Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Антибиотикотерапия кезінде пробиотиктерді қолданудың маңыздылығы

Антибактериальды препараттарды қолданған кездегі ең жиі кездесетін жанама әсерлердің бірі: антибиотикоассоциацияланған диарея, жүрек айну және құсу, бөртпе, дерматит, бауыр қызметінің бұзылуы, бүйрек жетіспеушілік болып табылады. Антиботиктерді қабылдағаннан кейін осы жанама әсерлердің салдары емделіп жатқан аурудан да өте тез асқыну мүмкін. Ең бірінші кезекте бұл көріністер ненің әсерінен пайда болғанын және қандай заттармен қалпына келтіруге болатынын анықтау керек.

Антиботиктердің әсері ауру тудыратын бактериялардың өсуін тежеуге және өлтіруге бағытталған. Өкінішке орай антиботик препараттарында патогенді бактерияларға ғана таңдамалы әсер көрсетпейді, яғни пайдалы бактерияларды да жояды. Нәтижесінде адам ағзасына қажетті лактожәне бифидобактериялардың саны азаяды, соның салдарынан патогенді бактериялардың көбейіп, адам ағзасы түрлі патологияларға ұшырайды. Сондықтан да ағзаның микрофлорасын сақтау үшін антибиотиктерді қабылдаған кезде де және кейін де пробиотиктерді қолдану қажет.

Пробиотиктер- медициналық тәжірибеде адамның микробиоценозының (микрофлорасының) әр түрлі бұзылыстарын алдын алу және емдеу мақсатында қолданылатын, құрамында тірі патогенді емес микроорганизмдері бар дәрілік заттар.

Пробиотиктердің тек асқазан-ішек трактісіне ғана емес, сонымен қатар жалпы бүкіл ағзаға да оң әсері бар: 1) ағза микробиоценозының жақсы дамуына, ал патогенді микроорганизмдерінің жоюына қажетті қышқылдық деңгейді тудырады; 2) асқазан-ішек трактісінің шырышты қабатының (антибиотикотерапия және т.б. кезде) микрофлорасын қалпына келтіреді; 3) витаминдер, ферменттер мен гормондарды - қажетті заттарды бөлуге көмектеседі; 4) науқастың иммунды жүйесін күшейтеді; 5) ағзаны токсиндердің әсерінен қорғайды; 6) асқазан-ішек трактісінің сулы-тұзды алмасуды реттейді; 7) асқазан-ішек перистальтикасын ынталандырады.

Пробиотиктер қосарланған терапия ретіндекелесі аурулар мен симптомдарда қолданылады: аллергия (атопиялық дерматит), тоқ ішектің қабыну жағдайларында, Крон ауруында, ащы ішектегі шамадан тыс бактериялардың өсу синдромында, диарея (антибиотиктермен емделгенде және кейін), C.dificile туғызатын колиттің салдарынан, зәр шығаратын жолдарының қабыну ауруларынан, вагиноз, саңырауқулақтарға қарсы препараттармен емделгенде, H.pylori туғызған асқазан - он екі елі ішек ойықжарасынан емделгенде пробиотиктер қоса қолданылады. Сонымен қоса олар жоғары иммуногенді қасиетке ие және витаминдерді, аминқышқылдарды, ақуыздарды синтездеуде қатысады[1].

Адамда дисбиозды (микрофлорасының бұзылысын) анықтаған кезде дәрігерлер дәрілік заттардың 5 тобын тағайындайды: пребиотиктер - 90%, ішек антисептиктерін - 40%, адсорбенттерді — 20%; бактериофагтарды — 7%, ал пробиотиктердібарлық дәрігерлер тағайындайды (100%). Осыған байланысты соңғы онжылдықта пробиотиктерге деген ғылыми қызығушылық белсенді түрде өсіп келе жатқаны байқалады [2].

Антибиотикотерапия салдарынан болған диареяны лактобациллалары бар пробиотиктерді қолданғанда диареяның даму жиілігінің тиімді төмендететіні жайлы рандомизирленген клиникалық зерттеулердің нәтижесінен анықталған дәлелді мәліметтер қазіргі таңда өте көп [3].

Дәрігерлер ішінде жүргізілген2016-2017 жылғы сауалнама жауаптары

бойыншапробиотиктерді алдын алу мақсатында дәрігерлердің 42%-ы, ал емдеу мақсатында - 34%, және емдеу - профилактикалық мақсатта 24%-ы тағайындайды.Фармацевттердің ішінде жүргізілген 2016-2017 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша дәріханаға пациенттердің 87%-іжиі, ал 13%-і кейде пробиотиктерді сатып алуға келеді екен. Ал Қарағанды қаласының тұрғындары ішінде жүргізілген 2016-2017 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша дәріханаға келгенде 50%-ы фармацевтің кеңесі бойынша, ал дәрігердің кеңесі бойынша 31%-ы ғана пробиотиктерді алады екен (авторлары: Лосева И.В., Тулебаев Е.А.) [4].

Яғни, бұл мәліметтерге сүйенсек, дәрігерлердің антибиотикотерапия кезінде немесе тек диарея синдромымен келген науқастарға пробиотиктердің маңыздылығын айтуға және қолдану көрсеткіштері бойынша дұрыс, әрі қажетті кеңес бермеуі немесе рецепте пробиотиктерді жазбауымүмкін дегенді білдіреді. Осыған байланысты пациенттер дәріханаға келгенде антиботиктерді ғана алып, пробиотиктерді туралы ойламайды. Дәріханадағы фармацевтердің осы рецептерді көріп, пробиотиктер тобындағы препараттардың қажеттілігін түсіндірсе де, пациенттерге қажетті екенін көндіре де алмауы мүмкін, өйткені олар дәрігердің кәсіптілігіне (компитенттілігіне) сеніп, рецептегі препарттармен ғана шектелгісі келеді және қаражаттыбір жағынан да үнемдеуге тырысады. Бұл өз кезекте пробиотиктерсіз емделген пациент антибиотиктердің жанама әсерлерінен симптоматикалық (іш өту немесе қату) өз-өзін емдеуіне әкеледі. Сол себепті дәрігерлердің міндеттерінің біріне антибактериальды немесе басқа да адам микрофлорасының сандық көрсеткіштеріне әсер ететін препараттарды тағайындаған кезде рецепте пробиотиктерді қосуды және оларды қалай, қашан және не үшін қолдану керек екені туралы пайдалы кеңес беруге міндетті.

Осыған байланысты пробиотиктер туралы аз білетін немесе білмейтін, антибиотиктермен емделетінпациенттерге пробиотиктерді тиімді қолдану бойынша маңыздыұсыныстарбар:

  1. емделуді бастамас бұрын келесі жағдайларда дәрігермен жеке кеңес жүргізу қажет, егер: -дене температурасы 38°С-тан асып кетсе;-үлкен дәретте шырышты сұйықтықтың немесе қанның болуы; -диарея 2 кұннен артық созылса және дене массасының төмендеуі байқалса; -диарея асқазандағы ауырсыну сезімін тудырса;
  2. бүкіл бактериялар антибиотикке өте сезімтал келеді, сондықтан оларды антибиотиктерді қабылдамас бұрын 2-3 сағат ерте немесе қабылдағаннан соң 3 сағаттан кейін пробиотиктерді қабылдау қажет;
  3. егер үш жасқа дейінгі балалар пробиотик капсуласын тұтастай өзі қабылдай алмаса, онда оны ашып, ішіндегісін қайнаған (50°С-тан жоғары емес) суменараластырып берген жөн, бұл препараттын тиімділігін төмендетпейді;
  4. антиботикоассоцирленген диареяның салдарынан ағзаның жоғалтқан сұйықтық пен электролиттер мөлшерін (мысалы, регидратталған тұзбен) қалпына келтіру керек және пробиотиктермен бірге ыстық сусындар немесе алкогольді бірге ішуге болмайды[5].

Науқастың антибиотикотерапия кезіндегі диареяны азайту пробиотиктерді қабылдау арқылы алдын алу шарттарын ұстануына тікелей байланысты. Бүкіл дәрігер мен фармацевт мамандары уақытылы кеңестер мен ақпараттарды тұрғындарға дұрыс, әрі тиімді етіп жеткізсе, антибиотикоассоциацияланған диареяның төмендеуі сөзсіз анық.Антибиотиктермен емделген кездегі диареяны алдын алу мақсатында пробиотиктерді қолданудың маңыздылығы туралы ресми дәлелденген зерттеулер өте көп. Жоғары да көрсетілген пробиотиктер жайлы қолдану бойынша ұсыныстар жасалды және оларды дұрыс орындап, уақытылы қабылдағанда ғанаантибиотикотерапия кезінде пробиотиктердің әсерінің жоғары тиімділігіне жетуге болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Янковский Д.С., Дымент Г.С. Эра пробиотиков. Противоречия, проблемы, дискуссии // Коллега. - 2005. - №12. - 84 с.
  2. Оконенко Л.Б. и др. Ассортимент и маркетинговые исследования лекарственных препаратов для лечения дисбактериоза кишечника// Вестник Российского университета дружбы народов. Серия: Медицина. 2009. № 4. С.52-57.
  3. Guarner F., Khan A.G. and others. Probiotics and prebiotics//World Gastroenterology Organisation. May 2008. P.-24.
  4. Лосева И.В., Тулебаев Е.А. Социально-демографический портрет потребителей пробиотиков в г. Караганда//«Болашак - Баспа», г. Караганда, 7 апреля 2017г. С.64-68.
  5. Лосева И.В., Тулебаев Е.А. «Роль фармацевтов в вопросах рационального выбора пробиотиков»//«Болашак - Баспа», г. Караганда, 28 апреля 2017 г. Т. - 4, С.118-120.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.