Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда өмір сүру сапасын бағалау

Кіріспе. ХХІ ғасырдың басынан бастап созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) сырқаттанушы- лықтың, мүгедектіктің және өлімнің жоғары болуына байланысты әлемнің дамыған елдерінде негізгі медициналық-әлеуметтік проблемасы болып қалуда. Емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге және енгізуге қарамастан, осы патологиядан зардап шеккен науқастарда өмір сүру сапасы мен оның ұзақтығын жақсарту мәселесін шешуде алға қарай ұмтылушылдық болған жоқ. Көптеген аурулар адамның физикалық жағдайына ғана емес, сонымен қатар оның мінез-құлқының психологиясына, эмоционалды реакцияларына да әсер етеді, сонымен қатар оның рөлін, әлеуметтік өмірдегі орнын өзгертеді.

Эпидемиологиялық деректерге сәйкес, Қазақстанда СЖЖ көптеген жүрек-қан тамырлары аурулары- ның, әсіресе артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруларының асқынуы ретінде халықтың 4%-ында кездеседі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қан айналымы жүйесі аурулары салдарынан Қазақстан халқының өлім-жітім көрсеткіші Еуропа елдеріне қарағанда екі есе жоғары. Соңғы он жылда қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану 1,7 есе өсті [1].

Науқастарды емдеу және оңалту тиімділігінің жеткіліксіздігінің себептерінің бірі-нақты өмірде емдеу бойынша қолданыстағы ұсынымдар науқастардың ұйғарылған терапиялық режимге көз-қарасының төмендігінен іске асырылмауы, диета мен өмір салтына қатысты дәрігерлік ұсыныстардың тиісті түрде орындалмауы болып табылады. Науқастарды өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі көмек көрсету дағдыларына үйрету, дәлелденген емдеу әдістерін мұқият қолдану, науқастарының ауруханаға жатқызылуының және өлімінің маңызды бөлігін болдырмауға қабілетті деп саналады [2, 3]. Соңғы уақытта СЖЖ бар науқастарға арналған мектептерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Науқасты және оның жақын туыстарын жүрек ауруларының алдын алу үшін оқыту өте маңызды мәселе болып табылады [4].

ДДҰ соңғы онжылдықтарда бүкіл әлем бойынша СЖЖ аурулары бар науқастар санының үздіксіз өсуін, өлім деңгейі жоғарылауын атап өтуде. Әлемде СЖЖ 25 миллионнан астам адам ауырады.

СЖЖ жиілігінің таралу жиілігі дамыған елдерде жалпы популяцияның 0,3-2,4%, жасы > 65 төмен науқастардың 3-13% құрайды және әлемнің барлық дамыған елдерінде халық өлімінің негізгі себебі болып табылады. Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та популяциясында СЖЖ таралу жиілігі 0,1-0,5 %, жыл сайын бұл көрсеткіш екі есе артуда. 2019 жылы СЖЖ ауырған 100.000 науқасқа шаққандағы өлім көрсеткіші: Қазақстан - 34,5%; Ресей - 33,7 %; Қырғыстан - 32 %. 2020 жылы ҚР-да СЖЖ шалдыққан науқастар барлық тұрғындардың 25-30% құрады [5].

Зерттеу мақсаты. «Шымкент жүрек орталығында» созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға «SF-36 өмір сүру сапасын бағалау сауалнамасын» жүргізу.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу Шымкент жүрек орталығында стационарлық ем алған 30 науқасқа жүргізілді. Науқастардың жасы, жынысы, әлеуметтік-этникалық, клиникалық көрсеткіштері есепке алынды. Зерттеуге өмір сүру сапасына әсер ететін, ауыр аурулары қатар жүретін науқастар (бронх демікпесі, созылмалы цереброваскулярлық аурулар, онкологиялық аурулар) енгізілмеді. Зерттеуге қатысқандар 45-65 жас аралығындағы науқастардың ортақ жасы 56,6± 15,2, олардың 57% әйелдер, 43% ер адамдар болды. Науқастардың тамақтануы және диетасы, су режимі, дене белсенділігі және емдік дене шынықтыруы, дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдауы, өзін-өзі бағалау мәселелері қарастырылды. Зерттеудегі науқастар кеңес берген жоғары білімді мейіргерлердің тұрақты бақылауында және психологиялық қолдауында болды.

Науқастарға «SF-36 өмір сүру сапасын бағалау сауалнамасы» жүргізілді. Сауалнама үш деңгейлік 36 сұрақтан (2-10 сұрақтан тұратын 8 шкала) тұрды. Сауалнамамен қоса науқастың шағымдарының динамикасы (ентігу, аяқтың әлсіздігі, жүрек соғысы, жүректің ауыруы), объективті деректер (қан қысымы, импульс) талданды. Сауалнама деректерін нақты шығару үшін халықаралық стандартарға сәйкес градация шкаласы қолданылды, шкала бойынша сауалнама нәтижесі 0-ден 100 дейінгі баллдық жүйе арқылы шығарылды.

Нәтижелері. Қолданылған шкалалар бойынша бастапқы және сауалнамадан кейінгі деректер: жалпы денсаулық жағдайы-(GH): 28,2±8,5 және 82,1±10,7; физикалық функционалдық-(PF): 20,4±6,2 және 85,2±21,6; рөлдік функционалдық-(RP): 7,6±2,1 және 75,3±19,7; ауырсыну шкаласы-(BP): 49,8±2,2 және 80,4±14,7; өміршеңдік шкаласы-(VT):38,7±12,6 және 70±13,1; әлеуметтік қызмет ету шкаласы-(SF): 29,3±4,3 және 80,1±11,9; эмоционалды жағдайға негізделген рөлдік функционалдық-(RE): 27,6±9,7 және 79,8±20,2; психологиялық денсаулық-(MN): 32,7±18,8 және 72,2±8,2.

Біз алған мәліметтер мен қортындылар бойынша науқастардың жай-күйін бақылау және мейіргерлердің үнемі қадағалауымен және қолдауымен өмір сүру сапасын жақсартуға болатындығын көрсетеді. Емдеу және оңалту бағдарламаларына дәлелді қатысу үшін науқас өзінің ауруы туралы белгілі бір білімге ие болуы керек, оған оны оқыту әдістері арқылы қол жеткізеді. Науқасты емдеу және оңалту принциптерін, оның ішінде дәрі-дәрмексіз емдеу әдістерін саналы түрде қолдау үшін науқасты оқыту және одан әрі бақылау қажеттілігі, созылмалы аурулары бар науқастар жағдайын жақсартқан кезде емдеуді жиі тоқтататындығына және дәрігердің ұсыныстарын орындамайтындығына байланысты.

Қорытынды. «SF-36 өмір сүру сапасын бағалау» сауалнамасы нәтижелерінде науқастардың жалпы денсаулық жағдайы 28,2%-дан 82,1%-ға, физикалық функционалдық жағдайы 20,4%-дан 85,2%-ға көтерілді. Бұл жүргізілген жұмыстың нәтижелігін және науқасты үнемі қолдаумен мейіргер тарапынан науқастарға күтім жасауды оңтайландыру кезінде науқастардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға қол жеткізуге болатындығын дәлеледейді.

Әдебиеттер

  1. Шулькина С.Г., Кокорин В.А.Мареев В.Ю. «Новые перспективы и реальные возможности в терапии больных с сердечной недостаточностью»., Therapy / Terapiâ 2021; (6): 91-97. (7p).
  2. Н.С. Акимова, О.В. Бугаева, И.М. Соколов, Е.Ю. Шварц, А.Р. Киселев., «Значение параметров тяжести хронической сердечной недостаточности в оценке когнитивной дисфункции у пациентов с ишемической болезнью сердца»., Therapy / Terapiâ 2021; (3): 20-27. (8p)
  3. О.Ю. Бастриков; У.В.Харламова; А.И. Захарова; Е.А. Припадчев; С.А. Шахов: «Оценка нутритивного статуса у пациентов с симптомами сердечной недостаточности»., Acta Biomedica Scientifica 2020; 5(4): 1420. (7p).
  4. Антонюк Е.А. Козырев О.А. «Лечение хронической сердечной недостаточности в условиях реальной клинической практики»., Смоленский медицинский альманах - №1, 2021.
  5. Dunderdale K; Thompson DR; Beer SF; Furze G; Miles JNV: «Development and validation of a patient-centered health-related quality-of-life measure: the Chronic Heart Failure Fssessment Tool» Journal of Cardiovascular Nursing (J CARDIOVASC NURS), Jul/Aug 2018; 23(4): 364-370. (7p).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.