Мақалада Батыс елдеріндегі орта ғасырларда неке әлеуметтік қатынастардың шығу тарихы туралы теориялық мәліметтер берілген. Неке институтына және жалпы еркек пен әйелдің арасындагы қатынастарға деген көзқарастар орта ғасырларда эволюцияга ұшыраған болатын. Шіркеу қызметкерлері кез-келген некеге адамзат атаулының ата-анасы боп есептелетін Адам ата мен Хауа ананың жасаған күнәсі деген сын көзбен қарады. 451 жылдан бастап шіркеу қызметкерлерініңнекеге тұруына тыйым салына бастады. Қиылған некелер айыпталып, некеге тұрудан бас тартқан адамдар ғана «нағыз христиан» деп танылды.
Кілт сөздер: неке тарихы, неке институты, Батыс қоғамы, орта ғасыр, шіркеу заңдары, еркек және әйел қарым-қатынасы, патриархалдық сипат.
Неке туралы түсініктердің тарихи дамуы әлемнің әр жерінде әр түрлі көрініс тапты. Неке туралы діни көзқарастардың орнына кейде этикалық көзқарастар да қабылданды. Бүл жағдайда неке құпия ретінде де емес, шарт ретінде де емес, ерекше бір институт түрі ретінде қарастырылды. Некеге мұндай анықтама берген И.Кант болатын. Мұны «Метафизика нравов» енбегінен да көруге болады [1]. Оның ойынша келісім-шарт тұжырымдамасы некеге қатысты қолданылмауы керек, өйткені келісім-шарт некені тудыра алмайды. Келісім - шарттан тек белгілі бір мақсатты түсінуге болады. Ал неке адамның бүкіл өмірін қамтитын және белгілі бір мақсатқа жетумен емес, ерлі-зайыптылардың өлімімен ғана тоқтатылатын бір құбылыс.
Бұл теорияның жетіспеушілігі, неке туралы этикалық көзқарастарды кұқық саласына аудару болды. Құқық, міндетті түрде сол кезеңнің этикалық көзқарастарына сәйкес құрылуы тиіс еді. Бірақ кұқық түгелдей тек этикалық нормалардан тұра алмайды.
Плюралистік қоғамда, оның барлық мүшелерінің неке туралы бірдей көзқарастарды ұстануы мүмкін емес. Сондықтан да, құқық жүріс-тұрыс ережелеріне негізделе отырып, тек құқықтық реттеуге жататын әрі құқықтық реттелуге мұқтаж неке қатынастарының бөлігін қамтыды.
Некенің құқықтық мазмұнына қатысты бірнеше теориялар бар. Олар: некені келісім ретінде, құпия ретінде, ерекше бір институт ретінде түсіну.
Некені келісім ретінде түсіну теориясы Ежелгі Римде қалыптасты. Классикалық кезеңнің Рим құқығында, некеге тұрудың барлық негізгі нысандары қарапайым азаматтық шарттық белгіге ие болды. Өйткені Римде, кұқықтық реттеу пәні ретінде тек ерекше неке қатынастары танылды [2]. Кейіннен канондық нормаларға сәйкес, неке институты оның рухани жағына байланысты құпия сипатқа ие болады.
Некенің түрлі қатынастар тобын бөліп қарастыруга болады: рухани, физикалық және материалдық. Әрине, революцияга дейінгі және қазіргі таңдағы ғалымдардың көбі некенің рухани және физикалық элементтері кұқықпен реттелмейді деген көзқараспен келіседі.
Бірақ некелік одақты құрайтын қатынастарды осылайша бөлу теориясы бірден қабылданған жоқ.
Орта ғасырлардагы отбасы құқығы өте үлкен тарихи маңызға ие. Отбасы кұқығы католик шір- кеуінің істерімен қалай дамығандыгына тоқталайық.
Неке институтына және жалпы еркек пен әйелдің арасындагы қатынастарға деген көзқарастар орта ғасырларда эволюцияга ұшыраған болатын. Католик шіркеуі некені өте кеш таныды. Орта ғасырлардың басында папа Ұлы Грегорий (530-604) мен Әулие Иеронимнің (347-430) шығармалары-на негізделген некеге деген көзқарас кең өріс алды [3].
Шіркеу қызметкерлері кез-келген некеге адамзат атаулының ата-анасы боп есептелетін Адам ата мен Хауа ананың жасаған күнәсі деген сын көзбен қарады. 451 жылдан бастап шіркеу қызметкерлерініңнекеге тұруына тыйым салына бастады. Қиылған некелер айыпталып, некеге тұрудан бас тартқан адамдар ғана «нағыз христиан» деп танылды.
Қазіргі таңда бұл көзқарас мүлдем жойылып кетті десек қателескен боламыз. Барлығына белгілі болғандай католик шіркеуінде, тек некеге тұрмаган адамдар гана қызмет ете алды. Алайда әулие Иеронимнің кезінде-ақ некеге қатысты Қасиетті жазбада Гиппонск епископы Августинге (Блаженный Августин) тиесілі (354-430) басқа да анықтамалар болган. Августиннің айтуы бойынша заңды некедегі жыныстық қатынас өлі күнәдан кешірімді күнәга айналады. Августиннің бұл тұжырымдамасы ІХғ. басында ресми түрде мақұлданды. Сол кезден бастап қана шіркеулік неке халық арасында кең тарала бастады. Бұған дейін неке қатынастарында екі дәстүр сақталып келді: соңғы антикалық және ежелгі грециялық дәуіріндегі дәстүр. Бұл екі дәстүр бойынша неке одагының бірнеше түрін бір уақытта қолдануға тыйым салынған жоқ. Орта ғасырлардағы неке қазіргі таңдағы неке түсінігінен мүлдем ұзақ болды. Ол кезде неке деп ұзаққа созылған некелік жыныстық одақ танылды.
ХІ ғ. бастап некеге бір құпия ретінде қарала бастап, мұндай көзқарастың салдары некесіз қатынастарга және некені бұзуға тыйым салуға әкеп соқтырды. Триденттік собор некені құпия деп танымайтын және некені бұзуға жол беретін кез-келген адамға анафема белгіледі. Ерлі-зайыптылар-дың әлеуметтік жағдайлары бір-біріне сәйкес келмеген жағдайда шіркеу ондай некені заңсыз деп таныды. Жақын туыстар арасында неке қиюға жол берілген жоқ. Бірақ ерлі- зайыптылардың ешқайсысы қалаған кезінде басқа бір ауылға кете алмады.Канондық құқық әйелдердің кұқықтық жағдайын нашарлатты. Неке жасы қыздар үшін 12, ұлдар үшін 14 жас деп белгіленді.Сол кездерде Гай секілді Рим заңгерлері табиғи заңға сүйене отырып, әйелдердің ерлі-зайыптылардың мүлкіне билік ету құқығынан аластату әділетсіз деп санап, жыныстар теңдігін уағыздады.
Француз заңгері Тирако 1513 жылғы «Неке туралы заңдар» атты еңбегінде былай деп жазған: «әйел - ең төменгі жаратылыс, оның қызметі тек бас ию. Оны табиғат солай жаратқан. Ер адамдар 36 жасында, әйелдер 18 жасында некеге тұруға тиіс».
Орта ғасырлардағы Батыс Европа елдерінің отбасы құқығына келетін болсақ, орта ғасыр — әлемнің көптеген бөлігінде мемлекеттік құқықтық процестердің өткен кезі. Батыс Европада бұл процесс төрт кезеңді қамтиды: ерте феодалдық монархия, ленно вассалдық монархия, сословиелік өкілдік монархия, абсолюттік монархия. Әрине бұл кезеңдерді барлық мемлекеттер бір уақытта басынан кешірген жоқ. Бұл олардың ұлттық тарихының ерекшеліктерімен анықталды. Батыс Европа елдерінде құқықтық жүйе дами бастады. Феодалдық бытыраңқылық дәуіріндегі бұл процестің маңызды белгісі — бүкіл мемлекетте заңды күшке ие бірыңғай заңның болмауы еді [4]. Англияның феодалдық құқығы бөлек дами бастады. Көп ұзамай батыс европалық құқықтың англосаксондық және континенталдық құқық деп бөліну процесі басталды. Моногамды некенің христиандық тұжырымдамасы Европа елдерінде тек ХІІ-ХІІІ ғасырларда таныла бастады. Неке қию процедурасына шіркеулік ризашылық, яғни шіркеудің рұқсаты қосылды. Алайда «неке», «әйел» деген түсініктер әлі де ашыла қойған жоқ [5].
Неке-отбасы қатынастарының өте маңызды бір қосымша көрінісі, ХІІ-ХІІІ ғасырларда пайда болған әйелдің ғибадатын (куртуазный культ Дамы) айту қажет. Оның шетелде пайда болуы ХІ-ХІІ ғасырлармен байланыстырылады. Францияда негізі қаланып, кейіннен Европаның басқа елдерінде де дами бастады.
Европада ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. әйел ғибадатының кеңінен таралуы, әйел затына деген көзқарастың өзгеруіне әкеп соқтырды. Ол ғасырларда еркек пен әйелдің арасындағы қатынастарды өзгерту қажеттілігін барлығы түсіне қойған жоқ. Бүл ең алдымен құндылықтар жүйесін түгелдей бағалауға дейін баратын интеллектуалды элитаға қатысты еді. Ондай гумманистік интеллегенция алдымен Италияда пайда болып, кейіннен Францияда және ХІУ-ХУ ғасырларда Батыс Европа елдерінде пайда болды. Оның қызметі үлкен масштабты болмағанымен сол топтың көзқарастары әйгілі француз жазушысы Кристина Пизанскаяның «Книга о граде женском» атты кітабында орын тапты. Кристина Пизанскаяның айтуы бойынша әйелді де Құдай жаратты және өзінің қабілеті жағынан еркектен ешқандай да қалыспайды [6].
Кристина сәтсіз некелердің болуының себебін әйелдің болмысынан емес, нақты адами қателіктер- ден іздейді. Ал қателік жасау еркекке де әйелге де тән қасиет. Отбасының бақытты немесе бақытсыз болуын ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екенін айтады. Әрине, Кристина әлемнің христиандық моделіне тән еркектің үстемділігіне қатысты дәстүрлі көзқарасын жоққа шығара алмайды. Дегенмен де интеллектулдық және моральдік тұрғыдан алғанда еркекке тән қасиеттердің әйел затының бойынан табылатындығы туралы Кристинаның көзқарасы ортағасырлық дәстүрлерді қайта қараудағы маңызды қадам болып табылады.
Отбасы қатынастары сипатының әр түрлі болуына қарамсатан, әр мемлекетте және әр уақытта еркектің және әкенің үстемдігі қағидасы негізінде құрылған.
Францияның солтүстік бөлігінде ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастар еркінірек болды. Мүліктік қатынастар отбасының басшысы ретінде еркек иелік етіп билік ететін мүліктің жалпылығына негізделіп құрылды. Францияның оңтүстігінде мүліктік жалпылық болған жоқ. Еркек неке бұзылғанға дейін әйелдің жасауын иеленіп, өлгеннен кейін әйелдің иелігіне өтті. Францияның оңтүстігінде рим құқығының әсерінен өсиет бойынша мұра қалдыру кең өріс алды. Солтүстікте мұра қалдыру еркіндігі шектелді. Мұра қалдырушы заң бойынша мұрагерлерді жоққа шыгара алған жоқ. Феодалдық иеліктер тек еркектерге өтіп отырды. Ал әйелдер әскери қызметтерге қабілетсіз деп танылып, мұраның ешқандай түріне иелене алмады. Осындай отбасы неке қатынастары католик шіркеуінің дін оқуының негізіндегі канондық құқықпен реттелді.
Францияда неке және отбасы қатынастары канондық құқықпен реттелді. ХУІ-ХУІІ ғасырларда патша билігі отбасы неке қатынастарына мемлекеттік ықпалды нығайту мақсатында неке қиюға жататын шіркеулік нормалардан шегінді. Некенің өзі баяғыдай шіркеулік кітаптарда тіркелгенімен, кейіннен тек діни құпия ретінде ғана емес азаматтық жағдайдағы акт ретінде де қарастырыла бастады. Некеге тұру кезінде ата-ананың келісімі қажет етілмейтін канондық құқық қайта қарауға жатқызылды. Бұдан былай, ата-ананың еркінен тыс некеге тұрушылар, мұраға құқыққа ие болмайтын болды. Сонымен қатар, ХУІІғ. бастап ата-аналар «кюре әрекеті», яғни ата-ананың келісімінсіз некеге тұру әрекеті бойынша Париж Парламентіне шағым жасауға құқық алды [7].
Канондық құқық бойынша некенің бұзуға болмайтындығымен байланысты Парламент ондай некені заңсыз деп тани алмады, бірақ заңсыз негізде қиылғандығын жариялаған. Дегенмен де мұндай неке заңды салдар тудырмайтын еді.
Германияда Франциядағы секілді құқық өзінің шұбарлаңқылығымен ерекшеленді. Қала халқы ертеде пайда болған және дамыған қалалық құқықпен реттелді. Сол кезеңнің неміс құқығында дәстүр басым болды.
Жалпы құқық нормалары жазылған жоқ, тек ауызша беріліп отырды. Германияда неке отбасы қатынастары канондық кұқық негізінде пайда болды. Некенің жалғыз нысаны шіркеулік неке болды. Шіркеу некенің жарамдылығына байланысты күрделі бір жүйе жасап шығарды. Белгілі бір неке жасына жетуден басқа, туысқандық дәрежеге және болашақ ерлі- зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастарға көңіл аудару қажет болды. Басқа бір тұлғамен некелескеннен кейінгі немесе шоқындырылмаған тұлғамен қиылған неке жарамсыз болып табылды.
Шіркеу некені бұзуға қарсы болды, алайда кейбір жағдайларда (бір-бірінің көзіне шөп салу) ерлі- зайыптылардың бөлек тұруларына рұқсат етілді. Мұндай жағдайда мүлік бөлінуге жататын болды, әйелдің үлесі мүліктің тең жартысын немесе үштен бірін кұрады.
Христиан шіркеуінің ықпалы нәтижесінде УІІ-ІХ ғасырларда немістердің неке отбасы қаты- настарында елеулі өзгерістер пайда болады. 789 жылы Ұлы Карлдың мақұлдаған 744 жылдың капиту- лярийі христиандық канондарға сәйкес киелі деп жарияланған некенің бұзылуға жатпайтындығын бекітті. [8].
Шетелде қайталанатын некелерге тыйым салатын некенің шіркеулік рәсімделуін міндеттейтін алғашқы заңнамалық актілер пайда бола бастады.
Неке қалыңдықты сатып алу нысанында жасалды. Некеге тұру мақсатында қалыңдықты алып қашқандарға айып салынды. Некеге тұруға кедергі болатын жағдайлар анықталды. Олар: заңды некенің болуы, тұлғаны заңнан тыс деп жариялау, жақын туыстық қатынас, адамның еріксіздігі.
ХІІғ. Англияда II Генрих заңына сәйкес бала көтерген кез-келген әйел, ол туралы билік басындағыларға хабарлауға тиіс болды. Ал оны жасамаған жағдайда баланың өлімі анасының өліміне әкеп соқтырды. Мұнда да отбасы қатынастары шіркеумен реттелді. Туысқандар арасында некеге жол берілмеді және некесіз бала тууға тыйым салынды. Шіркеу осындай жолмен туылған балаларды заңдастыруға тырысқанымен де барондар тарапынан қолдаутаппады. Отбасы қатынастары еркектің билігі қағидасына негізделді. Францияның солтүстік бөлігінде мүліктік қатынастар мен балаларға қамқоршылық жасау құқығы еркекке берілді. [9].
Германияда отбасы патриархалды сипатқа ие болды, Англияда да солай, бірақ Англияда әйел-дер феодалдың әйеліне қарағанда еркінірек болды. Осылайша, әйел бірте-бірте өз бетінше шарт жасау, саудамен айналысу және мүлікке иелену құқығына ие бола бастады. Күніміздегі неке-отбасы қатынастары міне осылай дамыды.
Әдебиеттер
- Галанза П. Н. Кеченьян С. Ф. История государства и права. Учебник. Под ред. Черниловского 3. М. - М: 1999 - 535с.
- Лунц Л.А. Курс международного частного права. 1-й том. - М.: Юрид. литература, 1973.
- Ангерс. Э. История Европейского права (Перевод со шведского) 'Ин-т Европы - М: Наука, 1996-395стр.
- 3веков В.П. Международное частное право. Курс лекций. - М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА Т М, 1999. - С.145.
- Антольская М.В. «Семейное право»: Учебник - М: Әділет, 1998.
- Прокурнова С.С. Семейное право. Москва, 2000 г.
- Ануфриев Л.П. Международное частное право: В 3-х т. Том 1. Обшая часть: Учебник. - М.: Издательство БЕК, 2002. - С. 1-6, С. 57-102.
- Галенская Л.Н. Международное частное право.-М, 1983.
- Абдуррохман ибн Мухаммад «Авзи Аль Джузирийю». Китаб-уль-фикхи алал мазахиб-иль-арба ати (араб.яз.)(книга о законодательстве по 4-м мазхабам) Бейрут, 1996.