Түйін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәлеметі бойынша алдағы он жыл ішінде дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін [1]. Дәрілік өсімдіктер қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілер алынатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Олардан 40 % -ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Осыған орай, өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді заттардың қасиеттерін зерттеу өзекті болып отыр. БАЗ өсімдіктердің барлық бөліктерінде әртүрлі мөлшерде болады. Алайда, олар белгілі бір бөліктерде: тамырларда, сабақтарда, жапырақтарда, жемістерде, тұқымдарда, гүлдерде іріктеп жинақталуы мүмкін. Сондықтан өсімдіктердің осы бөліктерін дайындау маңызды. Өсімдік шикізатын жинау, кептіру және сақтау «Өсімдіктерді жинаудың тиісті тәжірибесіне (GACP)» сәйкес жүзеге асырылады.
Кілт сөздер: Inula Britannica L., GACP стандарты, дәрілік өсімдік шикізаты.
Зерттеу мақсаты: Гүлдену кезеңінде Inula Britannica L. дәрілік өсімдік шикізатын тиісінше өсіру және жинау қағидасына сәйкес шикізатты дайындау.
Материалдар және әдістер. Зерттеу нысаны – Inula Britannica L. дәрілік өсімдік шикізаты. Inula Britannica L. дәрілік өсімдік шикізатын «Тиісінше өсіру және жинау қағидасы (GACP)» талаптарына сәйкес, осы жылдың жазғы мезгілінде гүлдену фазасында жиналды. Дәрілік өсімдік шикізатының идентификациясы Қазақстан Республикасының РММ «Ботаника және фитониринг институтында» жүргізілді. Британ аңдыз (Inula Britannica L.) дәрілік өсімдік шикізатының сыртқы түрі мен гербар үлгісі 1 – суретте көрсетілген. Inula Britannica L. өсімдік шикізаты Ақтөбе
облысының Қарғалы ауданына қарасты Эргезерум және Қос Естек ауылдарынан жиналды. Өсімдіктің жер үсті бөлігін (сабақтары, гүлдері, жапырақтары) жерден 10-20 см биіктікте пышақпен кесіп, шаң және қалдық заттардан тазартылып, сағат 7.00-ден 11.00-ге дейін уақыт регламентінде жиналды. Inula Britannica L шикізаты 30±5°С қоршаған ауа температурасында құрғақ және көлеңкелі орындарда кептірілді. Дәрілік өсімдік шикізатын 10-15 см арақашықтықта жайып, жиі ауыстырылып, кептіру үрдісі жүзеге асырылды. Тиісінше өсіру және жинау қағидасына сәйкес шикізатты дайындаудың технологиялық схемасы құрастырылып, 2-суретте көрсетілді.
Дәрілік өсімдік шикізаты крафт-қағаздан жасалған қаптарға 5 кг-нан буып-түйілді, шикізаттың атауы, дайындау орны, жинау уақыты және массасы көрсетілген таңбалармен белгіленді. Гүлдену фазаларында жиналған Inula Britannica дәрілік өсімдік шикізаты тұтас немесе ішінара ұсақталған кептірілген шөп болып табылады. Шикізатты кептіру рамаларда 18 0С – тан жоғары емес температурада 10-15 см қабатпен орналастыра отырып жүргізу ұсынылады.
Сурет 2 - Британ аңдыз дәрілік өсімдік шикізатын дайындау және кептіру технологиясының
сызбасы.
Қорытынды. «Тиісінше өсіру және жинау қағидасы (GACP)» талаптарына сәйкес, Британ аңдыз (Inula Britannica L.) дәрілік өсімдік шикізатын сақтау, және кептіру, жинау технологиясы құрастырылды.
Әдебиеттер
- Адекенов С.М. Будущее за фитохимией //Казахстанская правда. -2004. -30 марта
- Георгиевский В.П., Комисаренко Н.Ф., Дмитрук С.Е. Биологически активные вещества лекарственных растений. - Новосибирск, 1990. -С.5.
- Исамбаев Ә.И., Рахимава Қ.Д., Егеубаева Р.А. Халық медицинасында пайдалынылатын дәрілік өсімдіктер. - Алматы: Принт, 2000. -200б.
- Көкенов М.К.,Әдекенов С.М.,Рақымов К.Д.,Исамбаев И.Ә. және т.б. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. -Алматы: Ғылым, 1988. -286 б.