Түйін
Мақалада авторлар ұсынған буын қуысына сүйек -отропты құралдарды қолдану және енгізу арқылы самай-төменгі жақ буыны аурулары кезінде емдеудің инновациялық әдістері берілген.
Кілт сөздер:остеотропты дәрілер, инновациялық әдіс, буын қуысы, самай-төменгі жақ буыны.
Көкейкестілігі: Жақ-бет аймағындағы самай төменгі жақ сүйегі буынының қабыну ауруларының қарқыы жоғарылап, ең өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Осы аталған аурулар буын құрамының қызметінің бұзылуынан пайда болып, көбінесе жасы үлкен адамдарда кездеседі.
Ал кейінгі кезде аурудың түрі жасарып, оның қарқыны жоғарылап, тұрақты тістердің тістесу кезеңінде пайда болуы, жақ - бет сүйегі хирургиясында шешімін таппаған көкейкесті мәселелердің бірі болып қалуда және қалған.
Ресми және ресми емес мәліметтерге сүйене отырып, Самай төменгі жақ сүйегі буынының аурулары тұрғындар арасында жиі кездеседі, 20 % - дан бастап, 76% - ға дейінгі аралықты құрайды және оның 7089% -ы буын қызметінің бұзылуынан пайда болады.
Самай төменгі жақ сүйегі буынының қабыну аурулары көп кездесетін қалыптан тыс кезеңдер қатарына жатады. Келіп шығуы және оның даму кезеңдері кем зерттелген. Атақты ғалымдардың және біздің пікірімізше, Самай төменгі жақ сүйегі буынының қызметінің бұзылуынан пайда болған аурулар созылмалы қабыну кезеңдер мен дамып, қабыну - қызметі қайта тіктелмейтін (дегенеративті) зат пайда болып, ол бірінші буын шеміршегінде, одан кейін баяу кезеңдер мен жылдар өтіп, буынның сүйегіне тарқайды (буынның басын) және зақымдайды.
Самай төменгі жақ сүйегі буыны ауруларының келіп шығу себептері: стресс (қатты қобалжу, өте қатты тістер мен тістесу); жақ сүйектерінің жарақаттары (бет сүйектері мен жақ сүйектерінің сынықтары), әсіресе, егерде жұмсақ тіндер мен қан тамырлар зақымдалған болса, қан буын қуысына түседі; эндокринді және зат алмасудың бұзылуы, инфекциялық аурулар; шектен тыс қысым; жаман әдеттер (тырнақты тістеу, телефон тұтқасын дұрыс ұстамау және басқалар); инфекцияның буын қуысына енуі, артрит және басқада қабыну кезеңдері бадамша безінің қабыну ауруларының асқынуынан келіп шығуы мүмкін, жақ сүйегінің остеомиелиті, құлақтың қабыну аурулары, құлақ маңы сілекей безінің қабынуы, буын (ревматикалық) аурулар [1,2].
Буынның біріншілік қабыну кезінде жедел артрит пайда болады, ал оның дұрыс емделмеуінен немесе емделмей қалса, ол созылмалы кезеңге өтіп, буында қалыпқа келмейтіндей өзгерістер болуы мумкін.
Біздің пікірімізше, Самай төменгі жақ сүйегі буынының қабыну ауруларының келіп шығуында тағы бір себепті өте маңызды,- деп есептейміз. Ол тұрғындардың тұрақты мекен жайының экологиялық жағдайы. «Национального отчета по сохранению и сбалансированному использованию биологического разнообразия» (1997 г.) анықтамасын негізге ала отырып, Туркістан облысы Қазақстан Республикасының алты экологиялық жағдайы нашар аймақтарға жатады және екінші топтағы экологиялық қаупі бар аймақтарға енгізілген [1,3,4].
Экологиялық жағдайына байланысты облыс көлемін салыстырмалы түрде үш аймаққа бөлеміз.
Самай төменгі жақ сүйегі буынындағы әртүрлі ауру сезімінің сезілу себептері, ол осы буынның зақымдануы немесе оның айналасындағы тіндердің қалыптан (патологиялық) тыс жағдайдың әсерінен болуы мүмкін. Алдымен буынның шеміршекті беткейі мен сүйек құрамы және оны қоршаған ортаның қоректенуінің (трофикалық) бұзылуы пайда болады. Шеміршекті тінде болатын әр түрлі қабыну кезеңдері, самай төменгі жақ сүйегі буынының артриттерінің бастапқы кезеңдері белгісіз (бессимптомно), ауырусыз өтеді. Дер кезінде алдын алу, емдеу іс-шаралары өткізілмесе, қолданбаса, тамақтану немесе еснеу кезінде самай төменгі жақ сүйегі буынында өзіне тән қытырлау, сықырлауға алып келуі мүмкін.
Самай төменгі жақ сүйегі буыны ауруларының дұрыс нақтамасы және емдеу шаралары туралы нақты дәлелді ұсыныстар жоқ. Науқас дәрігерлердің қабылдауына келіп, шағымына мардымды жауап ала алмай қайтады. Сол себептен қалыптасқан келеңсіз жағдай туындап, осы науқастарды емдеу шараларында басқа әдістерді қолдану жылдан-жылға тұрақты түрде көбейіп барады. Ол өз кезегінде дәрігерлердің инновациялық емдеу іс - шараларын өткізуге және тиімді әдістерін қолдануға қиындықтар мен қолайсыз жағдайлар туғызуда.
Қазіргі таңда осындай науқастарды емдеу және оларға көмек көрсету қиынның - қиыны болып қалуда. Науқастар невропатолог, эндокринолог, психиатр және отоларингологтардың т.басқалардың көмегіне жүгінуде [1,4]. Самай төменгі жақ сүйегі буынының ауруларына нақтама қою мақсатында стоматология саласында ең көп қолданылатын әдістердің бірі - ортопантограмма. Осы әдістер мен зерттеулер нәтижесінің мәліметтері бойынша 70-80%- ы буындағы қалыптан тыс жағдайларға жұмсақ тіндер мен буын ішіндегі байламның және оның қоршаған капсуласында болатын патологиялық бұзылыстар себепші болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты: Самай төменгі жақ сүйегі буын ауруларын тиімді емдеу әдістерін таңдау және талдау. Қойылған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Буын қуысының ішіне ендіру үшін тиімді болып саналатын бактерияға және сүйек тініне әсер ететін дәрі-дәрмекті таңдау.
108
Негізгі топтағы науқастардың шағымы: бет және бас бөлігінің бір жағында әр түрлі дәрежедегі бас ауруына, аурудың мойын аймағына тарқауына; шаншып ауруына, аурудың құлақта болуы - 50% науқастар құлақ ауруына, бірақ инфекция ошағы жоқ; қайрағандай - дыбыс , самай төменгі жақ сүйегі буынының қабыну ауруларында болатындай өзіне тән қытырлау немесе сықырлау белгілері, осы дыбыстар аурудың күшеюіне әсер етіп, науқастың басы айналады; 1/3 науқаста құлағының бітеліп қалғаны анықталды; 40% науқаста құлақта жағымсыз дыбыс пайда болады, ауыз қуысының ашылуы шектеледі, буын қуысында жағымсыз дыбыс жарылып кететіндей қытырлау (қыртылдайды), сықырлайды және шақылдайды.
Бақылау тобында 10 науқас зерттелді, олардың жастары 19-40 жас аралығы мен 41 жастан 59 жасқа дейін және 60 жастан жоғары.
Барлық зерттелген науқастардың самай төменгі жақ сүйегі буынында қалыптан тыс ауытқулар анықталмады. Зерттеу жүргізілетін барлық науқастарға клиникалық және лабораториялық зерттеулер өткізілді. Рентгенологиялық әдісті қолданудың мақсаты буын басы мен дискасы және оны қоршаған тіндердің, яғни байламдардың жағдайы мен қарым-қатынасын білу.
Сондықтан самай төменгі жақ сүйегі буынының ауруларында көп қолданылатын емдік шаралар – консервативті, ал кейбір жағдайларда ғана ота немесе хирургиялық әдістерге жүгінеді. Ал осы әдістердің барлығы тиімді нәтиже бермейді, сол себепті самай төменгі жақ сүйегі буынында отадан кейін өзінің бастапқы қалпына келмейтін бүліну немесе қызметінің бұзылу кезеңдері болуы мүмкін.
Жедел кезеңдерде қолданылады:
- Самай төменгі жақ сүйегі буынында тыныштықты орнату ( төменгі жақ сүйегі мен жоғарғы жақ сүйегіне шендеуіштер салынады, жоғары калориялық немесе мультивитаминді тағамдар)
- Самай төменгі жақ сүйегі буынының микробты жағдайының сезімталдығын ескере отырып, оларға антибиотикотерапия.
- Қабынуға қарсы нестеродты дәрі-дәрмектер (вольтарен, индометацин, ибупрофен, артрекс)
- 4. Антигистаминды дәрі-дәрмектер (димедрол, супрастин,тавегил).
- Седативті және и нейролептикалық дәрі- дәрмектер (микстура Бехтерева, элениу триоксазин).
- Физиоем (новокаи ерітіндісі мен электрофорез, гидрокартизон сықпасы мен фонофорез және т.б.) тағайында-лады
- Жергілікті: 20%-димексид пен қосымша гидрокартизона және анальгин ерітіндісі мен таңу.
Іріңді кезеңдерде:
Көлемі жуан ине мен іріңді сору немесе буын қуысына антибиотиктер енгізу, егерде керекті жағдайда ота жасау – (хирургиялық әдістер мен буын қуысын кәріз ендіру). Біздің тәжірибемізде кездескен жоқ.
Біздің тәжірибемізде, көп қолданылатын және өте тиімді саналатын және жақсы нәтижелер беретін әдіс туралы мәлімет. Әдістің мәні мен мақсаты сүйек тініне әсер ететін (костеотропты) антибиотиктерді ауру қалдыратын ерітінділер мен қосып, буын қуысына ендіру. Әсері: Буындағы ауру сезімі тез жойылады, буын қуысының қоректенуін және оның қозғалысын жақсартады, қатты тамақ жеуге қолайлы, қосымша қысым түсуіне жағдай жаратады. Ауыз қуысының ашылуы шектелмейді. Қолдану мерзімі 10 күн, кейіншелік буын қуысына ферменттерді электрофорез арқылы енгізуге болады.
Қорытынды: Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде, қолдануға ұсынған әдісіміз, өте қарапайым, жарақатсыз, емханалық жағдайда қолдануға тиімді, дәрі-дәрмектердің әсерінен буындағы ауру сезімі тез жойылады, Ауыз қуысының ашылуы шектелмейді, буын барлық уақытта қозғалыста болады. Сондықтан дәрігер – стоматологтардың күнделікті тәжірибесінде қолдануға өте қолайлы, қол жетімді әдіс болып саналады.
Әдебиеттер
- Скорикова Л.А. Патогенез. Клиника, диагностика и комплексное лечение больных с парафункциями жевательных мышц: Автореф. дисс. к.м. н. – Воронеж, 2000. – 38 с.
- Сотникова М.В. Диагностика и лечение синдрома болевой дисфункции височно-нижнечелюстного сустава: Автореф. дисс. к.м. н. – Смоленск, 2009. – 24 с.
- Хайрутдинова А.Ф. Оптимизация диагностики мышечно-суставной дисфункции височнонижнечелюстного сустава: Автореф. дисс. к.м. н. – Пермь, 2011. – 24 с.
- Темуров Ф.Т., Кожамбекова Э.А., Убайдуллаев А.С., Тасыбаев Д.М. Особенности клинических проявлений синдрома болевого дисфункции височно-нижнечелюстного сустава. І Международная научнопрактическая конференция «Современные тенденции развития науки и технологии». Белгород, 30 апреля 2015 г.