Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Хх ғасырдың 20 – 30 жылдары қазақ интелегенциясының ағарту және ұлт мүддесін қорғаудағы қызметтері туралы кейбір мәселелер

Мақалада 1920-1930 жылдары қазақ интелегенциясының ағарту саласындағы қызметтері, қазақ зиялыларының ұлт мәселесін шешу жолындағы күресі жазылған. Тарихи деректердің негізінде қазақ кеңес интеллигенциясының қалыптасуы мен олардың маңызды қызметтері сияқты мәселелер қарастырылған. Еліміз егемендік алғалы кеңестік жүйенің әміршіл-әкімшіл саясатының нәтижесінде қуғынға ұшыраған қазақ интеллигенциясының тағдыры мен олардың қызметтері жаңаша көзқарас негізінде көрсетілген.

Кілт сөздер: ұлттық интеллигенция, зиялы қауым, көсемдер, отарлау саясаты, Кеңес өкіметі, ұлт мәселесі, тіл, ағарту ісі, әкімшіл-әміршіл жүйе.

ХХ ғасырдың 20-30жылдары күшейген әміршіл-әкімшіл жүйенің әр кезеңінде ұлттық интеллигенция ұлт мүддесін көздеу мақсатында үнемі жаңа әдістерге көшіп отырды. Қашанда ұлтым деп оянған зиялы қауым өкілдері халықтың сауатын ашуға, оқу – дарытуға барынша ат салысып, басшылық етті. Дәл осы кезде пісіп жетілген интеллигенция қатары жаңа жағдайға байланысты күрес тактикасын өзгертіп, енді күрес арнасы рухани салаға ауысуы қажет деп білді. Сол себептен де интеллигенция көсемдері өз өкілдерін мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу және сол арқылы халыққа идеялық ықпал жасау құралдары ретінде оқу ағарту, мерзімді баспасөз, ғылыми орталықтар, әр түрлі салалардағы баспа орындарын кеңінен пайдаланудың ауқымды шараларын ойластырып, оларды белгілі бір дәрежеде жүзеге асырды.

Патшалық Ресейдің отарлау саясатының негізінде қазақ жері бөлшектеніп, рулық жүйесі ыдырап, күш арқылы дінге шоқындыру, тілі, ұлттық әдетінінен арылтуына әкеп соқтырды. Орыс тілін білгендерін болыс қою, аралас типтегі мектеп түрлерін ашу, орыс жазуына араластыру әрекеті қолға алынған еді. Патшалық билікті құлатқан кеңес өкіметі де орыстандыру саясатын міз бақпай әрі қарай жалғастырды. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.

Қазақ интеллигенциясының өкілдері кеңес билігі тұсында қазақ тілінің сақталып қалуына барынша назар аударды. 1923 жылы С.Қожанов Түркістан ЦК КП бюросының жиналысында баяндама жасап, оның негізінде алғашқы үш жылда ана тілінде және орта, жоғарғы оқу орындарында орыс тілі тек ана тілінде оқуға мүмкіндік болмаған жағдайда оқылатындығы туралы қаулының қабылдануына мүмкіндік алды. 1923 жылы жарық көрген «О просветителськой работе среди киргиз – казахов» атты мақаласына өз пікірін білдірген С.Қожанов алдымен халық ағарту ісінде ана тілінде бастауыш ұлттық мектептерді қалыптастыру қажет екендігін атап өтті [1].

20- 30 жылдары ұлттық – тіл құрылысында қазақ жазбасының реформасы басты орында болды. Билік араб графикасынан латынға ауысуды сауатсыздықтың жойылуы, баспа техникасының дамуы мен арзандауы, жазба машиналарының ана тілдерінде және «шығыстың еңбекші халқының Батыспен байланы- сын» жақсартуға мүмкіндік туғызады деген анықтамалармен түсіндірді. «Алфавиттік революциялар» алғашқыда латын, кейін кириллицаға ауысу ұлттық сананың базалық компоненттерінің трансформа- циясына алып келді. Кеңестік жүйенің тоталитарлық режиміне халықтың тілі мен дініде басты мәселелер- дің бірі болып көзге ілінген еді.

Интеллигенция арасындағы айтыстың ішінен А.Байтұрсыновтың латын графигіне қарсылығы айқын көрінді. А. Байтұрсынов өз қарсылығын қазақ мәдениеті мен ұлттық рухы тілмен бірге жоғалатындығын негізге алып, араб тілі игеруге қиындық туғызғанына қарамастан, әрі қарай оның дамуына қолдау көрсету қажеттігін алға тартты.

1912 жылы А. Байтұрсынов араб графикасын және қазақ тілінің орфографикасын негіздеді (усовершенствовал). 1924 жылы қазақ тілінің дыбысталуын араб тілінің графикасына салу арқылы «байтұрсыновтық орфографика» қалыптасты. Кеңес кезінде ғалым әртүрлі жиналыстар мен кездесу-лерде араб графикасының сақталуы барысында өз ойларын білдіріп, үнемі сол позицияны жақтап жүрді.

Ана тілінің қорғаушысы және реформаторы А. Байтұрсынов өз халқының этнонимі туралы мәселеніде қатар көтеріп жүрді. 1925 жылғы Кеңестердің Ү съезінде А. Байтұрсынов тарихи, мәдени негізге сүйеніп қазақ халқына өз дұрыс тарихи есімін қайтару туралы сөз сөйлеген еді. Бұған дейін қазақтарды қырғыз атап жүрген болатын. Съездің делегаттары бір ауыздан бұл мәселені мақұлдап, «Қырғыз АКСР-ін» «Қазақ АКСР» деп атауға шешім қабылдады. Кейін ҚазақАКСР ОАК Президиу-мы, яғни 1936 жылы 9 ақпанда қазақ еліне нақты есім орнатты: «казаки» орнына «Қазақстан» - «қазақтар» [2].

А. Байтұрсыновтың жақтастарының бірі, белгілі ғалым Х. Досмұхамедов өзінің «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты еңбегінде сингармонизм – түркі сөзінің негізі, оның түрік тілдерін отаршылдықтан құтқаруға мүмкіндігі бар деп көрсетеді. Сонымен қатар латын графикасына ауысуға басты қарсыластардың бірі М. Дулатов болды.

Латын графикасына ауысу мәселесі қазақ интеллигенциясы арасын екі арнаға бөлді. А. Байтұрсынов араб графикасының маңыздылығы мен қажеттілігі туралы өз позициясын «Еңбекші қазақ» газетінде баяндамалар, мақалалр түрінде жазудан талмады. 1927 жылы А. Байтұрсынов «... Қысқасы, жаңарған араб әрпі баспа дүниесі, жазу машинасы, оқыту жұмысы жағынан орыс әрпінен де, басқа Еуропа жұрттарының әріптерінен де анағұрлым артық болмақ» [3]. Бұл айтылған сөздерден ХХ ғасырдағы қазақ интеллигенциясы үшін елінің ертеңгі болашағына бей - жай қарамағандығын байқауға болады.

Латын тіліне ауысуға байланысты көптеген айтыстардың орын алғанына қарамастан Қазақ АКСР ОАК ІҮ сессиясы 1928 жылы латын тіліне ауысуды заңдастырды. Осы заңға сәйкес қала интелигенциясы, жұмысшылар мен шаруалардан латын тілін жазбада қолдануға белсенділік таныту-ларында мәселе алға қойылды. Партия органының осы мәселеде ұстанған бағытын ҮІ Өлкелік партия конференциясында Голощекин төмендегідей түсіндірді: «Латын әрпін енгізуге көзқараста Өлкелік комитет аса сақ болды.

Біздерден партиялық қаулыны талап етті; біздің бас тартқан себебіміз, бұл іс қазақ комунистерінің, зиялыларының Қазақстанның қоғамдық күштерінің өздерінің жұмыстары, осы негізде олардың өздері жұмыс жасаулары керек, міне, сонда біз де партиялық шешімді береміз.

Біздің міндетіміз – осыған итермелеу, осыған көмектесу, бірақ бұл жөніндегі мәселе нашар болып тұр. Олар өздерінің тартыстарында мәселенің бұл көзқарас артық па немесе қажет пе дегенге келіп тірелмей-тінін түсіне алмайды. Олар, бұл мәселеде 3 процент сауаттылардың 97 процент сауатсыздарды тежеп отырғандарын түсіне алмайды. Осы сауатсыздарды латын әрпімен әлдеқайда жеңіл жазуға үйретуге болады, ал араб жазуын білетін 3 процентке келер болсақ, олар бұқараның мәдени дамуын тежеп отыр. Біздің қазақ комунистерінің міндеті – мұнда неғүрлым табандырақ болу және реформа жүргізуге қол жеткізу. Әзір ешбір партиялық қаулы болуға тиіс емес» [4]. Сондай– ақ, 1930 жылдың 6-8 ақпан айындағы Халық Ағарту Комиссариаты Коллегиясының жиылысында алфавит мәселесі қаралып, төмендегідей қаулы қабылдады: «окончательно изгнать арабский из всех отраслей государственной, общественной жизни, всем отделам и органам Наркомпроса развить усиленный темп работы, чтобы все стороны учебно – воспитательной, политико – просветительской, научной, библиотечной, издательской и канцелярской работы были переведены на новый алфавит на все 100 % к 10-летию Казахстана». Тарихтың өзі көрсетіп отырғанындай, араб жазуы жалпы адамзат тарихын артқа сүйремей, керісінше қаншама ілім – ғылымды өз соңынан жүргізді. Яғни, жоғарыда Голощекин жолдастың және Халық Ағарту Комиссариаты Коллегиясының жиылысында қабылданған қаулылар араб тілі немесе графикасы халықтың сауатсыздығын тежейді деген мәселе дұрыс болып шықпады. Қазіргі таңда араб дүниесі қазақтарға тыйым салған осы әріппен – ақ дүниежүзілік өркениеттің жетістіктеріне қол жеткізіп отыр.

Қарастырып отырған кезеңде қазақ интеллигенциясы ғылым, білімге баса назар аударып, халықтың сауаттылығын көтеруге тырысып бақты. 1923 жылы алғаш рет «Сана» атты ғылыми комиссияның журналы жарық көреді. Оның жұмысына Қазақстанның белгілі ғалымдары, саяси және қоғам қайраткерлері А.Диваев,О.Жандосов,С.Қожанов, Т.Рысқұлов,С.Асфендияров,М.Әуезов, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев және т.б. үлкен қызмет атқарды.

Қазақ зиялылары өздерінің қызметтерімен қатар үнемі ұлт мәселесін көтеруден талмады. Солардың бірі А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин бастауыш мектептерде қазақ тілі мен тарихын оқытуды талап етіп, бұл зиялылар қазақ тілінде жарық көрген кітаптардың авторы болды.

Ұлт мәселесі қай уақытта болсын күрделі шиеленіскен мәселелердің бірі. Кеңес өкіметі орнағаннан соңда бұл мәселелер әлі де болса шешімін таппай келді. Тарихтан белгілі жаңа билік орнасымен әртүрлі қаулы қаралар, үңдеулердің орын алуы жүріп жатты. Алайда ескіден қалыптасқан жүйе өзгере қоймады. Осы тұста қазақ зиялылары ұлт мәселесінде оқу ағарту, тіл, сауаттылық мәселелеріне көп көңіл бөлді. Республиканың тіпті Одақ көлеміндегі сьездер мен конференцияларда осы мәселелер көлемінде пікірлер айтып, айтыстарға түсіп, өздерінің идеясын қорғау үшін жан аямай күрестерін жүргізді.

С.Қожанов «Оқытушыларды ескеру керек» деген мақаласында бұрын түпкілікті қарастырған мәселелерін қайта қарап, оның ішінде мұғалімдердің қадірін түсінуге шақырды. Ол үшін мұғалімдердің айлық ақысын өсіру керектігін, беделін көтеретін шараларды іздеу керектігін айтады.

«Оқу жұмыстары жұртшылықтың туы, жұртшылыққа құрал болуға тиіс», «Орнықты шын жұртшылық ағарту арқылы ғана табылады». «Қазақ – қырғыздың ұлт мектебін жасауға кірісіңдер», «Даярлау бөлімдері керек» деген мақалалары оның ағартушылық көзқарасының әр қырының көрінісін сипаттайды. Өзі төраға ретінде қол қойған Түркістан орталық атқару комитетінің жарнамасында С.Қожанов былай дейді: «Кейінгі жас өспірімдердің білім алып, көгеруі – жалпы әлеумет борышы. Жалпы еңбекшіл әлеумет болып, жастарды тәрбиелеп, ғылыммен азықтандыру жолына жәрдемген кіріссеңіздер!... Халық ағарту айының көздеген мақсаты: ашылған мектептерді қаражат жағынан жәрдем беріп, мұңсыздандыру болады.

Диқандар, жұмыскерлер, оқығандар қосылар! Бәріңіз де жергілікті хүкімет адамдарына халық ағарту айында қосылып күш көрсетіп, халық ағарту жолына жәрдем етіп, жергілікті халыққа көсемдік етіңіздер!» деген сөздерінен оның халық ағарту ісінің жанашыры екендігін байқауымызға болады.

Белгілі қазақ интеллигенциясының бірі А.Бірімжановтың есімімен өлкеде құқықтық білім берудің басталуына байланысты. Бұл кезде Қазақстанда маманданған кадрлар тапшы болды. Өлкеде білім беру курстарына дайындық 1923 жылдың наурыз айында басталып кеткен болатын. А.Бірімжановтың басшылығымен және С.Қадырбаев, Г.Бахаева мүшесімен арнайы комиссия құрылды. Комиссияның міндетіне курстың бағдарламасын, тыңдаушылардың саны мен шығын сметасы енді. Әдеттегідей курсты ұйымдастырушылар проблемаларға кезікті. Ол алдымен аталмыш курсты оқытатын маман кадрлардың және оқу құрал мен өткізу орталықтарының жетіспеушілігі еді. Бұған қарамастан сабақ 1923 жылы мамыр айында басталып та кетті. Сонымен қатар құқық курстарына тыңдаушыларға бірнеші талаптар қойылды [5]. Солардың бірі, ана тілі мен қатар орыс тілінде өз ойын еркін айтып, қағаз бетіне түсіре алатындай деңгейде болу тәрізді шарттар қойылды.

С.Сейфуллин республиканың ХКК төрағасы қызметін атқарып жүрген қызметінде Қазақстанның білімі мен мәдениетінің дамуына көп еңбек сіңірді. Соның бірі, ағарту ісінің әрі қарай дамуында 1924 жылы 12-18 маусым айларында Орынборда өткен республиканың халық ағарту жұмысшыларының Бірінші съезіне сәйкес қаулы қабылдады. Белгілі ғалым –лингвист А.Байтұрсынов съезде қазақ алфавитінен өзге,

мектепке арналған оқулықтар туралы мәселе көтерсе, О.Жандосов Қазақстанның жоғары оқу орындары мен орта деңгейлі білім ошақтарына бұрынғы Алаш қозғалысының қайраткерлерін жұмысқа шақыру туралы ұсыныс тастады [6].

Ғылыми ұйымдар, ғылыми – зерттеу жұмыстарына және ағарту ісінде ҚССР Академиялық орталығы мен қазақ өлкесін зерттейтің тарихи-этнографиялық қоғам үлкен роль атқарды. 1922 жылы 6 желтоқсан айында С.Сейфуллин ХКК төрағасы қызметіне тұрғаннан соң «Положение о научных обществах и научно-вспомагательных учреждениях при них» атты құжатқа қол қойды.

Отаршыл коммунистер Сәкен Сейфуллин сияқты шыққан тегі кедей әрі жан-жақты қабілетті ұлттық кадрларды Коммунистік партияның даңғыл жолынан ауытқушылар деп айыптап республика басшылығынан тайдыруды мақсат тұтты. Тіпті Сәкен Сейфуллин Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалығынан кетсе де бірталай адамдар “сейфуллиншілер” деп қуғынға ұшыратылды. Сәкеннің өз басына тән ерекше мінездері немесе оның шығармаларында қателік деп табылған міндер “сейфуллиншілдер” жігінің мүшесі делінген адамдарға жөн - жосықсыз жапсырыла берді. Мысалы, 1922 жылы Сәкен Сейфуллин жазған Азия-Европа өлеңін негізге алып, “сейфуллиншілдер” Азияны Еуропаға қарсы қояды, Сәкен Сейфуллиннің Ахмет Байтұрсыновтың 50-жылдық мерейтойына (1923 жылы) арнап жазған мақаласын меңзеп “сейфуллиншілдер” алашордашылармен ымыраласуға дейін барды деген айыптар тағылды. Нәзір Төреқұлұлы, Ғаббас Тоғжанов, Хамза Жүсіпбеков, Ілияс Қабылов, Асқар Лекеров, Жақан Сыздықов, Ғ. Жәнібекұлы т.б. қаламгерлер “сейфуллиншілдер” жігі туралы дау-дамай өршітті. 1932 жылдың 26-29 ақпанында болып өткен КазАПП-тың бірінші съезі қазақ қаламгерлерінің сан немесе сапалық жағынан өсіп-өркендеуіне айтарлықтай әсерін тигізе алмады. Мұстафа Қайыпназаровтың баяндамасында және съездің шешімінде Мәскеуде атылып кеткен Жүсіпбек Аймауытов, қамауда отырған Мұхтар Әуезов пен Қошке Кемеңгеров, Смағұл Сәдуақасов пен Әмина Мәметова сынды жазушылар идеологиялық дұшпан ретінде табаланды. БК(б)П Қазақ өлкекомы басшыларының бірі М.Кахиани съезде сөйлеген сөзінде барлық қазақ жазушыларының ішінен жалғыз Сәкен Сейфуллинді таңдап алып, оны саяси тұрғыдан тұқырту әрекетін жасады. Ол Сәкен Сейфуллиннің ең жақсы шығармасы – “Көкшетау” поэмасы ескілікті жырлауға арналған, ежелгі қазақ ауылының тұрмысын мақтайды, “ескі дәуренге қайта оралыңдар деп үгіт таратады” деп сөкті. Ф.И.Голощекиннің пікірін қайталап, Қажымұқан балуанның жас ұрпаққа үлгі етілуі автор ойының таяздығын, мүсәпірлігін көрсетеді деп, Сәкен Сейфуллиннің “солшылдық мінезіне қарсы аяусыз қатал күрес ашу керек” деп шақырды. Мұндай жөнсіз айыптаулар қаламгерлер қатарының өсуіне кедергі болды, коммунистік басшылықтың әдебиетшілерге саяси қысымының күшейе түскенін көрсетті. Сондай–ақ, Алаш идеологиясының мирасқоры, жас талант С. Сәдуақасов 1925 – 1926 жж. Республиканың «Еңбекші қазақ» атты газетінде редактор, кейіннен Қазақ АКСР-нің оқу–ағарту комиссары қызметін атқарып, қазақ өлкесінің халық ағартуында өзіндік үлес қосуымен ерекшеленді. Республикадағы ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруда С.Сейфуллинмен қатар қазақ интеллигенциясының өзге де өкілдері ат салысты. [7].

Қазақ кеңестік зиялылары халық ағартуда бар күш-жігерін жұмсағанымен, Қазақстанның сол кездегі білім беру жүйесі тоталитарлық қоғам жағдайында дамып, әлеуметтік-саяси ықпалдан шыға алмады. Қазақстанның білім беру жүйесінің қалыптасуы “жаңа адамдарды” тәрбиелейтін маркстік тұжырымда- мамен байланысты, жаңа социалистік қоғамға қажетті кеңестік қоғамның қалыптасуы жағдайында жүрді.

Әдебиеттер

  1. М.Қойгелдиев Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХҮІІІ – ХХ – ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: «Жалын баспасы», 2004. – 400 б. бб.
  2. Бейсембиев К. Победа марксистко–ленинской идеологии в Казахстане.– Алматы:Казахстан-1970-384 с. 3. Устинов В.М. Служение народу. – Алма-Ата: «Казахстан» 1984. - 231 с.
  3. Брайнин С., Шафиро Ш. К вопросу о роли казахской национальной интеллигенции в 1917 году // Большевик Казахстана. – 1933. - №4(28) – С. 75-77.
  4. Устинов В.М. Зампред совнаркома Российской Федерации. – Алма-Ата: Казахстан, 1988. – 152 б.
  5. Елеуов Т. Установление и упрочнение Советской власти в Казахстане. – Алматы: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1961. – 528 б. (328)
  6. Кенжин А. К исторической оценке деятельности «Алаш-Орды» - «Степная правда». - 1922, 14 ноября (№247). 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.