Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тмд мен батыс европа елдері арасындағы геосаяси стратегиясы туралы

Түйін

Мақалада ресми және ұлттық және халықаралық бұқаралық ақпараттарға сүйене отырып ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында Батыс пен ТМД елдері арасындағы геосаяси қарым- қатынастары туралы мәселелер көтерілген. Сонымен қатар осы мәселелердің Қазақстанға тигізетін әсерлері де қарастырылған. Яғни, елбасының геосаяси стратегия бойынша бағалары мен ой-пікірлері көрсетілген. Мақалада КСРО-ның құлауынан бастап 2000 жылдардың басындағы Ресей мен Батыс Европа елдерінің арасындағы саяси қатынастар салдыстармалы түрде баяндалған.

Кілт сөздер: КСРО, Қазақстан, Ресей, Батыс Европа, ТМД, АҚШ. геосаяси, саяси стратегия, Н.Ә. Назарбаев, Б.Н. Ельцин.

КСРО-ның ыдырау процесін бүгінгі тарихшылар, сарапшылар, саясаттанушылар т.б. бірнеше факторлармен байланыстырып келеді. Оның басты факторларының бірі империя ішіндегі ұлттық мәселенің шешілмеуі мен саяси-экономикалық қатынастардың әлем деңгейіне бәсеке бола алмауы. Дегенмен, империяның әрі қарай өмір сүруі заңды үрдістерінің бірі деп те санауға болады. Кезінде, Үш славян республикасы өзара одақ құруға бет алғанын көрген соң, ал Беловежская Пущада олардың осындай да ойлары – үш елді біріктіретін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрғысы келген ойлары болғаны белгілі, Орталық Азиядағы республикалар да Ашғабадқа жиналып, Конфедерация құру туралы әңгімелесті. Оқиғалардың бұдан кейінгі даму барысы қалай өрбігені, бұрынғы әріптестері-басқа одақтас республикалар өздері құрған ұйымға қолдарын қусырып жетіп келеді деген астамшыл ойда болған Б.Н.Ельцин ол райынан бірден қайтып, Орталық Азия республикаларының қандай да бір одағын құрмауды өтінгені Нұрсұлтан Әбішұлының бірқатар еңбектерінде, соның ішінде “Ғасырлар тоғысында” деген кітабында егжей-тегжейлі айтылған [1].

Қазақстанның лидері Нұрсұлтан Назарбаев Ашғабадтағы кездесуде екінші одақ құруға қарсы болып, славян республикаларымен бірге тәуелсіз елдер достастығын құрудың дұрыстығын дәлелдеп шықты. Осы туралы Президент өзінің “Ғасырлар тоғысы” кітабында былай деп жазған болатын: “Мен бұрынғы КСРО аумағында түркілер мен славяндар одақтарын құру сценарийіне жол бермеуге бар күшімді салдым”. Әрине бұл бұрынғы КСРО-ның халқын славяндық және түркітілдес республикалардың текетіресі болуынан сақтаған бірден-бір парасатты, өте дұрыс жол еді. Оның үстіне, бұрын бір елдің құрамында болғандықтан, республикалардың арасындағы өмірдің түрлі саласындағы байланыстар айқыш-ұйқыш болып, шырмалып жатқан еді. Бір де бір кәсіпорын дербес жағдайда, өз бетімен өнім шығара алмайтын. Мәселен, Павлодардың трактор зауыты дайын өнімін шығару үшін КСРО-ның 90 қаласындағы кәсіп- орындардан құрамдас бөліктер алған екен. Басқа кәсіпорындардың да бәрі сондай шырмауықта-тын. Мәдени, қоғамдық, әлеуметтік байланыстар да берік шырмалған еді. Бүкіл КСРО-ның қорғаныс қуаты Мәскеудегі бір орталықтан басқарылып тұрған болатын. Сондықтан бұрын қорғаныспен айналыспаған Тәуелсіздік алған елдерге шекарасын қорғап тұрудың өзі мұң болар еді. Міне, осы жайдың бәрін ескерген болу керек, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-дан тараған рес- публикалардың бәрін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға шақырды. Осыған байланысты оның “Қазақстан жолы” деген кітабында мынадай пікір бар: “Меніңше, объективті себептер әрдайым айқын- даушы болып табылмайды, өте көп нәрсе басшылардың субъективтік қасиеттеріне де байланысты болады” [2].

ТМД-ның нақ қазақ жерінен, оның сол кездегі астанасы-Алматы қаласынан қанат қағуында жағдайдың солай тоқайласуы да, Минск пен Ашғабад арасындағы географиялық орналасуы да, екі түрлі көзқарасты жақындастыратын, сөйтіп екі жаққа да бірдей парасатты мәміленің ұсынылуы да бар шығар. Осылайша 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ның алғашқы құрылтай саммиті өтті. Оған Әзірбайжан Республикасының Президенті А.Муталибов, Армения Республикасының Президенті Л.Тер- Петросян, Беларусь Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы С.Шушкевич, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті А.Ақаев, Молдова Республикасының Президенті М.Снегур, Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин, Тәжікстан Республикасының Президенті Р.Нәбиев, Түркіменстанның Президенті С.Ниязов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримов, Украинаның Президенті Л.Кравчук қатысып, бірнеше құжатқа қол қойды. Оларда “тең құқылы негізде және Жоғары дәрежелі келісуші жақтар ретінде Тәуелсіз мемлекеттердің достастығын құрады”, “Тәуелсіз мемлекеттердің достастығын құру туралы келісім Жоғары дәрежелі Келісуші Жақтардың оны бекіткен сәтінен бастап күшіне енеді”, “Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуына байланысты Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатады” деп көрсетілді [3]. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Балтық бойы елдері мен Грузиядан басқа республикалардың басшылары Н.Ә.Назарбаевтің бастамасын қолдап, жаңа ұйым құрудың бәтуасына келгені белгілі. Сөйтіп, ТМД идеясы- ның авторы Н.Ә.Назарбаев, туған жері Қазақстанның Алматы қаласы деп айтуға толық қақымыз бар деуімнің себебі осы. Ал 1993 жылғы желтоқсанда оған Грузия да қосылды.

Кез келген мемлекет қандай да болсын бастама көтергенде алдымен өз еліне келетін тиімділікті ой- лайтыны сөзсіз. Ресей – алып ел. Сол кезеңде оның ішкі субъектілерінде де әрқилы оқиғалар болды. Алайда Мәскеу өз құрамындағы бір де бір автономиялық республикасын тырп еткізген жоқ. Қатты бұл- қынған Чешенстанда не болғаны белгілі. Соның ішінде казачество өкілдері Ресейдегі ағайындарының азғыруымен де болуы керек, әрқилы қоқан-лоққы әрекеттерге барды. КСРО-ға байланысты болған осы оқиғаны Югославиядағы жағдаймен салыстыруға болады. Бір федерацияның құрамында болған туыстас халықтар бір-біріне қанды соғыс жариялады. Сөйтіп, олардағы христиандар мен мұсылмандарды әлемнің түрлі-түрлі елдері қолдай жөнеліп, соғыс өртін қаулатып жіберді. [4]

КСРО ыдырап, оның орнында 15 тәуелсіз ел пайда болған кезде алып державалар дүние жүзін ық- пал ету жағынан да, қазба байлықтарын сатып алу немесе өз өнімдерін шығарып сататын рыноктық тұрғыдан да әлдеқашан бөліп алған болатын. ТМД аумағы дегеніңіз үлкен рынок іспетті. Сондай-ақ әр республика жеке-жеке шауып, жаһанданып үлгерген әлемге кірігуі қиынға түсер еді. Ал ТМД арқылы бұл міндет әлдеқайда жеңілдейді. Тағы бір шешуші фактор бірлескен елдердің қорғаныс қабілеті жоғары болатыны әлімсақтан белгілі. Н.Ә.Назарбаев өзінің “Ғасырлар тоғысында” деген еңбегінде: “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – жүз шайыспай ажырасу болмаса, жамырасып қайта табысуға қауқары жетпейтініне көз жете бастады. Оның талай-талай себептері де бар еді” деп жазды. ТМД басшыларының кездесуінде келісілген құжаттарға қол қойғанымен, оның талаптарын түрлі себептермен орындауға асықпаған мемлекеттердің ішіндегі ең бастысы Ресейдің өзі болды. Ол ішінара бұрынғыдай тең бөлісуді қойып, экономикалық қысым жасасақ, басқалар бауырымызға еріксіз тығылады деген пиғылда болғаны жасырын емес. Соның ішінде тізесі ең қатты батқаны Қазақстан болды. Мысал үшін айтатын болсақ, 1992 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан үкіметі әлі де жарты жыл қоя тұруды өтінгеніне қарамастан, Ресей бағаны еркіне жіберді. Ортақ рубль аймағында тұрып жатқан соң Қазақстан да амалсыз бағаны босатуға мәжбүр болды. Алатын өнім қат болған соң ақша да құнсызданып, 1993 жылы инфляция екі жарым мың пайызға жетті.

ТМД-ның басқа елдері де өзіндік жолмен келе жатыр. Мәселен, соның ішінде Түркіменстан ешкімге қосылмайтын, бейтарап бағдар ұстады. Сол секілді кейбір мемлекеттер “сыртқы күштердің” экономикалық қолдауына иек артқысы келіп, солардың ықпал аймақтарының талаптарын орындап келе жатыр. Бұл тұрғыда АҚШ-тың қолдауымен құрылып, Ресейдің қатысуымен құрылған аймақтық бірлестіктерге қарама- қарсы тұрған ГУӨӘМ (Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдова) ұйымын айтуға болады. Бірақ олардың да арасынан мүдделері жараспағандықтан, кейбіреулері шығып жатыр. Міне, осының бәрі де ТМД елдерінің шеңберінде болып жатыр. Осының өзі-ақ бұл ұйымның талабының қатты, құрсауының берік емес, ерікті түрде қосылған еркін ұйым екенін көрсетед. [5]

2000 жылғы 1 қазанда Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен бұрынғы Кедендік одақтың негізінде Еур- азиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құрылды. Оның құрамына қазір Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан секілді бес мемлекет кіреді. Бүгінгі таңда ТМД аумағында ең тиімді жұмыс істеп тұрған осы ұйым. Ол ЕуроОдақ елдерінің бірігу қағидаты негізінде құрылған. Оған жуырда Өзбекстан да толық мүше болып енді. 2002 жылдың 28 ақпанында құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Өз- бекстан, Тәжікстан елдері енген Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы (ОАЭ) да ЕурАзЭҚ-пен бірігіп кетті. Бұл ұйымның шешімдері консенсус негізінде қабылданады және орындалуы міндетті.

Экономикалық ынтымақтастықтардың ішінде ТМД-дағы экономикасы салыстырмалы түрде жоғары дамыған Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина төртеуінің қатысуымен ұйымдасқалы отырған Біртұтас экономикалық кеңістікті (БЭК) айрықша атап өтуге тұрады. Бірақ 2003 жылы мәлімделген бұл ұйым да түрлі себептермен әлі күнге толық күшінде жұмыс істей алмай келеді. Ұйымның мақсаты-еркін сауданың толыққанды аймағын құру болатын. Сонымен бірге кеден одағын құрып, тауарлардың, қызметтің, капиталдың және жұмыс күшінің жалпы рыногын құру көзделген. Шу дегеннен оның мақсатына Украина түрлі себептермен кедергілер жасаған еді, енді басқалардың да кейбір мүдделеріне келмей жатыр.

ТМД елдерінің ішіндегі әскери қауіпсіздікті сақтау үшін құрылған ынтымақтастық-1992 жылдың 15 мамырында құрылған-Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ). Оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері кіреді. Міне, осы және басқа да бірнеше ынтымақтастық ұйымдары ТМД елдерінің қатысуымен құрылған. Сонымен қатар ТМД елдері бұлардан басқа түрлі саладағы бірнеше әлемдік ынтымақтастық ұйымдарына мүше болып енген.

1992 жылғы 27 наурызда Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері парламенттері басшыларының қол қоюымен жалпы мүддені көздейтін заңдылықтар жобасын дайындайтын кеңесші органы ретінде ТМД-ның Парламеттік Ассамблеясы (ТМДПА) өмірге келді. 1993-95 жылдары оның құрамына Әзірбайжан, Грузия және Молдова республикалары да енді. Соңғы болып 1999 жылы оған Украина да енуге келісім берді.

1991 жылдан кейін Ресейдің сыртқы саяси аппараты мен президент айналасындағы саясаттану- шылар мен сарапшылар Ресей саясатының негізін батыстық даму қалыбы бойынша жүргізу қажеттілігі жөнінде тілге тиек ететін. 1991-1993 жылдар аралғында орыс тарихында бұрын-соңды байқалмаған, Ресейдің бұрынғы идеологиялық қарсыластарымен байланыстар орнатыла бастады. Осының арасында, тамыз 1991 жылдағы төңкерістен соң антибатыстық ұстанымның орнына Батысқа деген қызығушылық арта түсті. Батыста болса Ресейдің өзгеруіндегі тұрақтылыққа сенімділіктің болмауына қарамастан, Ресейге деген қызығушылық пайда болды. Кейбір сарапшылар «соғыссыз» жаңа кезең басталды деп пайымдады. Бір-біріне деген симпатияның пайда болуы негізінде жаңа Ресей-Батыс қарым-қатынастар туралы болжам жасауға да болатын еді. Көптеген әскери шығындарды енді өндіруге бағыттауға болатын еді. «Әскери өнеркәсіп технологиясын енді халықтың күнделікті қаражатына жұмсалу қажет»-деген ұрандар Ресейде жиі-жиі айтыла бастады. Көптеген сарапшылар Ресейдің Қытай экономикасы негізінде дамитындығын атайтын, яғни ашық сауда аймақтары, батыс инвестициясына деген мүмкіншіліктер, Ресейдің халықаралық рынокқа тартылуы т.б. мәселелер айтылатын.

Батыс болса экономикалық көмек көрсетуді асықпады. Тіптен өз инициативасы негізінде оның геосаяси қызығушылығын қорғаудан да алшақ тұрды. Батыс Ресеймен жаңа байланыстарға енуден аулақ тұрып, тәуелсіз мемлекеттердің келешек даму стратегиясын болжап отырды. Егер олар өз еркімен даму үрдісін таңдаса, онда Батыс тәуелсіз мемлекеттердегі саяси ұстанымын күшейтеді жоспарлады. [6]

Бастапқы жылдары Ресейдің сыртқы саясаты толығымен пасиивті деңгейге түсті. Ресейдің Сыртқы Істер Министрлігі, Жоғарғы лауазымды мемлекет тұлғалар Батыспен тұрақты және сенімді байланыстарды орната алмады. Әрине Батыс елдері өзінің сыртқы саяси бағыттарын нақты белгілеп алды. Оның ішінде ең бастысы Каспий айналасы мемлекеттермен тығыз байланыстар орнату, Орталық Азия және Кавказ елдеріне инвестициялар құю, жалпы алғанда аталған аймақтардан арзан бағада энергоресурстарды тасымалдау. Бұл мақсаттар Ресейдің аймақтағы қызығушылығына қарсы келетіні айдай анық.

Әдебиеттер

  1. Сорокин К.Э. Геополитика современного мира и Россия.-М., 1998.
  2. Розуваев В.А. Россия и постсоветское геополитическое пространство.-М., 1994.
  3. Осипов Г.А. Россия и ее геополитическое направление.-М., 2001; Гущин В.С. Геополитические интересы России и Западной Европы.-М., 2003; Мигранян А.А. Эволюция Российской геополитики.-М., 2000; Евстигнеев В.Р. Геополитическая стратегия России и Западной Европы в 90-е годы ХХ века.-М., 2001.
  4. Арах М. Европейский союз: видение политического объединения.-М., 1998.
  5. Кальвокоресси П. История европейской интеграции (1945-1994 г.г.).-М., 1995.
  6. Зотхаймер К.Федеративная Республика Германия сегодня.-М., 1996; Истягин Л.Г. Политический портрет Г.Коля.-М., 1995; Ламперт Х. Социальная рыночная экономика: германский путь.-М., 1993; Трухановский В.Г.Новейшая история Англии.-М., 1998; Борисов Ю.В. Новейшая история Франции.-М., 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.