Антибактериалды жарақатты жазатын препаратты өндірісінің технологиялық сызба-нұсқасын жасау

Аннотация

Адамдар мен жануарлардың зақымдалған терісін қалпына келтіру - өте күрделі процесс. Оның зерттеуі кейбір аурулармен күресуге көмектесе алады. Шамамен алты сағаттан кейін жарақат фибробластар пайда болады, бұл коллаген талшығынан және басқа ақуыздардан тұратын ұлпалық жасушалар. Шамамен екі аптадан кейін ақуыз синтезі унитарлы тіндерде күшейтіледі және модельдеу процесі қайтадан басталады; осы процестің нәтижесінде тыртықты мата беріктікке ие болады.

Кілт сөздер: микроб, антибактериалды, препараттар, метилцеллюлоза, казеин.

Кіріспе. Микробқа қарсы заттардың мәселесі ғылымның алуан түрлі саласында және тәжірибеде зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Дәрілік және профилактикалық препараттарға деген сұраныс- тардың өсуі қазіргі таңда микроағзалардың айқын өзгеруімен анықталады, олардың антибиотиктерге деген төзімділігінің түзілуімен және кеңінен таралуымен байланысты, экологиялық байланыстардың жалпы бұзылуымен және сыртқы ортаның қарқынды ластануымен, сонымен қатар халықтың айқын аллергиясы-

мен, ол антибиотиктердің қолдануына шектеу қояды, эндогенді микрофлораның белсенуімен шартталады. Май негізіндегі жақпа майларды қолданудың жетіспеушілігі, жарақаттанудың бірінші фазасында олардың гидрофобтылығымен байланысты, мұнда жақпа майлар сумен араласпайды, сонымен қатар жарақаттан бөлінетін сұйықтықты сіңірмейді. Мұнын салдарынан жарақатты іріңнен және некроздық массадан тазалау мүмкіндігін нашарлатады, бұл регенерация процесін баяулатады.

Мұның барлығы жаңа антибактериалды заттарды өңдеп шығару мүмкіндігімен шартталған, ол антибиотиктердің әсер ету механизмінен өзгеше және қосымша қасиеттерге ие. Бұл мақсатта құрамында күмісі бар препараттардың келешегі орасан зор. Бірақ, барлық белгілі жақпа майлар бір ғана бағыттағы әрекетке ие, олар жарақатты антимикробиологиялық қорғауға бағытталған. Осыған байланысты құрамында күмісі бар жаңа препаратты өңдеу және олардың тиміділігін зерттеу маңызды.

Зерттеу әдістемелері. Жаралардың жазылуын зерттеу.

Жара бетіне залалсыздандырылған целлофан пластинкасын қойып және және қара бояумен жара- ның кескінін белгілейді. содан пластинкаларды миллиметрлік қағаз үстіне қояды және кескін ішіндегі миллиметрлі квадраттарды есептеу арқылы жараның ауданын анықтайды. Осы әдіспен зерттеуді қайталап жүргізген кезде, жара ауданын анықтады және оның ауданына байланысты бір тәулік ішінде оның кішірейген пайызын орнатып, алдынғы өлшеу бойынша келесідей формуламен есептеледі:

мұнда S - алдын өлшенген жара ауданы; Sn - қазір өлшенген жара ауданы; t - өлшеу арасында күндердің саны.

Зерттеу нәтижелері. Сондықтан біздің жұмысымыздың бір бөлігі антибактериалды жарақатты жазатын препарат өңдеп шығару болып табылады.Жарақатты жазатын антибактериалды заттардың пайыз- дық құрамы келесідей: ешкі сүтінің казеині-40; күміс тұздары- 2; фукадион - 18; метилцеллюлоза - 40.

Антибактериалды жарақатты жазатын заттарды алудың әдісі, жоғары молекулалық тасымалдауыш- та ақуызды иммобилизациялауды қарастырады, ары қарай антимикробты агент пен жарақатты жазатын қоспаларды қосу болып табылады, ақуыз ретінде ешкі сүтінің нативті казиеннін қолданады, олар 50-550С температурада метилцеллюлозаға иммобилизациялайды, 1:1 қатынаста, антимикробты агент ретінде азот қышқылды күміс және жарақатты жазалайтын қоспа ретінде фукоидан қолданады.

Антибактериалды жарқатты жазатын жақпа майын алу әдісі келесідей.

Метилцеллюлозаны 50-600С температурада жылы суға 1-15%-дық ерітінді алынғанша қосады. Қоспаны 1,5-2сағат бойы ұстап тұрады. Температуралық режим келесідей шектеулермен шектелген. 500С- ден төмен және 60С -ден жоғары температурада гель түзілу процесі ұзақ жүреді.

Алынған каллоидты метилцеллюлоза гельді алдын-ала ешкі сүтінің бөлінуін жақсарту үшін майсыз- дандырылған сүтке салады, ары қарай 2-3 сағат аралығында 10-150С температураға дейін ақырындап салқындатады және 8-10 сағат бойы 10-150С -де термостатқа орналастырады.

Егер ерітіндіге метилцеллюлозаны қажетті мөлшерде салмаса, казеин толығымен тұнбайды, ал ерітіндіде метилцеллюлозаның массалық үлесі жоғарлаап кетсе казеин ешбір өзгеріссізқалп қояды. Ақуыздың және полисахаридтер 100С ден төмен температурада және 150С -ден жоғары болған кезде қатпарлануы іске асырады.

Казиенді бұл әдіспен концентрлеу екі физика-химиялық құбылыстарға негізделген: суда ақуыз бен полисахаридтердің теромдинамикалық үйлесімділігін шектеу, сонымен қатар ақуыз ерітіндісінің осматикалық қысымымен салыстырғанда полисахаридтер ерітіндісінің осмостық қысымы жоғары.

Ақуызбен полисахаридтер ерітіндісін белгілі бір концентрацияда араластырғанда, екі фазалы жүйенің түзілуіне әкеледі: төменгі фаза - казеин концентраты, жоғары фаза - полисахаридті фаза. Фаза арасындағы беттік қабаты арқылы, ақуыз ерітіндісіндегі су полисахаридтер ерітіндісіне фазалық тепе-теңдікті орнату үшін ауысады, бұл казеиннің концентрленуін қамтамасыз етеді.

Құрамында казеині бар төменгі қабатты - бөліп алушы сүзгіш арқылы бөліп алады.

Ары қарай 4-5%-дық метилцеллюлоза ерітіндісін дайындап, оған 50-600 С жылы су құяды. қоспаны 1,5-2 сағат бойы ұстайды. Температуралық режим келесідей шектеулермен шектелген. 500С-ден төмен және 600С ден жоғары температурада гель түзілуі ұзақ жүреді.

Нативті ешкі казеинін және 4-5%-дық метилцеллюлоза ертіндісін химиялық реакторға казеин- метилцеллюлоза компонент қатынастарын 1:4 етіп құяды, мұнда компоненттер үздіксіз араласады. 30- минуттан кейін сол реакторға азотты қышқыл күмісті масса бойынша 0,5-2,5% мөлшерде және фукадион ерітіндісін массаға байланысты 9,5-17,5% мөлшерде салады.

Антибактериалды жарақатты жазатын препаратты гель тәрізді қолдануға болады немесе мақталы- дәке салфетка және ұнтақ ретінде қолдануға болады. Дайын болған өнім қаптамаларға салынады және залалсыздандырылады.

Дайын қоймалжың біркелкі масса, ақшыл-қоңыр түсті, өзіндік өзгеше иісі бар.

Алынған гельді сублимационды түрде кептіреді. Ұнтақ - апликационды сорбент болып табылады, ұлпа деградациясынан, микробты жасушаларды және зақымдалған аймақтың беттік қабатынан улы өнімдерді бөліп алады, бұл ағзаның улану жүйесіне улылық жүктемесін төмендетуге әкеледі. Бұл түрін жергілікті қолдану мақсатында кез келген жастағы адамдарға профилактикалық және терінің қабыну процестерін емдеу үшін, әртүрлі дерматоздарда қолдануға болады.

Антибактериалды жараққаты жазатын препарат өндірісі бойынша технологиялық процесс төмендегі суретте көрсетілген.

Антибактериалды жарақатты жазатын препараттың шартты-патогенді микрофлораға әсер етуін зерттеу.

Зерттеу нысандары құрамында азотты қышқыл күмісі бар әртүрлі ерітінділер болып табылады, массасына байланысты %: 0,5; 1,75; 2,5. Зерттеулер шартты-патогенді E.coli микрофлорасын қолдана отырып, ет пептонды және Эндо ортасын қолдана отырып жүргізді.

Зерттеулер көрсеткендей, антибактериалды жарақатты жазатын препарат шартты-патогенді микрофлора өсуін ұстап тұруды қамтамасыз етеді, тері аллергиясын тудырмайды және микробиологиялық қауіпсіз өнім көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Алынған мәліметтер, төмендегі кестеде көрсетілген.

62

Осылайша, антибактериалды жарақатты жазатын препараттың шартты-патогенді микрофлораның өсуін тежейді және антибактериалды препарат ретінде қолданыла алады.

 

Әдебиеттер

  1. Кунижев СМ., Аполохова СФ. Антибактериальное ранозаживляющее средство «Фумагол» // Информационный листок. - Ставрополь: СГУ, 2002. - 26 с.
  2. Кунижев СМ., Аполохова СФ. Комплексная переработка козьего молока // Информационный листок. - Ставрополь: СГУ, 2001. - 201 с.
  3. Кунижев СМ., Аполохова СФ. Использование компонентов козьего молока в косметике // Материалы IV региональной научно-технической конференции "Вузовская наука Северо-Кавказскому региону". - Ставрополь: СКГТУ, 2000. - С.62.
  4. Коничев А.С., Севаствянов Г.А. Молекулярная биология. 2-издание.-М: «Academia», 2005.-400 c.
  5. Лысак В.В. Микробиология: учебное пособие/ В.В. Лысак. – БГУ, 2007. – 426 с.
  6. Омирзак Т.У., Байболов К.С., Рысбаева Г.А., Лаханова К.М., Юсупов Ш.Ю., Шоинбаева К.Б., Махатов Ж.Б. Генетика микроорганизмов и вирусов. Словарь-справочник: учебное пособие/ Шымкент-2019.
Жыл: 2019
Қала: Шымкент
Категория: Медицина