Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Тұрар Рысқұлов атындағы епм-сі жағдайында науқастардың тамақтану сапасымен қанағаттану дәрежесі»

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта емдік-алдын алу мекемелерінде, ауруханаларда науқастарға арналған медициналық көмектің сапасын жақсарту қажеттілігі күмән туғызбайды және өзекті бола түсуде. Ал,соның ішінде емдік-алдын алу мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру- медициналық көмектің,емдеу процесі сапасының ажырамас бөлігі болып табылады және негізгі емдік іс-шаралардың қатарына кіреді. Бүгінгі таңда пациенттің медициналық көмекпен қоса алғанда, тамақтануды ұйымдастыруға қанағаттануы оның сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады [1].

Қазіргі уақытта медицинада адам денсаулығы мен оның тамақтану ерекшеліктері арасындағы байланыс мәселелеріне үлкен рөл бөлінеді. ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы барлық аурулардың шамамен 80% - ы тамақпен байланысты, оның ішінде 41% - ы тамақпен тікелей байланысты деп санайды [2].

Ауруханалардағы тамақтану-науқастарды күтудің маңызды бөлігі және қалпына келтіруге көмектесетін негізгі фактор болып табылады. Тағамның температурасы,тепе-теңдігі мен дәмнің сапасына сай белгіленген стандарттарға сәйкес келуі керек. Жеткіліксіз тамақтануға байланысты мәселелер аурухана тамақтандыруында күннен күнге маңызды бола түсуде [3].

Ал ауруханада ем қабылдап жатқан науқастар үшін ең басты нәрсе-олардың тамақтану режимі бойынша уақытылы және жеткілікті түрде тамақтануы,емдік немесе профилактикалық мақсаттарда арнайы жасалған рациондар мен әрүрлі мәзірлер,олардың тойымдылығы,тағам түрлерінің әртүрлілігі,сонымен қатара сапалылығы [4].

Тамақ науқастардың қажеттіліктеріне сәйкес берілуі, жағымды ортада дұрыс ұсынылуы және тұтынылуы тиіс. Ауруханадағы ас мәзірінің химиялық құрамы жағынан ауру түріне сай жасалып, науқастардың талғамына байланысты ұсыналады. Сонымен қатар, аурухана жағдайында тағамды дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге барлық жағдайлары жасалынып және медициналық қызметкерлер жағынан көңіл бөлінуі тиіс. Бұлар да бірден-бір маңызды мәселе болып табылады [5].

Сондықтан да,қандай да бір ауруды емдеу барысында емделушінің тамақтану ерекшелігі ауруды жеңуге септігін тигізетін болғандықтан, ауруханада емделіп жатқан пациенттерді дұрыс тамақтандыру емдеу барысының басты мәселесі болып табылады [6].

Соған байланысты,науқастырдың үлестірілетін тағаммен қанағаттануы және оның сапасы үнемі бақыланып отырылуы керек және өлшейтін құралдарды қолдана отырып белгілі бір жүйеде мониторинг арқылы динамикасын байқап отыру керек. Бірақ, аталған әдіс ретінде өлшейтін құралдар жоқтын қасы және олардың нәтижелері клиникалық хаттамаларға енгізілмейді. Сонымен қатар, тамақтану қызметі туралы сауалнамалар аз болғандықтан жалпы сұрақтар қоюмен шектеледі және пациенттердің объективті кері байланысы алынбайды. Алайда, осы сипаттамалар өте маңызды, өйткені тағам сапасын жақсарту үшін науқастардың тағаммен қанағаттануын өлшеу медициналық қызмет толықтығын білдіреді және медициналық менеджменттің негізгі көрсеткіштердің бірі [7-8].

Қазіргі уақытта мемлекеттік ауруханаларда тамақтанудың сапасына, мәзірдің,рационның көптүрлілігіне,тамақтың мөлшеріне,тамақты беру уақытына, сонымен қатар персоналдардың тамақты тарату барысындағы қызметке қанағаттанбаушылыққа көптеген дәлелдер бар. Мысалы, Денсаулық сақтау жүйесі өзінің дамуының күрдеі кезеңін өткеруде, ұйымдастырушылық,құрылымдық,қаржылық жоспарлау жағынан үлкен қиындық туғызатын мәселелер бар. Соның бірі болып:ауруханалардағы ұтымсыз,теңгерімсіз және жиі жеткіліксіз тамақтану аталып өткен [9].

Бұл ретте тұрғындардың,науқастардың шағымдары маңызды болып келеді. Мысалы, 2019 жылғы «Жамбыл-адалдық алаңы» атты жобасы аясында облыстың медициналық мекемелерінің бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен кездесуде Тараз қаласының тұрғыны облыстық балалар ауруханасына қатысты сын айтып шағымданып, тамақтандыру сапасының төмен екендігін айтып, мәзірге назар аударуын талап еткен [10].

Азық-түліктің қанағаттануының әсері жәйлі бірнеше зерттеулер жарияланған, мысалы АҚШ пен Канадада жүргізілген зерттеулерде науқастардың қанағаттануы мен қызметкерлерінің жұмысы арасындағы тура байланыс бар екендігі көрсетілген [11]. Бұл саладағы зерттеулер біздің елімізде санаулы ғана және зерттеулер осы аспектілерді сирек көтереді. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов аудандық ауруханасындағы науқастардың сол ауруханадағы тамақтануды ұйымдастыруға,тамақтануға деген қанағаттану дәрежесі бойынша да жүргізілген зерттеулер,дәлелдеулер аз. Сондықтан менің жұмысымдағы қарастырып отырған тақырып және осы жолда зерттеулер жүргізу өзекті мәселелердің біріне жатады.

Зерттеу мақсаты: Тұрар Рысқұлов атындағы ЕПМ-сы жағдайында науқастардың тамақтану сапасымен қанағаттану дәрежесін анықтау.

Зерттеу мәселері:

  1. Емдеу профилактикалық мекемелеріндегі емдік тамақтануды ұйымдастыру жағдайын бағалау.
  2. Емдеу профилактикалық мекемесінде қолданылатын ас мәзір сапасын бағалау.
  3. Аурухана жағдайында ұсынылатын тағам сапасы мен қанағаттану дәрежесін аңықтау.
  4. Емдеу профилактикалық мекемелерінде емдік тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беру.

Зерттеу жаңалығы: Алғашқы рет Тұрар Рысқұлов атындағы ЕПМ-сы жағдайында емдік тамақтану жағдайы зерттелініп, оны жақсарту мақсатында ұсыныстар берілді.

Тәжірибелік маңыздылығы: Алынған зерттеу нәтижелері Тұрар Рысқұлов атындағы емдік профилактикалық мекеме жағдайында науқастардың қанағаттануы қарастырылып тамақтану сапасын жақсарту кеңестері қалыптастырылды.

Жоспарланған зерттеу қатысушылары: Тұрар Рысқұлов атындағы ЕПМ-сі жағдайындағы науқастар.

Зерттеу нәтижелері: Ауруханадағы тамақтандырудың деңгейі және оған емделуші науқастардың қанағаттану дәрежесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмысында негізгі анықталған нәтиже:Осы аурухана жағдайында науқастарға арналған тамақтандыру жүйесінің біркелкі еместігі; Және де барлық тағамдық өнімдердің кей кездерде жеткілікті түрде болмауы;Сапасы жағынан тағамдық өнімдердің орташалығы; Мөлшері, дәмі, мәзірдің әртүрлілігі жағынан да орташа деңгейде болуы;

Осыған қарасты, ем қабылдаушы науқастардың да көзқарастарының, қанағаттану дәрежелерінің әртүрлі екендігі анықталып қорытындыланды. Т.Рысқұлов атындағы аудандық орталық ауруханасындағы науқас адамдардың басым бөлігі (48%) ауруханада ұйымдастырылған мәзірге, мәзірдегі тағамдардың әртүрлілігіне қанағат болып шықты. Алайда, қалған пациенттерді ескеретін болсақ, 33,3%-жартылай қанағат екендігі, 16,7%-ының қанағаттанбайтындығы, 2%-ының кей жағдайларда ғана көңілінен шығатын болып шықты. Жүргізілген зерттеулер бойынша аруханада берілетін тағамдардың тойымдылығына қатысты емделушілердің көрсеткіштері мынадай: тамағы тойымды дейтіндер- 150 пациенттен 66%, тойымсыз дегендер-6%, ал тамақ түріне байланысты деп санайтындар-15,3%, кей кездерде ғана тойымды дейтіндер-12,7% адамды құрады. Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша, тағамдық өнімдердің кей жағдайларда жеткіліксіздігі байқалады. Мысалы, сауалнама бойынша алынған ақпараттарға сүйенсек, мәзірдегі ет пен ет өнімдерінің, жеміс-жидектердің, балық және құс еттерінің мөлшеріне қатысты қанағаттану бойынша пациенттердің басым көпшілігі үшін жеткіліксіз немесе әр кезде әртүрлі екендігі анықталды. Мәселен, мәзірдегі ет пен ет өнімдерінің мөлшеріне емделушілердің қанағаттануын алатын болсақ, алынған көрсеткіштер бойынша ет және ет өнімдері -48,7% емделуші үшін жеткілікті, 35,3% емделуші үшін әр кезде әртүрлі мөлшерде, 7,3% емделушінің ет өнімдерін сирек тұтынатындығы, сонымен қатар 8,7% емделуші қанағаттанбайтындығы анықталды. Осылайша мәзірдегі кей тағамдық өнімдердің, немесе азық-түліктердің жеткіліксіздігі байқалды. Бұл ауруханада әрдайым барлық тағамдық өнімдердің қолданыла немесе таратыла бермейтіндігін көрсетеді. Одан бөлек, ауруханадағы тағамдарды уақытылы беру, балғын күйде таратуы, сонымен қатар астың ыстық немесе жылы болуы да науқастар үшін маңыздырақ болып келмек. Осыларға қатысты қорытынды бойынша тамақты уақытылы беруі негізінде: емделушілердің 49,3%-ы «өте жақсы» деп, 31,3%-ы «жақсы»деп, 19,3%-ы «орташа» деп санайды екен.Тамақты тарату кезіндегі астың жылылығы бойынша: 48,7% емделуші «өте жақсы» деп, 33,3% «жақсы» деп, 18% «орташа» деп есептейді.Асты балғын күйде таратуын анықтауда: 48% пациент үшін «өте жақсы», 30% үшін «жақсы», 22% үшін «орташа» деңгейде екендігі белгілі болды.

Демек, қазіргі негізгі мәселе ауруханадағы ем қабылдаушы адамдар үшін тамақтандыру жүйесінің әлі де болсын жеткіліксіз тұстарының бар екендігі, сонымен қатар науқастардың қанағаттану дәрежесінің орташа деңгейде екендігі мәлім.

Ауруханадағы тамақтандыру жүйесінде азық түліктерден бөлек, келесі маңызды рөлді атқаратын персоналдардың қызметі және де асхананың санитарлық жағдайы яғни, тазалығы бойынша зерттеу жұмысының нәтиежелері мынадай екендігі анықталды:

Ас блогынан тамақты тарататын медбикелердің қызметі бойынша науқастардың қанағаттану деңгейіне барлық аурухана емделушілерінің 100% дерлік көңілі толады екен.

Асхананың тазалық жағдайына да қанағаттану деңгейі бойынша 150-адамның барлығы асхана тазалығына қанағат екен яғни 100%-дық көрсеткішке ие.

Әдебиеттер

  1. Абашин H.H. “Науқастың қанағаттануы медициналық көмек сапасының көрсеткіші ретінде / әлеуметтік гигиена мәселелері және медицина тарихы”-1998.,- №5, 31бет
  2. Смирнова, Елена Ивановна, диссертация «Научно-методическое обоснование организации санитарно-эпидемиологического надзора за качеством и безопасностью питания в лечебнопрофилактических учреждениях», 2011г.
  3. Клиническое питание. Том 20, 1 қосымша, маусым 2001ж., 153-160 бет. https://www.sciencedirect.com/ science/journal/02615614/20/supp/S1 Proceedings of the 11th Nutricia Symposium Recent.Developments in clinical Nutrition.
  4. Бебишова Г.В. Ғылыми жұмыс “Медициналық тамақтанудағы ең бастысы”,»Вестник Клинической больницы» №51,38 бет
  5. Clinical Nutrition 22 том , 3 шығарылым,маусым 2003ж., 241-246 бет.
  6. Смирнова Елена Ивановна, медицина бойынша автореферат және диссертация: “Емдеу-алдын алу мекемелерінде тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі”,2011ж.
  7. Дубе Л. , Трюдо Э. и Беланже М. 1994 . «Определение сложности удовлетворения пациентов услугами общественного питания», Журнал диетической ассоциации , 94 (4): 394 – 401
  8. Chanding Foodservice Systems: Journal of Foodservice Business Research том 10.2007-выпуск 4.https://doi.org/10.1300/J369v10n04_05
  9. Жусупов Б.С., Алимбекова Г.Т., диссертация: “Медицинское обслуживание населения Казахстана: реальность и оценки”
  10. TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі:http://turaninfo.kz/rus/proektnaya-gruppa-vyyavila-narusheniya-v/
  11. Satisfaction with the quality of nutrition of patients in canada and the united states https://doi.org/10.1016/j.jand.2014.11.013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.