Түйін
Колоректальды обыр мен оның қан тобына байланыстылығы бойынша Оңтүстік қазақстан облыстық онкологиялық дипансерінің (Шымкент қ.) 2013-2014 ж. берілімдері сарапталды.
Нәтижесінде қан топтары мен ісіктің орналасуы бойынша біршама ерекшеліктер бар екендігі анықталды. Мысалы: ісік ішектің сол болігінде орналасқандарда қан тобы корреляциясы (χ2 (3)=8,26, p=0,04) ауытқыған. Осы сияқты қаны резусы антигені теріс пациенттерде ісік резус оң мәнділерге қарағанда жиі кездесетіндігі анықталды. X2(1) )=3,76, p=0,05). Нәтижелер зерттеудің жалғастырылуын талап етеді.
Кілт сөздер: колоректальды обыр, қан тобы, резус фактор, ісік локализациясы, Оңтүстік Қазақстан.
Қазіргі таңда әртүрлі онкологиялық аурулар мен қан тобының байланыстылығы зерттелгендігі туралы мақалалар бар. Мысалы қан тобы мен асқазан және ұйқы безі ісіктерінің ассоциациясы арасында байланыстың бар екендігі дәлелденген жариялыным бар[1,2].. Тоқ ішек обыры жиілігі мен қанның III ші тобының арасында байланыс бар екендігін Hamed Halili и соавторларымен дәлелдеді[1];. Осы сияқты әлемдік ғылыми берілімдерді сараптай келе Vogel колоректаль обырының І және ІІ қан тобы иелерінде біршама айырмашылық бар екендігін анықтаған [3]. Осындай зерттеулер арқылы Halvorsen мен G. Slater қаны резус теріс мәнді науқастардың колоректальды ісіктері жеңілдеу өтетіндігіне көз жеткізген [4.5].
Әлемдік деңгейде аталған проблемаға көңіл бөліп, зерттеулер жүргізілгенімен Қазақстан Республикасы деңгейінде бағытты зерттеулер жүргізілгендігі жөнінде толыққанды мағлұмат жоқ.
Жұмыс мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары арасында колоректальды обыры барлар мен қан тобы (AB0 жүйесі және Rh фактор) арасындағы байланысты анықтау.
Зерттеу материалдары мен тәсілдері. Оңтүстік қазақстан облысы тұрғындарының арасында колоректальды обыры бар аурулардың AB0 и Rh жүйесі бойынша қан топтарындағы ерекшеліктері анықталды. Сынама материалдар Оңтүстік қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде колоректальды обыр бойынша 2013-2014 ж.ж. ем қабылдаған науқастардың емханалық картасынан алынды. Сынамаға аталған обыр бойынша ауруханаға қайта қаралған науқастар ендірілмеді. Тек бірінші рет қаралған 143 науқастар ғана сараптаудан өтті. Әр ауру тарихы науқастың тұрғылықты мекен жайы, жасы, жынысы, ісіктің орналасқан жері мен оның даму сатысы бойынша және қан тобы мен резус факторының нәтижесін ескере отырып зерделенді. Нәтижесінде колоректальды обыр ауруымен ауыратын науқастар арасында қан топтарына байланысты ерекшеліктер анықталды.
Салыстырмалы көрсеткіштер хи-квадрат χ2 критериилері бойынша есептелді де, оның эффект деңгейі (байланыс күші) Крамер (Cramer’s V) критериі бойынша есептелініп, Rea мен Parker ұсыныған критериилер арқылы бағаланды.
Статистикалық белгілердің критикалық шегі (Р) 0,05 ке тең деп алынды. Колоректаль обыры AJCC (American Joint Committee on Cancer staging system): бойынша жіктелді: Бұл жүйе бойынша; І сатысы – ісік кілегей асты қабаты мен бұлшық ет қабатына өткен метастаздар жоқ. II сатысы – ісік сірлі қабат астына енген, іш пердесіне немесе көршілес ағзаларға жабысқан, метастаздар жоқ. ІІІ – ісік көлемі жоғарыдағыдай болады бірақ 1-3 регионарлы лимфа түйіндерінде бөгелме ісіктер бар. ІҮ сатысы ісік көлемі әр түрлі, алшақ метастаздары бар.
Ісіктің орналасуы бойынша жіктелуі: оң жақты ісік (соқыр шек және өрлеуші тоқ ішек), көлденең ішек (бауыр бұрышынан қара талақ бұрышына дейін), тоқ ішектің сол бөлігі (төмендеуші болігі мен қима ішек) және тік ішектік бөлім (ректосигмоидты бөлім, тік ішек).
Тексерілушілердің салыстырмалы тұрақтысы ретінде Оңтүстік қазақстан облыстық қан оралығынан алынған тұрғылықты 87 329 донордың қан топтары көрсеткіші алынды.
Жұмыс нәтижесі және оны талқылау. Тексерілген 87 329 донордың 31,76% –0 яғни І топ, ІІ топ A – 31,3%, ІІІ топ B – 27,18%, ал ІҮ топ AB – 9,76%, құрады. Резус факторы бойынша олардың 95,09% – Rh (+), ал 4,91% ның Rh (–) болды.
Таблица 1 Колоректальды обырмен тексерілушілердің қан тобы мен ісікке шалдығу жиілігі және жасы көрсеткіші
АВО бойынша қан топтары |
Пациенттер саны нақты сан (күтілген сан) |
Орта жасы (медиана) |
0 |
49 (45) |
63 |
А |
39 (45) |
60 |
В |
36 (39) |
63,5 |
АВ |
19 (14) |
60 |
Барлыгы |
143 |
- |
Резус факторы бойынша |
||
Rh + |
131 (136) |
62 |
Rh - |
12 (7) |
59 |
Барлыгы |
143 |
- |
Кестеде көріп отрығандарыңыздай салыстырмалы түрде барлық қан топтарында біршама сәйкессіздіктер бар. Бірінші (0) топта күтілген саннан 45 біршама көп 49 науқас ол 8% тең. Ал А екінші топта керісінше науқас саны 45 тен 39 азайған ол 13%. Осы сияқты білімсіз өзгеріс В үшінші топта да кездескен. Ол күтілген мөлшерден аз 8% аз. Төртінші топта аурулардың нақты саны (19) күтілген мөлшерден (14) едәуір 35,7% көп.
Қан тобының ауытқу корреляциясы бойынша колоректальды обырмен ауыратын науқастар арасында О, І, ІІ, ІІІ, топтар үшін ауытқулар деңгейі білімсіз 8-13 %, ал ІҮ топ иегерлері үшін зерттелудегі ағза ісігі өте жиі, күтілгендегіден 35,7% артық кездескен.
Текерілген аурулар жас медианасы 60-63,5 жас құрайды.
Осы сияқты қанның резус антигендік тиімділігін есепке алсақ көретініміз; қан резусы оң науқастар арсында корреляциялық ауытқулар күтілгеннен біршама аз болса 03-04% гана, керісінше резусы теріс адамдар арасында колоректальды обырға шалдығу жиілігі (қауіптілігі) 30% артқан.
Бұл топта да аурулардың жас медианасы 59-62 жас аралығын қамтиды. Қан резусы теріс адамдарда ауруға шалдығатын адамдар жасы орташа 59 жас резус оң адамдарға қарағанда 3 жас аз.
Қорытынды. Қорыта келе зерттеу нәтижесінде тексерісте болған колоректальды обырмен ауыратын 143 науқастың қан топтарын тексергенде:
0, І, ІІ және ІІІ топтар арасында кездесу жиілігі онша ауытқымаған 8-13 % деңгейінде.
Ал қаны ІҮ топтағы науқастар арасында колоректальды обырға шалдығу жиілігі салыстырмалы күтілген мөлшерден 35,7% артық.
Осы сияқты қанының резус факторы теріс адамдар арасында да осы ісік оң нәтижелілерге қарағанда 30% жуық жиі кездескен.
Ұсыныстар: Жас шамасы 50-ден асқан адамдарды тоқ және тік ішек обыры бойынша қауіп, қатер тобына белгілеу. Осы контингенттер ішінде қан тобы ІҮ болатын әсіресе резус көрсеткіші теріс мәнді тұрғындар дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, бірінші кезекте комплесті тексерулерден (гемокульттест және колоноскопия) өтуі ұсынылады.
Әдебиеттер
- Blood Group and Risk of Colorectal Cancer/ Hamed Khalili, Edward S. Huang, Edward L. Giovannucci et al. ABO//American Association for Cancer Research. – 2011. – V. 20. – P. 1017-1020.
- Aird I B.H., Roberts J.A. A relationship between cancer of stomach and the ABO blood groups// Br Med J. – 1953. – V. 11. – P. 799-801.
- Vogel F. ABO blood groups and disease//Am J Hum Genet. – 1970. – V. 22. – P. 464-475.
- Halvorsen T.B. ABO blood groups, rhesus types, and colorectal adenocarcinoma. A retrospective study of 747 cases//Scand J Gastroenterol. – 1986. – V. 21. – P. 979-983.
- Clinicopathologic correlations of ABO and rhesus blood type in colorectal cancer/ Slater G., Itzkowitz S., Azar S., Aufses Jr. A.H. //Diseases of the Colon & Rectum. – 1993. – V. 36. – P. 5-7.