Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дағдарыс орталығындағы тұрмыстық зорлық - зомбылықтың түрлері

Түйін

Мақалада ғаламдық мәселе болып табылатын әйелдерге қатысты зорлық – зомбылық, отбасылық зорлық-зомбылықтың ауырлық дәрежерелі мен құрылымы, балалар мен жасөспірімдер зомбылығы, балалар құқықтарын қорғау қарастырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Қазақстан Республикасы, Ресей, Швейцария елдерінің мәліметтері көрсетілген. Сонымен бірге, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың түрлері мен сипаты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың дағдарыс орталығындағы мәселелері, дағдарыс орталықтарындағы көрсетілетін қызмет түрлері, сонымен қатар, қазіргі Қазақстан Республика- сындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мен зорлық-зомбылықтың жасалу факторлары және әлеуметтік қызметтер зерттеледі.

Кілт сөздер: әйелдер құқығы, физикалық зорлық-зомбылық, психологиялық зорлық-зомбылық, экономикалық зорлық-зомбылық, шиеленістер.

Өзектілігі: Тіпті ең жақын адамдарымызға да айта бермейтін тақырыптар болады. Солардың бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылық. Бұл жүз мыңдаған әйелде кездесетін өзекті мәселелердің бірі. Отбасын- дағы зорлық-зомбылық – бұл бір адамның билікті сақтау және басқа адамға бақылау жасауымен сипаттала- тын мінез-құлық жүйесі. Отбасылық зорлық-зомбылық циклді түрде дамиды: отбасылық зорлық-зомбы- лықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі - бұл зорлық-зомбылықтың көптеген түрлерінің (физикалық, жыныс- тық, психологиялық және экономикалық) болуы.

Сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың латенттілігі, жабықтылығы сияқты ерекшеліктері барын айтады, өйткені, әйелдер өз мәселелерін айналасындағы адамдар дұрыс түсінбей қалуы мүмкін деген оймен айтуға қорқады. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың шешілуін қиындата түседі. Кейде әйелдерге бұл жағдайдан шығар жол жоқ және болмайтындай көрінеді. Бірақ оның шешімі әрқашан бар және қоғамдық жұмыс қызметкерлері тығырықтан шығуға көмектеседі [1].

Ресейлік қылмыстық статистика адам өлімінің 80% үй жағдайында жасалатындығын көрсетеді. Швейцария лық сарапшылар отбасылық зорлық – зомбылықтың муниципияльды және федеральды шығыны жыл сайын шамамен 400 млн швейцариялық франкты құрайды деп санайды. Отбасылық зорлық - зомбылықтың негативті салдары 87,2% психикалық ауытқушылық және 71,4% денсаулыққа физикалық зиян келтіру, 37,5% мінездің нашарлауы, 34,8% репродуктивті функциялардың бұзылуына алып келеді [2].

Қазақстан Республикасының статистикалықмәліметтері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан жыл сайын республикада 500-ге жуық әйел адам көз жұмады екен. Дағдарыс орталығы одағының зерттеулері бойынша, Қазақстанда әрбір үшінші әйел соққыға жығылады, ал әрбір бесінші әйел зорлаудың құрбаны болады екен. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі заңдар келесі міндеттерді көздейді: шұғыл түрде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу; жәбірленушіге қауіпсіздік жағдайларын жасау; жәбірленушіге көмек түрлерін көрсету (ақпараттық, құқықтық, психологиялық және т.б.) және құқық бұзушыға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикалық шараларын қолдану. Тұрмыстық зорлық-зомбылық - күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Күш көрсету зорлық- зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық- зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы мәселенің күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата- анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселесінде ең маңыздысы құқық бұзушыны жазалау емес, отбасын қолдау және сақтау. Жазалау шараларынан гөрі алдын алу шараларын қарастыру, құпиялылық, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу сияқты принциптер басшылыққа алынады. Сондықтан, тиісті мемлекеттік органдардағы зорлық-зомбылықтың алдын алумен айналысатын қызметкерлер отбасы және адам психологиясын жақсы білетін, тәжірибесі мол азаматтар болуы қажет. Бұл ретте құқық қорғаушылардың алдында күрделі міндеттер пайда болады. Оларды ойдағыдай шешу үшін Ішкі істер министрлігіне сапалы нұсқамалар жазып, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, психологиялық курстарды ұйымдастыру қажет болады. Бірақ, қазірдің өзінде полиция органдарында мамандандырылған, яғни әйелдерге, балаларға қарсы жасалған қылмыстармен айналысатын құрылымдар бар. Жасөспірімдер мен отбасына қатысты істерді қарайтын арнайы мамандандырылған соттар құрылған [3].

Отбасындағы зорлық-зомбылық – адамның жеке өміріне араласудың ең қауіпті түрі, өйткені адам өмірінің негізгі құндылығы болып табылатын денсаулығына қауіп төндіреді. Қылмыстың мұндай түрі жалпы алғанда, мемлекет пен қоғамға түзелмес зиян келтіреді, отбасындағы келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер отбасы ішілік шиеленістерге алып келеді, отбасылық шиеленістерді зорлық-зомбылық арқылы шешеді. Соңғы уақытта, отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың ішінде агрессивті отбасылық қылмыстар көбейген. Әсіресе, отбасындағы зорлық-зомбылық өзін-өзі қызықтыру мақсатында (мұрагерлік мәселелері және т.б.) орын алса, қылмыскерлер одан да қатаң болады. Қазіргі уақытта, заңға сәйкес, кәмелетке толмағандарға заңдық өкілдіктерсіз ойын-сауық мекемелеріне келуге тыйым салынады және 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. Мемлекеттік органдармен қатар, түрлі үкіметтік емес ұйымдар отбасын зорлық-зомбылықтан, әсіресе Қазақстанда қорғауға қатысады, 24 үкіметтік емес ұйымдар әйелдерді және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайды. Сонымен бірге, отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау үшін 2 ерлердің дағдарыстық орталықтары бар. Нақтырақ айтсақ, тіпті ер адамдар да бұл қылмыс түрінен зардап шегеді.

2001 жылы Ақтөбе қаласында әйелдердің кәсіби деңгейіне қарамастан қазіргі заманға сай қоғамдық және өмірлік бағыт-бағдар беруді мақсат еткен ұйым құрылды. 1998 жылы Алматы қаласында Әділет департаментіне коммерциялық емес қоғамдық ұйым - «Құрбылар» дағдарыс орталығы тіркелген, өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдерге көмектесетін Қазақстандағы ашылған ең алғашқы дағдарыс орталығы болды.

Мұндай орталықтардың бағыты – зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларды психологиялық қалпына келтіру мен әлеуметтік бейімдеу, зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру, қоғам ойын зәбір көрсетуші мен зардап шегушіге әрекеттестіру болды [4].

Дағдарыс орталықтарының негізгі мақсаты – адам құқығы мен бостандығын негізге ала отырып, әйелдер құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; зорлық – зомбылық құрбанына әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау көрсету;

Негізгі қызметтік бағыттары – тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушіге көмек көрсету, адам саудасына қарсы әрекет ету, адам және балалар құқығын қорғау, отасына қолдау көрсету, еңбек мигранттарының құқығын қорғау.

Дағдарыс орталығына келушілерді зорлық – зомбылық дәрежесіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді: психо-физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен жасөспірімдер, аяғы ауыр жасөспірімдер мен жасөспірім аналар, кәмелет жасқа толмаған балалары бар ажырасу жағдайындағы әйелдер, өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрған әйелдер мен жасөспірімдер [5].

Дағдарыс орталығына келгенде әйелдер мына қызмет түрлерін алады: әлеуметтік – экономикалық қызмет (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыру, сонымен бірге, мамандық таңдау, жұмысқа орналасу, біліктілігін арттыру, уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуын жүзеге асыру), әлеуметтік – құқықтық қызмет (арнайы құқықтық кеңес беру, зейнетақыны және басқа да құжаттарды рәсімдеу немесе қайта қалпына келтіру), әлеуметтік – психологиялық қызмет (шұғыл психологиялық көмек, өзара қолдау көрсететін топтарға және қарым- қатынас клубтарына қатысуына көңіл бөлу, уайымын сейілту мақсатында психологиялық тренингтер өткізуді қамтамасыз ету), әлеуметтік – педагогикалық қызмет (экскурсия, көрме,театр, концерттер және басқа да мәдени іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету, т.б.), әлеуметтік – медициналық қызмет (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік – медициналық қызмет алуын қамтамасыз ету). Дағдарыс орталығындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында жылына 23 000-нан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер өмірлік қиын жағдайлардан шығатын жол таба білді. Жыл сайын дағдарыс орталықтарында әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескертетін және алдын-алатын әлеуметтік маңызды жобалар жасалынуда. Қазақстанның әлеуметтік қызмет көрсету және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдермен әлеуметтік жұмыс жасау маңызды компонент болып табылады, оның негізін – ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік және ұйымдастырушылық аспектілер құрайды [6].

Отбасылық жанжал мен зорлық-зомбылық жағдайларының айырмашылығын білген маңызды: жанжал жергілікті оқшауланған сипатта болса, зорлық – зомбылық жүйелі негізде және белгілі бір оқиғалардан тұрады [7].

Қақтығыстың негізі белгілі бір мәселені шешуге бағытталады. Ал, отбасындағы зорлық-зомбылық – отбасын билеу мен зардап шеккен тарапты бақылау мақсатында орын алады. Жәбір көрсетуші адам зорлық – зомбылықтың нақты себептерін түсіндіре алмайды [8].

Зерттеу мақсаты: Дағдарыс орталығында әлеуметтік көмек алатын әйелдердегі тұрмыстық зорлық- зомбылықтың ауырлық дәрежесі мен құрылымын зерттеу.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу Шымкент қаласы, «Көмек» дағдарыс орталығында жүргізілді. Дағдарыс орталығында осы уақытқа дейін стационарлы түрде әлеуметтік көмек алған әйелдер мен балаларының саны - 95. Әр әйелде орташа алғанда – 4 - 7 балаға дейін бар. Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың ауырлық дәрежесін бағалау үшін арнайы «бағалау парағы» құрастырылды. Ол зорлық- зомбылықтың физикалық, психологиялық және экономикалық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Бағалау парағы 3 негізгі бөлімнен тұрады. 1- бөлімі – физикалық зорлық – зомбылық. Бұл бөлімде денсаулыққа зиян келтіру, күш көрсетіп ұрып – соғу, сыйламау, айналасындағы заттарға зиян келтіру және басқа да зорлық –зомбылық әрекеттерді сұрастыру арқылы әйелдерді бағаладық. 2-бөлімі – психологиялық зорлық –зомбылық. Бұл бөлімде әйелдің психикасына әсер ететін жағдайлар: қатігездік, мазақ етушілік, адамды кемсіту, балағаттау, бопсалау, зардап шегушінің адами құндылығын төмендету, теріс эмоция туғызатын басқа да іс- әрекеттерімен бағаладық. 3- бөлімі – экономикалық зорлық –зомбылық. Бұл бөлімде жеке басты куәландыратын құжаттарынан айыру, өмір сүруге қажетті қаражаттан, тұрғын үйден, киім мен тамақтан айыру және басқа да зорлық – зомбылық әрекеттерді сұрастыру арқылы әйелдерді бағаладық.

«Бағалау парағында» максималды балл – 16 балл. 1 немесе 0 деген баға арқылы бағаланады. 10 баллдан жоғары болса – зорлық – зомбылықтың ауыр дәрежесі болып есептелінеді.

Нәтижелері және талқылау. «Бағалау парағы» сараптамасы – 56 әйелге жүргізілді. Осы сараптама бойынша 30 әйел зорлық – зомбылықтың физикалық дәрежесімен, 15 әйел – психологиялық дәрежесімен және 11 әйел экономикалық дәрежеде зардап шеккені анықталды. Яғни, физикалық зорлық –зомбылық – 63%, психологиялық зорлық – зомбылық – 25%, ал экономикалық зорлық – зомбылық дәрежесі – 12% - ды құрады. Соның ішінде, физикалық зорлық – зомбылықтан зардап шеккен 10 әйелден 6 әйел(59%)- ауыр дәрежеде (олардың отбасына қайта оралуға ойы жоқ), 4 әйел (41%) - орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланды. Ал, психологиялық зорлық – зомбылықтан зардап шеккен 4 әйелден 3 әйел (75%) - ауыр дәрежеде, 1 әйел (25%) - орташа дәрежеде екендігі анықталды. Экономикалық зорлық –зомбылықтан зардап шеккен 2 әйелдің ауырлық дәрежесі (100%) орташа деп бағаланды.

Қорытынды. Қорыта келе, 63% - физикалық факторлардың нәтижесінде, 25% - психологиялық факторлардың нәтижесінде, 12% - экономикалық факторларға байланысты тұрмыстық зорлық- зомбылық- тан зардап шеккен әйелдер отбасына қайта оралуға ниеті жоқ. Тұрмыстық зорлық- зомбылықтан зардап шеккен әйелдер ішінде физиологиялық факторлардың әсері жоғары деп есептелді.

Әдебиеттер

  1. Бойченко Л. Женская преступность, вопросы преодоления домашнего насилия, преступления против женщин в Республике Коми // Права женщин в России. Законодательство и практика.-№4-2008–С.28–35.
  2. Борбат А.В., Ильяшенка А.Н., Пономарев П.Г. Насильственная преступность в семье: меры предупреждения // Российский следователь. 2012г, № 2 – стр. 89
  3. Сарсенбаев Т.А., Тұрмыстық зорлық - зомбылықпен күрес. Алматы, 2013 ж., - 195 б.
  4. Сборник статистических данных о преступности и результатах деятельности правоохранительных органов и судов в Республике Казахстан за 12 месяцев 2013 г. – Астана, 2014.
  5. Данилова О.Л.Психология восприятия насилия: культурный и гендерный аспекты- СПб., 2015.- 391с.
  6. Серикбаев Т.А. Здоровье ребенка и его охрана в уголовном праве: автореф.– Алматы: 2009ж.
  7. Алимбекова Г.Т.Проблема насилия в отношении женщин:социологический анализ.-Алматы,2008.–264 с.
  8. Елена Архипова Насилие в семье. / Елена Архипова. - Москва: Гостехиздат, 2016г. - 910 cтр
  9. СавкинаИ.:Мужественное и женственное в автобиографических записках Н.Дуровой//сб.статей–М., 2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.