Түйін
Әйелдердің жасы постменопауза кезеңіне жеткен соң артериялық гипертензия мәселесі өзекті болып табылады. Артериялық гипертензия жүрек-қантамыр ауруларына әкеліп соғып, өлім-жітімді көбейтеді. Сол себептен артериялық гипертензиясы бар постменопаузадағы әйелдерге «Денсаулық мектебі» бағдарламасынын ұйымдастыру маңызды болып табылады. Бағдарлама осы кезеңдегі әйелдердің өмір сапасын жақсартып, артериялық гипертензияның өту ағымын жеңілдетеді.
Кілт сөздер: артериялық гипертензия, постменопауза, екіншілік профилактика, психоэмоционал- дық бұзылулар, климактериялық синдром.
Мақсаты: №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында артериялық гипертензиясы бар постменопаузадағы әйелдерге «Денсаулық мектебі» бағдарламасының тиімділігін бағалау.
Өзектілігі: Әйелдерде еркектерге қарағанда қан қысымы әдетте төмен болады. Алайда, постмено- паузадан кейін, әйелдерде артериялық гипертензияның таралуы еркектерге қарағанда жоғарылайды. Сонымен қатар, ерлерге қарағанда әйелдердің басым көпшілігі терапевтік режимдерді ұстанатынына және олардың қан қысымы ерлерге қарағанда жиі өлшенетініне қарамастан, әйелдерде жүрек-қантамыр аурулары өлім-жітімінің басты себебі болып табылады [1]. Әйелдердің жасы ұлғайған сайын артериялық гипертензия мәселесі өзекті болып келеді. Постменопаузаның басталған уақытын көбіне жүрек қантамыр ауруларының көбею қатерімен байланыстырады [2]. Осылайша, эстроген мен прогестерон деңгейінің күрт төмендеуімен сипатталатын менопаузаның пайда болуы артериялық гипертензияның дамуына ықпал етеді [3].
Гипертензияны қадағалаудың шектеулілігінің негізгі себептерінің бірі науқастың өз ауруының бар екендігінен жеткіліксіз хабардар болуы, гипертензияның алдын алу шараларын білмеуі, сондай-ақ науқастардың дәрігер айтқан ұсыныстарын төмен деңгейде сақтауы. Бұған қоса, постменопауза кезеңінде семіздік, диеталық өзгерістер, қимылсыз өмір салты сияқты факторлар глюкозалық төзімділікке, инсулин сезімталдығының төмендеуіне және метоболизм алмасуларының бұзылуына алып келеді. Бұл, өз кезегінде, артериялық гипертензияның өту ағымын нашарлатады [4, 5, 6].
Адамның денсаулығы өзінің өмір салтымен анықталады және адам өз денсаулығына өзі қамқорлық жасамаса оған ешқандайда жоғары инновациялық технология көмектеспейді [7]. Жоғарыда айтылғандай, науқастардың бұл категориясында метаболикалық бұзылыстар анықталған-дықтан, медикаментозды емес терапия мәселесі маңызды орынға ие болуы керек. Артық салмағы бар әйелдерге төмен калориялы диетаны тағайындау салмақ жоғалуына, қан қысымының төмендеуіне әкеледі және инсулинге төзімділік, қант диабеті, гиперлипидемия, сол жақ қарыншалы миокард гипертрофиясы сияқты қауіпті аурулардың алдын алады [8]. Алдын алу бағдарламаларының нәтижелілігінің маңызды факторына постменопауза кезеңіндегі және сол кезеңге жақындаған әйелдердің өз денсаулығына деген қарым-қатынасы және денсаулығына теріс әсер ететін факторлар жөнінде хабардар болуы жатады [9]. Сол себептен «Денсаулық мектебі» бағдарламасын постменопауза кезеңіндегі әйелдер арасында ұйымдыстыру маңызды болып табылады.
Материал және әдістер: №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында терапия бөлімінде стационарда ем қабылдап жатқан 40 артериялық гипертензиясы бар постменопаузадағы әйелдер арасында «Денсаулық мектебі» құрылды. «Денсаулық мектебінде» сабаққа келмеген 40 әйел салыстырмалы топты құрады. Салыстырмалы топтағы әйелдердің хал-жағдайы туралы ақпараттар қашықтан хабарласу арқылы алынып отырды. «Денсаулық мектебі» тобындағы науқастар медикаментозды және медикаментозды емес емдеудің барлық ережелеріне, сондай-ақ денсаулық жағдайын өздігінен бақылауға қатысты міндеттерін орындауға келісті. Екі топтың қатысушыларының орта клиникалық сипаттамасын анықтадық. (1 кесте)
1 кесте - Әйелдердің клиникалық сипаттамасы
Клиникалық сипаттама |
Бақыламалы топ |
Салыстырмалы топ |
Әйелдер саны |
40 |
40 |
Орта жасы |
54,95±1,5 |
56,8±1,7 |
Дене салмағының индексі |
27,3±2,5 |
29,4±1,3 |
Систолалық АҚ |
161±21 |
162±24 |
Диастолалық АҚ 92±10 93±12
Денсаулық мектебінің басты мақсаты - тәуекел факторларын, әсіресе темекі шегуді тоқтатуды
Топ мүшелерінен ең алғашқы және соңғы күні САН сауалнамасы алынды. САН сауалнамасын – 1973 жылы И.С. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық институтының мүшелері В. Доскин, Н. Лаврентьева, В.Ш. Шарай және М.Мирошников әзірлеген. Әдіснаманы әзірлегенде, авторлар функционалды психо-эмоционалдық жағдайдың үш негізгі компоненті - әл-ауқат, белсенділік және көңіл-күйді полярлы бағалаумен сипаттайтын, оның арасында аралық мәндердің үздіксіз дәйектілігі бар екендігін көрсетті.
Денсаулық мектебіне қатысатын интерактивті оқытылу группасында 5 тақырып бойынша 10 сабақ жүргізіліп, пациенттерге ақпараттық материалдар берілді. Жоспарға салауатты өмір салтын қалыптастыру- дың негізгі компоненттері кіреді. Екі топтағы әйелдерден олардың өмір сапасын бақылау мақсатында алғашқы күні және 3 айдан кейін Дүниежүзілік денсаулық ұйымының өмір сапасын бағалаудың қысқаша сауалнамасы(WHOQOL-BREF)алынды(2кесте).WHOQOL-BREF қысқаша сауалнамасы келесі кең ауқымды элементтерден тұрады: физикалық денсаулық, психологиялық денсаулық, әлеуметтік қатынастар және қоршаған орта. WHOQOL-BREF сауалнамасы түпнұсқаның қысқартылған нұсқасы болып табылады. Респонденттерге өз сезімдеріне қатысты жалпы және жеке 26 сұраққа жауап беруі ұсынылады. Сәйкесінше сауалнаманың талаптарына сәйкес, респонденттер бағаланады.
жоюға көмектесу; науқастар мен олардың отбасыларына өмір сапасын жақсарту үшін әлеуметтік және отбасылық қолдау мүмкіндігі туралы хабарлау; қан қысымын өлшеуде практикалық дағдыларды үйрету; гипертония асқынуларының дамуына жол бермеу.
Әйелдердің денсаулығын қадағалауда артериялық гипертензия жөнінде толық хабардар болу маңызды болып табылғандықтан, қатысушылар арасында ақпарат алу көздері жөнінде сауалнама алынды (1 диаграмма)
Өмір сапасын бақылайтын шкала |
Бақыланатын топ (n=40) |
Салыстырмалы топ(n=40) |
||
Бастапқы |
3 айдан кейін |
Бастапқы |
3 айдан кейін |
|
Физикалық жұмыс (PF) |
53,6 ±4,1 |
69,7 ± 4,5* |
58,2 ±4,5 |
60,4 ± 3,5* |
Рөлдік физикалық жұмыс (RP) |
45,6 ±5,5 |
61,7 ± 5,6* |
45,0 ± 4,9 |
50,6 ± 4,1* |
Ауырсыну (BP) |
42,3 ± 4,6 |
47,1 ± 4,4 |
38,2 ± 5,4 |
40,3 ± 5,4 |
Жалпы денсаулық (GH) |
36,9 ± 4,0 |
52,2 ± 4,2* |
40,0 ± 4,2 |
45,2 ± 4,1 |
Өмір сүруге бейімділік (VT) |
42,1 ±5,0 |
55,7 ± 4,6* |
43,7 ± 4,5 |
47,7 ± 4,5 |
Әлеуметтік жұмыс (SF) |
62,5 ±4,5 |
80,4 ± 4,6* |
61,5 ±4,5 |
68,0 ±4,8 |
Эмоционалды жұмыс (RE) |
52,2 ± 5,6 |
85,6 ±5,7* |
55,4 ±5,6 |
60,5 ± 5,4 |
Психологиялық денсаулық (МН) |
43,6 ± 4,9 |
60,0 ± 5,0* |
50,3 ± 4,7 |
51,0 ± 4,8 |
Хал-жағдай динамикасы (CH) |
38,3 ± 3,8 |
42,9 ±4,0 |
41,2 ± 4,1 |
43,5 ± 4,0 |
2 кесте - Өмір сапасының көрсеткіштері
Нәтижелері: Медициналық-әлеуметтік портреттің негізгі сипаттамалары: аурудың ұзақтығы - 9,8 ± 0,3 жыл; орта арнайы білімі бар (52%), артериялық гипертензиясы бар екенін білетіндер (95 ± 2,1) және үйлесімді аурулар (83 ±1,2), артериялық гипертензияның ұзақтығы 5 жыл (35±1,8) (4,3+1,2 жас). Терапия- ны тұрақты қабылдамай, тек денсаулық жағдайы нашарлағанда препарат қабылдайтындар (емделу жиілігін бұзу) (37 ±2,5), емдеуді жүргізуге және емдеуге, дәрігерге қаралатындар (20 ± 3,1 ), өздігінен емделумен айналысатындар (60 ± 4,2). Көптеген адамдар (92 ± 2,3) дәрі қабылдауды ұмытып немесе дәрі қабылдау режимін сақтамайтындар (49 ± 3,2) өзін жақсы сезінгенде дәрі қабылдамайтындар (25 ± 4) болып табылады. Екі топ қатысушыларының САН сауалнамасы бойынша көрсеткіштері 3 кестеде көрсетілген.
18
3 кесте - САН тестінің динамикасы
Бақылау шкаласы |
Негізгі топ |
Салыстырмалы топ |
||
Бастапқы |
3 ай |
Бастапқы |
3 ай |
|
Хал-жайы |
37,9±2,5 |
46,4±2,7* |
38,2±2,8 |
42,0±2,8 |
Активтілігі |
40,5±1,7 |
48,7±1,4* |
40,5±1,5 |
42,5±1,6 |
Көңіл кұйі |
42,7±2,3 |
54,2±2,6* |
41,2±2,8 |
43,5±2,7 |
Қорытынды: Салыстырмалы топтағы қатысушылардың өмір сапасы «Денсаулық мектебінің» бақы- лаушыларымен салыстырғанда өзгермеді. Өйткені 12 (30%) әйелде қан қысымының диапазоны 150/100 мм құрайды. Салыстырмалы топтағы қатысушылар арасында гипертониялық криздердің жиілігі, сондай-ақ медициналық көмекке сұранысы өзгеріссіз қалды. Бақыланатын қатысушылардың тобында 24 (60%) әйелде тамақтану мәзіріндегі өзгерістерге байланысты дене салмағының жоғалуы байқалды, бұл өмір сүру сапасын жоғарылатуды және басқа ауруларды алдын-алуды білдіреді. Бірінші топтағы 20 (50%) әйелде күнделікті систолалық және диастолалық қан қысымы 10/5 мм-ге дейін төмендеді. Осы топтағы әйелдер денсаулығына қарамастан күнделікті қан қысымын өлшеу маңыздылығын түсінді.Артериялық гипер- тензиямен ауыратын постменопаузадағы әйелдердің «Денсаулық мектебі» білім беру бағдарламасына белсене қатысуы жеке тұлғаның психологиялық көзқарасына байланысты.
«Денсаулық мектебін» бітіргеннен кейін әйелдерден оқытудың сапасы туралы сауалнаманы жасырын түрде толтыруға шақырдық. Сауалнама нәтижелері пациенттердің оқыту сапасын жақсы бағалайтынын көрсетті. Мұндай бағдарлама топтағы әйелдер арасында алғаш рет өткізіліп отқандықтан, оларда салыстыру мүмкіндігі болмады. Алайда, барлық науқастар осы сабақтардан алған білім дәрежесін «жақсы» және «өте жақсы» деп бағалады Барлық пациенттер сондай-ақ бағдарлама кезінде алған білімдерін болашақта ұмытпай орындауға ниет білдірді.
Әдебиеттер
- Chae C.U., Derby C.A. The menopausal transition and cardiovascular risk. Obstet Gynecol Clin North Am 2011; 38(3):р.477–88.
- Soules MR, et al. Резюме: Этапы Семинара по репродуктивному старению (STRAW). Fertil Steril. 2001; 76 (5): р.874-8.
- Burger HG, et al. Overview of hormonal changes in the menopausal transition: focus on the results of the project of the Melbourne project "Life in average life." Update Hum Reprod. 2007; 13 (6): р.559-65.
- Williams T.P., Vranizan K.M., Austin M.A. et al. Association of age, adiposity, alcohol intake, menstrual status and estrogen therapy with high-density lipoprotein subclasses.// Atherosclerosis and thrombosis - 1993 - Vol.13 (Suppl.ll)- p.l654-1661.
- Lindquist O. Intraindividual changes in blood pressure, serum lipids and body 131weight in relation to menstrual status: results from prospectivе population study of women in Goteborg, Sweden.// Prev. Med - 1982 - 11 - p. 162-172.
- АлександровА.А.,КухаренкоС.С.,БеляноваО.А.и др.Распределениежира в организме: с чем связаны прогностические свойства в отношении сердечно-сосудистой заболеваемости.//Кардиология-1996-т.36- №3 -с.56-63.
- Paramsothy P., et al. The duration of the menopausal transition is longer in women with an early age: a multi-ethnic study of the health of women throughout the nation. Menopause. 2017; 24 (2): 142-149.
- Барт Б.Я., Бороненков Г.М., Беневская В.Ф. Российский кардиологический журнал »» N 5 2001; с.31-34.
- Lidfeldt J., Nyberg P., Nerbrand C, et al. Biological factors are more important than socio-demographic and psychosocial conditions in relation to hypertension in middle-aged women. The Women's Health in the Lund Area (WHILA) study.Blood Press. 2002;11(5):р.270-8.