Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Хх ғасырдың 70 жылдарындағы республиканың жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының жағдайы

ХХ ғ. екінші жартысында республиканың жоғарғы оқу орындарының материалдық-техника-лық базасын жақсарту бағыттарында көлемді жұмыс жүзеге асырылды. Жаңадан оқу ғимараттары, жатақханалар, мәдени-тұрмыстық, медициналық қызмет көрсететін үйлер салынды. Бұлардың барлы-ғы еліміз жоғары мектептерінде дайындалатын мамандар сапасын арттыруға қызымет еткендігін жоққа шығаруға болмайды.

Ең басты шаралардың бірі ретінде оқытушы-профессорлар мен ғалымдар пәтерін салу қарқыны да төмендеген жоқ. Әрине,Кеңестік жүйеге тән болған құрлыс жұмыстарын жүргізу бары-сындағы жайбасарлық,осыдан келіп шығатын құрлыс алаңдарының дер кезінде берілмей қалуы, яғни пәтер алу кезегінің ұлғайуы жайларының уақыт өте келе тоқыраушылық сипат алғанды-ғы да жасырын нәрсе емес. Жоғары мектептердің оқу-техникалық жабдықтар мен құралдарға қажеттілігін өтеу ісіне де айтарлықтай мән берілді. Мәселен, 1976 жылы Гурьев педагогикалық институтының, Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының, Петропавл педагогикалық институтының оқу корпустары, екі жатақхана, жүзу бассейіні пайдалануға берілді. Келесі жылы Өскемен педагогикалық институтының оқу корпусы, Шымкент педагогикалық институтының студенттер асханасы, Орал педагогикалық институты үшін тұрғын үй, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда педагогикалық институттары үшін 1650 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Арқалық және Қостанай педагогикалық инсти-туттарының құрлысындағы күрделі қаржы толықтай игерілді[1]. 1976-80 жылдары ғана 16 педагоги-калық институт үшін оқу корпустары мен жатаханалар салынған екен. Ал, 1977 жылы пайдалануға берілген 94 пәтерлі тұрғын үй Орал педагогикалық институтында ғылыми-педагогикалық кадрларды тиянақты тұрақтандыруға әсер еткені ақиқат. 1983 жылғы қуанышты оқиғалардың қатарында 60-пәтерлі тұрғын үйге Абай атындағы КазПИ оқытушыларының жайғасуы бар. [2].

Осы жылдары іргесі жаңадан қаланған Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу материал-дық базасын жақсартуда біраз табыстарға қол жетті. Мұндағы бірнеше лабораториялармен қатар музей, спорт- денсаулық лагері (Қарқаралы тауларында) санаторий-профилакторий іске қосылды. Университет кешенін салу қолға алынды. Алғашқы ғимаратқа тарих, филология, заң, экономика факультеттері көшіп те келді. [3].

Қол жеткен жақсы шаралардың бірі ретінде бүгінгі мақтанышымызға айналып отырған Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің ерекше кешенінің салына бастағандығын айту-мызға болады. Алматының ең көркем жерінде 20-дан астам оқу ғимараттары, жатақханалар, тамақтану комбинаттары, кинотеатр, тағы басқа үйлер бой көтерді. Қазақ мемлекеттік университе-тінің бірегей кешенін салу 1971 жылдан басталып, кейінгі жылдары ол қарқынды жүргізілді. Нәтижесінде, егер 1976 жылы университеттегі оқу, лабораториялық, ғылыми-зерттеу және шаруашы-лыққа негізделген барлық ғимараттардың пайдалы алаң көлемі 16 мың 53 шаршы метрді құраса, ал 1980 жылы ол 67 мың 794 шаршы метрге жетті. Дәл осы кездегі студенттік жатақханалардағы пайдалы алаң көлемі 30 мың 660 шаршы метрден 44 мың 340 шаршы метрге көбейді.

Университет ғимаратына жақын жерден университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметшілері үшін 400 пәтерлі 6 жайлы тұрғын үйлер берілді. Оқу-материалдық базасының нығайуы жаңадан лабораториялар, есептегіш орталықтар, кафе-дралар ашуға мүмкіндік туғызды. Қазақстан жоғарғы оқу орындарының материалдық-техникалық базасындағы өзгерістерді төмендегі кестеден байқауға болады.

Қарастырылып отырған жылдары республикалық партия және мемлекеттік органдар жоғары мектептегі хал-ахуалды үнемі назарда ұстап, ондағы жағдайды жақсарту бағытындағы іс-шараларды көрсетіп, көптеген қаулы-қарарлар қабылдады. Әрине, пәрмені күшті бұл шешімдердің орындалуы экономикалық жағынан негізделмегендіктен олардың тиімдігі де нашар болып жатты. Мәселен, 1975 жылы республикалық жоғары білім беру министрлігінің оқу базасы 324,8 мың2 пайдалы алаң көлемінде болды. Яғни, әр студентке 6,5 м2 – тан келді, ал бұл кем дегенде 10м2 болуы тиіс еді. [4].Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және асханамен, буфетпен қызмет көрсету де төмен дәрежеде болды. Осындай жайсыз жағдайлардың қалыптасуына себеп еліміздегі оқу орындарының сұранысын өтеу жөніндегі шаралар қабылданып, бесжылдық жоспарлар дайындалып жатқан тұстың өзінде жоғары мектептің талаптары жеткіліксіз есеппен жоспарланды. Атап көрсетсек, 1976-1980 жылдары Республикалық жоғары білім беру, денсаулық сақтау және ауылшаруашылығы Министрліктері студенттердің жатақханаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін 524,7 м2 студенттер жатақханасын пайдалануға беруі тиіс болды, бесжылдыққа қабылданған жоспарда ол 470,7 м2 болып бекітілді, ал енді оның орындалуы 353,9 м2 болып шықты. Сондай-ақ, студенттер асханасына 17,9 мың орын жетіспеді, бесжылдыққа арналған жоспар бойынша ол 10,1 мың орын болып бекітілді де, ал шындығында пайдалануға берілгені 8,43 мың орын болды. [5]. Міне, өзіміз байқап отырғандай студенттердің тұрған жай - тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі шаралардың үнемі орындалмай қалатын себебі, бұл әуелден халық шаруашылығының бесжылдық жоспарларында қажетті көрсеткішке бәрібір жетпейтіндей болып бекітіліп кететін еді. Сондықтан, қанша қаулы-қарар қабылданса да студенттерге болуы тиіс жағдайды жасау мүмкін емес нәрсе болып қалды. Мұның барлығы өнідірістік емес сала болғандықтан жоғары оқу орындарының бюджеттен бөлінген азын-аулақ қаржымен қанағат тұтуға мәжбүр болғандығын, яғни олардың “қалдықтық” принцип негізінде қаржыландырылғандығымен түсіндіріледі.

Әрине, 70-80-ші жылдары межесінде жоғары оқу орындарының өмірінде айтарлықтай қуанышты жағдайлар да болып жатты. Көптеген институттар мен Қазақ және Қарағанды мемлекеттік университеттері жаңа оқу корпустарына орналасып, студенттер сәулетті жатақханаларға қоныстанып жатты. Оқу- сауықтыру орталықтары іске қосылып, жаңа асханалар мен буфеттер пайдалануға берілді. Мұның қатарында ҚазМУ кешенінің алғашқы жүйесі, Алматы энергетика институтының, Қарағанды университетінің құрылыс кешендері, Гурьев, Жезқазған, Көкшетау т.б. пединституттарының оқу корпустары болды. Осының нәтижесінде 80-ші жылдардың ортасына таман әрбір студенттің оқу алаңымен қамтамасыз етілуі жоғары білім беру министрлігінде 8 м2-қа, ағарту министрлігінде 5,03м2-қа тең келді.[6].

Қазақстан жоғары оқу орындарындағы материалдық-техникалық жабдықталуды саралай келе олардың оқу-лабораториялық аудандармен қамтамасыз етілуіндегі айырмашылықтар мен кемшіліктерді анық байқай аламыз. Әрі бұл жағдай бізге бірнеше ой- түйін жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, тоқырау жылдары деп аталатын кезеңде әлеуметтік-мәдени саланы сарқынды қаржылан-дыру терең тамыр жібергені байқалады. Өйткені, өнер мен медициналық оқу орындары материалдық өндіріс салаларымен тікелей байланысты болмағандықтан бюджеттен берілген азын-аулақ қаржымен қанағаттануға мәжбүр болды. Ал, политехникалық институттар республиканың бюджет есебінен де, шаруашылық салаларына қатысты министрліктер есебінен де қаражат алу мүмкіндіктеріне ие еді. Қазақстанда екі ғана университет болған-дықтан олар айрықша қамқорлықпен басқарылды. Алматыда да, Қарағандыда да университеттер қалашықтары салынып жатты.

Екіншіден, оқу-лабораториялық базасының әлсіздігі сапалы маман даярлауға, оқытушы-про- фессорлардың құрамының пәрменді еңбек етуіне зиянын тигізгені сөзсіз. Осы орайда, көптеген зерт- теушілер жаңа техника мен технологияға негізделген оқу-лабораториялық жабдықтардың бол-майынша болашақта ғылым мен техниканың тұтқасын ұстайтын мамандардың тәрбиеленіп, қалып-таспайтындығын дұрыс атап көрсетеді.

Үшіншіден, “сарқытты” қаржыландырылу арқылы жоғары мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға өзі азғантай көлемде бөлінген күрделі қаржының өзі әрдайым толық игерілмеген күйде қала берді (62-63 % мөлшерінде игерілетін).

Жоғары оқу орындарындағы материалдық-техникалық жабдықтаудағы жетіспеушілікті, мұндағы олқылықтардың жағымсыз салдарларын студенттер қауымы да сезіне алды. Олардың көпшілігі өздерінің лабороториялық жағдайда оқып жатқан, әсіресе, оқу процесінде дайындап жатқан ғылыми жобаларының шынайы өндіріс жағдайында мүлдем ескіріп қалғандығын өндіріс орындарына барған кездегі практикалар кезінде аңғарып отырды. Бұл өкінішке орай, студенттердің сабаққа ынтасын түсіріп, қызығушылығына кері әсерін тигізді.[7].

Жоғары оқу орындарының материалдық базасындағы олқылықтар 1986 жылы болып өткен Қазақстан Компартиясының ХҮІ съезінде де қатаң сынға алынды. Бұл қайта құру науқанының қыза бастаған кезінде шақырылған съезд еді. Мұнда ұзақ жылдардан кейін алғаш рет кемшіліктер ашық талқыланды. Мәселен, педагогикалық институттар болашақ мұғалімдерді тозығы жеткен жабдықтарды пайдалану арқылы даярлайтыны, электроника есептегіш машиналардың жетіспейтіндігі бетке басылды. Әрбір студентке оқу ауданы 6,5 м2 келетіндігі, норма бойынша ол 14,5 м2 екендігі айтылды. Бірнеше педагогикалық институттарда сту-денттердің жартысынан көбі жатақханалармен қамтамасыз етілмепті. Мыңнан астам оқытушылар пәтерсіз жүрсе, олардың жартысы студенттік жатақханада тұрып жатты. [8].

Сонымен, қорытып айтар болсақ, Қазақстан жоғары мектебінің материалдық-техникалық базасында жағымды ілгерілеулер де шешімін таппаған проблемалар да қатар өмір сүріп, ғылыми-педагогикалық мамандардың кәсіби қызметіне өз таңбасын түсіріп жатты.

Алайда, осындай үздіксіз өсудің астарында жатқан мынадый бір жайларды атап өткіміз келеді. Осы қарастырылып отырған жылдары білім мен ғылымға қажетті құрал-жабдықтар мен құрлыс объектілеріндегі материалдардың да бағасы бір орында тұрған жоқ еді. Яғни, бір жағынан қаржының өсіп отырғандығы қуантса, екінші жағынан мұның құнының инфляция дәрежесіне тәуелді болғандығын байқауға болады. Сондықтан бір қарағанда көбейіп жатқан қаржы көлемінің шын мәніндегі қайтарым тиімділігі төмен болып шықты.

Әдебиеттер

  1. Советская интеллигенция. Словарь-справочник. М.1987.77-б.
  2. Образование и культура Республики Казахстан. Стат. сб. А.1994.117-б. Мечтова И.И. Социальноэкономические проблемы перестройки высшего образования. А., 1990. 196-б.
  3. Бурин Т.Г. Қазақстанның ғылыми - педагогикалық интеллигенциясы тарихының проблемалары (1970- 1990ж.ж.). Тарих ғыл. канд. дисс.авторефераты. Алматы. 2000
  4. Жаманбаев К.Ж. Высшая школа в Казахстане. Алма-Ата.,1972
  5. Кушербаев К.Е., Ахметов А.К., Абылкасымова А.Е., Рахимбек Х.М., Стратегия развития высшего образования в Республики Казахстан. Алматы: Білім. 1998.232-б.
  6. Мечтова И.И. Социально-экономические проблемы перестройки высшего образования. А, Казахс-тан, 1990.-187с. (182-183)
  7. Народное хозяйство Казахстана. 1987. № 12 с.50
  8. Решения партии и правительства по хозяйственным вопросам.- М., 1988 т.16., ч.1. с.250

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.