Мақалада 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғыс кезінде Қазақстандағы ғылым мен мәдениет-тің жағдайы туралы статистикалық және мұрағаттық материалдарға сүйене отырып, сараптамалық мәліметтер берілген. Соғыс жылдарында Қазақстан ғылымы мен мәдениеті жақсы дамыды. Мәселен, Республикада 1941-1945 жылдары 12 жаңа ғылыми институттар ашылды. 1942 жылы наурызда ғылымдар 150 халық шаруашылығымен және қорғаныс тақырыбындағы еңбектерді және жаңалықтарды іске асырды. Эвакуа- цияланып келген Ресей мен Украина мәдениет қызметкерлері бірлесе творчестволық жұмыстар жүргізді. Қазақстанға Москваның, Ленинградтың, Киевтің және елімізідң басқа қалаларының 23 көркемөнер колективі эвакуацияланған еді.
Кілт сөздер: Ұлы Отан соғысы, Қазақстан ғылымы, мәдениет ошағы, эвакуацияланған халық, ғылы- ми-зерттеу институттары, театр, кино.
Адамзат тарихында ірілі-ұсақты 15 мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ең ауқымдысы, құрбандықтары мен алапаттылығы жөнінен ең жан түршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жағдайы ғылымның одан әрі жедел өркендеуіне белгілі бір дәрежелі кедергі жасады. Алайда оның соғыс кезінің жағдайлары алға қойған міндеттері орындаумен байланысты кейбір бағыттары шапшаң қарқынмен дами бастады.[1]
1942 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдасты-рылды. Соғыс жылдарында онда 237 адам оқып, 63 адам докторлық және кандидаттық диссертация қорғады. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының ғылыми –техникалық қызметкерлерінің саны 1940 жылғы 152 адамның орнына 1945 жылдың аяғында 864 адамға жетті.
1941 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы жанынан астрономиялық обсерва-тория ұйымдастырылды. 1942 жылы Тіл, әдебиет және тарих институты, Химия-металлургия инсти-туты, 19431945 ж.ж. – Топырақтану мен ботаникға, зоологимя мен өлкелік патология институттары құрылды. Кейіннен Химия-металлургия институты Химия-институты мен Металлургия және кен байыту институтына, Тіл, әдебиет және тарих институты Тіл және әдебиет институты мен Тарих, археология және этнография институтына бөлінді.
1945 жылдың аяғына қарай КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының 16 институты және 7 секторы болды, ғылыми проблематика кеңейді. Зерттеу жұмысына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. Ал 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанға барлығы 754 ғылыми мекемелер, лабораториялар мен стансалар болды. [2]
Соғыс жылдарында Қазақстан ғылымы дамыды. Республикада 1941-1945 жылдары 12 жаңа ғылыми институттар ашылды. 1942 жылы наурызда ғылымдар 150 халық шаруашылығымен және қорғаныс тақырыбындағы еңбектерді және жаңалықтарды іске асырды.
1945 жылғы қазан айында КСРО үкіметі Қазақ Ғылым академиясын құру туралы шешім қабылдады. Бұл республиканың мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды. Қазақстанда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен ғылымның дамуында елдің батыс аудандарынан эвакуацияланған ғылыми күштер ерекше рөл атқарды. Соғыс жылдарында республикада 20-дан астам ірі-ірі ғылыми-зерттеу институттары орналастырылды, олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының Физиология институты, Украина ССР Ғылым Академиясының Физика-техника институты болды. [3]
Академиктер И.Мещанинов, Л.Прасолов, А.Орлов, М.Завадский, В.Догель, А.Панкратова сияқты көрнекті ғалымдары келді. 1942 жылы Қ.Сатпаев бастаған Қазақстан ғалымдары Орталық Қазақстандағы аса ірі марганец кені орындарын зерттеуді аяқтап, өнеркәсіптік рудалар, қорын есептеп шығарды. Нақ сол жылы Жезді кен орнынан марганец рудаларын өндіру мен оны Оралға жөнелту басталды. Үлкен Жезқазған байлығы зерттелді. Қ.Сатпаев бастаған ғалымдар жаңадан ашылған темір рудасы кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда ірі металлургия комбинатын және қуатты ферросплав зауытын салудың мүмкіндігін негіздеп берді.
КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының Геология ғылымдары институты мен Қазақ геология басқармасының экспедициялары (олардың саны 19471 жылғы 48-ден 1944 жылы 130 ға дейін көбейді) республиканың қара, түсті және сирек металдар, руда емес шикізаттар, жанатын пайдалы қазбалар шығатын кен орындарын, су және гидроэнергетикалық ресурстарын ашып, зерттеді. [4]
Соғыс жылдарының қиыншылықтарына қарамастан Қазақстан өнері де ойдағыдай дамыды. 1941 жылы республикада 37 театр және музыкалық мекемелер жұмыс істеді.
Эвакуацияланып келген Ресей мен Украина мәдениет қызметкерлері бірлесе творчестволық жұмыстар жүргізді. Қазақстанға Москваның, Ленинградтың, Киевтің және елімізідң басқа қалалары-ның 23 көркемөнер колективі эвакуацияланған еді. Олардың құрамында аса көрнекті композиторлар, артістер, кино қайраткерлері, суретшілер, музыканттар: Ю.Завадский, Н.Мордвинов, Г.Уланова, В.Марецкая, Г.Рошаль және т.б.
1941 жылғы қараша айында Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры үйі құрылысының аяқталуы республиканың мәдени өміріндщегі айтулы оқиға болды. Соғыстың аяғына қарай республикада жас өспірімдер театры жұмыс істей бастады. Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының коллективі соғыс кезінде сахнада қазақ және орыс тілдерінде 27 премьера қойды [5].
Әсіресе кинематография ісінде Москва мен Ленинград киностудиясымен бірлесе отырып, документалды фильмдер түсірді. Қазақстан халықтың көп ұлтты әдебиетінің рухани жағдайы күшті болды. Майдандағы ерлік істер, тылдағы жұмыс туралы Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Онегин, Шухов, жас жазушылар Е.Жармағанбетов, Д. Модағалиев, С.Мәуленов, С.Сеитов шығармалар жазды. Жергілікті халықтардың творчестволық еңбектерінің күшінің арқасында әсіресе кинематографияның сапасы өсті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Алматы хроникалық-документті фильмдер студиясы кино- журналдары шығаруға кіріст.Соғыстың бас кезінде Алматыға «Мосфильм», «Лен-фильм» киностудиялары эвакуацияланды. Режиссерлердің, сценаристердің және басқа мамандары-ның үлкен тобы 500 адам келді, олардың ішінде М.Жаров, Л.Орлова, Н.Черкасов т.б.
«Мосфильм», «Ленфильм» киностудияларының негізінде Орталық біріккен көркем фильмдер киностудиясы ұйымдастырылды. Бұл студия шығарған фильмдер арасында «Аудандық комитет секретары», «Біздің қаланың жігіті», т.б. осындай сияқты фильдер бар.
Соғыс кезі жағдайында республикалық радиомитингілер, радио арқылы пікір алысулар, майданға арналған арнаулы хабарлар кеңінен қолданылды. Соғыстың екі жылының ішінде ғана республикалық хабар тарату бойынша 6200 –ден астам хабар жүргізілді [6] .
Соғыс жағдайы мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының жұмысында аз қиындық туғызған жоқ. Оқу орындары үйлерінің бір бөлегі госпитальдарға берілді, кейбір жағдайларда қорғаныс кәсіпорындары орналастырылды. Мектептер мен жоғары оқу орындары екі және үш сменалық оқуға көшті. Жекелеген педагогикалық училищелер мен мұғалімдер институттары жабыл-ды, техникумдар біріктірілді. Көптеген педагогтар, әскер жасына жеткен жоғары класс оқушылары мен студенттердің едәуір бөлегі армияға шақырылды. Педагог кадрлардың жеткіліксіздігі аңғарылды, оқушылар мен студенттер саны қысқарды. Жас өспірімдердің едәуір бөлегі мектепті қалдырып өндіріске кетті.
Республиканың жоғары және техникалық орта білім беру ісіне жұмсалған шығын 1943 жылғымен салыстырғанда 80 процент өсті.
Оқу сапасын жақсарту үшін 1944 жылдан бастап бастауыш және жетіжылдық мектептерді бітірушілерге арналған емтихандар енгізілді. Әскери міндеттілерге орыс тілін оқыту жаппай білім беру жолымен де жүргізілді. Мектептерде оқушыларды әскери және дене тәрбиесі жөнінен даярлау жолға қойылды. Қиын-қыстау соғыс жағдайы мектеп оқушылары мен студенттердің қоғамдық өндіріске (оқудан қол үзбей) міндетті түрде қатысуын талап етті.
Мектепте қорғаныс және денек шынықтыру үйірмелерінің саны өсті, тимуршылар қозғалысы, госпилальдардағы жаралы жауынгерлерге, соғыс мүгедектеріне және олардың семьяларына қамқор-лық жасау жұмысы кең өрістеді. [7]
Бүкіл еліміздегі сияқты Қазақстан мұғалімдері де қажымай-талмай еңбек ету арқылы оқу программасының орындалуына, балаларды өз Отанына деген ыстық сүйіспеншілік рухында тәрбие-леуге күш салды. Мұғалімдердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде Қазақстан мектептерін соғыстың төрт жылы ішінде 159 850 жас өспірімдер мен қыздар орталау білім алып, 21 850-ден астам адам орта білім алып бітіріп шықты.
Соғыс басталғанда республикада 20 жоғары оқу орны мен 110-нан астам арнаулы орта оқу орны жұмыс істеген еді. Армияға шақырылуына байланысты студенттер саны мен оқытушылар құра-мының едәуір қысқарғанына қарамастан, жоғары оқу орындары мен техникумдар жоғары және орта білімді кадрлар даярлау ісін жалғастыра берді. Республика жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамының үштен бірінен астамы эвакуацияланған ғалымдар еді, олардың ішінде СССР Ғылым академиясының 2 академигі, 3 корреспондент-мүшесі, 35 прфессор, 92 доцент болды. Жоғары оқу орындарында жаңа факультеттер, бөлімдер мен кафедралар құрылды.
Соғыстың алғашқы екі жылы ішінде республиканың жоғары оқу орындары 5 мыңға жуық, арнаулы орта оқу орындары 6 599 маман даярлап шығарды. 1943/44 оқу жылында қазақтар, ұйғырлар және дұнғандар үшін жоғары оқу орындарына әзірлеу жөнінде дайындық курстары ұйымдастырыл-ды. [8]
Жаңа жоғары оқу орындары – Алматы шетел тілдері педагогикалық институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Дене тәрбиесі институты, Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институты ашылды. Студенттер саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді. Соғыс жылдарында техникумдар мен арнаулы оқу орындарының саны 92-ге дейін азайғанына қарамастан, оқушылар саны шамамен соғысқа дейінгі деңгейінде (30 мың) сақталды [9]
Жоғары оқу орындары мен техникумдардың оқытушы-профессорлар құрамы кадрлар даярлау-мен бірге ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізді. Жоғары оқу орындарының кафедралары қорғаныс өнеркәсібі орындарының заказдары бойынша алуан түрлі зерттеулерді атқарды. Мәселен, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жергілікті жағдайда наркоз эфирін, глюкоза, хлорэтил өндіру әдісі жасалды.
Қазақ кен – металлургиялық (қазір политехникалық), медициналық, Москва авиация институттарының және басқа көптеген институттардың профессорлары мен оқытушылары қорғаныстық маңызы жөнінен те пайдалы жұмыс жүргізді.
Соғыс жылдарында әдебиет пен өнер совет халқының қуатты рухани қаруы болды. Қазақстанның жазушылары мен ақындары өздерінің патриоттық борыштарын лайықты орындады. Қазақстанның 90-ға жуық жазушылары мен ақындары Отан соғысы майдандарында қолдарына қару алып шайқасты.
Көркем сөз суреткерлерінің көптеген шығармалары: Ғ. Ормановтың «Отан», «Отан үшін», Ә. Тәжібаевтың «Ленинград» деген өлеңдері, Ж. Саинның партизандық жырлары, Ә. Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена туралы өлеңдер циклы, Қ. Аманжоловтың «Ұлы Отан соғысы туралы жыры», «Абдолла» поэмасы (кейін «Ақын ажалы туралы аңыз» деп аталды) қазақ совет поэзиясындағы елеулі құбылыс болды. [10]
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандағы ғылым-білім,мәдениет дамыды. Театр, кино саласы дамып, бірнеше фильмдер түсірілді. Бүкіл елдегі сияқты, Қазақ республикасы ғылымы мен мәдениетінің қызметкерлері де өздерінің алдына соғыс қойған міндеттерді ойдағыдай орындады.
Әдебиеттер
- Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 г.г. Алма-Ата, 1964.
- Қазақ ССР тарихы. (көне заманнан бүгінгі күнге дейін). Бес томдық. V том. Алматы, 1984
- История Казахской ССР. Эпоха социализма. Алма-Ата, 1967. С. 540
- Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 г.г. Т.1, с.122
- Потапов А.В. Гвардейцы фронта и тыла. Алма-Ата, 1974. С. 20
- Қозыбаев М. Казахстан – арсенал фронта. Алма-Ата, 1970. С. 253-254
- История СССР. М., 1973. Т.9, с.253
- История СССР. Сб.статей. Алма-Ата, 1972. 1.177
- Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 г.г. Т.1, с.90
- Очерки истории народного хозяйства КазССР. Алма-Ата, 1963. Т. 3, с.213