Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялы хирургиялық көмек көрсетуге іріктеудің рөлі

Түйін

2019-2020 жылдарға арналған Маңғыстау облысы облыстық статистикасына сәйкес қан айналымы жүйесі аурулары ресми деректерін ретроспективті талдауында жалпы сырқаттанушылық 19,9% өскендігі байқалады, сонымен бірге республика деңгейі бөтенде жүрек қантамыр ауруларының төмендеуі 26% дан 14%- ге дейін, ал жүрек ишемиялық және артериальдық гипертензия көрсеткіштері тиісінше 14% тен 19,9%- ға және 49,5% - тен 50,5% -ке жоғарылаған. Жіті миокард инфарктісі сырқаттанушылығы республика бойынша 100000 адамға шаққанда 112,88 – 103,07 құрған (9,5% -ға төмендеген). Ал Маңғыстау өлкесіндегі үлесі өзгеріс таппаған (92,62 - 92,39). Алғашқы медициналық тексеру деңгейлері дәрігерлерінің мәліметтерінде кардиохирургиялық емдеудің жекелеген түрлеріне іріктеу барысында мұқтаждық 36,4% пациенттерде орын алды, оның ішінде жүрек ишемиялық сырқаттары 46,8% - ды құрап, жедел емдеу қажеттілігінен 1,2 есе асып түсті. Оларға, осы жылдары тиісінше 1550 және 1034 операция, ал ең күрделі жағдайларда жүрекке ашық түрде 95 және 78 операция жасалған. Нәтижесінде жүрекке ашық операциядан кейінгі өлім- жітім 2019 жылы 3,4%, 2020 жылы - 1,26% құрады, яғни екі еседен аса төмендегенін көрсетті, бұл тиімділігін куаландырады.

Кілт сөздер: жүрек қанайналым аурулары, жүрек ишемиялық сырқаттары, кардиохирургия, жоғарғы технологиялық медициналық көмек

Кіріспе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының деректері бойынша жыл сайын әлемде қан айналымы жүйесі ауруларынан (ҚЖА) шамамен 17 млн адам қайтыс болады, бұл барлық өлімнің 30% - ын құрайды, оның ішінде 7,2 млн адам жүректің ишемиялық ауруынан (ЖИА) өлім құшады екен [1]. Зерттеушілердің пікірінше, ЖИА- нан болатын өлім-жітім 1990 жылдан 2020 жылға дейін 2 есе өседі, ал, 2050 жылға қарай қазіргі тенденцияларға қарай отырып, ҚЖА ауруы пандемия сипатына ие болуы мүмкін [1,2]. Халықтың ҚЖА-дан өлім-жітімінің деңгейі көбінесе медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты болып келеді.

Қазақстанда ҚЖА-дан болатын өлім-жітім 2020 жылғы ҚР ДСМ деректері бойынша өлімнің барлық құрылымының 39,1% - ын, ал Маңғыстау облысы бойынша 36,1% - ды құрайды.[3] Еуропа өңірінің бірқатар елдерінің ҚЖА салдарынан халық өлімінің стандартталған көрсеткішімен салыстырғанда Республика деңгейінде бұл көрсеткіш 1.5-тен 3 есеге дейін асады [4]. Мемлекеттің негізгі бағыттары азаматтардың денсаулығын нығайту және денсаулық сақтау жүйесінің пациентке бағдарлануын арттыру болып табылады. Осыған сәйкес, 2011-2015 жылдарға арналған ("Саламатты Қазақстан", "Денсаулық" 2016-2019 жж.) мемлекеттік бағдарламалары кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытуға үлкен әсерін тигізді, яғни кардиохирургиялық көмектің қарқынды дамуына ықпал етті [5,6]. Іс-шараларды іске асырудың басталуымен ҚЖА-дан болатын өлім-жітімнің біртіндеп төмендеуі болды [7]. Мәселен, егер 2009 жылы ҚЖА-дан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 416,4-ті құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 еседен астамға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 174,2-ді құрады [3,7]. Денсаулық сақтау саласын дамытуда, жоғары технологиялар трансферті, диагностика мен емдеудің заманауи хаттамаларын енгізу, кадрларды оқыту арқылы ел өңірлерінің әлеуетін күшейтуге маңызды рөл бөлінді. Бұнымен қатар денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызмет түрлері интеграцияланған мандандырылған медициналық көмекті дамыту яғни ұсынылатын медициналық көмекті аймақтандыру қағидатына сәйкес денсаулық сақтау жүйесі барлық деңгейлерінде технологиялық күрделілігіне байланысты сапасын және сабақтастығын, толықтылық көлемін, қамтамасыз ету көзделген. Бұл бағыт, қан айналымы жүйесі аурулары дамуының алдын алу, озық технологиялы тәсілдермен ерте диагностикалауды қамтитын кешенді жүйе құру, сондай - ақ өлім-жітімді және мүгедектікті азайту мәселелерін бірден бір шешуші роль атқаратын жоғары технологиялық медициналық көмегін (ЖТМК) қолжетімділігін қамтамасыз етуде, оларға іріктеу үдерісі өзекті мәселе болып қалуда [8].

Жұмыстың мақсаты. Қан айналымы жүйесі сырқатты ауруларды кардиохирургиялық жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуге іріктеу мен жолдау жүйесін зерделеу және оның тиімділігі анықтау.

Зерттеу материалдар мен әдістері. Ақпарат көздері облыстық медициналық ақпараттық- талдау орталығының, 2019-2020 жылдарға арналған Маңғыстау облысы бойынша облыстық статистика қызметінің ресми деректерін ретроспективті талдауы жүргізілді.

Аймақта медициналық көмектің күрделілігіне сәйкес ҚЖА-мен ауыратын науқастарды бағыттаудың үш деңгейлі жүйесі айқындалды. Осы мақсатта аймақтық деңгейде Маңғыстау облысының медициналық ұйымдары халыққа медициналық көмек деңгейлеріне сәйкес бірінші, екінші және үшінші деңгейлері бойынша бөлінді. Медициналық көмек деңгейі мен медициналық ұйымдарды біріктіруде, халықтың қоныстану сипаты, пациенттердің басым трафик ағындары, көлік инфрақұрылымы, дайындалған мамандардың болуы және қажетті диагностикалық базаның болуы ескерілген.

Бірінші деңгейдегі мекемелерге аудандық аурухана бөлімшелері, емханалары және Ақтау қаласы мен облыстық алғашқы көмек медициналық ұйымдары жатады, онда алғашқы медициналық- санитариялық көмек шеңберінде пациенттерде жүрек-қан тамырлары ауруларының клиникалық белгілері анықталады, олардың функционалдық бұзылу дәрежесі белгіленеді және екінші деңгейге жіберу туралы шешім қабылданады.

Екінші деңгейдегі мекемелер аудандық медициналық мекемелермен диагностикалық бөлімдермен қамтылған, онда жіті коронарлық синдром, жүрек ырғағының бұзылуы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі анықталған кезде үшінші деңгейде қосымша тексеру және емдеу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және пациенттерді ЖТММ көрсетуге дайындайды.

Үшінші деңгейдегі мекемелер Облыстық аурухана және Софимед клиникасы ұсынылған, онда қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге тәулік бойы консультациялық және емдеу- диагностикалық көмек көрсетеді, жүрек-тамыр хирургиясы ҚЖА бейіні бойынша науқастарды іріктеуді және даярлауды жүргізеді. Тексеруден кейін қажетті құжаттар пакеті ЖТМК көрсету туралы мәселені шешу және емдеуге жатқызу күнін анықтау үшін пациенттерді іріктеу жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Зерттеу нәтижелері және оны талдау. 2019-2020 жылдардағы Маңғыстау өлкесінің ересек тұрғындарының ҚАЖ салдарынан болатын соңғы екі жылда жалпы сырқаттанушылық 19,9% өскендігі байқалады, бұл негізінен COVID - 19 байланысты эпидемиялық ахуалдар әсерлерімен

тұсіндіруге болады. Дегенмен орташа абсолюттік көрсеткіштері респубикалық көрсеткіштерден төмен болып қалғанымен өсім көлемі, республикалық өсім (5,9%) деңгейінен салыстырмалы түрде 4 есеге жуық жоғарылаған. Сонымен бірге республика бойынша бөтенде ЖҚА –ның төмендеуі 26% дан 14%- ге дейін, ал ЖИС және АГ көрсеткіштері тиісінше 14% тен 19,9%- ға және 49,5% –тен 50,5% -ке жоғарылаған.

Нозологиялық топтар ішінде жіті миокард инфарктісі (ЖМИ) сырқаттанушылығы

республика бойынша 100000 адамға шаққанда 112,88 – 103,07 құраған, яғни 9,5% -ға төмендеген. Ал Маңғыстау өлкесіндегі ЖМИ үлесі өзгеріс таппаған (92,62 -92,39). (Кесте №1).

Кесте № 1 - Қанайналым жүйесі бойынша жалпы сырқаттанушылық көрсеткіштері (100 мың ересек адамдарға шаққанда)

 

Республика деңгейінде

Маңғыстау өлкесінде

2019

2020

2019

2020

Жалпы

сырқаттанушылық

3003,44

3181,3

2224,0

2666,78

Жіті миокард инфаркті

112,88

92,62

103,07

92,39

ЖҚА-мен ауыратын науқастар популяциясындағы модификацияланған қауіп факторларының жоғары таралуы амбулаториялық - емханалық кезеңде оларды уақтылы анықтау мен тиісті бақылау бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік шаралардың маңыздылығын анықтайды. Медициналық көмек барлық деңгейлерінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне байланысты алғашқы шағымдарымен (42%) және диспансерлік тексеруден кейін (22%) еңбекке қабілетті жастағы науқастар жиі жүгінгені. Зейнеткерлер еңбекке қабілетті адамдарға қарағанда жиі ЖҚА ағымының нашарлауы себепті жүгінген. Зейнет жасындағы әйелдер сол жас тобындағы еркектерге қарағанда ЖҚА ағымының нашарлауы (19,1%), себебті жиі жүгінген. Зейнеткерлік жастағы ер адамдар диспансерлік тексеруге әйелдерге қарағанда едәуір жиі (19%) қаралуға барған. Жүрек қантамырлық сырқатты науқастарға диагностикалық зерттеулердің жекелеген түрлерін бағалауда қажеттілік 22,3% - дан 44,3% - ға дейін құрады. Медицина көмек деңгейлерінде тексеру жүргізген дәрігерлердің мәліметтері бойынша пациенттердің көпшілігі коронорографияға мұқтаж 41,9% болды, атап кететін жай коронорография қажеттілігі ер адамдарда 49,6%, ал, әйелдерде 36,1% туындалды.

Холтер мониторингке қажеттілік ерлерде 20,5%, әйелдерде 16,9% анықталды. Велоэргометрия қажеттілігі 36,3% құрады әрі ер адамдарда көбірек болды.

Алғашқы медициналық санитарлық көмек дәрігерлері мәліметтері нәтижелері бойынша ЖҚА- мен ауыратын науқастарда кардиохирургиялық емдеудің жекелеген түрлеріне іріктеуде 36,4% мұқтаждық орын алды. Ал ЖИC науқастарында кардиохирургиялық емдеудің жекелеген түрлеріне мұқтаждық 46,8% - ды құрады және ЖҚC науқастарының тобында жедел емдеу қажеттілігінен 1,2 есе асып түсті, бұлар кардиохирургиялық зерттеулермен нақтыланып үшінгі деңгейіне жолдама алды.

Кардиохирургия бөлімшесіне түскен пациенттерінің көпшілігін (94%) жергілікті тұрғындар құрады. 2019 жылы 1089 пациент жүрек-қантамыр хирургиясы бейіні бойынша мамандандырылған, және жоғары технологиялық медициналық көмек алды. 2020 жылы бұл сан 765 құрады, мұндай азаюдың негізгі себебі COVID-19 эпидемиологиялық ахуалдарға байланыстылығымен түсіндіруге болады.

Медициналық көмек беру мекемелері деңгейлері бойынша кардиохирургиялық диагностика мен емдеудің әдістері айқындалған. Бірінші және екінші, үшінші деңгейлер клиникаларына пациенттерді тексеруге және емдеуге жіберу және іріктеу тетіктері әрдайым сақтала бермейді. Оған дәлел, пациенттердің 40,4% бірінші және екінші деңгейдегі медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша Маңғыстау облыстық аурухана, кардиохирургия бөлімшесіне, 10,1% - үшінші деңгейдегі мекемелерден, 4,5% - жедел жәрдем станциясымен жеткізілетіндігі анықталды. Халықтың маман- дандырылған және ЖТМК қолжетімділігін қамтамасыз етуде Маңғыстау облыстық аурухананың, СофиМед клиникасы қызметкерлерінің көшпелі консультативтік жұмысының маңыздылығын атап өткен жөн. Кардиохирургияда емделген пациенттердің 45%-ы осы дәрігерлерімен тексеріліп, емдеуге жатқызуға жіберілді.

2019-2020 жылдары жүрек және қан тамырлары патологиясы бар науқастарға тиісінше 1550 және 1034 операция жасалған. Ең күрделі жағдайларда 2019 жылы жүрекке ашық түрде 95, ал 2020 жылы 78 операция жасалған. Атап кететін жай, кардиохирургиялық жоғарғы технологиялық операциялар ішінде интервенциялық және тері арқылы әрекеттер әдістері жоғары болды, олар негізінен нозологиялық нысандар құрылымында жүректің ишемиялық аурулары (51%), жүрек ырғағының бұзылуы тағы басқа түрлері құрады.

Аталған жылдары операциялардың жалпы санының төмендеу үрдісі эпидемиологиялық ахуалға байланыстылығын көрсетті. Сонымен бірге, туа біткен жүрек ақауларды түзету операцияларының екі есеге дерлік азайуы, 18 - ден 8 дейін, (22,7% -дан 12,7%-ға), бірақта ЖИА-дағы түзету бойынша операциялар көп өзгеріске ұшырамады.

2019-2020 жылдары жалпы кардиохирургиялық іс - әрекеттері саны көлемінің, жүрекке ашық түрде орындалған операциялар үлесі тиісінше 5,1% және 6,1% ын құрады, оның ішінде (77) 97,4% - (62) -98,4%- ы жасанды қанайналым әдісін қолдану арқылы жүргізілді.

Жүрекке ашық операциядан кейінгі өлім-жітім 2019 жылы 3,4% құраса 2020 жылы - 1,26% құрады, яғни екі еседен аса көмендеді..

Тұжырымдар. 1. Маңғыстау облысында жүрек қантамыр ауруы бар пациенттер ортасында жоғарғы технологиялық медициналық көмекке мұқтаж науқастарды іріктеу және жолдау жүйесін талдау нәтижелері жалпы өз тиімділігін көрсетті, өлім деңгейі екі еседен аса төмендеді.

Анықталған проблемалар әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандар мен ведомстволық басқаруларындағы басқада мекемелер арасындағы сабақтастықты сақтау тұрғысынан тиімді тетіктерді одан әрі пысықтаудың орындылығын көрсетеді.

Әдебиеттер 1.Сердечно-сосудистые заболевания, крупная эпидемия XXI века Пресс–релиз, 2013 http://www. medlinks.ru/article

  1. Долгалев И. В. Динамика и прогностическая значимость факторов риска сердечно-сосудистых заболеваний//http://www.dissercat.com/content/dinamika–i–prognosticheskaya–znachimost–faktorov–riska – serdechno–sosudistykh–zabolevanii–sem #ixzz4XEuDhQSP
  2. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жіті миокард инфарктісі кезінде медициналық көмек көрсету. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық. // Нұр-Сұлтан. 2020 ж.
  3. Стандартизация показателей заболеваемости и смертности как основа для корректного сравнения разных регионов /К. К. Давлетов, С. Ф. Беркинбаев, Б. Б. Амиров и др. //Медицина. – 2015. – №6. – С. 2-5
  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығы (02.07.2014 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)
  5. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 634 қаулысы.
  6. Достижения и проблемы кардиологической службы Алматинской области /Р. Т. Султанбеков, А. Х. Исабекова, А. Т. Мусагалиева //Терапевт. вестн. – 2012. – №1. – С. 7
  7. Стратегия развития здравоохранения Казахстана до 2020 года. - Астана: 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.