Жүрек-қан тамыр ауруларын анықтау үшін қолданылатын score, procam, framingham шкалаларының қауіптілік көрсеткішін анықтаудағы сенімділігі

Кіріспе. Қазіргі таңда, қан сарысуындағы липидтер көрсеткішінің жоғарылауы, және липидтер алмасуының бұзылысы орын алған науқастардың скринингтік тексерістерінде, басты нұсқаулықтар ретінде қолданылатын шкалалар, әр жеке науқас үшін жүрек-қан тамыр жүйесі патологияларынан болатын қауіп- қатерді есептеуге негізделген [1,2]. Шкалалар көмегімен нақ болжанған болжамдар, клиникалық шешімдер мен нәтижелерді жақсартады деген тұжырымдар, кейде күмән тудырып жатады. Формалды әсердің талдауы болмаған жағдайда, дәрігерлер қауіптілікті анықтаушы шкалалардың қолдануға болатындығына байланысты пайдалы немесе зиянды жақтарын біле алмайды [1,2,3].

Зерттеу мақсаты. Жүрек-қан тамыр ауруларының қауіптілігін анықтау үшін қолданылатын негізгі шкалалардың (SCORE, PROCAM, Framingham) тиімділік дәрежесіне сай талдап, диагностикалық құндылығы тұрғысынан артықшылықтары мен кемшіліктерінің көрсету.

Framingham бойынша қауіп-қатерді бағалау шкаласы 1998 жылы адамдардағы түрлі қауіп факторларымен комбинацияланатын ЖИА-ның он жылдық даму қауіпін бағалау құралы ретінде құрылған. Жоғары ЖҚЖА қауіптілік критериі болып >20% көрсеткіші саналады. Аталмыш шкала бойынша 1998-ші жылдан бастап көптеген бейімдеу және қайта қарау жұмыстары жүргізіліп, жаңартылып отырды [4].

PROCAM (Prospective Cardiovascular Munster Study) қауіп-қатер шкаласы келесі 10 жыл ішіндегі миокард инфаркті (МИ) қауіптілігі немесе жедел коронарлық синдромнан болатын өлім оқиғаларын бағалаушы құрал. Аталмыш қауіптілікті бағалау құралы PROCAM Münster жүрек ауруларын зерттеу мәліметтері негізінде құралған. PROCAM нұсқаулығы түрлі Еуропалық Одақ елдері үшін нақты түзетілген коэффициенттермен, басқа да елдер үшін қолдануға болатын Халықаралық атеросклероз қоғамдастығы ұсынған түзетулерді ұсынады. Бұл шкала келесі критерилер бойынша бағалауды ұсынады: жасы, жоғары тығыздықты холестерин, төменгі тығыздықты холестерин, триглицеридтер, темекі шегушілік, қант диабетінің болуы, жанұялық анамнезінде МИ- дың кездесуі және систолалық артериалды қан қысымының көрсеткіші. Жоғары коронарлы қауіптілік критериі болып >20% көрсеткіші саналады [5,6,7,8,9].

SCORE (The Systematic Coronary Risk Evaluation) – жүрек-қан тамыр аурулары қатерін жүйелік бағалаушы құралы. SCORE шкаласы бойынша қатерлікті анықтау келесі қауіп факторларының орын алуына байланысты бағаланады: жынысы, жасы, темекі шегушілігі, систолалық артериялық қан қысымы және жалпы холестерин. Жоғары коронарлы қауіптілік критериі болып >5% көрсеткіші саналады. Өзінің құрылу сатысында 12 еуропалық зерттеулердегі екі жүз елу мыңнан астам адамның біріктірілген мағлұматтарын қолданды [10,11]. Алғаш рет, 2003 жылы жарияланған бұл алгоритм, ЖҚЖА-дан болатын он жылдық өлім қаупін ЖИА мен летальды нәтиже үшін жеке-жеке бағалану көрсеткішімен сипаттады. Басқа да ілгерілеген зерттеулерде ЖҚЖА- ның жалпыланған қауіп-қатерлері есептелінді. Әр Еуропа елі үшін ЖҚЖА себебінен болатын өлім-жітім статистикасының негізінде, аталмыш қауіп-қатер алгоритмінің төменгі және жоғарғы қатерліктері бойынша нұсқалары әзірленді. Еуропа кардиологтар қауымдастығының мәліметтерінде Қазақстан Республикасы ЖҚЖА бойынша жоғары қатерлі елдер қатарына енгізіліп, SCORE шкаласының жоғары қауіптілік нұсқасы қолданылатындығы туралы баяндалған.

Қорытынды. SCORE, PROCAM және Framingham қауіптілік шкалаларының ЖҚЖА қауіптілігін анықтауда сенімділігі популяцияға байланысты өзгеріп отыратындығы әдебиеттік шолу негізінде анықталынды.

Әдебиеттер

  1. Reilly BM, Evans AT. Translating clinical research into clinical practice: impact of using prediction rules to make decisions. Ann Intern Med 2006; 144: 201-9. 15.
  2. Kavousi M, Leening MJ, Nanchen D, Greenland P, Graham IM, Steyerberg EW, et al. Comparison of application of the ACC/AHA guidelines, Adult Treatment Panel III guidelines, and European Society of Cardiology guidelines for cardiovascular disease prevention in a European cohort. JAMA. 2014 Apr 9. 311 (14):1416-23.
  3. Vaucher J, Marques-Vidal P, Preisig M, Waeber G, Vollenweider P. Population and economic impact of the 2013 ACC/AHA guidelines compared with European guidelines to prevent cardiovascular disease. Eur Heart J. 2014 Apr. 35 (15):958-9.
  4. Wilson PW, D'Agostino RB, Levy D, Belanger AM, Silbershatz H, Kannel WB. Prediction of coronary heart disease using risk factor categories. Circulation. 1998 May 12. 97 (18):1837-47.
  5. Assmann G, Cullen P, Schulte H. Simple scoring scheme for calculating the risk of acute coronary events based on the 10year follow-up of the prospective cardiovascular Münster (PROCAM) study. Circulation. 2002; 105(3):310-5.
  6. Assmann G, Schulte H, Cullen P, Seedorf U. Assessing risk of myocardial infarction and stroke: new data from the Prospective Cardiovascular Münster (PROCAM) study. Eur J Clin Invest 2007; 37(12):925-32.
  7. Pencina MJ, D'Agostino RB, Larson MG, Massaro J, Vasan RS. Predicting the Thirty-year Risk of Cardiovascular Disease: The Framingham Heart Study. Circulation. 2009; 119(24): 3078–3084.
  8. Versteylen MO, Joosen IA, Shaw LJ, Narula J, Hofstra L. Comparison of Framingham, PROCAM, SCORE, and Diamond Forrester to predict coronary atherosclerosis and cardiovascular events. J Nucl Cardiol. 2011; 18(5): 904–911.
  9. Assman G, Cullen P, Schulte H. Simple scoring scheme for calculat- ing the risk of acute coronary events based on the 10year follow-up of the prospective cardiovascular Munster (PROCAM) study. Circu- lation 2002;105:310–5.
  10. Tattersall MC, Gangnon RE, Karmali KN, Keevil JG. Women up, men down: the clinical impact of replacing the Framingham Risk Score with the Reynolds Risk Score in the United States population. PLoS One. 2012. 7 (9):e44347.
  11. Selvarajah S, Kaur G, Haniff J, Cheong KC, Hiong TG, van der Graaf Y, et al. Comparison of the Framingham Risk Score, SCORE and WHO/ISH cardiovascular risk prediction models in an Asian population. Int J Cardiol. 2014 Sep. 176 (1):211-8.
  • Жыл: 2020
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011