Егін шаруашылығын қарқынды ендіруде қоршаған ортаның ластануымен қатар топырақ құрылымының жаппай төмендеуін әркез есте сақтау керек. Бұл химизацияны сауатсыз пайдалану ауыспалы егісті сақтамау және ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестермен күресудің дұрыс жолға қойылмауымен байланысты. Сондықтан егін шаруашылығында экология және биология шараларын жүргізу өте маңызды. Олар қоршаған ортаны қорғау және әр түрлі таза азық-түлік өнімдерін өсіруді қамтамасыз ету қажет. Бірінші кезекте бұл бақша және көкөніс дақылдарына тікелей байланысты [1].
Бірақ оң жетістікке жету негізі топырақ жағдайы мен құнарлығына байланысты, әсіресе сүр топырақты жерлерде ол маңызды. Қарашіріктің төмендеуі техногендік ластанулар көкөніс дақылдарының өнімділігін көтеруді төмендетеді, әсіресе қызанақ пен бұрышта бұл айқын байқалады [2].
Зерттеу бекеті (Бәйдибек ауданы түйе тас ауылы) Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемеройдты, қысқа шөпті, жартылай саванналы тау маңында, теңіз деңгейінен 450-500 м биіктікте жатыр.
Зерттеу жүргізілген аймақтың жер бедері батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы-бұйратты жазық болып келеді. Еңіс жазыққа ұласатын жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды.
Ауылшаруашылық дақылдарын ұсынылған технологиямен өсіруді үйлестіре отырып әдетті емес ауыспалы егіс тізбегінде органикалық тыңайтқышты (биостимулятор) пайдалану сұр топырақты жерлердің құнарлылығын көтеруде маңызды орын алады, бұл аграрлық ғылымның да өзекті мәселесі болып табылады [3].
Оңтүстік Қазақстанның шаруашылықтары үшін ұсынылған технология бойынша өсірілген бұрышқа артуына фосфор - генеративті мүшелер мен тамырлардың түзілуіне, калий - тамыр жүйесі мен өсімдіктің шыдамдылығын белсенді етуге мүмкіншілік етеді. Ылғал жеткіліксіз болғанда азот тыңайтқышы пайдалы. Өсіруші заттар минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттырып өсу кезендерінің жеделдеуіне ықпалын тигізеді.
Танаптағы өсімдіктің фотосинтетикалық әрекетінің негізгі көрсеткішінің бірі ол - жапырақ ауданы және оның түзулі динамикасы болып табылады. Осыған байланысты барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі негізінен жапырақ көлеміне, өнімділігіне, ассимиляциялық аппараттың жұмыс ұзақтығына байланысты анықталады.
Топырақтағы қоректік режимнің өзгеруіне байланысты өсімдіктің өсу және даму жағдайы әртүрлі болып келеді. Біздің зерттеулерімізде биостимуятор және тынайтқыштар бұрыш жапырағы ауданының ұлғаюына оң әсерін тигізді
Бұрыш жапырақ бетінің ең көп ауданы (2856 см2 пісу кезеңінде) минералды тыңайтқыштың және 0,001% биостимулятор пайдаланғанда көрініс беріп, ал бұл көрсеткіш бақылау нұсқасында небары 1349 см2 ғана болғанын көрсетті. Гүл түйіндерінің пайда болу кезеңінде жапырақ бетінің ауданы минералды тыңайтқышты және 0,001% биостимулятор пайдаланған нұсқада бақылау нұсқасымен салыстырғанда 3 есеге дейін артық болды. Биосимуляторды минералды тыңайтқышты бірге пайдаланған зерттеу нұсқасында да өсімдіктің жапырақ беті ауданы бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. Сондайақ боистимуляторлардың жоғары нормасы кеі әсері тигізуі туралы ғылмый деректерді еске алсақ, 0,002% биостимулятор қолданғанда төмен нәтиже алынғанын көруге болады.
Тыңайтқыш және биостимулятор бұрыштың өсіп-дамуына, жапырақ бетінің ауданына ғана емес, сонымен бірге одан алынатын өнім деңгейіне де әсер етті. Бұрыштан ең мол өнім 0,001%биостимулятор және минералды тыңайтқыштар пайдаланған (412,5 ц/га) нұсқадан алынды, бұл бақылау нұсқасына қарағанда 392%-ға артық. 0,001%биостимулятор және тыңайтқыш қолданылған нұсқада бұрыштың әрбір түбінен 8 дана, ал тек тыңайтқыш берілген нұсқада 6 данаға дейін артық жеміс алынды. Орташа жеміс салмағы бойынша да тыңайтқыш және 0,001% биостимулятор енгізілген нұсқада және тыңайтқыш енгізілген нұсқада 55-50 грамды құрады.
Бір түптегі жеміс саны мен орташа бір жеміс салмағына байланысты бір түптен алынған жеміс салмағы тек тыңайтқыш енгізілген зерттеу нұсқасында 825 г құрады. Бұл тыңайтқыш енгізілмеген бақылау нұсқасына қарағанда 4 есеге артық.
Алынған нәтижелерге қарағанда тыңайтқыш және 0,001% биостимулятор қолданған таза тыңайтқыш пайдаланғанға қарағанда 87,5 центнер қошымша өнім алуға мүнкіндік беруі анықталды.
Әдебиеттер
- Есмахан Н.Ш., Абишова Г.С. «Бақша шаруашылығы» пәнінен курстық жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2012ж.
- М.Жанзақов «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда: 2007ж 246-258 бет.
- Н.Г.Щепетков, М.Ә.Ысқақов «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» Алматы, 2011ж 519-529бет.