Шымкент каласында дезинфекциялық дәрілердің қолдануындағы фармакоэпидемиологиялық жағдайы

Кіріспе. Аурухана ішілік инфекциялар (АІШИ) бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, АІШИ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІШИ ауруханада жатқан науқастардың 5-20% кездеседі.

Микробтарға қарсы таңдамалы әсері жоқ препараттарға антисептиктер және дезинфекциялаушы заттар жатады.

Антисептиктерсыртқа және ішке қолданылады. Олар мөлшеріне байланысты бактерицидтік немесе бактериостати-калық әсер көрсетеді.

Дезинфекциялаушы заттар медициналық құрал-жабдық-тарды, бөлмелерді, ыдыстарды, науқас пайдаланған заттарды залалсыздандыру үшін және инфекция таралуының алдын алу үшін бактерицидтік мөлшерде қолданылады. Әсері тез.

Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың арасында шектеу жүргізу мүмкін емес, себебі көптеген заттарды белгілі мөлшерде антисептик ретінде және дезинфекциялау мақсатында қолданады.

Бүгінгі таңда АІШИ алдын алу үшін жаңадан шыққан белсенділігі жоғары көптеген дезинфекциялық және антисептиктер кең қолданыс тауып отыр.

Бұрынғы одақ кезінде емдеу мекеме орындарында негізінен тек қана хлорлы химиялық заттар қолданса Бүгінгі таңда АІШИ алдын алу үшін жаңадан шыққан белсенділігі жоғары көптеген дезинфекциялық және антисептиктер кең қолданыс тауып отыр. Кәзіргі кезде медицинада әсер ету спектры өте қен , бактерияларға, вирустарға , патогендік саңырауқұлақтарға әсер ететін препараттар АІШИ алдын алу үшін қолдануы қажет.

Олар химиялық құрылымы бойынша оннан асқан химиялық белсенді заттарға жатады. Аурухана ішілік инфекциялардын алдын алу үшін 78 атаулы дезинфекциялық заттар қолданыс тауып отыр.Бұл дәрілік заттарды тендер бойынша алынып отыр. Дәрілерді алу кезінде олардың келесі фармакологиялық қасиеттеріне,оның құнына және әдебиеттерде кездесетін ғылми мәліметтерге сүйене отырып таңдалды. Оларға негізінен келесі талаптар койылады:

  • Суда жақсы еритін болуы керек .
  • Бактериялар тез арада ( аз уақыт ішінде) тіршілігін жою қажет
  • Органикалық заттармен жанасу кезінде өзінің белсенділігін жоғалтпауы керек
  • Адамдар мен жануарларға уытсыз болу немесе уыттылығы өте аз болу қажет.
  • Залалсыздандыратын сыртқы беттердің түрін-түсін бұзбау керек
  • Өртке тұрақты және жарылыссыз болуы қажет
  • Иіссіз, немесе дөрекілік иіс болмауы қажет.
  • Дайындауға және қолдануға өте қолайлы , жайлы және қарапайым болуы қажет.
  • Экономикалық т ұрғыдан арзан болуы қажет

Жұмыстың мақсаты. Шымкент каласында дезинфекциялық дәрілердің қолдануындағы фармакоэпидемиологиялық жағдайын зертеу

Материалдар мен әдістер. Дезинфекциялық және антисептикалық заттардың ҚР, Түркістан обылысында және Шымкент қаласының емдеу мекемелерінде қолданылған атауларын және олардың бағаларын ресми мәліметтерден алынды. Зерттеуге алынған заттардың бәрін статистикалық өңдеу үшін белгілі дәрежелі стандартқа келтірілді.

Зертеу нәтижелері. ТМД және ҚР қолдануға рұхсат етілген дезинфекциялық және антисептикалық заттардың атаулары 1572 және 1258 ді (80,0%) құрайды. Олардың ішінде алдегиттер , спирттер, үстіртті белсенді заттар .Түркістан обылысында дезинфекциялық және антисептикалық заттардың атаулары 196- ны ( 15,58%) қолдануда . Шымкент қаласы бойынша дезинфекциялық және антисептикалық заттардың атаулары 96 атаулары (7,6%) қолданыс тауып құрайды. Шымкент қаласының көпсалалы бірінші клиникалық ауруханасында аурухана ішілік инфекциялардын алдын алу үшін 23 атаулы дезинфекциялық заттар қолданыс тауып отыр.(Сурет-1,2) Шымкент қаласының БКлА -дасында ҚР рұқсат етілген жалпы ДЗ және АС заттардың атаулары 1,8% ғана қолданады , олар құрылымы бойынша әртүрлі қосылыстарға жатады.

Шымкент қаласының бірінші клиникалық ауруханасында қолданған ДЗ және АС шығынының мөлшері 3-суретте көрсетілген.

ДЗ және АС дәрілік заттардың ең көп қолданысқа ие болған хлор-АЛ грануласы атаулы препарат орын алды, оның шығыны 1млн 268190 тенге тең болды ,аурухана бойынша массасы 1,0 кг 556 оралымы қолданған.Екінші орындытаблетка түрінде қолданатын хлор-ал препаратына тиісті болды, шығынның мөлшері 1009470 тенгені құрады, аурухана бойынша салмағы 1,0 кг құрайтын 443 оралымы пайдаланған. Шығындық көрсеткіш бойынша үшіні позицияны антисептикалық сұйықтық сабын « Zhusan Diasoft» (5,0 литр,канистра) атты орын алды, шығынның мөлшері 953700 тенгені құрады. Қолдануға кеткен шығынның мөлшеріне төртінші-бесінші орындарды «Дезострил - универсал,» шығынның мөлшері 613872 тенге, « Formin» және «,амба-хлорид» атаулы заттар ,шығындардың мөлшері-454400 тенге. Шығынның мөлшерінің ең азы «альфоктен

спрей» ,оның шығын мөлшері -3986,8 тенгені құрап, 4- данасы қолданған «альфапирокс спрей» (150 МЛ) дәрісінің шығындық құны -4507 тенгені құрап, 1 данасы қолданған.

95

Шымкент қаласының бірінші клиникалық ауруханасында қолданған ДЗ және АС шығынының мөлшері 3-суретте көрсетілген.

ДЗ және АС дәрілік заттардың ең көп қолданысқа ие болған хлор-АЛ грануласы атаулы препарат орын алды, оның шығыны 1млн 268190 тенге тең болды ,аурухана бойынша массасы 1,0 кг 556 оралымы қолданған.Екінші орындытаблетка түрінде қолданатын хлор-ал препаратына тиісті болды, шығынның мөлшері 1009470 тенгені құрады, аурухана бойынша салмағы 1,0 кг құрайтын 443 оралымы пайдаланған. Шығындық көрсеткіш бойынша үшіні позицияны антисептикалық сұйықтық сабын « Zhusan Diasoft» (5,0 литр,канистра) атты орын алды, шығынның мөлшері 953700 тенгені құрады..Қолдануға кеткен шығынның мөлшеріне төртінші-бесінші орындарды «Дезострил - универсал,» шығынның мөлшері 613872 тенге, « Formin» және «,амба-хлорид» атаулы заттар ,шығындардың мөлшері-454400 тенге. Шығынның мөлшерінің ең азы «альфоктен спрей» ,оның шығын мөлшері -3986,8 тенгені құрап, 4- данасы қолданған «альфапирокс спрей» (150 МЛ) дәрісінің шығындық құны -4507 тенгені құрап, 1 данасы қолданған.

Зертеу нәтижесінде алынған мәліметтер келесі қағидаларды тұжырымдауға негіздейді:

ҚР қолдануға рұхсат етілген дезинфекциялық және антисептикалық заттардың атаулары тмд елдерінің көрсеткішінің 80,0% құрайды.

Түркістан обылысында және Шымкент қаласында дезинфекциялық және антисептикалық заттардың атауларының 15,58% және 7,6% қолдануда .

Шымкент қаласының көпсалалы бірінші клиникалық ауруханасында аурухана ішілік инфекциялардын алдын алу үшін 23 атаулы (1,8%) дезинфекциялық заттар қолданыс тауып отыр, олардың ішінде ең көп қолданысқа ие «хлор-АЛ грануласы», ең аз қолданған заттарға «альфоктен спрей» және «альфапирокс спрей» дәрілік заттар болды.

Тег: ТМД
Жыл: 2018
Қала: Шымкент
Категория: Медицина