Тақырыптың өзектілігі: Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы жақ-бет аймағындағы ең күрделі, емдік әдістері көпшілік жағдайда нәтиже бермейтін шешімін таппаған тригеминальды невралгия саналып, идиопатиялық аурулар қатарына жатады және оның келіп шығуы әлі толық зерттелмеген, себебі беймәлім ауру.
Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруының келіп шығуына негізгі себептердің бірі – тіс ауруы. Науқас дәрігер стоматологтың қабылдауында болған кезде дені сау тістің ауыратына шағымданады, ол тіс қателік пен жұлынып, аурудың келіп шығуына себепші болуы мүмкін. Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы – бұл шеткі жүйке жүйесінде жиі кездесетін ауруы. Үшкіл жүйке жүйесінің қоректендіретін (иннервация) аймағында ұстама тәрізді және қарқынды түрдегі ауырсыну (әсіресе екінші тармағы) негізгі белгілері болып табылады. Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауыру сезімісіз өтпейді және көбінесе 5070 жас аралығындағы әйел адамдарда жиі кездеседі және ол казіргі кезде жасарып баруда.
Ресми мәліметтерге сүйене отырып, әр бір 100 мың халықтан 5 адам осы ауруға шалдығады және біздің өмір сүріп жатқан аймақта экологиялық жағдайдың нашарлылығына байланысты жиі кездеседі.
Үшкіл жүйке жүйесінің үш тармағы болады. Бірінші тармағы көзге, жоғарғы қабаққа және маңдай терісіне сезімталдық береді. Екінші тармағы төменгі қабақтың, жақтың, мұрын танауларының, жоғары еріннің және жоғары қызыл иектің сезімталдығын қамтамасыз етеді. Үшінші тармағы төменгі жақтың, төменгі еріннің, қызыл иектің және кейбір шайнау бұлшықеттерінің сезімталдығын жүзеге асырады.
Біздің пікірімізше, Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруларының келіп шығуында тағы бір себепті өте маңызды,- деп есептейміз. Ол тұрғындардың тұрақты мекен жайының экологиялық жағдайы. «Национального отчета по сохранению и сбалансированному использованию биологического разнообразия» (1997 г.) анықтамасын негізге ала отырып, Туркістан облысы Қазақстан Республикасының алты экологиялық жағдайы нашар аймақтарға жатады және екінші топтағы экологиялық қаупі бар аймақтарға енгізілген.
110
үсті аумағын зақымдайды. Күшті ауыру үшкіл жүйке жүйесінің тітіркенуінен пайда болады, әдетте беттің бір жартысында білінеді. Үшкіл жүйке жүйесі невралгиясының ұстамалы ауруының себептеріне: «шүріппелі аймақ» яғни бет терісіне жанасу, бетті жуу, сақал мен мұртты қырыну, тісті тазалау, желдің жеңіл самалы, макияж, күлкі және әңгімелесу жатады. Үшкіл жүйке жүйесі невралгиясының ұстамалы ауруы жиіленіп, төзімсіз халге дейін жетіп, науқастың жүйкесін тоздырып, жалпы жағдайын нашарлатады, депрессияға, үрейге психоз бен өз-өзіне қол жұмсауға дейін алып баруы мүмкін.
Үшкіл жүйке жүйесі невралгиясы ауыратын науқастарға қойылатын нақтама мен қолданатын емі қазірге дейін күрделі. Аталған ауру түрі бойынша, оның нақтамасы мен емі туралы шет ел және отандық ғалымдардың ортақ пікірі жоқ [1,2,3].
Сондықтан үшкіл жүйке жүйесі невралгиясы ауруының шешімі әлі күнге дейін таппаған, ол тек қана дәрігер невропатологтың толғандыратын өзекті мәселесі болып қалмай, жақ-бет аймағы хирургі дәрігерінің өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда.
Ғылыми зерттеудің мақсаты: Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруы мен ауыратын науқастарды емдеудің тиімді әдістеріне талдау жасау.
Ғылыми зерттеудің мақсатын орындау үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру керек:
- Консервативті және хирургиялық әдістеріне салыстырмалы түрде талдау жасау.
- Консервативті және хирургиялық әдістер мен емделген науқастардың нәтижелеріне сай тиімді әдісті таңдау.
Клиникалық зерттеулер неврология бөлімшесінде жатып және емханада емделген 25 науқастың ауру тарихына талдау жасалды. Мерзімі 2014-2017 жылдар.
Науқастар жасына және жынысына сай бөлініп, 1 кестеде көрсетілген.
Топ |
Науқастар саны |
Жынысы |
Жасы |
||
ерлер |
әйелдер |
20 - 49 жас аралығында |
50 жастан жоғары |
||
Негізгі |
15 |
5 |
10 |
7 |
8 |
Бақылау |
10 |
3 |
7 |
4 |
6 |
БАРЛЫҒЫ: |
25 |
8 |
17 |
11 |
14 |
Ауру тарихын талдау барысында көз жеткізгеніміздей, науқастар аталған ауру мен 1 жыл мен 25 жыл және оданда астам мерзімде ауырады.
Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруын емдеуде қолданылатын негізгі әдіс – дәрі-дәрмектер, яғни консервативті. Қолдану аясы Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруының келіп шығуындағы себептері ескерілмей, тек ауру сезімі мен ұстамалы ауру сезімін ғана тоқтатуға аса көңіл бөлінген. Ең қол жетімді ол – карбамазепин, финлепсин.
Оны қолдану мөлшерін әр науқасқа дәрігер жеке тағайындалады, соны мен қатар аталған дәрі- дәрмектерге науқас үйреніп қалады және оның сақтау қабілетіне орасан зиян келдіреді. Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруын емдеудің басты мақсаты ауру белгісінің жиілігін төмендету. Ауру сезімін тоқтау үшін – ауру басатын дәрі-дәрмектер – анальгетиктер.
Қосымша: Антигистаминді, седативті дәрі-дәрмектері, инерефлексо емі, Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруын дәрі – дәрмектер мен емдеуінің негізі карбамазепин дәрісін ұзақ мерзімде қолдану.
Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруын емдеуде физиотерапиялық әдістер кеңінен қолданған. Физиотерапиялық әдістер науқастардың жағдайын жақсартуға, ауру сезімін басуға көмек берген. Физио-терапиялық әдістер – ультрафонофорез гидрокортизон сықпасы мен, динамикалық токтар, гальванизация новокайн және амидопирин ерітіндісі мен. Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруының алдын алуда витаминотерапия ең көп қажеттілікті талап етеді. Әсіресе В тобының витамині. Аурудың жедел кезеңдерінде витамин дәрі – дәрмектерін ерітінді түрінде, жиі аскорбин қышқылын қоспа есебінде.
Науқастың жағдайы мен ауру сезімі мен ұстамалы ауру сезімінің жиілілігіне қарай тамырға енгізетін және мидің қан айналуын жақсартатын дәрі – дәрмектер, антидепрессантар мен «шүріппелі аймаққа» ауру сезімі мен ұстамалы ауру сезімін тежеу мақсатында – блокаторлар қолданылған [4,5].
2018 жылдың басында Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясы ауруын хирургиялық емдеу әдістерін икемдестіріп, тиімділігі консервативті емдеу әдістері мен салыстырғанда жақсы нәтижелері болғандықтан қолдана бастадық.
Түркістан қаласында Хирургиялық бөлімшесі бар аурухана мен келісімі арқылы науқасты жатқазып, невропатолог дәрігердің кеңесі мен ота жасалынады. Хирургиялық емдеу әдістерін қолдану барысында оң нәтижелерге қол жеткіздік және оны консервативті емдеу әдістері мен салыстырғанда науқасқада, емдеген дәрігерге де тиімді екендігі анықталды. Біз қолданған ота әдістері оқулықтарда жазылған және қолданылып жүрген оталардан айырмашылығы Үшкіл жүйке жүйесін толығы мен алып тастамаймыз. Тек зақымдалған жеріне дейін жүйке жүйесінің тіндері алынады. Ота өте жеңіл, жарақатты емес, жараның жазылу мерзімі қысқа, науқастың тамақтануына, сөйлесуіне, күтіміне кедергі жасамайды.
Қорыта келе, Үшкіл жүйке жүйесінің невралгиясында біз қолданған жаңа әдіс науқасқа косметикалық тұрғыдан бет әлпетіне ешқандай нұқсан келтірмейді, ота өте жеңіл, жарақатты емес, жараның жазылу мерзімі қысқа, науқастың тамақтануына, сөйлесуіне, күтіміне кедергі жасамайды.
Осы ота әдісін қолдануға қолайлы болғандықтан тәжірибелі стоматолог-дәрігерлердің, жақ – бет аймағы хирург – дәрігерлердің талқысына салуды ұсындық.
Әдебиеттер
- 1.Алгоритм диагностики невралгии тройничного нерва/ Щедренок В.В., Топольскова Н.В., Могучая О.В., Себелев К.И.// Российский нейрохирургический журнал им. профессора А.Л. Поленова. - 2011 - №3.
- 2.Источник:https://www.krasotaimedicina.ru/diseases/zabolevanija_neurology/prosoponeuralgia
- Робустова Т.Г. Хирургическая стоматология – 2003 г.
- Невралгия тройничного нерва/ Афанасьева Е.В. - 2008
- Актуальность проблемы невралгии тройничного нерва в неврологии/ Реверук Е.А., Карпов С.М.//Успехи современного естествознания. - 2013 - № 9