Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пневмонияның антибактериалды терапиясы

Өзектілігі. Бронх-өкпе ауруларында антибактериалды терапияны оңтайландыру өзекті сұрақ болып қалады. Оңтайландыру түсінігінде, бастама терапияны дұрыс таңдау мәселесі ғана емес, этиотропты терапияда инфекцияның қоздырғышының түріне және оның препаратқа сезімталдығына байланысты антибиотиктерді дозалау тәртібінің күрделілігі кіреді [1-4].

Мақсаты мен міндеттері. Ауруханалық емдеу кезеңіндегі клиника-зертханалық, рентгенологиялық өзгерістердің динамикасы негізінде этиотропты антибактериалды терапияның нәтижелігін сараптау.

Материалдар және зерттеу әдістері. Шымкент қаласындағы Облыстық клиникалық балалар ауруханасының пульмонологиялық бөлімінде ауруханадан тыс пневмония диагнозымен емделген 1-ден 5 жас аралығындағы 72 балаларды зерттеу нәтижелерін қамтиды.

Нәтижелері және талдау. Біздің бақылауымыз бойынша 19(32,7%) балаға макролидтерден мидекамицин, азитромицин, бұдан басқа линкомицин, бисептол тағайындалған.

Стационардағы антибактериалды терапияның нәтижелігін сараптауда, АТП еміндегі бірінші топтағы препараттардың (89,9%) арасынан көбінесе в-лактамды антибиотиктер қолданылды. Біздің клиникада бастапқы таңдау антибиотигі ретінде ампициллин 32(44,5%) балаға тағайындалды. Бірақ бұл препаратты тағайындағандардың ішінде емдеу нәтижелерінің тиімдігі 18(25,%) балада ғана байқалды. Бронх-өкпе процесінде оң динамиканың болмауына байланысты, 48-72 сағаттан соң 14(19,4%) пациентке антибиотик ампициллинді, цефозолинге ауыстыруға тура келді. Өйткені бұл антибиотик парентералды енгізу кезінде ағза мен тіндерде жоғары бактерицидті концентрация түзуге қабілетті екендігі белгілі. Олардың ішінде 6(8,3%) науқас бала жалпы жағдайының ауырлығына байланысты цефозолиннің әсер ету спектрін кеңейту мақсатында, қосымша екінші антибиотик тағайындалып және қос препаратты терапия жүргізілді. клиникалық тұрғыда төменгі белсенділікке ие болуы.

Цефалоспориндердің II бұтағы цефурам натрий бастама антибактериалды препарат ретінде 17(23,6%) балада қолданылды (парентералды түрі). Бұл антибиотиктиердің өте жақсы тиімділігі 15(20,8%) пациентте байқалды. Әсер етпеуіне байланысты 2 балада препарат ауыстырылып, цефалоспориндердің II бұтағындағы цефуроксим өте тиімді қолданылды. Цефалоспориндердің III бұтағы 13(18,1%) балада қолданылды. Бұл антибиотиктерді АТП ауыр түрлері мен науқастың асқынулары кезінде бастама терапияның нәтижесі нашар болғанда, альтернативті антибактериалды препарат ретінде емдеудің екінші курсында тағайындадық. Біздің клиникамызда цефалоспориндердің бұл тобындағы антибиотиктерден тағайындалғаны цефотаксим және цефтриаксон.

Ингибиторлы пенициллиндердің амоксициллин 10(13,9%) пациентке тағайындалды, оның 8(11,1%)-не монотерапиялық бір курспен жүргізілген, 2,8%-да науқастарды емдеудің бірінші 4872 сағатында клиникалық динамиканың нәтижесіз болуына байланысты препаратты ауыстыру керек болды, ал 4(5,6%) балаға пневмониядан айығу үшін антибиотиктің екінші курсын тағайындауға тура келді. Сонымен, біздің мәліметтер АТП емдеуде ингибиторлы пенициллиндердің белсенділігінің шамалы төмен екенін көрсетеді. Дегенмен АТП қоздырғыштарына қарсы кең спектрлі басым әсер ететін, в-лактамазға тұрақтылығын сақтайтын, амоксициллин болғандықтан ауруханаға дейінгі этапта антимикробты терапия алмаған жағдайы ауыр 12 балаға тағайындалған болатын 5(7,0%) балада оң клиникалық динамика байқалды, 4(5,65%) антибиотикті ауыстыру, ал 3(4,2%) науқасқа екінші курс антимикробты терапияны тағайындау қажет болды.

Стационарда жағдайында макролидтерді көбінесе альтернативті препарат ретінде терапияның екінші курсында өткізу қажет болғанда 11(9,3%) балаға тағайындалды. Макролидтер бастама емдеу ретінде қолданылғанымызда, тек баладағы аллергиялық аурулардың басымдылығы, бактериологиялық микрофлораның сезімталдығы дәлелденген пациенттерге берілді. Элективті препарат ретінде азитромицин, рокситромицин, спирамицин болды. Басқа фармакологиялық топ препараттары линкомицини екінші топтағы препараттар ретінде анықталған микроорганизмдердің сезімталдығын есепке ала отырып 5(6,6%) балаға тағайындалды. Бірінші 48-72 сағатта антибиотиктерді ауыстыру қажет болғанда, цефалоспориндердің II бұтағы цефуроксим, цефалоспориндердің III бұтағы цефотаксим, ингибиторлы пенициллиндерге - амоксициллинге ықылас берілді.

Қорытынды. Стационар жағдайында жүргізілген антибактериалды терапияны сараптауда, пенициллин тобының, оның ішінде ингибиторлы амоксициллиннің, цефалоспориндердің I бұтағы саналатын препараттардың белсенділігінің төмендеуін байқауға болады. Балаларда АТП емдеуде цефалоспориндердің II-III бұтағын қолдану, сонымен қатар цефалоспориндердің III бұтағын макролидтермен құрамдастыра қолдану жоғарғы жүйелі тиімділігін көрсетті.

 

Әдебиеттер тізімі.

  1. Клиникалық хаттама №23 12.12.2013 Балалардағы пневмония
  2. Нукушева С.Г. Научный центр педиатрии и детской хирургии МЗРК г. Алматы. Педиатрия және бала хирургиясы №3, 2012 ж, 5 бет.
  3. Б.Т: Түсіпкалиев «Педиатрия», Актөбе, 2012ж. 542 бет.
  4. Б.Х.Хабижанов, С.Х. Хамзин. «Педиатрия», Алматы, 2005ж. 202 бет
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.