Мектеп жасындағы балалардың вирустық гепатиттің эпидемиологиялық ерекшеліктеріне сай профилактикалық шаралардың тиімділігі

Вирустық гепатит әлемге кеңінен таралған ішек инфекциясына жатады. Дүние жүзі денсау- лық ұйымының деректеріне қарағанда жер беті халықтары арасында жыл сайын Вирустық гепатит ауруының шамамен алғанда 1,4 млн оқиғасы тіркеледі. Қазіргі таңда дәрігерлер мен эпидемиолог- тар Вирустық гепатиттің ең тиімді профилактикасына вакцинацияны жатқызуда. Соңғы 5 жылда вакцинация серонегативті тұлғалар арасында, су құбырлары мен канализация саласының жұмыс- шылары арасында, саудамен айналы-сатындар арасында, мектепке дейінгі мекемелердің жән тамақ- тандыру орындары ызметкерлері арасында вакцинация міндетті түрде күнтізбелік жоспар бойынша жүзеге асырылады.

Мектеп жасындағы балалар арасында Вирустық гепатиттің эпидемиологиялық ерекшелігін бағалау және эпидемиялық жағдайға байланысты иммунопрофилактиканың медициналық-экономи- калық тиімділігін анықтау арқылы вакцинацияны ұйымдастыруды жетілдіру тактикасын ұсыну.

Мектеп жасындағы балалардың арасында таралған А вирустық гепатиттің эпидемиологиялық ерекше-ліктерін анықтау.

Вакцинопрофилактиканың экономикалық тиімділігі бағаланады.

Зерттеудің материалдары мен қолданылған әдістері. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласы Санитарлық- эпидемологиялық бақылау департаменті эпидемиология бөлімінің мәліметі бойынша 2019-2020 жылдарға талдау жасалынды. 2019-2020 жылдардағы Шымкент қаласындағы мектеп жасындағы балалар арасындағы жылдық есеп көрсеткіштері, қарсы міндетті алдын алу екпесін жүргізудің статистикалық есебі қолданылды.

Вирусты гепатит А – негізінен бауыр зақымдануымен сипатталатын жедел циклді вирустық инфекция. А вирусты гепатиті физикалық факторларға салыстырмалы түрде жоғары төзімділігі бар РНҚ-сы бар вирустан туындайды, осыған байланысты вирус қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады. ВГА кең таралуымен, белгілі бір аумақтарда біркелкі емес қарқындылықпен, ұзақ мерзімді динамикадағы циклділікпен, айқын күзгі-қысқы маусымдықпен, мектеп жасына дейінгі балалардың, жасөспірімдер мен жастардың басым зақымдануымен сипатталады. Инкубациялық кезең 2-ден 6 аптаға дейін созылады. Көп жағдайда, әсіресе 5 жасқа дейінгі балаларда ауру гастроэнтерит белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының катаральды көріністерімен көрінбейтін иктериялық түрде өтеді. Ересектерде ВГА әдетте жеңіл және орташа ауырлықта өтеді, бірақ ауыр нұсқалар мен өршулер жоққа шығарылмайды. Аурудың циклдік ағымы бірнеше кезеңдердің бірізді ауыспалы болуымен сипатталады: продромальды (преиктериалды); қызу (сарғаюы мүмкін); реконвалесценция кезеңі.

2 жастағы балалар арасында вирусты гепатит «А» ауруына қарсы екпе егудің 2019 жылғы 2- реттік егу жағдайының көрсеткіштері бойынша 37125 абсолюттік жағдайында екпе жүргізіліп, екпе көрсеткіші - 99,9% құрады, ал 2020 жылы 2 - реттік егу жағдайының көрсеткіштері бойынша 39006 абсолюттік жағдайында екпе жүргізіліп, екпе көрсеткіші- 99,9% құрады.

Шымкент қаласында 2019 жылы «А» вирусты гепатитімен тіркелген мектеп жасындағы балалар арасында 2 жағдайында «А» вирусты гепатитіне 2 реттік егуін алған. 7 баланың ата- анасы егуден бас тартқан, 2 балаға шегеру берілді, ал 2020 жылы вирусты гепатит «А» ауруымен тіркелеген мектеп жасындағы балалар арасында 1 жағдайында «А» вирусты гепатитіне 2 реттік егуін алған, 4 баланың ата- анасы егуден бас тартқан, 1 балаға медициналық шегеру бірілген.

Бүгінгі күні, екпе егу- вирусты А гепатитінің алдын алудағы ең тиімді іс- шара. Кез келген профилактикалық іс-шараның, соның ішінде иммунопрофилактиканың тиімділігі белгіленген шектерде жанама әсерлер болмаған кезде осы шараны жүзеге асыру арқылы қажетті нәтижеге қол жеткізу дәрежесі болып табылады.

Вакциналардың алдын алудың экономикалық шығындары қолданылатын препаратқа, егу кестесіне, емделетін контингенттерге, жалпы вакцинация тактикасына және басқаларға байланысты айтарлықтай өзгереді. Тиісінше, иммундаудың экономикалық тиімділігін бағалау вакцинация параметрлерінің шығын/пайда қатынасы бойынша оңтайлысын анықтау үшін өте маңызды.

Вакциналардың алдын алудың экономикалық тиімділігі іс-шараны іс жүзінде жүзеге асырудан ақша бірлігінде көрсетілген оң үлес болып табылады. Иммунопрофилактика – өте қымбатқа түсетін іс, ол мемлекеттік қомақты материалдық ресурстарды қажет етеді. Дегенмен, адам ауруынан келетін зияннан, иммундау арқылы алдын алуға болатын аурулар он есе көп. Бұл вакцинаның алдын алудың жоғары экономикалық тиімділігін көрсетеді.

Жыл: 2021
Қала: Шымкент
Категория: Медицина