан қорқынышты көрмеген екен: көз алдында мүлдем бос ауылдар, еш жерде тірі жан жоқ. «Ақ қардың үстіндегі ақ шаңқан киіз үйлердің өлі қаласы ғана». Ғабит бір киіз үйге, екіншісіне кірсе, бəрі орнында, бірақ адамдар жоқ. Өмір бір сəтте тоқтаған сияқты, ал адамдар бір мезетте жоғалып кеткендей. Мүсіреповтің көзіне ерекше бай алты қанатты киіз үй түседі. Қасындағы серіктестерімен үйдің ішін мұқият қарайды… Сол үйде жалғыз аман қалған тіршіліктің түрін былай сипаттайды: «Ұзын шаштары қанға бітіп мұз қырау сияқты түйдектелген, қап-қара екі аяғы сидиған, қара қарғаның мүйіз аяқтарына ұқсайды. Екі көзі есі жоқ бейнені танытады, екі беті қанға боялған, ернінен жас қанның ағып тұрған ізі көрінеді. Ақсиған тістерін жыртқышқа ұқсатады, аузында көбікті қан. Зəре-құты қалмаған төртеуі де бір сəт мелшиіп тұрып қалады да, алды артына қарамай қаша жөнеледі. Артына бұрылған кезде жаңағы жəндік ғайып болып кетіпті». Көрген жеті-сегіз жастағы қазақ қызын «Бұл аштықтың көзі болды! Аштықтың қарғысы…» деп Мүсірепов айқайлап жіберген көрінеді [2; 11].

Бұл естелікті оқып отырған адам өзін бір жантүршігерлік, қорқынышты фильм көріп отырғандай сезінетін шығар.

Осы тəріздес ата-анасынан айырылған балалардың өмірі, көрген қиыншылығы аштық жайлаған Украина, Поволжье жерлеріндегі балалар тағдырымен ұқсас екені даусыз. Аштан қайтыс болғандардың соңында көбіне балалар қалып қойған, өйткені аналар қолдарынан келгеннің бəрін беруге тырысқан. Тулақты қазанға қайнатып, баласының көңілін жұбатқан қайран ананы көптеген шығармалардан көруге болады. Бұл нəубет кезінде балаларын көтеріп жүруге əлі қалмаған ана, киіз үйдің ортасына «шөлдесе балам ішер» деген үмітпен су қойып, есігін сырықпен тіреп, көз жасы көл болып, əрең ілбіп, жұрт соңынан ереді, оның көзінен жас емес қан аққандай еді, міне, ашаршылық қасіреті... Əдетте, өмірдің барлық қасіреттері, ең алдымен, ең қорғансыз адамдарға, негізінен балаларға əсер етеді. Көшедегі балалар проблемасы тарихтың əртүрлі кезеңдерінде, ең алдымен аштық, эпидемия, соғыс жəне басқа да ауыр апаттар кезінде ерекше өткір болды.

Ал жазушы Б. Қыдырбекұлының «Алатау» романында балалардың ауыр жағдайлары былай аянышты берілген:

«Көршісіне де кірдік. Бұл қасқыр етіне таласқан Берікқұлдың үйі. Ол жалғыз басты жігіт еді. Ол да төрі алдында жатыр. Жансыз. Жаңағы иіс осы Берікқұл үйінде де бар. Шамасы менің жобам дұрыс. Осылай тоғыз үйге кірдік. Бір де бірінде тірі адам жоқ... Он екі жасар қыз бұрышта бүрісіп отыр. Зорға сөйлейді. Қазанда бірдеме қайнап жатыр...

– Нұрқалық аға! Əкем кеше өлді. Қасқырдың етін жеді. Жеме десем болмады. Одан да мына жоңышқаны жеу керек еді, — дейді. — Көме алмай отырмын. — Не істеу керек? Басқа түссе баспақшыл деген осы. Кəмелетке жетпеген бала өлікпен бір үйде жатқан. Қалай ғана шыдарсың мұндай сұмдыққа! Қара жер қалай қарс айрылмай, осындай пəлені бізге көрсетіп тұр. Бала жыламсырады. Жылай алмады. Кемсеңдеді де қойды. Аузы да икемге келмейді. Бұл кіргеніміз он төртінші үй. Он төрт үйде жалғыз он екі жасар қыз қалыпты.

... Сүйегіне ілініп тұрған баланың көзі аларып кеткен, бірдеме сұрауға да мұршасы жоқтай. Жалбырап, жалдырап бізге телмірді де тұрды. Мойыны ырғайдай. Ол қылдырықтай мойын анау қара бұйра бөрікті басты қалай көтеріп тұр екен. Əйтеуір дене, аяқ-қол киім ішінде болғандықтан жүдеулігі көрінбейді. Суықтан болса да, аштықтан болса да баланың ауызы сөйлеуге келмейді.

– Ағ, — деді бала, аяғындағы «а» ны айта алмады. — На..

Мырзалин орнынан үш тұрып, үш отырды. Шыдамай кетті.

Қолын артына ұстап түк көрінбей тұрған қыраулы терезеден тысқа қараған болады. Тыста не бар оған, мына баланың жағдайын көріп шыдай алмай тұр. Бала бір кезде бар күшін жинап бір сөз айтты:

– Аға-тай-лар! Ағ...

Мырзалиннің аяғы тыпырлап, едені жоқ, топырақ табанды тесіп жібере жаздады. Жерді теуіп- теуіп қалды. Немізді береміз. Өзімізде екі-үш күн аш едік. Мұндайда қалтаңа қолыңды салып жіберіп, ең болмаса бір тілім нан алып, «мə, байқұсым, жей қойшы!» десең. Ой, шіркін-ай, ондай күнде болар ма екен. Осыларды ойлап жаным шыдамай, не істерімді білмей, өз маңдайыма өзімнің қойып қалғанымды бір-ақ білдім. Жұдырығым жұмылып столға соғылды. Бала қайта бірдеме демек еді, ауы- зы келмей кеңсеге құлап-ақ түсті...

Аш көзді, арық қара баланы жерден көтеріп, ұзын отырғышқа шалқасынан салып қойдым. Бала кеңсеге соңғы күшін жинап, ақырғы демін тартып, ақтық сөзін айта, көзін сата келген екен ғой. Қайтеміз, көмектесе алмадық. Арықтың жағасын жарып шығып, жаңа бас көтерген жас шыбық қыршын үзіліп кетті, бырт сынып мерт болды. Ой, шіркін, қатыгез дүние десеңші! [10].

Сонымен бірге ашаршылық қазақ даласында қылмыстың өсуіне алып келді. Аштық адамдарды тек өлімге ғана əкелмейді, ол адамдарды ақыл-есінен айырады. Мұндай аштық көріністерінің бірі — адам жегіштік. Бұл — аштықтың сөзсіз серігі. Қай уақыт болмасын моралдық тұрғыдан əлсіз адамдар үнемі кездесіп отырады, олар бір сəтте адамдық қасиетін жоғалтып, хайуандық санатқа өтеді. Өкінішке орай, каннибализм қазақ даласына да келді. Біз мұндай жайтты жазушы Ж. Башардың жоғарыда аталған повесінде кездестіреміз: «Дəл осы сəтте қайдан тап болғаны белгісіз, қайыстай қатқан тапал қара кісі əлгілерге сайтандай сақ ете қалғаны. Келе сала еңкейіп су ішіп жатқан жастау əйелдің жауырын ортасынан бір тізесімен сылқ еткізіп басып қалды... сайтан-адам əйелдің басын суға батырып, тұншықтырып тастады. Ол болса жанталаса жұлқынып, аяғы тыпырлап, басын судан шығара алмай көпке дейін бұлқынып жатты. Онсыз да аштықтан дымы құрып келе жатқан сорлы əйел ақыры қанды қол қарақшының уысында қала берді. Бұл — ашаршылық жылы аштықтан əлі кетіп, қарыс жерге жете алмай арыған адамдарды тұншықтырып өл тіріп, етін жеп жүрген Құныс қорқау еді. Бұл тажалдың тажал екенін кейінгі жұрт естіп-білсе де оған тік келген жан болмады. «Кісі етін жегеннен кісі қорқады» деген содан қалған» [9; 68].

Жоғарыда талданған Б. Қыдырбекұлының «Алатау» романында мынандай дерек бар:

«Екеуміз қашқынды қуа жөнелдік. Нұрқалық жете беріп көкжелкеден бірді отырғызды. Анау етпетінен кетті де, тұруға қарманды. Нұрқалық үстіне міне түсті. Тағы да əлін кетіру үшін болар, оның басын желкесінен көтеріп, жерге соғып-соғып жіберді. Мен де жүгіріп олардың жанына жеттім.

– Бұл иттің баласын бес-алты күннен бері аңдып ұстай алмай жүр едім. Дода сілəнінде өлгендердің сан етін кесіп əкетті. Сіздерге айтпап едім, əдейі. — Нұрқалық алқынып отырып айтты, бұларды. Сөйтсек осындай біреудің пайда болғанына бірнеше күн болған екен. Еті көп арымай өлгендердің күнде сан еті кесіліп қалып жүреді. Абұйыр сақтап, өлген адамға жаман атақ келтірмеу үшін жергілікті адамдар мұны тіпті бəрі көріп тұрып, біріне-бірі айта алмай ішінен тынады. Мұның кім екенін де білмейді, алдымен мысық ойып жеп қойды деп жүреді жұрт. Бірақ адам еті пышақпен кесілгендігі белгілі болады. Содан кімнен көрерін білмейді. Сөйтсе осыдан екі күн бұрын Дода сілəнінде өлген Көмекбай үйінен таңға жуық біреудің өзенге қарай жүгіріп бара жатқанын көреді, тұрғындар. Оның да сан еті кесіліп қалады» [10].

Жоғарыда келтірілген үзінділерден байқап отырсақ, аштыққа ұрынған адам ақыл-санасынан ада- сып, адам бейнесінен, кісілік келбетінен кетіп, жан төзгісіз жағдайға жетеді екен. Қан қақсаған халық, ауылда үрерге ит қалмаған, мысыққа шейін сойып жеп қойған. Судан тышқан ұстап қуанған есі ауысқан пенде!!!

Келесі бір жерде Б. Қыдырбекұлы кейіпкерінің аузына мынандай сөз салады: «... Осы ашаршылық жылдары, інім, мен ислам дінінің пайғамбары Мұхамедке қатты ренжідім. Оның діні бізге майы сере қарыс, ұшасы ұшандай жайылып жатқан шошқаны жегізбей қойды. Ал бұл жағынан алғанда Будда діні барлық діннен артық па деп қаламын. Оларда тамақтан өткеннің бəрін жеу керек. Ғажап емес пе! Егер жасынан орыстарға ұқсап тасбақа, француздарға ұқсап көлбақа, қытайларға ұқсап жылан жесе, біздің қазағымыз қырылар ма еді. «Ораза, намаз тоқтықта, иман кетер жоқтықта!» Қандай дұрыс айтылған сөз. Ас адамның арқауы болса онда жоқшылықта бəрін де жеуге болады ғой деп ойлаймын. Өйткені ішінен ас кеткен соң кісі кеңкиіп, адам кейпінен шығып қалады екен ғой, інім. Адам «миы өсіп жетілген жоғары сатыдағы хайуан» екеніне ашықтырып көрсең көзің əбден жетеді. Ашықса ол да хайуан болады да қалады. Біздің халқымызда «Бір күн тамақ ішпегеннен қырық күн ақыл сұрама» деген мақал бар. Мен бұдан артық дүниеде данышпандық сөз бар дегенге сенбеймін, сене алмаймын. Дүниенің арқауы тамақ екенін маған отыз екінші, отыз үшінші жыл айқын дəлелдеп берді. Ашыққанда мұсылмандығың жолбарыс көрген қасқырдай құйрығын бұтына қысып жымып кетеді екен.

Мен тасбақа жеген қазақтарды көрдім. Өліп бара жатқан соң жемегенде қайтеді. Көктемде төбе- төбеге жайылып кеткен қазақтардың ішінен ондайларды кездестірдім. Дұрыс істеді деп ойлаймын, інім. «Оны жегенше аштан адам қалпыммен өлгенім жақсы» деп отырсың, ə, інім. Оның дұрыс емес жəне ол кебеже қарын, кең құрсақ кездегі сөз.

... Өлмеудің сан жолы бар екен ғой, інім. Қазақтар Голощекиннің қолдан жасаған селебесіне қарсы осының бəрін қолдануы керек еді. Пысықтау қазақтардың шілге тұзақ құрып жүргенін көрдім. Бірақ ол елдің бəрінің қолынан келе ме. Қолына өзі келіп түсіп тұрған тасбақаны жемеген қазаққа кейде өлмесең өме қап дегің де келеді. Қап, шіркін-ай, десеңші!» [10]. Бұл жерде кейіпкердің ойынан сол кездегі аш адамның діни-нанымға деген өзгерген көзқарасын да көреміз.

Аштық кезінде өмір сүру үшін кейбір адамдар аса қатыгездікке баруға мəжбүр болатындығы, аш адамның пейілінің өзгергендігі жазушы М. Мағауиннің жоғарыда талданған шығармалардағы мына сөйлемдерінен-ақ байқауға болады: «Бұл ауылда отырғандардың бірсыпырасы-ақ өлмелі кедей, бəрі де «шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді. Бұрынғыдай ауысып тамақ беру абысын-ажын арасынан кеміп кетті. Шағын тамақтың үстіне біреу келсе, кірпік шешендей жиырылатынды шығарды» [6]. Əшейіндегі қазақ бойындағы қонақжайлықтың иісі де білінбейді емес пе!

Жазушылардың ашаршылыққа байланысты жазғанын оқып отырсақ, бір жоқтау жанрындағы шығарманы оқып отырғандай сезім қалады. Мəселен, Ж. Башардың повесінде «жылау» деген сөз 68 рет кездеседі екен. Осы «жылау» сөзі жазушы Б. Жандосайдың «Шошқаның құмы» деген шежірероманында да көрініс тапқан: «Шыңғырып жылағанда, сай жаңғырық атып, күңiренiп кеттi. (Бiреуiнiң əкесi мен ағалары, бiреуiнiң сүйген жары опат болып тұр ғой). Мен таудың басына шығып кеттiм. Сай жаңғырып, тұтас бiр ру ел жыласып жатқан сияқты тау басынан естiлетiн» [11]. Иə, бұл көрініс, бұл жылау, бұл зарлау — зұлмат, зобалаң жылдардың айқын символы екені даусыз.

Қорытынды

Сонымен, мақаланың өзегі болған жоғарыда талдаған шығармалалардан байқағанымыз, қазақ жерінде орын алған нəубет кезеңі қазақ халқының басынан өткен ең ауыр зардаптарының бірі болды. Қазақ жеріндегі ХХ ғасырдың 1920–30-шы жылдарындағы аштық проблемасы отандық жазушылар мен ғалымдарымыздың еңбектерінде нақты көрініс табуы əрі қарай жалғасын табуда. Яғни, əлі де зерттеуді қажет ететін өзекті мəселелердің бірі ретінде күн тəртібінде тұр.

Əдебиет — дəуірдің, оқиғаның дəлелі. Бірақ уақыт өте келе ол қайта ойлау мен түсіндіру əдісіне айналады. Қазақ ақын-жазушылары бұл қайғы-қасіретке ешқашан бей-жай қарамаған, ашаршылық көптеген көркем шығармаларының тақырыбына айналып жатыр.

Əдебиет алдында əрдайым қойылатын басты шарт — ол өз уақытына лайықты сипатқа ие болуы керек. Көркем шығарма оқырманға рухани əсер етеді, оның білімін, көркемдік мұраттарын көрсететін айна əсерін жасайды. Бəрінен бұрын есте сақталатын жалпы қағида — өткеннің тəжірибесін білмей, жаңасын жасау мүмкін емес. Сондықтан өткен тарихымыздағы осы нəубетті біз үнемі есте сақтап, келесі ұрпақтарымыздың мұндай зұлматты басынан кешпеу үшін ашаршылық туралы бар шындықты ашуымыз — қазіргі біздің міндетіміз деп ойлаймыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Дулатбеков Н.О. Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні туралы депутаттық сауал [Электрондық ресурс] / Н.О. Дулатбеков. — Қол жеткізу режимі: https://www.parlam.kz/kk/blogs/dulatbekov/Details/0/70410 (Анықтама күні: 03.03.2021).
  2. Михайлов В. Ғаламат жұт шежіресі: деректі хикаят / В. Михайлов. — Алматы: Мектеп, 2013. — 296 б.
  3. Судьба писателя — судьба эпохи. Смагулу Елубаеву — 70 лет [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://qazaquni.kz/adebiet/67296-sudba-pisatelya-sudba-yepokhi-smagu (Дата обращения: 10.04.2021).
  4. Сағындықұлы Е. Жұртымыздың жартысын жалмаған [Электрондық ресурс] / Е. Сағындықұлы. — Қол жеткізу режимі: https://old.elorda.info/kk/analytics/view/1921–1933-ghyldardagy-asharshylyk-kazaktyn-osimin-bir-gasyrga-teghedi(Анықтама күні: 14.05.2021).
  5. Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының қаһарман перзенті, жазушы Бауыржан Момышұлына арналады. «Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы / Құраст. Н.Қ. Қосаева. — Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2011. — 382 б.
  6. Майлин Б. Таңдамалы / Б. Майлин. — Алматы: Жазушы, 1977. — 543 б.
  7. Мағауин М. Шығармалар жинағы: 1960–2002 ж. [13 томдық] 1-том. Əуелгі əңгімелер / М. Мағауин. — Алматы: Қағанат — ҒМО баспасы, 2002. 1960–1973. — 549 б.
  8. Бекбау Н. Ғаламда болмаған геноцид [Электрондық ресурс] / Н. Бекбау. — Қол жеткізу режимі: http://www.madeniportal.kz/article/3531 (Анықтама күні: 15.05.2021).
  9. Башар Ж. Қабір үстіндегі зұлмат: Повесть, əңгімелер жинағы / Ж. Башар. — Астана: Профи Медиа, 2016. — 256 б.
  10. Қыдырбекұлы Б. Алатау [Электрондық ресурс] / Б. Қыдырбекұлы. — Қол жеткізу режимі: https://kitap.kz/book/alatau- guma (Анықтама күні: 20.05.2021).
  11. Жандосай Б. Шошқаның құмы [Электрондық ресурс] / Б. Жандосай. — Қол жеткізу режимі: https://almaty- akshamy.kz/shosh-any-my-shezhire-romannan-zindi/ (Анықтама күні: 20.05.2021).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.