Аннотация: Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан зерттей отырып,экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру. Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда саналылығымен ерекшеленіп, өмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай өркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі – адамның пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше қасиеттері арқылы оны танып білeге болады. Адам - еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен өзіне сонан соң қоғамға пайда әкеледі. Адам мен табиғат өте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі.
Annotation: To reseach the peoples ecolody by the scientific position,to consider ways of solvind the ecolodical problems. One of the most powerful and important problems is the emergence of a human being in our society, which is distinguished by consciousness, individualized by the ability to survive, develops the society forward, and develops the continuity of generations. Through the special qualities of a person, you can recognize him. A person is a person who is recognized by his work and activity, first for himself and then for the benefit of society. It is known that the impact of Ecology on the human body is strong, as Man and nature are very closely related.
Ғаламдық жағдай барған сайын күрделеніп, өткір сипат алып барады, Сондықтан айналадағы ортаны қорғау мәселесі алға шығып отыр. Ғасырдың бас кезінде ақ В.И.Вернадский таяу болашақта Жердің табиғатындағы антропогендік сипаттағы, адамның қарекетінен болатын өзгерістер планеталық сипат алады деп болжаған еді. Бұл болжам нақты шындыққа айналып отыр.
Соңғы ғасыр ішінде дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі 50 еседен астам ұлғайды және осы өнімнің 5 - тен 4 бөлігі қазіргі кезеңге катысты. 50 - ші жылдардан бастап адамның өндірістік қарекеті ауқымыныңе және табиғатқа араласуының басқа да формаларының жорықсыз өсуі жағдайында ауа және су бассейндері барынша ластанып кетті. Атмосферада күкірт қос қышқылы, азот қышқылы, көміртегі кос қышқылы және басқа да органикалық қосындылар жиналып жатыр. Атмосфераның ластануы мен «қышқылды жаңбырлардың» салдарынан өнеркәсібі дамыған елдерде 31 млн. гектар жерлерге нұқсан келтірілді. Қалыптаскан тенденциялар сақталған жағдайда осы ғасырда планетаның ауа бассейндегі СО2 кұрамы индустрия болғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды, мұның өзі «парниктік нәтиже» салдарынан климатты көп өзгертуі мүмкін. Ұлан ғайыр территорияларда қалдық пен қоқыс орасан көп мөлшерде жиналуда. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі азып барады. Жыл сайын 6 млн га жер құлазыған далаға айналуда, 11 млн орман кесілуде. Адамның, әсіресе материалдық өндіріс саласындағы қарекетінің табиғи ортаға тигізетін теріс әсері шын мәнінде дағдарысты сипат алып отыр. Бұл экономикалық механизмнің ұлттық шекараларда бұзылуы ғана емес, сонымен бірге су мен ауаның асып ластануы, табиғат жағдайларының ғаламдық көлемде нашарлауы.
Табиғи ортаның барған сайын соншалықты ластануына қарсы, қоғам мен табиғат арасындағы қазіргі қайшылықтарды жоюдың тұтас бір концепциясы жасақталған жоқ. Адамдардың қолында экологиялык дағдарысқа жол бермеу және оның көріністерін бейтараптандыру жөніндегі іс кимылдың халықаралық ауқымда келісілген бағдарламасы жоқ. Айналадағы ортаны корғау саласындағы халықаралық концепция мен іс -қимыл бағдарламасын талдап белгілеу алуан түрлі ғылыми, техникалық, өндірістік және өзге де міндеттердің шешілуіне байланысты. Олардың арасынан экологиялық қорғаныштың экономикалық аспектілері бірінші орынға шығарылады. Ауа және су бассейндері тазалығының стандарттарын іс жүзіне асыру үшін, сондай ақ адам өмірінің басқа да экологиялық жағдайларын қамтамасыз етуі үшін қажет шаралардың ауқымдылығы тазарту құрылғыларының барлық түрін салуға, қазіргі заманғы технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұтас алғанда табиғат қорғау қызметіне арналған шығындардың жалпы көлемі, сарапқа салынған деректер бойынша, экологиялық жағдайды тұрақтандырып алып, одан әрі жақсарту үшін кажет мөлшерден екі есе аз. XX ғасырдың аяғын да тіршілік ету ортасын сақтауға, оған келтірілген залалды жоюға, қазіргі және болашак ұрпақтар өмірінің қажетті сапасын қамтамасыз етуге қамқорлық жасай отырып, қоғам айналадағы ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды қаржыландырудың қалдықтық принципін бағдар ете алмайды.
Адам мен табиғат арасындағы өзара байланыстардың тарттысты сипаты мынадан да көрінеді: оның ресурстары экономикалық және демографиялык өсу үшін мүмкіндіктер ашып қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір шек қояды. Өсудің экономикалық шекаралары нақты шындыққа айналды, өйткені ендігі жерде ол 14
шикізат пен энергияның қалпына келтірілмейтін ресурстарын, табиғи жүйелерге көп салмақ түсіретінін ескерместен, барған сайын мол өндіру мен лайдалануға негізделе алмайды. Бұлайша салмак салудың әрбір ұлттық шаруашылықтағы және тұтас алғанда дүниежүзілік шаруашылық көлеміндегі ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуге тікелей қатысы бар. Олар табиғи ресурстарды пайдалануға деген жаңа, ұтымды көзқарастарды, Жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу мен бұдан былайғы әлеуметтік - экономикалық прогресс мүдделері үшін біздің планетамыздың экологиялык корғалуын қамтамасыз ету қажеттігін алға тартады.
Адамзаттың алдында сондай - ақ өзінің мәні жағынан экологиялық мәдениет болуы тиіс жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру міндеті тұр. Бұл арада қалдықсыз технологиялар басым болуы тиіс. Солардың көмегімен өндіріс пен табиғат арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетуге, ал кейінірек жоюға, экономикалық өсудің экологиялық шектеулерін алып тастауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға болады. Қалдықтар өндірістің болмай қоймайтын салдары емес. Қалдық өндірістің жетілдірілмеуінің салдары ғана. Озық технологияларды жер - жерге тарату арқылы ғана ұлттық табыстың материал және энергия қажеттілігін бірнеше есе кемітуге болады.
Егемен еліміздің, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің өсіп-өркендеп, әлемде еркениетті елдердің алдыңғы қатарына қосылуы оның экономикалық потенциалына көп байланысты. Бірақ, оған қарап экономикалық өсу ғана адамдардың аман-есен, сапалы өмір сүруіне кепілдік береді десек қателесеміз. «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» деген қазақ халқының мақалын естен шығаруға болмайды. Өйткені, бүгінгі күні экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы адам өміріне және мемлекетіміздің дами түсуіне кәдімгідей қауіп төндіріп отыр.
Қазақстанның табиғи ортасы ерекше бай және зор алуан, оның өзі республиканың экономикалық тұрғыдан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы үшін аса маңызды негіз болып табылады. Республика Президентінің Казақстан халқына Жолдауында атап керсеткеніндей басты міндет: «оларды, табиғи байлықтарды дұрыс пайдалану». Қазакстанның орасан зор табиғи байлық потенциалын пайдаланумен бірге қоршаған ортаны өз қалпында сақтау - бүгінгі таңда республика алдында шүғыл шешілуге тиісті негізгі міндет. Бұл міндетті шешу оңай мәселе емес,
Табиғат пен адам бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың адам тіршілігіне әсері. Табиғатта болып жаткан өзгерістердің көбі адам қолынан жасалады. Соның ішінде табиғатка зиян келтіретін келенсіз жақтары да бар. Бұл тұста жаңаның бәрі жақсылық емес дегек сөздің растығына көз жеткізгендей боласың. Табиғатпен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялык апаттарға әкеледі.
Табиғатқа жанашырлықпен қарау, табиғат байлықтарын сақтау, шаруашылыққа және баска да кызметтерін тияңды әрекеттердің алдын алу, қоршаған ортаның сапасын жақсарту және сауықтыру әрбір адамның өміріндегі нормаға айналуы тиіс. Өйткені, адам - тіршіліктің ең жоғарғы тетігі, оның табиғатқа тиісті дәрежеде табиғи процестерді үйлестіру, қоршаған ортаның жағдайына ықпал ету мүмкіндіктері бар. Сондықтан да дүниені бағындыратын күшке ие адам ғана бұл мәселені жалпы үйлстіру функииясын өзіне алуы тиіс..
Бүгінде адам қызметінің жер бетімен шектелмейтіні, оның космос кеңістігіне шығып, онымен айналыса бастағанын ескерсек, экология мәселесінің маңызы мен актуалділігі күшейе түспек. Таза ауа, таза су, экологиялық таза азық - түлік өнімдері күн өткен сайын көкейкесті мәселеге айналып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, адамдар арасындағы барлық аурудың 8090 пайызы ішетін ас -суымызбен жұтатын ауамыздың нашарлығынан туындап жататын көрінеді.
Әдебиет: https://stud.baribar.kz/21123/qazirgi-tanhdaghy-ekologiyalyq-problemalar/