Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда парафармацевтикалық өнімдер фармацевтикалық кәсіпорындардың маңызды экономикалық санатына айналды, бұл көрсеткіш жыл сайын артуда.
Парафармацевтикалық өнім-бұл қосымша дәріхана ассортиментінің тауарлары, аурудың алдын алуға, емдеуге, адамның жағдайын жеңілдетуге, дене мүшелерін күтуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Оларға емдік-косметикалық құралдар, санитарлық-гигиеналық құралдар, минералды сулар, диеталық және балалар тағамы, науқастарға күтім жасайтын заттар, денсаулық көрсеткіштерін бақылауға арналған тауарлар, емдік-профилактикалық тағам өнімдері жатады
Парафармацевтикалық өнімдердің елеулі бөлігі дерматологиялық ауруларды түзетуге арналған косметикалық заттарға тиесілі.
Парафармацевтикалық өнімдердің ассортиментінің кеңеюі экономикалық тұрғыдан тиімді, өйткені тауарайналым коэффиценті артады, бұл сату көлемінің өсуіне және дәріханалардың кірісінің жоғарылауына алып келеді.
Парафармацевтикалық өнімдер дәрі-дәрмек санатына жатпайды және мемлекет тарапынан максималды сауда бағасы бекітілмейді, сондықтан дәріхана ұйымдары үшін парафармацевтикалық косметикалық заттар перспективті топ болып келеді.
Дегенмен, бұл үшін маркетингтік зерттеулер тұжырымдамасына негізделген косметикалық заттар нарығын зерттеу кажет.
Нарықты әртараптандыру әдістерін әзірлеу дәріхана ұйымдарының кірісінің артуына алып келеді, бұл фармацевтикалық кәсіпорындардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін парафармацевтикалық өнімдердің номенклатурасын, сатылым ерекшеліктерін және мұндай өнімдерге тұтынушы қажеттілігін зерттеу маңызды.
Зерттеу мақсаты: аймақтық деңгейде парафармацевтикалық өнімдердің номенклатурасын және сатылымның арту ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Парафармацевтикалық өнімдердің қазіргі жағдайын баяндайтын әдеби басылымдарды талдау;
- номенклатурасын анықтау және зерттелетін аймақта дәріханалық ұйымдар ұсынып отырған парафармацевтикалық өнімдердің ассортиментіне анализ жасау;
- тұтынушылардың әлеуметтік зеттеуін жүргізу, тұтынушылардың ұсыныстарын қарастыру, косметикалық өнімдерді тұтынушы портретін және мінез-құлық моделін жасау;
- дәріханалық ұйымдарда парафармацевтикалық өнімдердің ассортиментін қалыптастыру жайлы әдіснамалық ұсыныстар құрастыру;
Зерттеу негізі, нысандары мен әдістері. Зерттеудің әдіснамалық негізі фармацевтикалық нарықтағы жүйелі тәсіл, маркетинг саласындағы отандық ғалымдардың еңбектері .
Зерттеу әдістері: логикалық, статистикалық , әлеуметтік, маркетингтік (контент анализ).
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: алғашқы рет аймақтық деңгейде парафармацевтикалық өнімдердің номенклатурасы мен ерекшеліктері зерттеледі, дәріханалық ұйымдағы косметикалық тауарлардың ассортиментің онтайлы қалыптастыруды жетілдіру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленеді.
Әдебиеттер
1. Болдырева А.Е. Анализ ассортимента косметических средств в аптечных организациях Воронежской области // Вестн ВГУ Серия химия, биология, фармация - 2006 - No2 - С 236-237 (Соавт В В Гацан)