Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мәделі қожа-ақын әрі батыр

Мәделі қожа Жүсіпқожаұлы Қоқан хандығына қарсы азаттық күрес кезіндегі басты тұлғалардың бірі. Ол от ауызды,орақ тілді ақын ғана емес,қол бастай білген қолбасшы батыр.1816- жылы қазіргі Түркістан облысында туылған,1888-жылы 72 жасында Ордабасы ауданы Бадам станциясының маңында Ақбұлақ ауылында қайтыс болып сондағы кесенеге жерленген.Оның өмірі шым-шытырық тіпті қарама-қайшылық оқиғаларға толы болды.Бір жағынан қазақ хандығынан береке кетіп,күнделікті ауысып отырған саясат,екінші жағынан от ауызды ақындықтың да кесірі тиіп отырған көрінеді.Бұл жайдың барлығы ақын,батыр,көзі ашық,көкірегі ояу жанға оңайға тимейді.Мәделі қожа Кенесары ханның Халима атты қарындасына үйленген. Жалпы Мәделі қожа Оңтүстік Қазақстан жері,Жетісу және Сыр өңіріне Қоқан ханының билігі жүріп тұрған кезде өмір сүрген.Сол кезде Оңтүстік қазақ жұрты Қоқан ханына салық төлеген.Белгіленген салыққа қосымша қыздарды Қоқан ханына беруге мәжбүр болған.

Бұл Қоқан хандығы тұсында болған оқиға.Қырық жасауылын қасына ерткен Мырзаби (Шымкенттің сол кездегі басшысы)деген қандықол бек қазақ ауылдарын аралап,халыққа қырғидай тиіпті.Жұрт қайда барып,кімге шағынудың жөнін білмепті.Әкімді жұмсаған хан қуатты да қатал болыпты.Мырзаби құйышында ұйытқып келіп,жолында ұшырасқан ауылдардың быт-шытын шығарыпты.Жасы он үштен асқан әр қыз үшін ат-шапан айып алыпты.Қыздың көріктісі бір түндік ермекке айналыпты.Қырық жасауыл Мырзабидің маңына жан жуытпапты.Еңіреген елдің көз жасы көл болыпты.Ығыр болған ел тау-тасқа қашыпты.Бірақ бектің жасауылдары қашқан елді құтқара қоймапты.Елде ес,қыздарда үрей қалмапты.Жүректерін кек кернеген жігіттердің ішінде күші қазандай қайнағанымен күресуге дәрмен таппапты.

Ақыры сақал-шашы қудай болған бір ауыл ақсақалы:

Қыз-келіншектердің бәрін еркекше киіндіріп жан сақтайық-деген ақыл тауыпты.Ә дегенше ауылдан бір де бір қыз таппай құрыған Мырзаби терісіне симай ашуланыпты.Жасауылдарына жас әйелдерді түгел бір жерге жинауға жарлық беріпті.[1]

Әлгі ақсақалдың Ханым деген қызы бар екен.Қолаң шашы жер сызған,тұнжыр көзі сүгілген,тісі маржандай тізілген.Ханым сұлуға ынтық жігіттерде есеппен сан жоқ екен.Жасауылдардың біреуі жетіп келіп Ханым сұлуды аймалай бергенде тақау тұрған қыз ағасы қас қағым сәтте оны алдаспанымен қақ бөліпті.Ханымның ағасы Мырзабидің басын алып,қанын ішіпті.

Хан қаһарынан қаймыққан жігіттер көп уақыт тау-тасты паналап жүріпті.Қызқырқынның хәлі одан сайын ауырлай түсіпті.Келешек көрер күніміз не болады,қайсымызды қандай тағдыр күтіп тұр?деп халық та қатты қиналыпты.Не керек,жігіттер ақыры хан алдынан өтпек болыпты.Сөйтіп үш жүз саяқ жылқыны іріктеп,ханға тартпақ болып жолға шығыпты.Олармен бірге дала жаршысы,ел сүйіктісі қожа Мәделі ақын да аттаныпты.Жолды жиектей бой түзеп,төбесі көкпен тірескен,арасынан бір уақытта хан ордасы да көзге шалыныпты.

Ордаға таяп келіп тоқтаған жігіттерге Қоқан ханы:Маған Мырзабиді өлтірген адам ғана келсін-деп хабар салыпты.Сонымен хан алдына Ханымның ағасымен Мәделі қожа ақын екеуі барыпты.Барған замат Мәделі қожа былай деп жырлап қоя беріпті:

Қызғалдақтай қыздар көп даламызда,

Көктей орып сорына қаламыз ба?

Көз жасына солардың шомылуда

Сіз жұмсаған әкім ғып арам Мырза,

Салды бүлік келді де арамызға,

Сан жетпейді жандағы жарамызға,

Жарамды мен үйірлеп жылқыны алып,

Қызды құшып дақ салды санамызға.

Әкім емес,әзірейіл әпербақан,

Өлді содан,біз одан танамызба?

Жүйелі сөзге қайтарар жауап таппаған,оның үстіне Мәделі ақынның өлеңін ұнатқан хан жігіттерге кешірім жариялапты.Осы оқиғадан соң Қоқан ханы салыққа қыздарды алуды тоқтатады деп ұлтарақтай ғана жерді Мәделіге бір-ақ кесіпті. Жамбыл Жабаев Мәделі қожа басынан өткен сол оқиғаны «Хан және ақын»деп еңбек жазып ,ел арасында айтып жүрді.Аңыздағы ақын жігіт-Мәделі қожа болатын.[2]

Майлы қожа мен Мәделі қожаның айтысында Майлы қожа:Сен жаман шыдай алмай ыңырағансың,Түбінде Түркістанның жалғыз оққа-дейді.Өз кезінде Мәделі қожа:Мендегі қытайшаның оғы түгіл,апта сені зарлатқан жиде тікендеп өзіне оқтың шыққан тегінде атап айтады.Майлы қожа көңіл айта барғанда,Мәделі ағасына қарап: Түркістанда Қоқанмен, Бір күн,бір түн сүрістің Ертегі қатар ерлігі,

Ондағы өткен жұмыстың деп айтуында тарих шындығы жатыр.Мәделі қожаның мұрағаттан табылған хатындағы:Қай дұшпан қорықпаушы еді сырынымнан,Ап бердім Әзіреттің тай қазанын,Сауыт жыртып оқ тиді қарынымнан- деп айтып отырғаны Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесіндегі Әмір Темірдің сауғасы,жеті түрлі темірден құйылған тайқазан.Демек Түркістандағы асыл жәдігерлікке көз алартқан жалғыз орыс жаулап алушылары ғана емес Қоқандағы өз ағамызда көз алартқан болып шықты.Міне осындай мал ғана емес ар кететін шақта атқа мінген батыр Қоқанға екінші рет қарсы шығады.Түркістанды қоршап тұрған қолға шабуылға шыққан қазақ қолына Қоқан әскері Қытайда жасап шығарылған майда зеңбіректен оқ жаудырады.Сол зеңбіректен атылған бір оқтың жарықшағы Мәделі қожаның сауытын жыртып қарнына тиеді.Ол сауыт осы күні де бар.Қалай болғандада Қазақ қолы тайқазанды Қоқанға берместен алып қалғаны рас.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. .Сейт-Омар Саттарұлы :Мәделі Қожа,Шымкент 2011,76-бет
  2. .Ж.Жабаев:Хан және ақын, Жамбыл феномені,Шымкент 2015,34-бет

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.