Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медициналық білім берудің қоғамдық пәндермен сабақтастығы

Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсері болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл-ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды. Леонардо да Винчи

Мен, жалпы медицина мамандығының 3 курс білім алушысымын, гуманитарлық пәндер негіздерін екі жыл оқып келеміз. Әрине, алғашқы кезде қаншалықты керектігін жете түсінуге ұмтылмаған кезде, бұл пәндер не себепті керек? деген сұрақ туындаған болатын. Саналы түрде, бұл пәндердің өзімнің мамандығымның шекарасында керекті қаралу керек жақтарын түсінуге талпына бастадым. Гуманитарлық пәндер, айта кететін болсақ, Қазақстан тарихы, психология, мәдениеттану, құқық негіздері, әлеуметтану және саясаттану пәндерін не себепті оқимыз? Бұл, пәндерді тек медицина саласы ғана емес, барлық мамандық иелері оқып, білім алатыны белгілі. Осы пәндердің медицина саласының студенттеріне керекті жақтарын қарап көрсек.

Жалпы, біз қоғамда өмір сүреміз. Қоғам - екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен араласуынан туындайды. Айналамызды қоғам қоршауда. Қоғам барда бұл пәндердің қай-қайсысы болмасын өзіндік орны бар.

Ең әуелі психология пәніне тоқтала кетер болсам - адамның ой-санасын басқару, тек өзгенің емес, тұлғаның өз-өзінің ой-санасын басқара алу кезінде алар орны орасан зор. Психология «жан» туралы ғылым ретінде ерте дәуірден бастап пайда болды және қалыптасты. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны мен рөлі «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында психологияның құрылымы бірнеше салаларға бөлінеді [1]. Қазіргі кезеңде психологияның салалары күн өткен сайын заман талабына сай саны артып келеді. Қоғамның дамуы мен адамның күнделікті өмірін қамтитын психологияның салалары адамға құндылық,бағыт-бағыт береді. Әлеуметтік ортадағы тұлғаның алдына қойған мақсат-тілектерін шешу мен оны жүзеге асырудағы қадамдарын, мүдделері мен қызығушылықтарын, талаптарын, денсаулық сақтау салаласындағы замануи техника және технологиялардың психологиялық әсерін ғылыми тұжырымдау қазіргі психологияның басты мақсатын айқындап береді. Жалпы психология деп аталатын саласы бойынша тұлғалық тұрғыдан толық қалыптасқан ересек адамдардың психикалық деңгейі мен ерекшеліктері, оның психикалық қызметінің жалпы заңдылықтары мен мазмұны туралы ғылыми тұрғыдан тұжырымдалған ақпараттармен танысуға мүмкіндік аламыз [2]. Қазіргі таңда психологияның түрлері өте көп. Солардың ішінде – медциналық саласы да бар. Медициналық психология – дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынасты, темперамент пен мінез-құлықтың кәсіптік ерекшеліктерін, емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін, емдеу барысында нейропсихологиялық, психофармакологиялық, психотерапиялық, психопрофилактикалық, психогигиеналық салалары арқылы түсінікті қалыптастырады.

Психология ғылымындағы эмпатия, коммуникация терминдері дәрігер - науқас жүйесінде ерекше орны бар. Яғни, науқастың жай-күйін түсіне отыра, олардың көрсеткен түрлі іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды үйретеді. Сонымен қатар, психикалық жағдайын ескере отырып, науқасқа немесе науқастың жақындарына айтылу керек сөз орамдарына да болашақ дәрігер ретінде аса көңіл бөлгеніміз жөн. «Өмір- теңіз, онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз!» А.Байтасовтың осы бір сөздері, болашақ мамандығымда коммуникацияның,эмпатияның, жалпы психология ілімінің алар орнын тағы бір дәлелдеп отырғандай.

Құқық негіздері, Заң. Бұл гуманитарлық салалардың маңызына тоқталмас бұрын, мына бір сөзбен бастағым келіп отыр: «Кез келген жерде, заң пайда болады» дейді Билл Гейтс. Қандай сала болмасын, барлығы заң аясында қызмет етеді. Жоғарыда айтқанымдай қоғам, тұлға бар жерде заңда қатар жүреді. Себебі, қоғамның, мемлекеттің жүйелілігі, тыныштығы мен бірлігі үшін заң қалыптасады. Әр адамның өмір сүру кезіндегі құқықтары бар. Шерхан Мұртаза атамыздың мына бір сөзі осы сәтте есіме түсіп отыр: «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты». Медициналық заңнамаларға сәйкес ҚР-ның кез-келген азаматы мен азаматшасы тегін түрде медициналық көмек алуға құқылы.

Сонымен қатар, мемлекетіміз жеке поликлиникалар ашу арқылы ақылы қызмет түрін көрсетуге қарсы емес. Дәрігер немесе науқас өзінің мүддесін, құқығын заң бойынша қорғай алады. Науқастар өздеріне тиесілі медициналық көмекті ала алады. Заң аясында ауру түрлеріне байланысты баптар келтірілген. Мысалы: қазіргі таңда елімізде ғана емес бүкіл жер ғаламшарында мәселе болып отырған эпидемиологиялық ауруға байланысты ІІ тарау 13-бап бойынша халықтың экологиялық, санитарлық- эпидемиологиялық қолайлығы мен радиациялық қауіпсіздігін сақтау аясында халықтың экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы мен радиациялық қауіпсіздігі ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік уәкілді органдардың және жұмыс берушілердің кешенді шаралар жүргізуі арқылы қамтамасыз етіледі. IV тарау бізде Донорлық. Ол жерде қан құю, тіндерді алмастыру және т.б, донор берген адамға жеңілдіктер беріледі [3]. Сол заң аясынан тыс трансплантация жасалған жағдайда, заң жүзінде жауапқа тартылады. Яғни, біз бұл аталған тараулардың барлығын жетік меңгеруіміз керек. Осы тұрғыда құқық негіздері біздің мамандығымыз, жұмысымыз кезінде алар орны ерекше.

Тарих – бұл ғылымның алар орны мүлде бөлек. Тұңғыш Президентіміздің Жолдауы: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бойынша, ұлттық кодты сақтау, ұмытпау болып саналады. Яғни, әрбіріміз түп- тамырымызды біле отырып, өткеніміз бен бүгінімізді ұштастыра отырып, болашаққа нық қадам жасай аламыз. Тарихын білмеген ел, ел емес деп санаймын. Тарих әрдайым біздің кім болғанымызды еске салып отырады. Бірлігі жарасқан, тамыры терең ел болып өркендеуіміз осы тарихымызға байланысты. Бүгініміз ертеңгі күні тарих болып қалмақ. Сол себепті, тарих жадында тек жақсы жазбалар қалуы үшін Қазақстанның әр азаматы мен азаматшасы қандай сала өкілі болмасын өз үлестерін қосуы тиіс.

Сөзімді, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтайын. «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді.» Жан-жақты білім ала отырып адамдық деңгейдің жоғарғы шыңына шығарымыз және еліміздің өркендеуі сөзсіз.

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
  2. Нуржанбаева Ж.О. Психология және мәдениеттану: оқу-әдістемелік құралы / Ж. О. Нуржанбаева, Ғ. С. Айдарбекова, Ә. С. Еркінбекова. - Қарағанды : АҚНҰР, 2019. - 222 бет
  3. Альжанова, А. Н. Основы права учеб. пособие / А. Н. Альжанова, К. К. Райханова. - ; Алматы : Эверо, 2014. - 134 с