Кома жағдайында болған науқастарға жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесі.медицина ғылымы ашқан кезекті құпия

Тақырыптың өзектілігі:. Халыққа ертеден «кома»жағдайы бейтаныс ұғым емес,әлеуметтік тұрғыда оны науқастың терең ұйқыға кетуі,я болмаса жалпақ тілде,халық өлімнің алдыңғы сатысы деп түсінеді.Алайда ғылым (илосо(иялық ілім емес,ол нақты ақпарат өндіруші. Медицина кома жағдайының пайда болу себебі мен (акторларын біледі,ал бүгінде оның науқас санасының терең қатпарларында,организмінде,оның жеке тұлғалық қасиеттеріне неліктен өзгешіліктер тудыратынын,неге бұл жағдайдан белгісіз бір тылсым күшінен оянған жандардың өмірінде елеулі өзгерістердің орын алатынын анықтау жолында,айтып өткен «тылсым күшке» ғылыми анықтама беру үшін аянбай еңбек етуде.

Жұмыстың мақсаты: Махаббат,үміт,сенім,қамқорлық және қорғаныш әрбір адам баласына тән ізгі сезімдер.Жақындарымызға жанашырлығымыз олардың әрдайым аман болғанын

қалайды.Алайда елімізде жылына 3000-ға жуық (АҚШ-та28000,Англияда 19000) адамның ата- анасы,бауырлары,перзенттері оларды «жансақтау»бөлімшесінен шығарып салады. Әрине кома жағдайынан оянған жандар саны бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп, алайда медицнаның қауқары келсе бұл көрсеткіштер мүлдем болмайтында ма еді?! Қуантарлығы сол, қазіргі таңда ғалымдар бұл түйіннің шешімін табу алдында тұр.Ал бұл жұмысымның мақсаты сіздерге осы жаңалықтар легін жүйелі түрде сараптап, салыстырмалы түрде жеткізу болмақ.Сонымен қатар «терең ұйқыдан»оянған жандардың оқиғаларын қалай түсіндіреміз? «Құдірет» болмаса «медициналық дерек» пікірлеріне жауап іздейтін боламыз.

Жұмыстың зерттеу әдістері:

  • Медицинада кездесетін сана жағдайының жіктемелерімен таныстыру;
  • Кома жағдайының пайда болу себептері мен түрлерін нақтылау;
  • Кома жағдайынан оянған науқастардың адам сенгісіз өзгерістеріне берілген ғылыми анықтамалар мен зерттеулердің нәтижесін көрсету;
  • Дәлелдерге сүйенетін медицина,өлімнен кейінгі өмірге сенеді ме? Діни және ғылыми пікірталастарды жүйелеу;
  • Медицина келесі бір жаһандық жарылыс ретінде жарияланатын жаңалық ашуда ма? Тәжірбиелерден өтіп жатқан технологиялар мүмкіншіліктерімен хабардар ету.

Жұмысты зерттеу барысы: Біз «Neurology» official journal of the AAN порталында көрсетілген қызық бір мақалаға тап болдық.Онда «Америкалық ғалымдар ес жағдайының сыры беймәлім түрінің бірі кома жағдайының этиологиясын анықтаған көрінеді.Гарвард медицина институтының зерттеушілері тышқандарға тәжірбие жүргізіп,және комада жатқан науқастардың МРТ нәтижелеріне талдау жасау барысында шын мәнінде кома жағдайын тудыратын ми діңгегі қызметінің бұзылуы емес,мидың қабылдау аймағына жауап беретін мишық қыртыстарының бұзылысынан туындауы мүмкін деген теорияға келген екен.» Бұл теорияның негізін қарастыру барысында бізКанадалық дәрігерлердің румын дәрігерлерінің зерттеулерін негізге ала отырып кома жағдайындағы науқастардың миында болатын өзгерістерді анықтап қана қоймай, сана жағдайын бұзатын өзгерістердің алдын алуға болатын жаңа әдіс түрін зерттеуден өткізіп жатқандарын «PLoS ОМЕ»журналында жарияланған мына бір зерттеу жұмысына тоқталдық.Бұл жоба туралыалғашқы деректерді румын дәрігерлері болжаған болатын,алайда канадалық ғалымдар бұл істі қолдарына тез алып,зерттеулерді алғашқы болып бастап кетті.Негізгі препарат эпилепсияға қарсы медикаменттер болды,себебі кома жағдайында жатқан науқастардың миы дәріні енгізгенде жұмыс тәртібі біршама өзгерген екен.Мұны нақтылау үшін зерттеу-ге 26 мысық алынып, оларды жасанды ұйқыға жібереді.Онан соң мысықтарға препарат-тарды енгізу арқылы кома дәрежелерін анықтап,гиппокамп клеткаларындағы аналити-калық өзгерістерді тексерген.Мамандар мұнан әрі тәжірбиелер жасауды жалғастырып,болашақта терең ұйқыда жатқан науқастардың ми жұмысын тұрақты ұстап тұрудың жолын табуды көздеп отыр.Біз осы орайда Канадалық және Румын дәрігерлерінің жасаған тәжірбиелерін негізге ала отырып,зерттеу жұмысының дәлелділігін анықтауда бір қадам жақындай түстік.

Қорытынды

Статстика мәліметтеріне сүйенсек кома жағдайынан оянған науқастардың 30% өздерінің тоннель,жарық көргенлерін және өздерінің реанимацияда жатқан кедерін сырттан бақыллап түрғандарын,барлық іс-әрекеттердің бейне бір баяулатылған таспада жүріп жатқан сияқты болғанын айтады екен.Сонымен қоса комадан оянған адамдардың 17%-ке жуығы жаңа тілдерді меңгеріп,жаңа қасиеттерге ие болып оянатыны анықталыпты. Мұны ғалымдар миымыздын терең қабатында қозғалыссыз,ұйқыда жатқан клеткалардың ояны деп тұжырымдаса,енді бірі мұны Алланың құдіреті дейді.Ал менің айтар қорытынды пікірім ғаламның тіршілігі тоқтамайынша, ғылымның жетістігі тоқтамайды.Бұл салада ашылмаған әлі талай сырлар бар. Бірақ қазір барлығы өзгерген МРТ арқылы комада жатқан адамдардың ойланып,сезе алатыны анықталған.Алайда медицина реалист жандардың ғылымы, мұнда өлімнен кейінгі өмір,болмаса денеден тыс саяхат секілді кез-келген философиялық түсініктер миға қонбайтын әңгімелер болып саналады.

Міне дәл осылай ойлайтын жандардың бірі америкалық атақты нейрохирург Эбен Александр да,клиникалық өлім кезінде,кома жағдайында болатын науқастар айтқан оқиғаларға,өз басынан осы бір кезеңді өткізгенге дейін сенбегенін айтты.« Newsweek»порталында берген сұхбатында ол «Мен нейрохирургтың ұлымын,өзім де нейрохиругпын,осы уақытқа дейін мен кез келген іс- әрекеттің ғылыми анықтамасы бар деп ойлайтынмын,алайда мен енді шын мәнінде барлығының қандай екенін білемін.Себебі мен оны көрдім»,-деген. Ол 2008ж. кома жағдайында бірнеше уақыт ес түссіз жатып қалады. Оның миыныңойлауға,эмоцияларға, қабылдау мен сезінуге жауап беретін аймақтары істен шығады.Алайда тылсым бір күштің арқасында есін жиған Александр өзінің саяхатта болғанын және көптеген ғажайыптарды көргенін айтады. Бұл қайғылы оқиғадан кейін Эбен Александр «Арғы дүниеге жасаған нейрохирургтыңсаяхаты» атты кітап басып шығарды.

 

Әдебиеттер

  1. Н. К. Боголепов «Коматозные состояния» Государственное издательство медицинской литературы, 70x108/16, 492 бб.
  2. Кутырёва Ю.Г., Труханова И.Г. «Коматозные состояния. Интенсивная терапия коматозных состояний» 2013г.396бб.
  3. Михельсон В.А., Алмазова И.Г., Неудахин Е.В. «Коматозные состояния у детей» 224 бб.
  4. № 1-сілтеме [http://knowledge.Su/k/koma-v-meditsine ]
  5. № 2-сілтеме [http://topkin.ru/best/meditsina/samaya-dolgaya-koma-posle-kotoroy-chelovek-ochnulsya/ ] № 3-сілтеме [https://www.kakprosto.ru/kak-829113-kakovy-posledstviya-komy#ixzz4wqPrJPO4 ] №4-сілтеме [http://meganauka.com/medicine/1031-lyudi-v-kome-sohranit-mozgovye-funkcii-stanet- vozmozhnym.html ]
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011