Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ми қанайналым бұзылыстарының негізгі себебі артериалды гипертензия

Түйін

Қалалық емханада жедел ми қанайналым бұзылысын өткерген АГ бойынша диспансерлік есепте тұратын науқастарға сараптама жүргізілді. АГ мен диспансерлік есепте тұратын 3394 науқастың ішінен 373 науқас жедел ми қанайналым бұзылысымен асқынған. Аталған ауыр асқынуларға әкелетін қауіп факторлары анықталды. Авторлар алдын алу шараларын емхана жағдайында аурудың бастапқы сатыларында жүргізіп, мұндай ауыр асқынуларды мейілінше болдырмауға шақырады.

Кілт сөздер: артериалды гипертензия, инсульт, диспансеризация, қауіп факторлары, диагностика

Тақырыптың өзектілігі. Ең көп тараған жүрек қан тамыр ауруларының бірі –Артериалды гипертония (АГ) ауруы. Бұл патологиямен Қазақстан Республикасының 40% ересек тұрғындары зардап шегеді. АГ- ның таралуы жасқа байланысты ұлғайып, кәрілік жаста және егде жастағы науқастарда жиілігі 60%-ды құрайды. Жас ерекшелігіне байланысты, кәрі және егде жастағыларда оның жиілігі 80%-ды құрайды. Қазіргі заманғы медицина жетістіктеріне қарамастан жүрек-тамыр аурулары ҚР - да ең негізгі өлім себебі болып отыр [1]. Артериалды гипертония салдарынан дамитын жүрек –тамыр ауруларының инсульт, миокард инфаркты және жүрек жетіспеушілігі сияқты асқынулары бүгінгі таңда әлемдегі көптеген елдердің, денсаулық сақтау ұйымдарының маңызды мәселесіне айналып отыр, соған карамастан, емдеу мен қан қысымын адекватты қадағалау жеткіліксіз болып отыр [2]. Бұл деректер үлкен алаңдаушылық туғызуда, өйткені артериялық қан қысымын төмендетудің маңызы зор, ол миокард инфактының қаупін 20-25%-ға, жүрек жетіспеушілігін 50%-ға және инсультты 35-40%-ға төмендететіндігі практикалық тұрғыдан дәлелденген [3].

Кесте 1 - АГ мен диспансерлік есептегі науқастардың жас санаты

Жынысы/жасы

30-39

40-49

50-59

60-69

70 және одан жоғары

1

Ерлер

101

387

585

641

324

2

Әйелдер

13

118

391

582

352

Ми қан айналымының бұзылысы әлемнің көптеген елдерінде сонымен қатар ҚР да өлім мен мүгедектіктің басты себебі. Каз.информ халықаралық ақпараттық агенттігінің соңғы жарияланған мәліметтері бойынша, жыл сайын Қазақстанда 49000 инсульт, инсульт салдарынан мүгедектікке шалдықан науқастар саны 275000, оның ішінде 80%-ы өмір бойы мүгедек болып қалуда және 15500 науқас инсульттан қайтыс болуда. Жедел ми-қанайналым бұзылыстарымен қатар цереброваскулярлы патологиялардың созылмалы формалары да кең тараған. Созылмалы церебралды ишемия созылмалы ми қан тамырлық жетіспеушіліктің немесе жедел ми қан айналым бұзылыстарының қайталамалы эпизодтарымен негізделетін неврологиялық, нейропсихологиялық және психикалық бұзылыстармен сипатталатын прогрессивті мультифокальды немесе диффузды мидың зақымдану синдромы болып табылады. Мидың созылмалы ишемиясының пайда болуы когнитивтік қызметтің бұзылуына, науқастарда бейімделу бұзылыстарына және ерте мүгедектікке әкеледі, аталған жайттар мәселенің медициналық және әлеуметтік маңыздылығын анықтайды [4].

Кесте 2 - Жедел ми-қанайналым бұзылыстарымен диспансерлік есептегі науқастардың санаты

Жынысы/жасы

30-39

40-49

50-59

60-69

70 және одан жоғары

1

Ерлер

5

22

58

76

95

2

Әйелдер

2

7

9

14

17

Зерттеудің мақсаты: Артериялық Гипертензиямен диспансерлік есепте тұратын науқастар ішінде жедел ми қан айналымы бұзылысын басынан өткерген науқастарды сараптау.

Материалдар және әдістер: Артериялық Гипертензиямен диспансерлік есепте тұратын науқастардың диспансерлік бақылау карталарын зерттеуге алынды.

АГ-мен есепте барлығы 3394 науқас тұрады. 1-ші кестеде көрсетілгендей АГ-мен есепте тұратын науқастардың ең көп үлесін еңбекке қабілетті 60-69 және 50-59 жас аралығындағы ерлер алып отыр.

2 кестеде АГ мен 3394 науқастың ішінен 373 науқас ЖМҚБ басынан өткерген, АГ мен диспансерлік есепте тұратын науқастардың 11%-ын құрайды. Басым көпшілігі 70 жас және одан жоғары, екінші орында жас ерекшілігі 60-69 жас, үшінші 50-59 жастағы ер кісілер. Ер кісілер мен әйелдердің ара қатынасы 1:5 қатынаста.

Кесте 3 - Қауіп факторлары

Қауіп факторлары

Ерлер

Әйелдер

1

Темекі шегу

150

10

2

Гиподинамия

104

51

3

Гиперлипидемия

130

89

4

Гипергликемия

52

49

5

Алкоголь

101

24

6

Семіздік

53

16

3-кесте: қауіп факторларының басым көпшілігі ер кісілерге тиесілі, бұл өз денсаулығына ат үсті қарау және мүмкін болатын асқынуларды, ару салдарын жетік түсінбеуін дәлелдейді. Алкоголь тұтыну, емдәм сақтамау (гиперлипидемия), қимыл-әрекеттің аздығы, темекі шегу сияқты қауіп факторлар АГ- мен есепте тұратын науқастардың басымдылығынан байқалады. Гипергликемия - түрлі қан-тамырлық сондай-ақ, фатальды қан-тамырлық өзгерістердің туындауына әкелетін қауіп – қатер факторларының бірі ретінде ерлер мен әйелдерде бірдей жиілікте кездесіп отыр.

Кесте 4 - Жедел ми қанайналым бұзылысынан кейінгі асқынулар

 

Жынысы

Дизарт рия

Моторл ы афазия

Сол жақты, оң жақты гемипарез

Когнетивті – мнести- калық функция төмендеуі синдромы

Вестибуло- атасиялық синдром

Астено – депрессивті синдром

1

Ерлер

8

9

7

27

23

21

2

Әйелдер

3

2

3

4

7

8

4-кестеде көрсетілген науқастар санаты қан тамырлық асқынулардың ауыр салдары анықталды, бұл өз кезегінде науқастардың реабилитациясында медициналық, әлуметтік қызметкерлердің және де туған- туыстарының өте ұзақ және тынымсыз бірлесе әрекет етуін талап етеді. Біздің зерттеу жұмыстарымыздың мақсаты, АГ – ның салдары қаншалықты ауыр асқынуларға әкеліп, психологиялық, экономикалық, фикалық күшті талап ететіндігіндігін көрсету.

Жұмыс нәтижелері және талдаулар: Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, халықтың жүрек - қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету, координациялық іс-әрекеттер кешенін іске асыру арқылы қол жеткізуге болады, ол келесі іс-әрекеттерден тұрады:

Жүрек-тамыр ауруларының қауіп факторларын алдын алу шараларын (салауатты –өмір салтын насихаттау), сондай-ақ инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде анықтап, алғашқы көмек-көрсету принциптері туралы халықты ақпараттандыруды мемлекеттік деңгейде күшейту.

Тиімді алдын-алу іс-әрекеттер программаларын енгізу.

Медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру (ерте диагностика, тиімді емдеу, екіншілік алдын-алу шаралары және диагностика). [5,6]

Негізгі қауіп факторларымен папуляциялық стратегиялық бағытта күрес жүргізу инсульттың біріншілік алдын алу шараларын ұйымдастыру анағұрлым әсерлі және экономикалық тиімді болып табылады. АГ- ның бір ғана қауіп факторын түзетудің өзі геморрагиялық инсультты 60%-ға, ишемиялық инсультты 30- 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жекеленген екіншілік алдын-алу шаралары инсульттың қайталануын 26-32%-ға төмендетеді [7,8,9].

Қорытынды: Жоғарыда аталған жайыттарды қорытындылай келе, жүрек-тамыр ауруларының

алдын-алу, миокард инфаркті және инсульт салдарынан мүгедектік пен өлім көрсеткішін республика деңгейінде өңдеп, іске асыру аурушаңдық, мүгедектік және өлім көрсеткіштерін төмендетіп, науқастардың өмір сүру сапасын, қоғамның эканомикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер

  1. Оганов Р.Г., Масленникова Г.Я. Эпидемия сердечно-сосудистых заболеваний можно остановить усилением профилактики. Проф.мед. 2009; 12:3-7.
  2. Алифирова В.М., Антухова О.М. Заболевания сердца и инсульт. Сиб. мед. журн. 2009; 3:46-49.
  3. Суслина З.А., Пирадов М.А. Инсульт: диагностика, лечение, профилактика. М: МЕДпресс- информ 2008; 288.
  4. Камчатнов П.Р. Артериальная гипертензия-причина хронических цереброваскулярных расстройств. Доктор.Ру. 2008;4(41):6-10.
  5. Путилина М.В. Роль артериальной гипертензии в развитии хронического нарушения мозгового кровообращения. Журнал неврологии и психиатрии им. С.С.Корсакова. 2014;114(9):124-128.
  6. Путилина М.В. Коморбидность у пациентов пожилого возраста. Журнал неврологии и психиатрии им. С.С.Корсакова. 2016;5(1):106-112.
  7. Российское медицинское общество по артериальной гипертензии (РМОАГ), Всероссийское научное общество кардиологов (ВНОК). Диагностика и лечение артериальной гипертензии. Российские рекомендации (четвертый пересмотр). Системные гипертензии 2010;3:5-26.
  8. Dolan E.A., Stanton A.V.B., Parker K.H. et al. on behalh of the ASCOT Investigators. Ambulatory biood pressure monitoring predicts cardiovascular events in treated hypertensive patients- ASCOT substudy. J Hypertension 2009;27:876-885.
  9. Poulter N.R., Sever P.S., Dahlof B., Wedel H. ASCOT sub-studes. In: Anglo-Skandinavian Cardiac Outcomes trail. Latest perspectives on this landmark trial. 3d. Sherborne Gibbs Ltd 2011:35-45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.