Жобаның өзектілігі: Қазақстан Республикасында медицина кадрларын ұтымды жұмысқа орналастыру перспективалары жоғары медициналық білім берудің жай-күйіне, бітірушілерді даярлаудың кәсіби деңгейі мен сапасына, олардың құзыреттілігіне, аралас мамандықтар бойынша бағдарлану қабілетіне едәуір дәрежеде байланысты.
2006 жылы ДДҰ Еуропалық өңірлік бюро директоры доктор Марк Данзон мемлекеттің денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін білім беруге қатысуы тиіс деп атап өтті. Әйтпесе, кәсіби даярланбаған және денсаулық сақтаудың жас кадрларынсыз медицинаның жетістіктері оларға мұқтаж адамдар үшін қол жетімсіз болуы мүмкін. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын тиімді медициналық-профилактикалық іс-шаралар ұлттың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешудің аса үнемді тәсілі болып табылады.Осыған байланысты медициналық жоғарғы оқу орны түлектерінің кәсіби деңгейінен қанағаттану және олардың қажеттілігі қазіргі уақытта өте маңызды мәселе болып отыр.
Жобаның мақсаты: Семей қ. Мемлекеттік медициналық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық – профилактикалық іс» мамандықтары түлектерінің кәсіби құзыреттілігін және дайындық сапасын жетілдіру жолдары мен негізгі мәселелерін анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Шығыс Қазақстан облысының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жұмыс берушілеріне сауалнама жүргізу нәтижелеріне талдау жүргізілді. Сауалнама 2015-2016 оқу жылында аяқтаған 55 түлекке жүргізілді. Сауалнама 2 блоктан тұрды. Түлектер туралы жалпы «түлектің сипаттамасы» блогы және «түлектердің кәсіби дағдылары мен құзыреттілігін меңгеру деңгейі» блогы болды.
Зерттеу нәтижелері: Жұмыс берушілер бітірушілердің «кәсіби жалпы теориялық дайындық деңгейін» жоғары - 55%, орташа - 45% деп бағалады және респонденттермен «төмен» пункті белгіленбегені байқалды.
Түлектердің «практикалық біліктерінің, дағдыларының деңгейі» жоғары - 45% және орташа - 49%, төмен – 6% пен бағаланды.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жұмыс істейтін мамандар нормативтік- құқықтық актілерді білуі қажет. Респонденттердің 59% - ы бітірушілердің бұл құзыреттілігі жоғары деңгейде екеніне сенімді, орташа деңгей 37% - ға және төмен деңгей 4% - ға белгіленді.
Жаңа ақпаратты қабылдау және талдау, жаңа идеяларды дамыту қабілеті - 61% жоғары, орташа-37%, төмен-2%. Одан әрі оқуға дайындығы мен қабілеті: жоғары - 82%, орта-16%, төмен-2%.
Ұжымда, командада жұмыс істеу қабілеті жоғары деп бағаланды - 86%, орташа - 10%, төмен - 4%.
Респонденттердің 88% - ы бітірушілердің компьютерде жұмыс істеу дағдысын және қажетті бағдарламаларды білу жоғары деңгейде екеніне сенімді; ПК меңгерудің орташа деңгейі жұмыс берушілердің 10% - ын және тек 2% - ын ғана-төмен екендігін атап өтті.
Түлектердің коммуникативтік дағдыларының жоғары деңгейі 71% респондентпен, орташа деңгейі - 25%, төмен деңгейі - 4% белгіленді.
Мансаптық өсуге және кәсіби дамуға бағытталғандығы: жұмыс берушілердің 61% - ы бітірушілердің амбициясының жоғары деңгейін, орташа - 35% - ын, төмен-4% - ын атап өтті.
Жұмыс берушілердің көпшілігі (57%) жоғары білім деңгейін, бітірушілердің жалпы мәдениетін, орташа -18%, төмен - 2% және 23% қалыс қалған. Жұмыстағы ақаулар-шағымдар-2/4%.
«Семей қ. ММУ-де медициналық-профилактикалық профиліндегі мамандарды даярлау сапасына қанағаттанасыз ба?» сұрағына жұмыс берушілердің 80% қанағаттандырылды, толық көлемде қанағаттандырылмағандар - 12%, жауап беруге қиналды - 8%ы.
Қорытынды: Сауалнама нәтижелері бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық – профилактикалық іс» мамандықтары түлектерінің кәсіби құзыреттілігі және дайындық сапасы жақсы деп бағаланды.
Әдебиеттер
- WHO. World Health Report 2006. Health Systems. Geneva. 2006 [1].
- Т.А. Костакова, В.Г. Дьяченко «Современные аспекты подготовки кадров для здравоохранения» 2014 г [2].
- Danishevski K. McKee M.// BMJ 2002. P.382[3].