Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы Президент билігі

Мақалада Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы кезеңіндегі Президент билігінің мемлекет өміріндегі шешуші рөл атқарған ерекше тұстарына назар аударылған. Нақтылай түсетін болсақ, Президенттік биліктің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы рөлі зерттелген. Бүгінгі біз білетін тəуелсіз, егеменді жəне құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы қазіргі жағдайына бірден жете қоймағаны белгілі. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырып, оны дамытудағы негізгі сұрақтардың болуы жəне олардың шешілуі бойынша атқарылатын іс шаралар өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Мемлекетіміздің негізгі нормативтік құжаты Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы жəне оның кепілі болған Президент билігінің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, оның негіздерін нығайтудағы рөлі жайында да заң ғылымы саласындағы ғалымдардың ғылыми көзқарастары зерттеуге тұрарлық. Автор заңгер ғалымдардың көзқарастары мен сараптауларына, мемлекет өмірінде болып жатқан саяси-құқықтық өзгерістер мен реформаларға қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, сипаттаған. Мақала Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнатудағы, оның негіздерін қалыптастырудағы бірқатар күрделі мəселелер, яғни мемлекетіміздің қалыптасуы кезеңінде болған қиын жағдайларға қарамастан халық өкілдері мен билік тарапынан жасалған реформаларға, көзқарастарға, пікірлерге кеңінен зерттеу жүргізу нəтижесінде авторлық тұрғыда тың мəліметтерге қол жеткізіліп отыр.

Кіріспе

Тарихта болған қандай да бір мемлекеттердің өміріне шолу жасайтын болсақ, адамдардың қоғам құрып, мемлекет қалыптастырудағы басты мақсаттарының бірі жалпы адамзаттық құндылықтарды қамтыған құқықтық мемлекет құру екенін байқаймыз. Ал сол құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері болып заң үстемдігі, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік, мемлекеттегі билік бөлінісі қағидасының сақталуы, жеке тұлға мен мемлекеттің өзара қарым қатынасы табылады.

Бүгінгі біз білетін тəуелсіз, егеменді жəне құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы қазіргі жағдайына бірден жете қоймағаны баршаға мəлім екені айтпаса да түсінікті. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырып, оны дамытудағы негізгі сұрақтардың болуы жəне олардың шешілуі бойынша атқарылатын іс шаралар өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Нақтылай түсетін болсақ, мемлекетіміздің негізгі нормативтік құжаты Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы жəне оның кепілі болған Президенттің билігінің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, оның негіздерін нығайтудағы рөлі жайында да заң ғылымы саласындағы ғалымдардың ғылыми көзқарастары зерттеуге тұрарлық.

Жаңа құқықтық мемлекетті құру үшін қазақ ұлттық мемлекеттілігінің негізін бекіткен іргетасы берік Конституцияны қабылдау керек болды. Елдің негізгі құжаты көптеген ұрпақ жүзеге асыруға тырысқан жоспарлар мен жобалар үшін маңызды қадам болды.

Қазақстан Конституциясының жасалуы күрделі жолдардан өтті. С.З. Зиманов 1992 жылдың қазанынан 1993 жылдың қаңтары аралығында Конституциялық комиссия мүшелері талқылауға Негізгі Заң жобасының 4 нұсқасын ұсынғанын айтады. Конституциялық комиссия құрамына белгілі ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері кірген [1; 60].

Елдегі жəне барлық посткеңестік кеңістіктегі ахуал тұрақсыз болатын, осыған байланысты бағдарламалық жобалардың жүзеге асырылуын қаматамасыз ете алатын мықты атқарушы билік керек болды. Бұдан басқа, академик С.З. Зимановтың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің алдында экономикалық реформаларды іске асырумен қатар, атқарушы биліктің барлық құрылымын өзгерту мен ұйымдастыру сияқты тарихи маңызды міндеттер тұрды. Жəне, ең бастысы, өзі жетекшілік ететін тиімді жұмыс жасаушы үкіметті құру [2; 87].

Егемен Қазақстанның 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған бірінші Конституциясындағы «Президент» деп аталатын 13-тараудағы 75-тен 83-бапқа дейінгі аралықта ҚР Президентінің құқықтары мен өкілеттіктері анықталған болатын. Мемлекет басшысы ретінде ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Республика Конституциясы мен Заңдарының кепілі болып табылады.

Президент 5 жыл мерзімге сайланды, əлемде қалыптасқан тарихи дəстүр бойынша ол лауазымға кірісер алдында Жоғарғы Кеңес, яғни Парламент алдында ант берді. 76-бапта Президенттің 2 реттен артық сайлануға құқығы жоқтығы айтылды. ҚР бірінші Конституциясының айрықша ерекшелігі Президенттің атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаруы болып табылады. 78-бапқа сəйкес мемлекет басшысы қажет болған жағдайда мемлекеттің егеменділігін, азаматтардың қауіпсіздігі мен аумақтың бүтіндігін қорғау үшін барлық шараларды қабылдай алады.

78-баптың 3-тармағында Мемлекет басшысының премьер-министрді, оның орынбасарларын, жəне де сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік министрлері мен дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын тек Жоғарғы Кеңес келісімімен тағайындай алатыны атап өтілген. Жəне де Президент Министрлер Кабинетіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады, премьер-министрдің ұсынысы бойынша Министрлер Кабинетінің құрамын анықтайды, министрліктер мен мемлекеттік комитеттерді құрып, таратады, Министрлер Кабинетінің, министрліктердің жəне ведомстволардың актілерін тоқтатады немесе жояды.

Президент Конституцияға сəйкес республиканың Жоғарғы Кеңесі ұсынған Заңдарға қол қояды, алайда оған өзінің қарсылығын білдіріп, қайта талқылау үшін екі апта мерзім ішінде Парламентке кері қайтаруы мүмкін. Сонымен бірге, Жоғарғы Кеңес депутаттарының жалпы санының 2/3 көпшілік дауысымен алдыңғы қабылдаған шешімін нақтылауы мүмкін. Бұл жағдайда Президент Заңға қол қояды.

ҚР Конституциясының 78-бабының 11-тармағына сəйкес Қазақстан Президенті Республика Жоғарғы Кеңесіне Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың, Жоғарғы арбитраждық соттың төрағасы мен судъяларының, Бас Прокурордың жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының үміткерліктерін ұсынады [1; 287].

Ары қарай, осы бапқа сəйкес Президент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады, оның жеке басына қол сұғылмайды (80-бап). 81-бапқа сəйкес ҚР Вице-Президенті Президентпен бірге сайланып, ол болмаған кездері немесе Президенттің сырқаттанып қалуына байланысты өзінің тікелей міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін атқарып, орындайтын болды.

1993 жылғы Конституцияның 14-ші тарауында ерекше орын Министрлер Кабинетіне берілгенін айта кету керек. 84-бапта Министрлер Кабинеті Қазақстан Республикасының үкіметі болып табылады жəне мемлекеттік билік ету сұрақтарын шешу үшін құрылған. Министрлер Кабинетіне кірген тұлғалар парламентарилер болып табылмайды немесе билік органдарында, республиканың қоғамдық бірлестіктерінде лауазымдық қызметтер атқару жəне де кəсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған.

Министрлер Кабинетінің қызметін нақтылай келе, 1993 жылғы Конституцияда Министрлер Кабинетінің тек Республика Президентінің алдында ғана жауап беретіні атап өтілген. Президент жарлықтарын орындау үшін Министрлер Кабинеті республиканың барлық аумағында əрекет ететін актілерді қабылдайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының 85 жəне 86- баптарында айтылады.

Премьер-Министр ҚР Конституциясының 87-бабына сəйкес Министрлер Кабинетінің қызметіне тікелей жетекшілік етеді, кабинет қаулыларына қолын қояды, өкімдер шығарады жəне оған Конституция жүктеген өзге де негізгі қызметтерді жүзеге асырады.

Жоғарғы Кеңес Үкіметті бақылауда үлкен өкілеттіктерге ие болғанын айта кету керек. Мысалы, Парламенттің кез келген кабинет мүшесінің республика заңдарын атқару бойынша есептерін тыңдауына құқығы болды, жəне де əрине, егерде қандай да бір министрлер қызметінде бұзушылықтар болып жатса, Парламент Президент алдында оны мерзімінен бұрын лауазымынан босату туралы сұрақты қою өкілеттігіне ие болды [1; 289].

Жергілікті басқару жүйесі Республика Президентімен ұйымдастырылады жəне тікелей басқарылады. Жергілікті басқару органдарының басшыларын Президент немесе жоғары тұрған орган лауазымға тағайындайды жəне босатады. Республиканың əкімшілік аумақтық бөлінісіне сəйкес жоғары тұрған органға бағынады.

Конституцияға сəйкес жергілікті билік органының өкілеттілігі арнайы заңдармен реттеледі. Өкілді органдар жергілікті жерлердегі тұрғындармен 5 жыл мерзімге сайланады жəне атқарушы билік органдарымен бірлесе отырып жоғарғы билік органы қойған стратегиялық міндеттерді орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Əдістер мен материалдар

Зерттеу жұмысының əдістемелік негізін əлеуметтік-құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық əдісі жəне танымның тəжірибеден өткен заманауи əдістері құрайды. Зерттеу барысында анализ, синтез, жинақтау, салыстыру сияқты теориялық талдаудың жалпы логикалық əдістері кеңінен қолданылды. Сонымен қатар мазмұнын ашу барысында негізгі міндеттерді шешу үшін құқықтық талдау, нақтылау, түсіндіру əдістері қолданылды. Зерттеу барысында қазақстандық заңнамаларға, отандық жəне шетелдік ғалымдардың мемлекеттегі құқықтық, демократиялық мемлекет қалыптастыру сұрақтарына арналған ой пікірлері, ғылыми еңбектері назарға алынды.

Нəтижелер мен талқылаулар

Қандайда бір мемлекеттегі заңның үстем етуі, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, мемлекеттік басқару органдары мен тетіктерінің тиісті дəрежеде бекітілуі, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мəселері əрқашанда сол елдегі заңнаманың жоғарыда айтылған сұрақтардың шешімдерін тапқан жағдайында ғана болуы мүмкін екендігін өткен тарих пен қазіргі жалпы қалыптасқан жағдай куəландырып отыр.

Мақала тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу нəтижесінде Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнатудағы, оның негіздерін қалыптастырудағы бірқатар күрделі мəселелер, яғни мемлекетіміздің қалыптасуы кезеңінде болған қиын жағдайларға қарамастан халық өкілдері мен билік тарапынан жасалған реформалар, көзқарастар, пікірлер жайында авторлық тұрғыда тың мəліметтерге қол жеткізіліп отыр. Қазақстан Республикасы өз егеменділігіне ие болғалы екі рет Конституцияны қабылдағаны бəріне белгілі. Осы екі Конституцияның ерекшеліктері жайында заң ғылымы саласындағы ғалымдардың да пікірлері əр алуан болып жатады. Мəселен, ғалым В.Малиновский 1993 жылғы Конституцияның Президентке барлық атқарушы биліктің жоғарыдан төменге дейінгі қызмет етуіне саяси жауапкершілік жүктегенін атап өтеді. Мұнымен қоса елдегі саяси жүйенің ядросы болған Халық депутаттарының кеңесі жойылған болатын. Жоғарғы Кеңес сонда да Республиканың заң шығарушы орган құқығын сақтап қалды. Ғалым бұл кезеңді мықты Жоғарғы Кеңесі бар жартылай президенттік республика моделі деп атайды [3; 25].

Ғалым Ғ.С. Сапарғалиев өзінің еңбектерінде, 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес кең өкілеттіліктерге ие болғандықтан Президент билігінен жоғары тұрғанын атап көрсетеді. Тіпті, «Республика Президенті» туралы тарау «Жоғарғы Кеңес» туралы тараудан кейін орналасқан, бұл республика Негізгі Заңының елді парламенттік республика құруға толығымен бағыттағанын білдіреді. Жəне, керісінше, 1995 жылғы Республика Конституциясы билік органдары жүйесіндегі бірінші орынға Президентті қояды, бұл елдегі президенттік басқару жүйесінің орнатылғанын білдірді [4; 302].

Республикадағы ахуал осы кезеңдерде нашарлап кеткенін айта кету керек. Бұл тұрғындарды бірінші қажетті тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты болды, коммуналдық қызметтердің жұмыстары толығымен тоқтап қалды, жылу электр станциялары тоқ пен жылуды тек ауруханалар мен мектептерге ғана беріп отырды. Кəсіпорындар жаппай жабылып жатты, адамдар жалақыларын айлар бойы ала алмады, мекемелердің пысық жетекшілері жұмысшыларға еңбек ақыларын өздерінің өнімдерімен, ауылшаруашылық тауарлармен немесе басқа да тауарлармен айырбаспен беріп отырды. Осының барлығы халықтың мемлекетке деген сенімсіздігін тудырды, билік беделінің түсуіне жəне қоғамдағы жағдайлардың тұрақсыздануына алып келді.

Осындай қиын жағдайларда елді басқаруда тəртіп орнатып, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу үшін құқыққорғау органдарын нығайтып, кəсіпорындар мен мекемелердің жұмыстарын шетелдік жəне жеке капиталдарды тарту есебінен жандандырып, əрбір еңбекке қабілетті азаматты жұмыспен қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру сияқты міндеттер тұрды. Бұның барлығы қуатты президенттік билік болғанда ғана мүмкін еді.

Республиканың ХІІ шақырылымдағы Жоғарғы Кеңесінің өзін өзі таратуы жəне «Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi əкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қабылданғаннан кейін тарихи оқиғалар өте жылдам өрби түседі. Президент орындалуы уақыт күттірмейтін міндеттерді шешу үшін мүмкіндікке ие болды [4; 302].

В. Малиновский, жаңа кезеңге өту Президент Н.Ə. Назарбаевтың 1994 жылдың 9 маусымында Жоғарғы Кеңестегі президенттік биліктің ары қарай дамуына көзқарасын білдіріп сөйлеген сөзінен кейін басталғанын атап өтеді. Атап айтсақ, ол сөзінде мемлекет басшысы ретінде Негізгі Заң — Конституцияны, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің кепілі болғандықтан республикада болып жатқан барлық оқиғаларға жауапты екенін атап өтеді, жəне де əр билік тарабының халық алдында толықтай жауап беруі үшін бүкіл күш жігерін салып тырысатынын айтады [3; 25].

1994 жылы маусым айында ҚР Президенті өзінің «Дағдарыстан шығу шаралары жəне нарықтық қайта құрылымдардың тереңдеуі» атты Жолдауында заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі тармақтарын жетілдіру мақсатында нақты жобаны ұсынған болатын. Мемлекет басшысы мемлекеттік биліктің 3 негізгі тармағы алғашқы жылдары сол уақыттағы ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы тарихи жағдайлардың қажеттілігіне байланысты бір құрылымда жұмыс жасағандықтан Президент беделімен бүркемеленгенін атап өтеді.

Н.Ə. Назарбаев дұрыс байқағандай, билік органдары дербес болуы үшін пісіп жетілді, сондықтан Президент билігі Үкімет қызметінен алшақтайды жəне өзінің назарын Конституция кепілінің қызметін орындауға аударады. Сондықтан ол барлық күш қуатын қоғамның нығаюы мен саяси тұрақтылыққа бағыттайды [3; 26].

Президент мəртебесінің мемлекет басшысы ретінде нығаюына, кейбір деңгейде мемлекеттік рөлінен басым болуына Қазақстан Республикасы Президентiнiң республиканың мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылы туралы 1994 жылғы 12 қыркүйектегі Жарлығы ықпал еткен. Осы кезеңнен бастап Премьер-Министрдің Үкімет жұмысы, Ұлттық Банк төрағасының, Бас Прокурордың жəне т.б. жұмыс жайында Президентке ақпарат беріп отыруы тəжірибесі енгізілген болатын. Республиканың президенттік басқару нысанына өтудің келесі қадамы болып шығыстарды қысқарту туралы Жарлықтар, атап айтсақ, «Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының құрылымын жетiлдiру жəне оларды ұстауға жұмсалатын шығынды қысқарту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы» болып табылды. Министрлер Кабинетіне Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот, Жоғарғы арбитраждық сот, Бас Прокуратура қызметкерлерінің санын азайту, жəне де орталық органдар құрылымын кем дегенде 25 %-ға қысқарту бұйырылды [3; 29].

Кейінірек, президент билігінің күшеюіне республика Президентінің аппараты мен Министрлер Кабинетінің қайта құрулар негізінде Қазақстан Республикасы Президент Аппараты жəне Министрлер Кабинетінің іс басқармасы болып бөлінуіне себеп болған Н.Ə. Назарбаевтың 1994 жылғы 13 сəуірдегі Жарлығы ықпал етті.

В. Малиновский, осы Жарлықтардың барлығы 1994 жылы Жоғарғы Кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті өзі мəлімдеген жəне Жоғарғы Кеңеске Жолдауындағы Президент мəртебесіне жаңа конституциялық мəн беру бойынша шараларды жүзеге асыруға ұмтылыстарын куəландырады деп атап өтеді. Алайда, 1993 жылғы Конституция жағдайында бұл міндеттерді орындау оңай болмады [3; 29].

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХІІІ шақырылымына сайлау 1994 жылдың наурызында өтті. Үкімет қызметі 1994 жылдың 27 мамырында Жоғарғы Кеңес депутаттарының тарапынан қатаң сынға ұшырады. Парламент Үкіметті қоғам мен мемлекетті біріктіре алатын ұлттық бағдарламаны жасай алмады деп тұжырымдайды. С.С. Сартаев Президенттің депутаттар алдында баяндама жасағанын жəне де ол депутаттарға арналған «Нарықтық қайта жаңартуларды жеделдету жəне экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы» Жолдауында өзінің мемлекет дамуының болашағы мен жоспарларын, қуатты атқарушы билік сақталғандағы оның құрылымын ұсынғанын атап өтеді. Ол жəне де Мемлекет басшысы ретіндегі өзінің өкілеттіктерін нақтылауды талап етіп, Конституцияға Президент импичменті институтын жəне Парламентті тарату құқығы енгізу жөніндегі сұрақтарды көтерді [5; 109].

Ары қарай академик С.Сартаев 1994 жылдың қыркүйегінде Президент пен Жоғарғы Кеңес арасында заң шығарушы жəне атқарушы билік арасындағы өзара əрекеттестікті қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол жеткізгенін айтады. Осы үшін экономиканы тұрақтандыру жəне реформа бағдарламасына түзетулер енгізу үшін біріккен комиссия құрылған болатын. Алайда, Парламент пен Үкімет арасында келісілген қызмет жүзеге аспады. Жоғарғы Кеңес үкіметтің дағдарысқа қарсы тиімсіз бағдарламасын сынға ұшыратады. Президент орын алған жағдайға байланысты «ҚР Министрлер Кабинетінің отставкаға кетуі жөнінде» Жарлық қабылдауға мəжбүр болады [5; 110].

Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы идеяларды Жоғарғы Кеңес пен Президент жақсы түсінген болатын. Мысалы, Министрлер Кабинеті негізгі жұмысты конституциялық заңнама мен адам құқығы бойынша жүргізеді. Олардың жоспарында «ҚР Жоғарғы Кеңесі туралы», «ҚР Конституциялық Кеңесі», «Конституциялық өндіріс туралы» жəне де Министрлер Кабинетінің мəртебесі, ҚР соттар мен судьялардың құқықтық мəртебесі туралы жаңа заң жобаларын əзірлеу болған.

Жоғарғы Кеңестің басты міндеті кезең-кезеңмен конституциялық реформаларды жүргізу болатын. Парламентарилердің жоспарлары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі туралы Заңда Парламентке атқарушы билік органдарының бағынуы есебінен олардың өкілеттіктері кеңейтілді. Сонымен бірге, депутаттар тіл мəртебесі, жерге жеке меншік, азаматтылық туралы Заңдарды бұрынғы қалпында қалдыруды ұсынды [5; 112].

Президент Аппаратында елдегі дағдарыстан шығу бойынша жəне 1993 жылғы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары қатар жүріп жатты. Бұл шығармашылық топқа сол кездегі Əділет министрі Н.А. Шайкенов, В.А. Мухамеджанов, П.А. Колпаков жəне Н.Ə. Назарбаевтың жетекшілігімен өздерінің заң жобаларын əзірлеген басқалар да қамтылды.

Қазақстандық қоғам алдында тұрған Президент, Парламент жəне Үкімет сияқты күрделі сұрақтарды жəне олардың арасындағы өзара қатынас сұрақтарын Конституция мазмұнын түбегейлі өзгертпей шамалы өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеше алмайтынын тəжірибе көрсетті. Яғни, жаңа Конституция жобасын жасау сұрағы тұрды. Осындай күрделі жағдайда жобасы жалпы халықтық референдумда ұсынылған жаңа Конституция əзірленіп жатты. 1995 жылдың 30 тамызында көпшілік дауыспен жаңа Конституция жобасы қабылданған болатын [5; 121].

Жаңа Конституцияның қазақстан қоғамын тұрақтандырғанын айта кеткен жөн. Өйткені, ол республикадағы жоғарғы билік органдарының құқықтары мен міндеттерін нақты бекітті, Парламенттің орны мен өкілеттіктерін жəне атқарушы биліктің рөлі мен маңызын анықтады, бұл өз кезегінде олардың арасындағы келіспеушілік себептерін жойып, маңызды жалпымемлекеттік мəселелерді шешуге жұмылдырды. Жəне де, ең бастысы, Қазақстан Республикасындағы тəуелсіз мемлекеттің дамуын жалғастыру үшін президенттік басқару нысаны орнаған болатын.

Ғ.Сапарғалиев, 1995 жылғы Конституцияның 40-бабында Президенттің құқықтық мəртебесіне, биліктің жоғарғы органдары жүйесіндегі мемлекет басшысы ретіндегі орнына негізгі сипаттама берілгенін атап өтеді. Ары қарай, ғалым, Президент мемлекеттегі жоғарғы лауазымға ие тұлға екендігін, билік органдары құрылымында ерекше орын алатындықтан оның ешбір билік тармақтарына жатпайтынын көрсетеді. Конституция Президенттің ерекше жағдайын бекітеді, бірақта бұл биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот биліктеріне бөліну қағидасының бұзылғанын білдірмейді. Олардың əрқайсысы Негізгі Заңмен анықталған дербес жəне тəуелсіз өкілеттіктер шеңберінде əрекет етеді. Тек Парламент өз өкілеттігін Президентке берген жағдайда ғана ол белгілі мерзімі аралығында Заңдар қабылдай алады. Сондықтан Президенттің билік тармағының ешқайсысының жұмысына араласуына құқығы жоқ. Алайда, Президент 1993 жылғы Конституцияда біз көргендей ешбір билік тармағын басқармайды. Елдің жаңа Негізгі Заңы бойынша Үкімет атқару билігін жүзеге асырады жəне атқарушы органдар жүйесіне жетекшілік етеді. Сонымен бірге Үкімет Президент алдында жауап береді [4; 303–304].

Егемен Қазақстанның Президенті 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының символы əрі кепілі болып табылады. Президент Қазақстанның көпұлтты халықтарымен сайланғандықтан, Ғ.Сапарғалиевтің пікірі бойынша, халық бірлігінің символы іспеттес, ал бұл оған халық атынан сөз сөйлеуге құқық береді [4; 304].

Қазақстан экономикасының жəне оның саяси-құқықтық жүйесінің дамуына жиырма жылдан астам уақыт өтуі барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданған болатын. Ол 2012 жылы желтоқсанда Президент Жолдауында ұсынылды. Оның басты міндеті болып Қазақстанның əлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі жəне экономикасы дамыған, жалпыға ортақ еңбек мүмкіндігі мен қуатты мемлекет негізінде берекелі қоғам құру табылады.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін 7 ұзақ мерзімді басымдықтар анықталған. Бұлар жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кəсіпкерлікті жан-жақты қолдау, əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары, мемлекеттілікті одан əрі нығайту жəне қазақстандық демократияны дамыту, дəйекті жəне болжамды сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм. Бұған қоса Стратегияда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қамтылған болатын [6].

Біздің республикамыздағы ықпалды қоғамдық бірлестіктердің бірі «Нұр Отан» партиясы екені белгілі. Н.Ə. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде елде 5 реформаны жүргізу міндетін қойды жəне де осы реформалар шеңберінде 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспары əзірленген болатын [7].

Əсіресе екінші реформа — азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру көзделген заң үстемдігіне тоқтай кеткіміз келеді. Нақтырақ айтсақ, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу арқылы судъя лауазымына үміткерлерді іріктеу тетігі мен біліктілік талаптарын қатаңдату; мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан сот төрелігі институтының бөлініп шығуы; судьялардың есеп беру тəртібін күшейту жəне судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау. Жəне де барлық сот процестеріне бейне жəне таспаға жазу, сотта айыпталушы жəне қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету, Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны ұйымдастыру. Азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту. Полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жақсарту, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу, жергілікті полиция қызметін құру жəне басқалар [8].

Президент сот-құқықтық реформасына біздің егеменді мемлекетіміз құрылған сəттен бастап ерекше көңіл бөле бастағанын айта кету керек. Президент сонау 1994 жылдың 12 ақпанында біздің мемлекетіміздегі сот құқықтық реформасының қарқынды дамуына бастама берген «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулы қабылдаған болатын. Басталған реформалардың жалғасы болып бүгінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық Заңымен алмасқан 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасындағы соттар жəне судьялардың мəртебесi туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы табылды.

Парламент Сенатының депутаты С.Б. Ақылбайдың мəліметтері бойынша, Президент 1996– 2005 жылдар аралығында құқықтық реформаға қатысты 145 Заң жобасын ұсынған. Олардың қатарында, «Алқабилер туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жəне т.б. [9].

Қорытынды

Негізінен, мемлекет құқықтық реформаларды жүргізу үшін көптеген істер жасап жатқанын атап кету керек. 2015–2016 жылдары елдің құқықтық жүйесін əжептəуір ізгіліктендірген жəне қазақстандық қоғамды демократияландырған ҚР Қылмыстық кодексі, Қылмыстық процессуалдық, Еңбек, Азаматтық процессуалдық жəне басқа да кодекстер қабылданған болатын.

Жоғарыда келтіргендер, біздің елдегі президенттік институттың ерекше тарихы барын куəландырады, өйткені, ол Қазақстан үшін саяси жəне экономикалық ауыр жағдайда қалыптасты жəне дамыды. Мемлекет басшылары бастаған демократиялық реформаларды кері бұруды қалаған көптеген кереғар күштер болды, сондықтан президенттік басқару нысаны демократиялық процестердің үздіксіздігін жəне Қазақстан Республикасындағы ұлттық мемлекеттілікті ары қарай құруды қамтамасыз етуде өзінің маңызды позитивті рөлін ойнағанын атап өтуге болады. Алайда уақыт бір орында тұрмайды, яғни, Қазақстан Республикасы əлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болғандықтан əрі қарай дамуын, құқықтық мемлекет құруды жалғастырып, нығайту жолында белгілі бір нормативтік құқықтық актілер қабылдау арқылы алға қарай жылжуы үшін көптеген шаралардың атқарылатыны уақыт еншісінде.

Əдебиеттер тізімі

  1. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан / С.З. Зиманов. — Алматы: Жеті жарғы, 1996. — 352 с.
  2. Кожахметов Г.З. Некоторые вопросы теории развития национальной государственности в трудах академика С.З. Зиманова / Г.З. Кожахметов, Р.Б. Ботагарин // Қарағанды университетінің хабаршысы. — 2014. — № 1 (73). — Б.51–60.
  3. Малиновский В. Глава государства суверенного Казахстана / В. Малиновский. — Алматы: ВШП «Əділет», 1998. — 242 с.
  4. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан / Г.С. Сапаргалиев. — Алматы: Жеті жарғы, 2014. — 544 с.
  5. Сартаев С.С. Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы / С.С. Сартаев, Л.Т. Назаркулова. — Алматы: Кітап, 2002. — 407 с.
  6. Долгосрочная стратегия развития Казахстана «Казахстан–2030» и Программы Республики Казахстан. — [Электрондық ресурс]. — Кіру режимі: http://www.akorda.kz/ru.
  7. Сильная нация — сильное государство (5 реформ — 100 шагов). — [Электрондық ресурс]. — Кіру режимі: http://infozakon.com/news.
  8. Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы. — [Электрондық ресурс]. — Кіру режимі: http://ortcom.kz/ru/program/program-100steps/text/show.
  9. Акылбай С.Б. Актуальные проблемы дальнейшего совершенствования правосудия в Республике Казахстан / С.Б. Акылбай. — [Электрондық ресурс]. — Кіру режимі: http://www.parlam.kz/ru/blogs/Akilbay/Details/4/3349.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.