Мектептегі өлкетану мұражайларының тәрбиелік бағыттары

Мақалада мектептегі өлкетану мұражайларының тәрбиелік бағыттары жайлы жазылған. Қазақстандағы өлкетану музей ісінің қалыптасу және даму тарихы қазіргі заман талабына сай тарихи сабақтастықпен шынайылық тұрғысынан жан-жақты талданып, көрсетілген. Қазақстан жерінде өлке-тану музейлердің пайда болуының алғышарттары мен қалыптасу барысы, музейлердің дамуына үлес қосқан жекелеген тұлғалардың рөлі мен ғылыми мекемелер қызметі жан-жақты зерттеліп жазылған.

Кілт сөздер: Өлкетану мұражайы, мұғалім, ескерткіштер, жихангез саяхатшылар, ғылыми қор, экспозиция, көрме.

Өлкетану мұражайы дегеніміз-жинақтары нақты әкімшілік –аумақтық аймақтың тарихы мен табиғатын құжаттайтын кешендік бейімдегі музейлер. Тарихи өлкетану ғылымының мақсаты –белгілі бір ауданды, аймақты, елді мекенді зерттеу объектісі ретінде сол елді мекеннің тарихының әлеуметтік – экологиялық, саяси, мәдени дамуын табиғатын алуға болады.

Республикамызда өлкетану жұмысының бірден–бір орталығы мектеп. Сондықтан тарихи өлкетану жұмысының басты міндеті оқу мен тәрбиені өмірмен байланыстыру. Ең алдымен өлкетану жұмысы оқушыларға отан сүйгіштік, адамгершілік, эстетикалық, ұлтжандылық тәрбие беру құралы.

Тарихи өлкетану пәні арқылы үлкен қоғамдық міндеттерді шешуге болады. Жергілікті тарихи мәдени ескерткіштерді, ата-баба мұраларын салт-дәстүрлерін оқып үйренген баланың бойында ұлтжандылық сезім қалыптасып, ұлттық сана жандана түседі. Тарихи өлкетану жұмысы ұйымдастыру формасы жағынан–мемлекеттік, қоғамдық, мектептік болып бөлінеді. Мектептегі өлкетану геогра-фиялық, тарихи, әдеби, экономикалық т.б. деп саналады.Тарихи-өлкетану-мектептегі жұмыстын бір саласы бола келе, археологиялық, этнографиялық, архитектуралық, өлкетану т.б. ғылыми салалары-мен тығыз байланыста бола алады. [ 1]

Мектептегі өлкетануда негізігі жұмысты мұғалім атқарады. Мұғалім оқу жоспарына сәйкес, тәрбие жұмысының мақсатына қарай зерттеу объектісімен өлкетанудың негізгі әдістерін белгілеп, оған басшылық етеді. Мектептегі тарихи-өлкетану жұмыстары оқу барысында және оқудан тыс кезде жүргізіледі. Мазмұнымен формасына қарай бұл екі жұмыс түрінің ерекшеліктерімен қатар ұқсастықтарыда бар.

Оқу барысында барлық оқушылар өлкетанушылық жұмысына тартылатын болса, өз еркімен келетін оқушылар көбейе түседі. Әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы оқушыларды қызықтара білу керек. Сабақтан тыс кезде үйірме, кештер экскурсия, экспедиция, туристік саяхат сияқты өлкетанушылық жұмысты ұйымдастырудын әр түрлі формалары көптеп қолданады.

Жергілікті жердің тарихына байланысты материалдарды көптеп жинау, зерттеу арқылы ел экономикасының жалпы тарихи даму заңдылықтарын мысалмен, жергілікті жердің даму ерекщелікте-рімен байланыстыра түсіндіру мүмкіншілігі туады. [ 2]

Тарихи өлкетану оқытудың мақсат: жас өлкетанушыларға зерттеу жұмысының әдістерін үйрету, өлкетанушылық жұмыстарын жүргізуге баулу.

Тарихи өлкетанудың дерек көздерінің үш тобы бар: заттық, жазбаша және аузша. Тарихи өлкетану жұмысының ізденістік, зерттеулік сипаты болуы міндетті. Мектептегі тарихи-өлкетану жұмысына кіріспес бұрын мұғалым нені білу керек:

  1. Нені іздейміз, яғни тарихи мәдени (архитектуралық, археологиялық, этнографиялық, ауыз әдебиеті, қол өнер т.б.) ескерткіштер дегеніміз не? Деген сұраққа толық жауап беру керек.
  2. Қалай іздейміз? Тарихи мәдени ескерткіштерді зерттеудің жолдары, әдістері қандай? Қалай табу керек? Неігзгі белгілері қандай?
  3. Археологиялық, этнографиялық материалдадан басқа көптеген өнер туындылары, қол өнер бұйымдары кездесуі мүмкін. Оларды да терең талдай білу қажет. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен бұл ескерткіштерді тауып, толық сипаттама беріп, мәдениет тарихының қай саласынан орын алатының анық білу қажет.
  4. Тарихи –мәдени ескерткіштерді қалай сипаттау керек? Тарихи ескерткіштер тозады, ескіреді, осын экспедиция мамандары келгенге дейін жан-жақты түсіндіре білетін болуы керек. [ 3]

Қазақстан аумағында сан алуан ескерткіштер бар. Олар мәдени құндылықтар. Ескерткіштер қазақ халқының құнды мұрасымен асыл қазынасы.

Мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтап қалу әр адамның қасиетті борышы. Сонымен қатар ескерткіштер жастардың бойындағы ұлт жандылық сезімді, біздің өткеніміз бен болашағымызды танып білуге тәрбиелейді, қазіргі және болашақ ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті арттыра түседі.

Отабыс тәрбиесінен басталатын Отанын, елін, жерін сүйу, ардақтау арқылы т.б. қасиеттер әр бір жеткіншекпен азаматта өз жерінің, ауылының аудан облысының тарихын оның табиғатын байлық ресурстары мен шарушалық ерекшеліктерін, географиясын, жануарлар әлемін жетік білуден бастау алатын сөзсіз. Осы тұрғыда шарушылық пен ғылымға айтарлықтай үлес қосатын өлкетану жұмысының маңызы айрықша [ 4].

Өлкетану ісі мемлекеттік шаруашылықты жоспарлы түрде игеруіне бағыт бағдар бола алады. Мысалы: әрбір өлкенің жергілікті шикізат көздері, сумен қанымдау қайнарларының жай күйі мен жол тораптары және азық-түлік ресурстары қатарлы ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп алмайынша жаңа өнер кәсіптін тиімді істеп кетуі мүмкін емес. Қандай да болмасын кез-келген кәсіп орын, ферма, шаруашылық ұжымдары (бұрынғы колхоз, совхоз) алқаптарды және оның топырақ қыртыстары мен климат ерекшеліктерін, су жылу ресурстарын орман, тоғайын атап айтқанда флорасын, фауынасын, географиясын табиғат ресурстарын зерттеп алмай іске кіріспейтіні белгілі.

Осындай мысалдардан –ақ қолданбалы ғылымның дамуы белгілі дәрежеде жоғарыда аталған зерттеулерде тығыз байланысты болып келеді. Сондықтанда өлкетану ісі мамандар мен ғалымдардың ісі ғана емес. Бұқара қалықта айналыса алатын жан –жақты білім саласы болып табылады.

Патшалық Ресейдің отаршылдық саясат қазақтарды қаншама сауатсыз, қараңғы ретінде танытсада Ш. Уәлиханов, Абай Құнанбаева, Ыбырай Алтынсарин, Мәшхур-Жүсіп Көкеев сынды ғалым, ағартушылармен қазақ мәдениеті әлемге әйгілі болды. [ 5] Қазақ даласында сондай –ақ академик В.В. Радлов қазақ фольклоры мен этнографиясы жөнінде аса мол мұралар жинағы Г.Н. Потанин, Т.Г. Шевченко, геолог В.А. Обручев және Абайдың досы Е.П. Михаэлс, Орта Азия және Қазақстанды аралаған жихангез саяхатшылар – П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М. Пржевальский, мың халық әндері мен күйлерін талмай жинап нотаға түсірген А. Затаевич, қазақ халқының этнографиясымен тарихын тұрмысын айшықты бейнелеген Н.Г. Хлудов сияқты т.б. талантты орыс ғалымдары да көп еңбектеніп мол мұра қалдырды. Олардың тамаша тарихи еңбектерінің өзі кейін баға жетпес мұраларға айналды.

Осындай жекеленген ғалымдармен қатар қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда ғылыми қоғамдармен түрлі комиссиялар жемісті жұмыс жасады. Атап айтқанда, олардың қатарында еңбек еткен Семей статистикалық комитетінің негізінде құрылыған Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің 1886 жылдың мүшесі болған ұлы ақын Абайда болған.

Географиялық қоғам Қазақстанның фольклоры, этнографиясы, тарихи мен географиясын зерттеу ісіне мол қызмет атқарады. Кейін «Қазақстанды зерттеу орталығы» болып өзгертілген Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі еліміздін мәдениетмен экономикасының мәселелерін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Құрамында көптеген өлкетанушылары мен ғалымдары бар бірнеше экспедициялар ұйымдастырылып, нәтижесінде Қазақстанның экономикасы мен мәдениетті мәселелерін қамтыған 40 томдық ғылыми еңбек басып шығарды. Жақсы ұйымдастырылған өлкетану жұмыстары ғылымның дамуы мен Отандық мәдениетке көп пайдасын тигізіп келген. Өлкетанушылардың бірі табиғатты зерттеп, пайдалы қазба, емдік, техникалық және жемдік, өсімдік жақсы жайылым, су ресурстарын тауып жатса бірі түрлі саяси әлеуметтік оқиғалараға қатысты материалдар жинақтау жұмыстарымен айналысты. [6 ]

Археологиялық және тарихи –ескерткіштерді тіркеу, этнографиялық экспонаттар жинау, халық фольклорын жазып алу сияқты сан саналы, жан-жақты жұмыстар тындырды. Кеңес дәуірінде өлкетанушылық ісін басқару мен ұйымдастыру Қазақстан Министірлер Кеңесінің шешімімен Қазақ ғылым академиясына жергілікті музей мектеп және әр түрлі ауылшаруашылық пунктері мен ғылыми мекемлердегі өлкетанушылар арқылы жүргізілді.

1949 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында Республикалық музей қызметкерлерінің семинары мен Қазақстан Орталық музейінің ғылыми кеңесінің ғылыми сессиясы өтті. Семинар жұмысына облыстық, аудандық өлкетану және тарихи, мемориалдық музейлердің директоры, Қазақстан мемлекеттік Орталық музейінің қызметкерлері, Қазақ ғылым академиясының және Жоғарғы Оқу Орындарының қызметкерлері қатысты. Семинарда музейлерді қайта құру ісіне арналған 14 баяндама тындалып, талқыланды және музей жұмысының мынандай мәселерінің қайта құру керектігі айтылды: 1.Қорларды игеру мен ғылыми сипаттама жазу. 2.Музей профиліне сай белгілі ғылыми мәселелерді айқындау. 3.Экспозицияларды қазіргі заман 0талабына сай қайта жасау және жетілдіру жұмыстары. 4. Жинақтаушылық және экспозициялық жұмыстар жолымен өлкенің мәдениеті, тұрмысы мен экономикасын зерттеу; 5. Консультациялық-анықтамалық, әдістемелік және баспа қызметімен шұғылдану т. б..

Қазіргі кезде өлкетану жұмысының негізінен Қазақстан Республикасының мәдениет министірлігінде түрлі дәрежелердегі ұлттық, мемлкеттік облыстық, аудандық және ауылдық музейлерде ойластырылған. Сондай-ақ :ҰҒА –ның түрлі институттарының жекеленген музейлері (археология музейі, биология музейі, геология музейі және басқа жекеленген салалардың музейлері) Қазақстан экономикасы, ғылымы мен мәдениетін әр қырыннан танытуда. Жоғарыда айтылғандай өлкетану музейлерінің жұмыстарын кешенді ұйымдастыру шаралары әр кезенде атқарылып келеді.

Қазір Қазақстанда тарихи, өлкетану бағыттарындағы музейлер басым. Оларға мемлекет тарапыннан көп көңіл бөлінуде. Себебі: онда ғылыми жинақатау, ғылыми қор, экспозиция, көрме, үгіт насихат бағыттыр жұмыс істеп, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарында маңызды рөл атқаруда. Музей қоғамдық институт ретінде атқаратын әлеуметтік функцияларын қоғамдық –экономикалық жағдайға сай жүргізеді .

Әдебиеттер

  1. Мустапаев Д.Ө. Қазақстандағы музей ісінің тарихы. –Түркістан, 2011. – 200 б;
  2. Райымхан К. Н., Қатран Д. Музей ісінің теориясы мен практикасы – Алматы, 2002. –89 б.
  3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі. Алматы, 2009. – 175 б.
  4. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. Алматы, 1982 168 б.
  5. Атырау облыстық әкімдігінің мәдениет басқармасы. Алматы, 2010 – 98 б.
  6. Ибраева А.Ғ. Алғашқы музейлердің коллекциялық қорының қалыптасуы // Қарағанды университетінің Хабаршысы. – Қарағанды, 2007. – № 4 (48). – 14-19 бб.
Тег: Тәрбие
Жыл: 2019
Қала: Шымкент
Категория: Медицина